4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан
Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен
діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта
болады.
Осы 4
-
тармақтағы ереже түсіндірме беріліп отырған Заңның
3-
бабы
1-
тармағында көрсетілген «мемлекет дін мен діни
бірлестіктерден
бөлінген»
деген
нормативтік
ережені
жалғастырады және Қазақстан Республикасындағы ұлттық
білім
беру мен тәрбиелеу жүйесі зайырлы сипатта екенін және
азаматтардың
дінге қандай да бір көзқарасын қалыптастыруды
мақсат тұтпайтынын көрсетеді. Азаматтардың
білім алуының
түрлері мен деңгейлеріне жағдай, оның
дінге көзқарасына
қарамастан жасалады.
ҚР
Конституциясының
30-
бабында
азаматтардың
мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік
берілген және орта білім алу міндетті. Осылайша мемлекет өзін
зайырлы деп бекіте отырып, барлық
оқу орындарында білім
алудың
ортақ
стандарттарын
енгізе
отырып,
өзінің
азаматтарының
зайырлы білім алуын қамтамасыз етеді.
«Білім туралы» Заңға сәйкес білім беру саласындағы
мемлекеттік саясат принципінің
бірі –
білім алудың
зайырлылық
,
гуманистік және дамушылық
сипаты, азаматтық
және ұлттық
құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, тұлғаның
еркін дамуының
басымдығы принципі болып табылады.
Заңның
3-
бабы
2
-
тармағына
сәйкес
білім
беру
ұйымдарында діни ұйымдарды (бірлестіктерді) құруға және
қызметіне тыйым салынады.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында нәсілдік,
этникалық, діни, әлеуметтік төзімсіздік пен айырықшалықты
насихаттауға, жалпыға ортақ
халықаралық
құқық
пен гуманизм
принциптеріне кереғар милитаристік және басқа да идеяларды
таратуға тыйым салынады (28
-
бап, 3
-
тармақ
).
Заңның
51-
бабы 6
-
тармағы бойынша ұстаздар қауымына
оқыту процесін саяси үгітке, діни насихатқа айналдыруға немесе
106
оқушыларды Қазақстан Республикасының
Ата заңы мен
заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге үндеуге тыйым
салынады.
«Қазақстан Республикасындағы баланың
құқығы туралы»
Заңның
19-
бабы 5
-
тармағына сәйкес баланың
денсаулығын
түзейтін, спорттық, шығармашылық
және басқа да лагерь,
санатория сияқты балалар дем алатын орындарда құлшылық
қылу рәсімдерін, жорасы мен жиындарын, сондай
-
ақ
діни
ілімдерге бағытталған әрекеттерді өткізуге рұқсат етілмейді.
Осы Заңның
35-
бабы 2
-
тармағына сәйкес бәлиғатқа
жетпеген балаларға қатысты діни салттар ата
-
анасының
немесе олардың
орнындағы адамдардың
рұқсаты бойынша
жасалады. Балаларды дінге зорлауға рұқсат етілмейді.
Азаматтар діни ілімді үйренуді және діни білім алуды өзінің
қалауы бойынша –
жекелей немесе діни оқу орындарында алуы
мүмкін.
Ережеде көрсетілген реттілік бойынша тіркелген діни
бірлестіктер өздерінің
ішкі тәртіптеріне сәйкес балалар мен
үлкендердің
діни сауатын ашу үшін оқу орындарын ашып,
топтарды құруға құқылы. Сондай
-
ақ
,
өздеріне тиесілі немесе
берілген жайды пайдаланып, оқудың
басқа да формаларын
жүргізе алады. Балалардың
діни ілім алуын ұйымдастыру ата
-
аналарының
және
олардың
орнындағы
адамдардың
рұқсатымен жүргізіледі.
Мысалы, Бельгияда міндетті мектептік білім беру діни
бейтараптықты сақтауға құрылған (Конституцияның
21-
бабы
және елдің
«Мектеп пакті» деген 1959 жылғы 21 мамырдағы
Федералдық
заңы).
Ирландияда діни білім беру мектепте қарастырылған, бірақ
Конституцияның
44-
бабы 2
-
тармағы 4) тармақшасына сәйкес,
оқушы діни оқудан босатылуы мүмкін. Швецияда мектептерде
діндерді конфессионалдық
емес түрде оқытады. Португалияда
конституцияның
43-
бабы 2, 3
-
тармақтары бойынша мемлекеттік
мектептер
діни,
эстетикалық
және
философиялық
доктриналардан
тәуелсіз
болу
керек.
Білім
беру
конфессионалдық
бола алмайды.
5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке
тұлғалардың
дінге
көзқарасы
себептері
бойынша
азаматтық
құқықтарының
бұзылуына немесе олардың
діни
сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар
қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды
бүлдіруге жол берілмейді.
107
Азаматтардың
ар
-
ождан және наным
-
сенім құқығы іске
асуына кедергі келтіру, сондай
-
ақ
олардың
дінге қатысына
байланысты қандай да бір құқығын шектеуге жол берілмейді
және заң
бойынша қудаланады. Қандай түрде болмасын тікелей
немесе жанама түрде азаматтардың
құқығын
шектеу немесе
дінге қатысына байланысты азаматқа қандай да бір
басымдылық
беру, сол сияқты дұшпандық
пен жеккөрушілікті
тудыру, я болмаса, азаматтың
діни сезіміне тіл тигізу, ана я
мына діннің
культтік мұрасын аяқ
асты қылу әрекеттері Заңда
көрсетілген жауапкершілікке тартылады.
Конституцияның
14-
бабы 2
-
тармағына сәйкес тегіне,
әлеуметтік, лауазымдық
және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге
жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Бұл норма діни әрекеттердің
заңдылығы, діни сезімдерге тіл
тигізбеу және т.б. әрекеттер арқылы іске асады, ал оған кедергі
келтіргені үшін азаматтардың
әкімшілік және қылмыстық
жауапкершілікке тартылу мүмкіндігі заңнамалық
актілерде
көрсетілген.
Мәселен, қандай да бір тікелей немесе жанама түрде
азаматтың
құқығын шектеуге немесе оның
дінге көзқарасына
байланысты артықшылықтар жасауға, әлеуметтік, ұлттық
,
рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру, сол сияқты ана
я мына діннің
культтік мұрасын аяқ
асты қылу қылмыстық
жауапкершілікке әкеледі (ҚР ҚК 164
-
бабы).
ӘҚБК
-
ның
375-
бабында діни қызмет және діни бірлестіктер
туралы заңнаманың
бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік
көзделген.
6.
Әркім Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды
таратуға, діни бірлестіктердің
қызметіне қатысуға және
миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.
Әркім өзінің
заңмен тыйым салынбаған діни сенімдерін
ерікті таңдауға, ие болуға, ауыстыруға, айтуға, таратуға және
соларға сәйкес әрекет етуге, діни рәсімдер мен әдет
-
ғұрыптарға
қатысуға құқылы.
7. Ешкімнің
де өз діни нанымдары себептері бойынша
Қазақстан
Республикасының
Конституциясы
мен
заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға
құқығы жоқ
.
108
Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің
басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып
табылатын Қазақстан Республикасының
азаматтары саяси
өмiрге Қазақстан Республикасының
барлық
азаматтарымен
бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.
Ешкімде өзінің
діни сенімдерін желеу етіп заңмен
анықталған міндеттерін орындаудан бас тарта алмайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
22-
бабы 2
-
тармағы
бойынша «Ар
-
ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы
адамдық
және азаматтық
құқықтар мен мемлекет алдындағы
мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге
тиiс».
Діни бірлестіктер саяси партиялардың
қызметтеріне
қатыспайды және саяси партияларға қаржылай көмек
көрсетпейді. Осы баптың
7-
тармағы ережесін бекітудің
мемлекеттік маңызы бар. Өйткені, Қазақстан Республикасының
азаматтары конституциялық
құқықтарын пайдалана отырып, бір
мезгілде өздеріне жүктелген міндеттерді де мойындайды. Діни
қатынастар тәжірибесінде ана я мына конфессия өкілдері
жалпыға ортақ
әскери міндеттен (оның
балама түрінен де) бас
тартқан жағдайлар болған. Мұның
өзі құқықтық
тұрғыдан рұқсат
етілмейтін және өзімен бірге азаматтық
бағынбаушылықты және
мемлекеттің
конституциялық
негізін бұзушылыққа бастайтын,
сондай
-
ақ
қоғамдық
келісім мен тұрақтылықты шайқалтатын
фактордың
біріне айналуы мүмкін.
Қоғамға одан да қауіпті құбылыс ол кейбір діни топтардың
зайырлы білім алуға қарсы ұстанымдары болып табылады.
Мұның
өзі қоғамның
мәдени, білім беру және ғылымдық
әлеуетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Сонымен,
заңның
3-
бабы
7
-
тармағы
Қазақстан
Республикасында орта білім міндетті деген конституциялық
ережені бекіте түседі.
8. Дін мен діни бірлестіктердің
мемлекеттен бөліну
қағидатына сәйкес мемлекет:
1)
Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен
азаматтығы жоқ
адамның
дінге және ұстанатын дініне өз
көзқарасын айқындауына, ата
-
аналардың
немесе олардың
өзге де заңды өкілдерінің
балаларды өз нанымдарына
сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың
өмірі мен
денсаулығына қатер төндірген, оның
құқықтарына қысым
жасаған
және
жауапкершілігін
шектеген,
сондай
-
ақ
Қазақстан Республикасының
конституциялық
құрылысына,
109
егемендігіне
және
аумақтық
тұтастығына
қарсы
бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;
2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың
функцияларын орындауды жүктемейді;
3
) егер дiни бiрлестiктердiң
қызметi Қазақстан
Республикасының
заңдарына
қайшы
келмесе,
дiни
бiрлестiктердiң
қызметіне араласпайды;
4)
дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан
Республикасының
азаматтары,
шетелдіктер
мен
азаматтығы жоқ
адамдар арасында, сондай
-
ақ
әртүрлі діни
бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу
қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі.
Заңның
3-
бабы 8
-
тармағы мемлекеттік
-
конфессиялық
қатынастардағы мемлекеттің
рөлін ашады және бұл
қатынастарға дінге араласпау принципін енгізеді,
сол
арқылы ар
-
ождан бостандығы сақталуына конституциялық
құқық
кепілдігі беріледі. Заңда, сонымен бірге бұл
принципке қатысты кемшіндер де ескерілген. Әрине,
мемлекет зайырлылықтың
,
қоғамдық
келісім мен саяси
тұрақтылықтың
конституциялық
принциптерін ескере
отырып қана, діни қатынастарды реттеуге ат салысады.
Айталық
,
ҚР Конституциясының
5-
бабы 4 бөлігі бойынша
Қазақстанда діни негізде саяси партиялардың
қызметіне
тыйым салынады. Ұлттық
мүдде қамтамасыз етілген басқа
жағдайларда діни бостандыққа кепілдік беріледі.
Ұлттық
мүддеге қатысты айта кету керек, ҚР
Конституциясының
39-
бабына сәйкес адамның
және
азаматтың
құқықтары мен бостандықтары конституциялық
құрылысты қорғау, қоғамдық
тәртiптi, адамның
құқықтары мен
бостандықтарын, халықтың
денсаулығы мен имандылығын
сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен
шектелуi мүмкiн. Сондай
-
ақ, негізгі заңның
осы бабында
ұлтаралық
татулықты
бұзатын
кез
келген
әрекет
конституциялық
емес деп танылады.
Сөз
болып
отырған
баптың
8-
тармағы
1)
тармақшасында мемлекеттің
жеке тұлғалардың
дінге және
ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындау, ата
-
аналардың
немесе олардың
өзге де заңды өкілдерінің
балаларды өз
нанымдарына
сәйкес
тәрбиелеу
сияқты
аспектілерге
араласпайтыны айтылған.
Балалардың
тәрбиесіне байланысты айтсақ, бұл бапта
баланың
өмірінің
қауіпсіздігі мен денсаулығына, сондай
-
ақ
110
Қазақстанның
конституциялық
құрылысын, тәуелсіздігі
мен
аумақтық
тұтастығын
сақтауға
мемлекеттің
міндеткерлігі көрсетілген.
Діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың
жұмысын
атқару жүктелмейтіні туралы ережені осы заңның
3-
бабы 1
-
тармағындағы «мемлекет дін мен діни бірлестіктерден
бөлінген» деген норма жалғастырады және бекітеді.
Сонымен, діни бірлестіктер биліктік қатынастарға қатыса
алмайды және баршаға міндетті де айқын (легитимді)
шешімдерді қабылдай алмайды. Діни бірлестіктер үлесінде
саяси реңкі жоқ
қоғамдық, рухани және мәдени қызмет
салалары қалады.
Мемлекет діни ұйымдардың
қызметіне араласпайды
деген ереже, бір жағынан, діни бірлестіктердің
еркін әрекеті
мен тәртібіне кепілдік береді екінші жағынан, оларға
отандық
заңнама нормаларын сақтауды міндеттейді. Діни
бірлестіктің
заңсыз
әрекеттері
мемлекеттің
дінге
араласпайтын
принципінен
ажырау
шарты
болып
табылады. Бұл жағдайда ол азаматтық
,
әкімшілік және
қылмыстық
-
құқықтық
тетіктердің
көмегімен заң
бұзушы
бірлестіктің
қызметіне араласуы мүмкін. Мемлекет дінді
ұстанатын және ұстанбайтын адамдар, сондай
-
ақ
әртүрлі
діни бірлестіктер арасында өзара төзімділік пен құрмет
қатынасы орнығуына жағдай жасайды деген ереже
жоғарыда ескертілгендей, ұлттық
мүддені, қоғамдық
келісімді және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
принципінен туады.
Конфессияаралық
келісімнің, діни толеранттылықтың
және
азаматтардың
діни
сенімдерін
құрметтеудің
маңыздылығы жаңа Заңның
преамбуласында да бекітілген.
Мемлекет діни қатынастар саласында толеранттылық
пен өзара құрмет ахуалының
қалыптасуы үшін соған
сәйкес
саяси,
идеологиялық
,
құқықтық
және
ұйымдастырушылық
жағдайларды жасайды. Бұл жұмыс
мемлекетіміздің
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің
съездерін өткізу, Қазақстан халқы Ассамблеясының
белсенді қызметінен және телерадио хабар, басылымдар,
интернетті пайдаланатын ақпараттық
саясатынан көрінуде.
Балалардың
діни тәрбиесіне қайта оралар болсақ
,
ата
-
аналар немесе олардың
өзге де заңды өкілдері балаларды өз
нанымдарына сәйкес тәрбиелеуге құқылы, мемлекет мұндай
тәрбиелеу баланың
өмірі мен денсаулығына қатер төндірген,
111
оның
заңды құқықтарын бұзған жағдайларды қоспағанда, ата
-
аналардың
немесе олардың
өзге де заңды өкілдерінің
діни
танымы негізінде баланы тәрбиелеуге араласпайды.
Бұған айқын мысал ретінде діни түсініктері бойынша
қан құюдан бас тартатын жағдайларды айтуға болады.
Мұндай жағдайлар кейде ауыр зардаптарға, тіпті өлімге
әкеп соқтырады.
9.
Дін мен діни бірлестіктердің
мемлекеттен бөліну
қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:
1)
мемлекеттiк
органдардың
функцияларын
орындамайды және олардың
қызметіне араласпайды;
2) саяси партиялардың
қызметіне қатыспайды, оларға
қаржылық
қолдау
көрсетпейді,
саяси
қызметпен
айналыспайды;
3)
Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын
сақтауға мiндеттi.
Осы заңның
3-
бабы 9
-
тармағы дәл осы баптың
1-
тармағында бекітілген дін мен діни бірлестіктердің
мемлекеттен
бөліну принципін таратып түсіндіреді және осы принципті сақтау
және іске асыру мақсатында діни бірлестіктерге
арналған
нақтылы нұсқауларды қамтиды.
Қарастырып отырған тармақтың
1) тармақшасы діни
бірлестіктердің
мемлекеттік органдарға тән қызметке араласу
мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл ретте, көрсетілген нормада
өзара келісімге қол жеткізу негізінде қоғамдық
пайдалы
мақсаттарға
қол
жеткізу
қажеттілігі
жағдайында,
діни
бірлестіктердің
ұйымдастырушылық
және уәждемелік әлеуетін
мемлекеттің
пайдалануына тікелей тыйым салынбайды.
Қарастырып отырған тармақтың
2) тармақшасы ҚР
Конституциясының
5-
бабы
4
бөлігіндегі
Қазақстан
Республикасында діни негіздегі саяси партиялардың
қызметіне
рұқсат етілмейді деген ережені бекітеді және оны кеңейте
түседі.
Діни бірлестіктер саяси мақсатты көздейтін саяси
партиялардың
және басқа да қоғамдық
бірлестіктердің
қызметіне қатыспайды және оларға қаржылық
және басқадай
қолдауды көрсетпейді. Конституцияның
5-
бабы 4
-
тармағы және
«Саяси партиялар туралы» Заңның
5-
бабы 8
-
тармағы бойынша
діни негіздегі және азаматтардың
діни ұстаным белгілері
бойынша саяси партияны құруға рұқсат етілмейді.
Одан басқа, қарастырып отырған тармақтың
2) тармақшасы
ҚР Конституциясының
14-
бабы 1 бөлігіндегі заң
мен сот
112
алдында жұрттың
бәрі тең
деген ережемен өзара байланысты
және діни бірлестіктердің
кез келген басқа ұйымдардың
алдында
діни
сеніміне
байланысты
артықшылықтары
болмайтынын, көпшілік мақұлдаған азаматтық
-
құқықтық
және
өзге міндеттерді мойнына алатынын, оларға ешқандай да
заңнан тыс жеңілдіктер жасалмайтынын білдіреді.
Діни бірлестіктер қоғамдық
өмірге қатысуға, сондай
-
ақ
Қазақстан Республикасының
«Қоғамдық
бірлестіктер туралы»
заңнамасына сәйкес қоғамдық
бірлестіктермен тең
дәрежеде
бұқаралық
ақпарат құралдарын пайдалануға құқылы. Діни
бірлестіктер қолданыстағы заңнаманың
талаптарын сақтауға
міндетті. Дінді мемлекетке, конституцияға қарсы насихатқа,
ұлтаралық
араздықты, жеккөрушілікті қоздыруға, адамгершілік
қағидалар мен азаматтық
келісімді бұзуға, өсек
-
жала мен
жалған пайымдарды таратуға, тұрғындар арасында дүмпу
тудыруға және басқа да мемлекетке, қоғамға және адамдарға
қарсы бағытталған әрекеттерге пайдалануға рұқсат етілмейді.
Терроризмге, есірткі бизнеске, ұйымдасқан қылмысқа
қатысы бар діни бірлестіктер, ағымдар, секталар және
пайдақорлық
мақсатты көздеген басқа да ұйымдар қызметіне
тыйым салынады.
Мысалы, Конституцияның
5-
бабы 3
-
тармағында мақсаты
немесе iс
-
әрекетi Республиканың
конституциялық
құрылысын
күштеп өзгертуге, оның
тұтастығын бұзуға, мемлекет
қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни,
тектiк
-
топтық
және рулық
араздықты қоздыруға бағытталған
қоғамдық
бiрлестiктер
құруға және олардың
қызметiне, сондай
-
ақ
заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құруға
тыйым салынады.
Жалпы алғанда, діни араздықты қоздырғаны үшін, діни
ұстанымына байланысты кемсітушілік пен геноцидке және діни
ұйымдардың
заңсыз қызметі үшін
әкімшілік (ҚК
-
нің
344, 374-
1,375-
баптары) және қылмыстық
(
ӘҚБК
-
ның
141, 160, 164, 337-
баптары) жауапкершілік қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |