3-бөлім. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге арналған өтінімдерді құру тәртібі
3.1.- параграф. Өнертабысқа арналған өтінімдерді құру тәртібі
6. Өнертабысқа өтінім өнімге жататын тәсілге кез келген саладағы техникалық шешімге, сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа бағыт бойынша немесе жаңа өнімді белгілі бағытта қолдануға беріледі.
Өнертабыс объектісі ретінде өнім болып келесілер жататындар, атап айтқанда, құрылғы, заттек, биотехнологиялық өнім, соның ішінде микроағзаның штаммы, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары табылады.
Өнертабыс объектісі ретінде құрылғыларға конструкциялар мен бұйымдар жатады. Құрылғыларды сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
құрылым (құрылымдар) элементінің (элементтерінің) бар болуы;
элементтер арасындағы байланыстың бар болуы;
элементтердің өзара орналасуы;
элемент (элементтер) немесе құрылғының тұтастай орындалу нысаны;
элементтер арасындағы байланыстың орындалу нысаны;
элементтердің параметрлері мен басқа да сипаттамалары және олардың арасындағы өзара байланыс;
элемент (элементтер) немесе толықтай құрылғы жасалған материал;
элемент қызметін атқаратын орта.
Өнертабыс объектісі ретіндегі заттектерге жататындар:
химиялық қосылыстар;
композициялар (құрамдар, қоспалар);
ядролық айналу өнімдері.
Химиялық қосылыстардың сипаттамасы ретінде келесі белгілер пайдаланылады:
рылымы белгіленген төменгі молекулярлық қосылыстар үшін - сапалық құрамы (нақты элементтердің атомдары), сандық құрамы (әрбір элементтің атомдар саны), атомдар арасындағы байланыс және химиялық құрылымдық формулада берілген олардың молекулада өзара орналасуы;
құрылымы белгіленген жоғары молекулярлық қосылыстар үшін - макромолекула элементарлық тізбегінің құрылымдық формуласы, макромолекуланың тұтас құрылымы (желілік, тарамдалған), қарапайым тізбектердің саны немесе молекулярлық масса, молекулярлық-массалық бөлу, макромолекуланың геометриясы және стереометриясы, олардың шеттік және бүйірлік топтары, полимерлестер үшін - қосымша мономерлес топтардың арақатысы және олардың мерзімділігі;
құрылымы анықталмаған қосылыстар үшін - осы қосылысты басқалардан ажыратуға қажетті физика-химиялық және өзге де сипаттар (оның ішінде алу тәсілі белгілері).
Композицияны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
сапалық құрам (ингредиенттердің бар болуы);
сандық құрам (ингредиенттердің мазмұны);
композиция құрылымы;
ингредиенттер құрылымы.
Құрылымы анықталмаған композицияны сипаттау үшін олардың физика-химиялық, физикалық және пайдалы көрсеткіштері мен алу тәсілі белгілері пайдаланылады.
Ядроға айналдыру жолымен алынған заттарды сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
сапалық (элемент изотопы (изотоптары) және сандық (протондар мен нейтрондар саны) құрамдары;
негізгі ядролық сипаттамалар: жартылай ыдырау кезеңі, сәулелендірудің үлгісі мен энергиясы (радиоактивті изотоптар үшін).
Өнертабыстың объектісі ретінде биотехнологиялық өнімдерге олардың табиғи ортасынан бөлінген немесе басқа тәсілдермен алынған өнімдер жатады.
Өнертабыстың объектісі ретінде биотехнологиялық өнімдерге келесілер жатады:
тірі нысандар, атап айтқанда, өсімдіктер, жануарлар, Заңның 2-бабының 2-тармағында және 6-бабының 3-тармағында көрсетілгендерден басқа және микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлардың жасушасы және өсімдіктер мен жануарлардың ағзасынан бөлінген немесе басқа тәсілдермен алынған басқа элементтер, микроорганизмдердің штаммы, өсімдіктер мен жануарлардың жасушасы;
тірі емес нысандар, атап айтқанда, өсімдіктерден, жануарлардан не микроорганизмдерден немесе басқа тәсілмен алынған гормондар, цитокиндер, ферменттер, антигендер, антиденелер, нуклеин қышқылдарының тізбегі, плазамидтер, векторлар және т.б.
Өсімдіктер мен жануарларды сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
мақсаты;
шығу тегі және алу тәсілі;
таксономикалық тәнділігі;
пайдалы қасиеті;
генотип және/немесе фенотиптің ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануардың генетикалық конструкция ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануардың құрылымдық элементтерінің ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануар өндіретін пайдалы зат туралы мәліметтер және өнімділік деңгейі;
көбею ерекшеліктері;
пайдалы қасиетті сақтау тұрақтылығы.
Микроогранизмдер штаммдары, өсімдіктер немесе жануарлар жасушалар культурасын сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
мақсаты;
шығу тегі (алу тәсілі, тектілік штаммасы, бөліну көзі немесе ата-аналық штаммаларының сипаттамасы);
таксономикалық тәнділігі;
культуралдық-морфологиялық белгілері;
физиологиялық-биохимиялық белгілері;
цитологиялық белгілері;
молекулярлық-биологиялық белгілер;
маркерлік белгілері (генетикалық, иммунологиялық, биохимиялық, физиологиялық);
онкогенділігі (медициналық және ветеринарлық саладағы штаммдар мен жасушалар үшін);
контаминация туралы деректер;
биотехнологиялық сипаттама: штамм немесе дақылмен өңделген пайдалы заттың атауы мен қасиеті, белсенділік (өнімділік) деңгейі және оны анықтайтын тәсілдер;
ұзақ пайдалану кезіндегі пайдалы қасиеттің сақталу тұрақтылығы туралы мәліметтер;
вируленттілік, иммуногендік, антигендік құрылым, антибиотиктерге сезімталдық, қарама-қайшы қасиеттер (медициналық және ветеринарлық саладағы штаммдар мен жасушалар үшін);
көбею ерекшеліктері;
гибридтеу қағидаты (гибридті микроорганизмдер штаммдары үшін);
криоконсервация туралы мәліметтер.
Өсімдіктер немесе жануарлар жасушалары өскіндерінің сипаттау үшін қосымша үшін келесі белгілер пайдаланылады:
пассаждар саны;
кардиологиялық сипаттамасы;
өсу (кинетикалық) сипаттамалары;
жануар организмінде өсіру (гибрид үшін) сипаттамасы;
морфогенезге қабілеттілігі (өсімдіктер жасушалары үшін).
Микроорганизмдер консорциумының, өсімдіктер немесе жануарлар жасушалары өсімдіктерінің сипаттамасы үшін жоғарыда аталған белгілерге қосымша келесі белгілер пайдаланылады:
бейімдеу және селекция факторы мен жағдайы;
таксономикалық құрам;
жеке компоненттердің сәйкестілігі мен алмастырғыштылығы;
культуралдық-морфологиялық белгілері, цитологиялық белгілері, физиологиялық-биохимиялық және жеке компоненттердің басқа да белгілері;
тұрақтылығы және/немесе бәсекеге қабілеттілігі;
консорциумның жалпы физиологиялық ерекшеліктері.
Тірі емес нысандарға жататын биотехнологиялық өнімдерді сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
құрылымы белгіленген немесе жартылай белгіленген өнімдер үшін - құрылымдық формула немесе құрылым ерекшеліктері, соның ішінде нуклеин қышқылы (мысалы, гендер, ген фрагменттері) үшін нуклеотидтердің бірізділігі, белоктар, полипептидтер, пептидтер үшін аминоқышқылдардың бірізділігі, құрама элементтердің болуы мен орналасу тәртібі, соның ішінде реттейтін және код беретін салалар, сайттер және плазмид, вектор, генетикалық конструкция, рекомбинант және гибридтік молекулалар үшін;
құрылымы белгіленбеген өнімдер үшін физикалық-химиялық және өзге қасиеттері, соның ішінде осы өнімдерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін, атап айтқанда, оларды басқа белгілі өнімдерден айырып алу тәсілінің белгілері.
Биотехнологиялық өнімдердің барлығы үшін олардың жасайтын қызметі немесе белсенділік түрі мен шыққан тегі көрсетіледі.
Материалдық объектілердің көмегімен материалдық объектілерге іс-әрекеттердің орындалу үдерісі өнертабыс объектісінің тәсілі болып табылады.
Тәсілді сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
іс-әрекеттердің бар болуы немесе іс-әрекеттер жиынтығы;
осындай іс-әрекеттердің уақыт ішіндегі орындалу тәртібі (бірізділікті, бір уақытта, әр түрлі тіркесімде);
іс-әрекеттерді жасау шарты, тәртібі;
заттектерді (әуелгі шикізатты, реагенттерді, катализаторларды), құрылғыларды (приспосболени, аспаптар, жабдықтар), микроорганизмдердің штаммдары, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының өскіндерін пайдалану
өнертабыс объектісі ретінде белгілі өнім немесе тәсілді жаңа бағытта қолдануға олардың өзге бағытымен сәйкес пайдаланылуы жатады.
жаңа бағытта қолдануға қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін заттектердің (табиғи және жасанды түрде алынған) алғашқы қолданылуы, яғни мұндай бағыты айқындалмаған табиғи заттектердің, экспериментте алынған заттектердің, өндіріс қалдықтарының қайта пайдалану бағытын белгілеу теңестіріледі.
Бұрыннан белгілі өнім немесе тәсілді жаңа бағыттағы жаңа өнімнің қолданылуын сипаттау үшін қолданылатын объектінің оны теңестіру үшін қажетті қысқаша сипаттамасы және осы жаңа бағытты көрсету пайдаланылады.
7. Сипаттама өнертабыс атауынан басталады, онда өтінім орыс тілінде берілген жағдайда, қазақ тілінде де көрсетілуі керек және келесі бөлімдерді қамтиды:
өнертабыс қатысты болатын техника саласы;
техника деңгейі;
өнертабыстың мәні;
сызба сұлбаларының және өзге материалдардың (егер олар қоса тіркелсе) тізбесі;
өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер.
Сипаттама бөлімін қажетті мәліметтері бар (әдеби дереккөзге, бұрын берілген өтінім сипаттамасына, қорғау құжатына сипаттамаға) көзге сілтеме жасаумен алмастыруға жол берілмейді.
8. Өнертабыстың атауы оның мақсатын сипаттайды және нақты, әрі қысқа болады. Өнертабыстың атауында өнертабыстың мақсатын айқындауға қызмет етпейтін "патент" сөзі, жеке аттар, тектік атаулары, жарнамалық және сауда атаулары, сауда белгілері немесе аббревиатура мен терминдер қолданылмауы тиіс.
Өнертабыстың атауы жекеше түрде беріледі. Жеке түрде қолданылмайтын атаулар, немесе жалпы құрылымдық формуламен қамтылған химиялық қосылыстарға жататын өнертабыстар атаулары айрықша болып табылады.
Химиялық қосылысқа жататын өнертабыс атауында оның атауы химияда қабылданған номенклатуралардың бірі бойынша немесе соған жататын топ (сынып) атауы бойынша енгізіледі, сондай-ақ қосылыстың нақты бағытына нұсқау келтірілуі мүмкін.
Құрамы анықталмаған зат-қоспа алу тәсіліне жататын өнертабыс атауына оның мақсатына сілтеме немесе осы заттың биологиялық белсенділік түрі енгізіледі.
Биологиялық белсенді заттектер үшін биологиялық белсенділік түрі, ал биотехнологиялық өнімдерге - атқаратын қызметіне сілтеме келтіріледі.
Микроорганизмдер штаммына қатысты өнертабыстар атауына штаммның мақсаты көрсетілген латын тіліндегі биологиялық объектің тұқымдық және түрлік (халықаралық номенклатура талаптарына сәйкес) атаулары енгізіледі.
Өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларын көбейтуге жататын өнертабыстардың атауына жасуша көбейтудің атауы мен мақсаты енгізіледі.
Белгілі өнім немесе тәсілдің жаңа бағыты бойынша, сондай-ақ жаңа өнімнің белгіленген мақсатта қолданылуына қатысты өнертабыс атауы тиісті объекті үшін қабылданған ереже бойынша жасалады және оның мақсатын сипаттайды. Бірі екіншісін алуға (даярлауға), жүзеге асыруға немесе пайдалануға арналған объектілерге жататын өнертабыстар тобының атауында бір өнертабыстың толық атауы және басқасының қысқартылған атауы болады. Бірі екіншісінде пайдалануға арналған объектілерге жататын өнертабыстар тобының атауында топқа кіретін өнертабыстардың толық атауы болады.
Нұсқаларға жататын өнертабыстар тобының атауында жақшада "нұсқалар" сөзімен топтың бір өнертабысының толықтырылған атауы болады.
9.Сипаттаманы құру кезінде "Өнертабысқа жататын техника саласы" бөлімінде өнертабыстың қолданылу саласы көрсетіледі; мұндай салалар бірнешеу болса, басымдары көрсетіледі.
10."Техника деңгейі" бөлімінің сипаттамасын құру кезінде келесілерді қамтитын ақпарат ұсынылады:
1) мәнді белгілерінің жиынтығы жөнінен өнертабысқа неғұрлым жақын баламасын (прототипті) бөліп ала отырып, өтінім берушіге белгілі өнертабыс баламалары туралы мәліметтер;
2) өнертабыс баламасы ретінде өнертабыстың мәнді белгілерінің жиынтығына ұқсас, белгілер жиынтығымен сипатталатын өнертабыс басымдығы күніне дейін көпшілікке қол жетерліктей болған мәліметтерден белгілі сол мақсаттың амалы;
3) әрбір баламаны сипаттау кезінде тікелей мәтінде ол ашылған ақпарат көзінің библиографиялық деректері, өтінім берілген өнертабыстың мәнді белгілеріне ұқсас келетін маңызды белгілеріне ұқсастарын бөліп ала отырып, баламаны сипаттайтын белгілер, сондай-ақ өтінім берушіге қажетті техникалық нәтижені алуға кедергі келтіретін белгілі себептер келтіріледі;
4) егер өнертабыс нақты мақсатты немесе биологиялық белсенді түрде анықталмаған құрамда қоспалар алу тәсіліне жататын болса, балама ретінде осындай мақсаттағы немесе осындай биологиялық белсенді қоспа алу тәсілі;
5) егер өнертабыс жаңа дербес химиялық қосылыстар тәсіліне жататын болса, оның белгілі құрылымдық баламасын алу тәсілі туралы мәліметтер;
6) биотехнологиялық өнімге жататын өнертабыстың неғұрлым жақын баламасын сипаттау кезінде сондай мақсаттағы заттар туралы мәліметтер келтіріледі;
7) микроорганизм штаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларына - заттектің продуцентіне жататын өнертабыстың неғұрлым жақын баламасын сипаттау кезінде осы заттектің белгілі продуценті туралы және заттектің өсіндісі туралы мәліметтер келтіріледі.
Егер өнертабыс бұрыннан белгілі жаңа бағыт бойынша қолданылуға жататын өнім не тәсіл, немесе нақты мақсаттағы өнім болса, онда осы мақсаттағы белгілі өнімдер мен тәсілдер оның баламаларына жатқызылады.
Өнертабыстар тобы сипатталған кезде баламалар туралы мәліметтер әрбір өнертабыс үшін жеке келтіріледі.
11. "Өнертабыстың мәні" сипаттамасының бөлімі келесі тәртіпте ашыладынде:
1) өнертабыстың мәні өнертабыстың техникалық нәтижесін қамтамасыз етуге жеткілікті маңызды белгілер жиынтығын;
2) егер қол жеткізілетін техникалық нәтижеге ықпалын тигізсе, яғни көрсетілген нәтижемен себеп-салдарлы байланыста болса маңыздыларға жататын белгілерді қамтиды;
3) өнертабысты жүзеге асыру кезінде алынуы мүмкін техникалық нәтижесі көрсетіліп, шешіміне өтінім берілген өнертабыс бағытталатын нақты белгіленген мәселе көрсетіледі;
4) өнертабысты сипаттайтын барлық маңызды белгілері келтіріледі, неғұрлым жақын баламаның айырықша ерекшеліктері айқындалады, мұндайда сұратылған құқықтық қорғау көлемі таралатын барлық жағдайда техникалық нәтижесін алуды қамтамасыз ететін белгілер жиынтығы және өнертабысты тек жекелеген жағдайларда сипаттайтын, нақтылы орындау нысандарында немесе оны пайдаланудың ерекше жағдайларындағы белгілері көрсетіледі;
5) белгі сипатын осы белгі ашылған ақпарат көзіне сілтеме жасап алмастыруға жол берілмейді;
6) техникалық нәтиже өнертабыс болып табылатын құралдарды жүзеге асыру (даярлау) немесе пайдалану кезінде алынуы мүмкін техникалық тиімділік, қасиет, құбылыс сипатын білдіреді;
7) егер өнертабыс бірнеше техникалық нәтижелер алуды қамтамасыз ететін болса (оның ішінде оны орындаудың нақты нысандары немесе пайдаланудың ерекше жағдайлары кезінде) оларды көрсету ұсынылады;
8) техникалық нәтиже, атап айтқанда, айналыс сәтін азайту, үйкеліс коэффициентін төмендету, сыналанып қалудың алдын алу, теңселуді төмендету, ісікке қарсы белсенділікті арттыру, дәрілік препараттың күшін жою, құю құрылымы кемістігін болдырмау, жұмыс органының ортамен байланысын жақсарту, сұйықтықтың сіңуін төмендету, ылғалдануын жақсарту, жарылуының алдын алуда байқалуы мүмкін.
Алынатын нәтиже егер, атап айтқанда:
адамның санасымен қабылдау ерекшелігінің салдарынан жеткізілсе;
оған қандай да бір қызметті оған қатысушылар арасындағы нөмірі негізінде жүзеге асыру кезінде белгілі бір ретпен немесе белгіленген тәртіпті сақтай отырып соның арқасында қол жеткізілсе;
егер ол қандай да бір ақпаратты алудан тұрса және оған тек қана математикалық әдісті, электрондық есептеу машинасына арналған бағдарламаны немесе онда пайдаланатын алгоритмді қолдану арқасында қол жеткізілсе;
ол тек қана қандай да бір нысанда кез келген тасушыда ұсынылған мағыналық мазмұнының ерекшеліктеріне байланысты болса;
ол қызықты және көріністі болса техникалық сипатта емес болып табылады.
9) егер өнертабыс жасау кезінде тек белгілі бағыттағы техникалық құралдар арсеналын кеңейту немесе осындай құралдарды алғаш алу міндеті ғана шешілетін болса, техникалық нәтиже осы мақсатты іске асырумен тұйықталуы мүмкін (осы мақсатты іске асыратын құрал жасауда), және оны арнап көрсету талап етілмейді, тек ұсынылып отырған өнертабыс осындай мақсат құралдары арсеналын кеңейтеді деген түсінік келтірілсе жеткілікті;
10) өнертабыстар тобы үшін көрсетілген мәліметтер, оның ішінде техникалық нәтиже туралы да, әрбір өнертабыс үшін жеке келтіріледі;
11) әрбір микроорганизмдер штаммын, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын сипаттау кезінде ол түпкі немесе жақын тұқымдас штаммдардан ерекшеленетін белгілері қосымша көрсетіледі;
12) нуклеотидтер не аминқышқылдарының бірізділігі өнертабыс сипаттамасына пайдаланған жағдайда, бірізділік тізіліміндегі "SEQIDNO" түрінде, егер осындай мәтін бірізділік тізілімінде пайдаланылса, тиісті бос мәтінді келтіріп нөмірі көрсетіліп беріледі;
13) белгілі өнім немесе тәсілді жаңа бағыт бойынша қолдануға жататын өнертабысты сипаттау кезінде осы белгілі объектінің сипаты және ол сипатталған ақпарат көзінің библиографиялық мәліметтері келтіріліп, оның белгілі және жаңа бағыты көрсетіледі; егер өнертабыс жаңа өнімді нақты мақсат бойынша қолдану түрінде сипатталса, қолданылатын объект пен мақсаттан басқа осындай мақсатты туғызатын оның қасиеттері туралы мәліметтер келтіріледі.
12.Сызба сұлбаларының және өзге материалдарды құрастырған кезде сұлбалар тізбесінен басқа олардың әрқайсысында не бейнеленгеніне қысқаша сілтеме беріледі. Егер өнертабыс мәнін түсіндіретін өзге материалдар ұсынылса, олардың мазмұндарына қысқаша түсінік келтіріледі.
13. Өнертабыстың жүзеге асуы мүмкіндігін растайтын мәліметтерде өтінім беруші көрсеткен бағытта іске асырумен өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігі және өнертабыстың мәнінде көрсетілген техникалық нәтиже алу мүмкіндігі ашып көрсетіледі
Мәні жалпы түсінікте айтылған белгіні пайдаланумен сипатталатын атап айтқанда, функционалдық жинақтау деңгейінде ұсынылған өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігі осы белгіні іске асыру не оны алу әдістеріне арналған құралдардың өтінім материалдарында тікелей сипатталуымен немесе осы құралдың белгілігі не оны алу әдістері көрсетіле отырып расталады.
Өнертабысты сипаттау үшін аралық мәнді түрде айқындалатын сандық белгілерді пайдалану кезінде осы аралықтағы техникалық нәтиже алу мүмкіндігі көрсетіледі.
14. Құрылғыға жататын өнертабысқа сызба сұлбаларына сілтемемен оның конструкциясының статикалық жағдайда сипаттамасы келтіріледі. Сипаттамадағы құрылымдық элементтердің цифрлы белгісі олардың сызба сұлбаларындағы цифрлы белгілеріне толық көлемде сәйкес келуге тиіс.
Құрылғы конструкциясы сипаттамасынан кейін оның әрекеті (жұмысы) немесе сызба сұлбаларына сілтемемен пайдаланылу тәсілі сипатталады, қажет болған кезде өзге де түсіндіруші материалдары (эпюра, уақытша диаграммалар және басқалар) ашып келтіріледі;
Егер құрылғыда функционалды деңгейде сипатталған элемент болса, және сипатталатын нысан бағдарламаланған (күйіне келтірілген) көп функциялы құралдарды пайдалануды көздесе, онда аталған функция құрылғысы құрамында оған нақты телінген осындай құралмен атқару мүмкіндігін растайтын мәліметтер ұсынылады. Егер мұндай мәліметтер қатарында, атап айтқанда, есептеуіш алгоритм келтірілсе, оны блок-сызба түрінде немесе, егер бұл мүмкін болса, тиісті математикалық өрнекте келтірген жөн.
15. Затқа жататын өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер:
белгіленген құрылымды химиялық қосылыстарға жататын өнертабыстар үшін белгілі әдістермен дәлелденген, қосылыстар жасалған құрылымдық формула, физика-химиялық константалар келтіріледі, және аталған мақсат бойынша өнертабысты пайдалану мүмкіндігі көрсетіледі. Биологиялық белсенді қосылыстар үшін сандық белсенділік сипаттама көрсеткіштері және улылығы, ал қажет болған жағдайларда - таңдалған әрекеттер мен басқа да көрсеткіштер келтіріледі;
егер өнертабыс адамдар немесе жануарлардың белгілі бір жай-күйін немесе ауруларын емдеу, диагностикалау немесе алдын алуға арналған құралға жататын болса, сипаттамада осы құралдың физиологиялық немесе патологиялық процесстер белгілі буынына әсері туралы немесе олардың байланысы туралы мәліметтер келтіріледі;
егер жаңа химиялық қосылыстар микроорганизмдер штаммы, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын көбейтуді пайдалану арқылы алынса, осы штаммның қатысуымен биосинтез тәсілі, жасушалардың көбейту, ол жөніндегі деректер туралы мәліметтер және оны сақтауға беру туралы мәліметтер келтіріледі;
егер өнертабыс жалпы құрылымдық формуламен сипатталған белгіленген құрылыммен жаңа химиялық қосылыстар тобына (қатарына) жататын болса, барлық қосылыстар топтарын (қатарын) алу тәсілінің жалпы схемасын, сондай-ақ нақты қосылыстар тобын (қатарын) алу мысалын, ал егер топқа (қатарға) түрлі химиялық табиғи радикалдар қосылса, осы түрлі радикалдармен қосылыстар алу мүмкіндігін растауға жеткілікті мысалдарды келтіру жолымен алу мүмкіндігі расталады;
алынған қосылыстар үшін, сондай-ақ белгілі әдістермен расталған олардың құрылымдық формулалары, физика-химиялық константалары, химиялық табиғаты әртүрлі радикалдар бойынша кейбір қосылыстарға қатысты мүмкіндігін растаумен көрсетілген мақсатын іске асыру мүмкіндігінің дәлелі келтіріледі;
егер өнертабыс аралық қосылыстарға жататын болса оның белгілі ақырғы өнімге ұқсатылуы, не одан нақты мақсатты немесе биологиялық белсенділікті жаңа ақырғы өнім алу мүмкіндігі көрсетіледі;
анықталмаған құрылымды жаңа химиялық қосылыстарға немесе анықталмаған құрамды қоспа және/немесе құрылымға жататын өнертабыстар үшін осы қосылыстарды немесе қоспаларды басқаларынан ажыратуға қажетті көрсеткіштер келтіріледі. Қосылыстар немесе қоспалар алу үшін бастапқы реагенттер туралы мәліметтер, сондай-ақ өтінім беруші көрсеткен осы қосылыстар немесе қоспалардың, атап айтқанда, осы мақсатын белгілейтін қасиеттері туралы мәліметтердің мақсатын іске асыру мүмкіндігін растайтын көрсеткіштер келтіріледі;
егер өнертабыс композицияға (қоспа, ерітінді, балқыма, шыны) жататын болса оның композициялық құрамына кіретін ингредиенттер, олардың сипаты және цифрлық арақатысы көрсетілген мысалдар келтіріледі. Композиция, егер ол ингредиент ретінде жаңа заттекке иеленсе, оны алудың тәсілі сипатталады;
келтірілген мысалдарда әрбір ингредиенттің мазмұны өнертабыстың аралық маңызды формуласында көрсетілген шегінде болады (өнертабыс формуласындағы ингредиенттердің цифрлық арақатысы пайызында (массасы немесе көлемі жөнінде) мысалда көрсетілген барлық ингредиенттердің жиынтық мазмұны 100%-ға теңеледі).
16. Биотехнологиялық өнімге жататын өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер (тірі объектіге):
өсімдік немесе жануарға жататын өнертабыстар үшін өсімдіктердің немесе жануарлардың шығу тегі мен оларды алу тәсілі ашылады, сондай-ақ оны өтінім берілген мақсатта пайдалану мүмкіндігі және өсімдік немесе жануарда сол пайдалы қасиеттің бар болуы расталады; өсімдік немесе жануарды сәйкестіруге болатын белгілер келтіріледі. Осындай талаптар өсімдік немесе жануардың ұрпағына, сондай-ақ олардың жеке бөліктеріне (элементтеріне) қойылады;
егер өсімдік немесе жануарды жасаған кезде оны қандай да бір өнім (заттек) көмегімен алуға мақсат қойылса, онда сол өнімнің (сол заттектің) рас алынғаны және қойылған қасиеттердің бар екендігін растайтын мәліметтер келтіріледі. Қажет болған жағдайда өнімділік деңгейі туралы мәліметтер келтіріледі.
микроорганизм штаммасына жататын өнертабыстар үшін номенклатуралық деректер және штаммның шығу тегі, қоректену ортасының сандық және сапалық құрамдары туралы деректер (себілетін және ферментациялық), өсіру жағдайлары (температурасы, рН, үлесті масса ауысымы, жарықтылығы) ферментация уақыты, биосинтез сипаты, пайдалы (мақсатты) өнімдер, өнімнің шығуы туралы, белсенділік (өнімділік) деңгейі және оны айқындау (тесттеу) тәсілдері көрсетіледі. Мақсаттық өнімдерді бөліп алу және тазарту тәсілі ашылады (жаңа мақсаттық өнімдер продуценттері үшін, мысалы, антибиотиктер, ферменттер, моноклональды антиденелер);
микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары консорциумдары үшін келесі деректер келтіріледі: компоненттер бар-жоғын тексеру әдісі, осы бойынша селекция жүргізілген бөліну (селекция) және белгілер әдісі, ұзақ өсіру кезіндегі консорциум тұрақтылығы, бөтен микроорганизмдер залалдарына төзімділік;
микроорганизмдер штаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларына не оның пайдаланылатын тәсіліне жататын өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі штамм алу тәсілінің сипатталуымен расталады, күні өнертабыстың басымдық күнінің алдынан келетін депозиттеу туралы (депозитарий-коллекция атауы және депозиттелген объектіге берілген тіркеу нөмірі) мәліметтер ұсынылады;
егер микроорганизмдер штаммы кем дегенде патент қызметі мерзіміне объектінің өмірлік қабілетін қолдауға кепілдік беретін халықаралық немесе қазақстандық коллекцияға орналастырылса, патент рәсімі мақсаттарына арналған депозиттеу жүзеге асырылды болып есептеледі.
17. Биотехнологиялық өнімге, атап айтқанда, тірі емес объектіге жататын өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер:
Барлық биотехнологиялық өнімдер үшін олардың қызметі немесе белсенділік түрі, шығу тегі мен оларды алу тәсілі ашылады, және мәлімделген мақсатта пайдалану мүмкіндігі расталады.
Құрылымы анықталған немесе жартылай анықталған өнімдер үшін, сонымен қатар құрылыстың, соның ішінде нуклеин қышқылы (мысалы, гендер, ген фрагменттері) үшін нуклеотидтердің тізбегі, белоктар, полипептидтер, пептидтер үшін аминқышқылдарының тізбегі, құрамды, соның ішінде реттейтін және код саласындағы элементтердің, плазмид, векторлар, генетикалық конструкциялар, ремкомбинаттық және гибридтік молекулалар үшін сайттар мен маркерлердің бар болуы және орналасу тәртібі келтіріледі.
Құрылымы анықталмаған өнімдер үшін оларды теңестіруге болатын, атап айтқанда басқа белгілі өнімдерден айыратын белгілер жиынтығы келтіріледі.
Моноклондық антиденелер үшін оларды алу тәсілі, атап айтқанда, антиденені өңдейтін гибридом туралы, соның ішінде оны депозиттеу туралы куәлік беріледі. Медициналық және мал дәрігерлік өнімдер үшін улылығы, пирогенділігі, жақпауы немесе басқа шектілімдер туралы мәліметтер беріледі.
Егер өнертабыс жалпы құрылымдық элементі (элементтері) бар жаңа өнімдер тобына жатса, оларды алудың жалпы тәсілін ашу арқылы өнім тобын алу мүмкіндігі, сондай-ақ топтың нақты қосындыларын алу үлгілері расталады. Атап айтқанда, егер өнертабыс нуклеотидтері немесе аминоқышқылдарының тізбегі белгіленген нуклеин қышқылына немесе белокқа (полипептидке, пептидке), сондай-ақ қоспа, делеция немесе нуклеотидтерді не аминоқышқылдарды алмастыру нәтижесінде пайда болған олардың нұсқаларына жатса, осындайда пайда болатын қоспалардың, делециялардың алмастырулардың таралмауы туралы мәліметтер, өнімдері көрсетіле отырып беріледі, және осындай тәсілмен алынған өнімдер алғашқы өнім сияқты белсенділік пен соған ұқсас қызмет түрлеріне қабілетті болады.
нуклеин қышқылдарының будандық тізбектері үшін будандастыру түрі мен будандастыру деңгейі (пайызы) көрсетіледі. Бұл ретте будандастыру дәрежесін бағалау тәсілі ашылады, көзбен будандасатын нақты тізбектердің үлгілері беріледі, және осындай бірізділіктердің қызметтік ерекшеліктерін растайтын мәліметтер келтіріледі.
нуклеин қышқылының, белоктардың, полипептидтер мен пептидтердің гомологиялық және комплементарлық тізбегі үшін гомология немесе комплементарлықтың дәрежесі (пайызы) көрсетіледі. Бұл ретте гомология немесе комплементарлықтың дәрежесін бағалау тәсілі ашылады, аталған дәрежеде алғашқы көзбен гомологиялы немесе комплементарлы нақты тізбектердің үлгісі беріледі, және осындай бірізділіктердің қызметтік ерекшеліктерін растайтын мәліметтер келтіріледі.
аралық және соңғы өнімді білдіретін өнертабыс тобы үшін аталған аралық өнімнен қасиеттері мен белсенділік түрі анықталған соңғы өнімді алу тәсілі ашылады
18. Тәсілге жататын өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер.
Тәсілге жататын өнертабыстар үшін мысалдарда материалдық объектіге әрекет тіркестігі (әдістер, операциялар), сондай-ақ әрекет өткізу жағдайы, нақты режимдер (температура, қысым), егер бұл қажет болса мұндайда пайдаланылатын құрылғы, заттектер және штаммдар көрсетіледі. Егер тәсіл басымдық күніне дейінгі белгілі құралдарды (құрылғы, заттектер және штаммдар) пайдаланумен сипатталса, осы құралдарды көрсету жеткілікті. Белгісіз құралдарды пайдалану кезінде олардың сипаты келтіріледі және қажетті жағдайларда графикалық кескіндемесі тіркеледі;
Тәсілде жаңа заттарды пайдалану кезінде оларды алу тәсілі ашылады;
Жалпы құрылымдық формуламен сипатталған жаңа химиялық қосылыстар тобын (қатарын) алу тәсіліне жататын өнертабыстар үшін осы тәсілмен қосылыстар тобын (қатарын) алу мысалы келтіріледі, ал егер топқа (қатарға) химиялық табиғат бойынша сан түрлі радикалдар қосылыстары кірсе, осы түрлі радикал қосылыстар алу мүмкіндігін растауға жеткілікті мысалдар көлемі келтіріледі. Топқа (қатарға) кіретін қосылыстар алу үшін физика-химиялық сипаттағы белгілі әдістермен расталған құрылымдық формулалар келтіріледі. Сипаттамада сондай-ақ мақсаты немесе жаңа қосылыстардың бағыты немесе биологиялық белсенділігі туралы мәліметтер көрсетіледі;
Анықталмаған құрылымды химиялық қосылыстар немесе анықталмаған құрылымды және/немесе құрамды қоспалар алу тәсіліне жататын өнертабыстар үшін осы қосылысты басқаларынан ажыратуға қажетті мәліметтер көрсетіледі. Қосылыстар немесе қоспалар алу үшін бастапқы реагенттер туралы мәліметтер, сондай-ақ өтінім беруші көрсеткен осы қосылыстар немесе қоспалар мақсатын, атап айтқанда, осы мақсат ескерілетін қасиеттер туралы мәліметтер, іске асыру мүмкіндігін растайтын деректер келтіріледі;
Биотехнологиялық өнімді алу тәсіліне жататын өнертабыс үшін алынған өнім берілген қасиеттерге шынымен қабілетті екендігі және белгіленген мақсат бойынша пайдаланатындығы расталады, өнімді теңдестіретін белгілер келтіріледі, тиісті жағдайларда - құрылымдық формуласы, құрылысы мен құрамының ерекшеліктері, сондай-ақ өнімді түріне қарай басқа да белгілері беріледі;
Жалпы құрылымдық элемент (элементтері) бар биотехнологиялық өнім тобын алу тәсіліне жататын өнертабыстар үшін топтың барлық өнімдерін алу мүмкіндігін растайтын үлгілер саны келтіріледі, бұл ретте алынған барлық өнімдер биотехнологиялық белсенділіктің бір түріне қабілетті және сол бір қызметті жүзеге асыратыны расталады;
Белгісіз микроорганизмдер штаммы, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасын көбейту тәсілін пайдаланғанда, оларды депозиттеу немесе өнертабысты жүзеге асыруға жеткілікті штамм немесе жасуша дақылын алу тәсілі туралы мәліметтер келтіріледі;
Элементі немесе бұйымның өзі анықталмаған құрамнан және құрылымнан даярланған бұйымды алу тәсіліне жататын өнертабыстар үшін материалдың қасиеттері және пайдалану сипаттары және/немесе тұтастай бұйым туралы көрсеткіштер келтіріледі;
Адамдар немесе жануарлар ауруларын емдеу, диагностикалау немесе алдын алу тәсіліне жататын өнертабыстар үшін аурулардың этиопатогенезіне ықпал жасайтын немесе аталған ауруларды емдеу, диагностикалау немесе алдын алу тәсіліне жарамдылығын растайтын сенімді көрсеткіштер келтіріледі (барабар модельдерге тәжірибе жасау арқылы немесе басқа жолмен алынған).
19. Жаңа мақсатта қолдануға жататын өнертабыстарды жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтерде олардың осы мақсатта іске асырылу мүмкіндігін растайтын мәліметтер келтіріледі.
20. Өнертабыстың формуласы анық, дәлелді болып табылады және сипаттамаға негізделеді.
21. Өнертабыс формуласының мақсаты және оған қойылатын талаптар.
1) өнертабыс формуласы патентпен берілетін құқықтық қорғау көлемін анықтауға арналады;
2) өнертабыс формуласы толығынан сипаттамаға негізделуге тиіс, яғни өнертабысты оның сипаттамасындағы түсініктермен сипаттауы керек;
3) өнертабыс формуласы анық, дәлелді болу керек, сипаттамаға негізделеді және сипаттамадағы бар ұғымдармен өнертабысты бейнелеуі керек;
4) өнертабыс формуласы, егер ол өтінім беруші көрсеткен техникалық нәтижеге жетуге жеткілікті маңызды белгілерінің жиынтығы болса, оның мәнін көрсеткен болып танылады;
5) өнертабыс белгілері өнертабыс формуласында оларды ұқсастыру мүмкіндігін, яғни олардың мәндік мазмұнының белгілі техникалық деңгейі негізінде маманның біртекті түсінуін қамтамасыз ететіндей болып көрсетіледі;
6) өнертабыс формуласындағы белгі сипатын ақпарат көзіне сілтемемен алмастыруға болмайды. Белгі сипатын сипаттама немесе өтінім сызбаларына сілтемемен алмастыруға, оның ұқсастығы туралы талаптарға нұқсан келтірмей белгіге мұндай сілтемесіз сипаттау мүмкін болмаған жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, атап айтқанда, "...сұлбада көрсетілгендей...", "сипаттама... бөлігінде... сипатталғандай..." деген сөздер пайдаланылуы мүмкін. Сызбаларға сілтеме сөзбен немесе математикалық тәсілмен сипатталуға келмейтін, орындалу нысанымен ерекшеленетін объектілерді сипаттау кезінде, сондай-ақ өнертабыс объектісі қасиеттері тек кестелер және диаграммалар немесе биотехнологиялық өнімдер көмегімен ғана сипатталуы мүмкін химиялық заттар болып табылатын жағдайларда пайдаланылуы мүмкін, олардың ауызша мінездемесі қиындау және өнертабыс формуласын ыбырсытып жібереді. Атап айтқанда, егер өнертабыс сипаттамасы үшін нуклеотидтер мен/немесе аминоқышқылдар тізбегі пайдаланылса, өнертабыс формуласында тізбектер тізілімінде олардың мына түрде "SEQIDNO" нөміріне немесе тиісті графикалық материалына сілтеме жасауға болады;
7) өнертабыс белгісін егер ортақ ұғымдағы сипаттамалар өтінім беруші көрсеткен техникалық нәтиже алуды басқа да белгілер жиынтығымен қамтамасыз етсе, оны іске асырудың түрлі нысандарын қамтитын ортақ ұғыммен (функциясын, қасиетін білдіретін) сипаттау орынды;
8) егер мұндай белгі, көрсетілген баламамен жол берілетін кез келген таңдау кезінде өнертабыстардың басқа да белгілер жиынтығымен бір ғана техникалық нәтиже алуды қамтамасыз етсе, белгі баламалы түрде көрсетіледі;
9) осы объектіні сипаттаудың өзге нысаны қиындық келтірсе және олар жалпыға белгілі және нақты маңызға ие болса, өнертабыс формуласында өнімдердің, заттектердің шартты атауларын пайдалануға жол беріледі.
22. Өнертабыс формуласы біртізбекті және көптізбекті болуы және тиісінше бір немесе бірнеше тармақты құрайды.
23. Біртізбекті өнертабыс формуласы оны орындау немесе пайдаланудың жекелеген жағдайларына қатысты дамыту және/немесе анықтауы жоқ маңызды белгілер жиынтығымен бір өнертабысты сипаттау үшін қолданылады.
24. Көптізбекті өнертабыс формуласына қойылатын талаптар:
1) көптізбекті формула өнертабысты орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларына немесе өнертабыстар тобын сипаттауға қатысты оның белгілер жиынтығын дамыту және/немесе анықтаумен бір өнертабысты сипаттау үшін қолданылады;
2) бір өнертабысты сипаттайтын көптізбекті формуланың бір тәуелсіз тармағы және келесі оған тәуелді тармағы (тармақтары) болады;
3) өнертабыстар тобын сипаттайтын көптізбекті формуланың бірнеше тәуелсіз тармақтары болады, олардың әрқайсысы өнертабыстар тобының біреуін сипаттайды. Бұл ретте топтың әрбір өнертабысы тиісті тәуелсізге бағынышты тәуелді тармақтарды тартумен сипатталады;
4) көптізбекті формула тармақтары "1"-ден бастап, мазмұндалу тәртібімен бірінен соң бірі араб цифрларымен нөмірленеді.
25. Өнертабыстар тобын сипаттайтын формулаларды ресімдеу:
1) жекелеген өнертабыстарды сипаттайтын тәуелсіз тармақтарда, әдетте, формуланың басқа тармақтарына сілтемелер болмайды (мұндай сілтемеге тек осы тәуелсіз тармақты ондағы басқа тармақпен толық қайталамаған жағдайда ғана жол беріледі);
2) түрлі өнертабыстар топтарын сипаттау үшін бір ғана мазмұнды тәуелді тармақтар келтірілетін жағдайларды қоса отырып, тәуелді тармақтар өздері бағынышты тәуелсіз тармақтармен топтасады.
26. Формула тармағын құрастыру:
1) формула тармағы, неғұрлым жақын ұқсас белгілері сәйкес келетін өнертабыс белгілерінен тұратын шектеу бөлімінен, оның ішінде формула баяндалуы басталатын бағыттағы тектік ұғымнан және өнертабысты неғұрлым жақын баламасынан ажырататын белгілер кіретін ерекшелік бөлімінен тұрады;
2) формула тармағын жасау кезінде шектеу бөлімі баяндалған соң ".......мен ерекшеленетін" деген сөз тіркесі келтіріліп, бұдан кейін тікелей ерекшелік бөлімі келтіріледі;
3) формула тармағын шектеу және ерекшелік бөліміне бөлмей жасаған кезде мақсатын көрсететін тектік ұғымнан кейін "сипатталатын", "қамтитын", "кіретін" деген сөздер енгізіледі, одан кейін өнертабысты сипаттайтын маңызды белгілер жиынтығы келтіріледі.
4) формула тармағы бір сөйлеммен мазмұндалады.
27. Өнертабыс формуласы, егер ол:
1) химиялық қосылыстарды;
2) микроорганизмдер штаммдарын, өсімдіктер немесе жануарлар жасушалары дақылдарын;
3) бұрыннан белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгіленген мақсатта қолдануды;
4) ұқсасы жоқ өнертабысты сипаттайтын болса, шектеулі және ерекшелік бөлімдері тармақтарына бөлінбей құрастырылады.
28. Формуланың тәуелсіз тармағын ресімдеу:
1) өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағы бір ғана өнертабысқа қатысты болуға тиіс. Ол өнертабысты құқықтық қорғау сұралып отырған көлемін айқындайтын оның белгілер жиынтығымен сипаттайды және өнертабыс объектісін логикалық анықтау түрінде көрсетеді;
2) формуланың тәуелсіз пункті бір өнертабысқа жататын деп мойындалмайды, егер ондағы белгілер жиынтықтылығы белгісі:
бір ғана техникалық нәтиже алуды қамтамасыз етпейтін белгілер баламасы түрінде көрінсе, не әрқайсысы бірнеше функционалды дербес белгілер құрайтын белгілердің баламалық түрінде көрінсе (құрылғының торабы немесе бөлшегі; тәсіл операциясы, заттек, материал, тәсілде қолданылатын айлабұйым; композиция ингредиенті), оның ішінде қандай да болмасын осындай белгілерге арналған баламаның таңдауы басқа (басқалар) белгісіне (белгілеріне) жүргізілген таңдауға тәуелді болса;
әртүрлі объектілерге немесе әрқайсысы көрсетілген ортақ мақсаттағы құралдар жиынтығын іске асырусыз дербес мақсатты құралдар жиынтығына жататын өнертабыстар сипаттамасын қамтиды.
29. Формуланың тәуелді тармағын ресімдеу:
1) тармақ тәуелсіз тармақта келтірілген өнертабысты тек оны орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларын сипаттайтын өнертабыс белгілері жиынтығының дамуын және/немесе анықталуын қарастырады;
2) формуланың тәуелсіз тармағының шектеулі бөлігі тәуелсіз тармақта келтірілгенмен салыстырғанда қысқаша мазмұндалған өнертабыс мақсатын көрсететін тектік ұғымнан және осы тәуелді тармақ жататын тәуелсіз тармақ және/немесе тәуелді тармақтан (тармақтардан) тұрады.
Тәуелді тармақ формуланың бірнеше тармағына бағынысты болғанда оларға сілтемелер баламаларды пайдаланумен көрсетіледі;
3) егер жекелеген жағдайларда оны орындау немесе пайдалануда өнертабысты сипаттау үшін тәуелді тармақ белгілерімен қатар тек тәуелсіз тармақ белгілері қажет болса, осы тәуелді тармақтың тікелей тәуелсізге бағыныстылығы тиісті пайдаланылады;
Егер аталған сипатқа формуланың бір немесе бірнеше тәуелді тармақтарының белгілері қажет болса, осы тәуелді тармақтың тәуелсіз тармаққа бағыныстылығы тиісті тәуелді тармақтар арқылы пайдаланылады;
өнертабыс формуласының тәуелді тармағы өзі бағынысты формуласы тармағында сипатталған өнертабыс белгілері алмастырылмайтындай немесе алып тасталмайтындай баяндалады, сондай-ақ осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген сипатты жиынтық белгілер кірмеуі керек;
егер өнеркәсіп формуласының тәуелді тармағы тәуелсіз тармақ белгілерін алмастыратын немесе алып тастайтындай мазмұндалса, осы тәуелді тармақ өзі бағынатын тәуелсізбен бір өнертабысты сипаттайды деп танылуы мүмкін емес.
30. Құрылғыға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері құрылғы белгілері формулада оның статистикалық жағдайын сипаттайтындай баяндалады.
Құрылғының конструкциялық элементін орындауды сипаттау кезінде оның жылжымалылығын, оның белгілі функцияны іске асыру мүмкіндігін көрсетуге болады
31. Заттекке жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері.
Кез келген текті дербес химиялық қосылыстарды сипаттайтын өнертабыс формуласына қосылыстың химияда қабылданған номенклатуралардың бірі бойынша атауы немесе қосылыстың белгісі және оның құрылымдық формуласы енгізіледі (қосылыстың мақсаты көрсетілмейді);
Анықталмаған құрылымға қосылу үшін өнертабыс формуласына осы қосылыстарды басқаларынан айыруға қажетті физика-химиялық және өзге сипаттамалар, атап айтқанда, оны алудың тәсілі келтіріледі;
Композицияны сипаттайтын өнертабыс формуласына оған кіретін ингредиенттер, және қажет болған жағдайларда ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілер келтіріледі; егер композицияны сипаттайтын формуланың ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілері болса, онда олар мазмұнның (төменгі және жоғарғы) ең аз және ең көп шегін сипаттайтын кез келген бір маңызды, әдетте, екі маңызды бірлікте көрінеді;
Композиция ингредиенттерінің бірінің мазмұны бір маңызда көрсетілуіне болады, ал қалған ингредиенттер мазмұны - осы жалғыз маңызды қақындағы маңыздар аралығы түрінде көрінеді;
Композиция құрамындағы антибиотиктер, ферменттер, анатоксиндер бірлік мазмұны композицияның қалған компоненттер бірлігінен өзге бірліктерде көрсетілуі мүмкін;
Егер композицияға жататын өнертабыс қосымша ингредиент енгізілуімен сипатталса, формулаға тиісті ерекшелік белгілерінің алдынан "қосымшасы бар" деген сөз тіркесі енгізіледі;
Мақсаты белсенді бастаумен айқындалатын, ал басқа компоненттері осы мақсаттағы композицияларда дәстүрлі қолданылатын шеңбердің бейтарап тасушылары болып табылатын композициялар үшін формулада тек осы белсенді бастау және композиция құрамындағы оның цифрлық мазмұны, оның ішінде "тиімді саны" нысанында көрсетуге болады;
Мұндай композиция сипатының басқа нұсқасында белсенді бастаудан өзге "мақсаттық қосымша" жинақты ұғымы нысанында басқа компоненттер (бейтарап тасушылар) көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда белсенді бастау мен мақсаттық қосымшаның цифрлық ара қатысы көрсетіледі;
Егер өнертабыс белгісі ретінде күрделі құрамды белгілі заттек көрсетілсе, функциясын немесе осы заттың қасиетін және оның негізін көрсетіп оның арнаулы атауын пайдалануға жол беріледі. Мұндай жағдайда өнертабыс сипаттамасында осы заттек сипатталған ақпарат көзі келтіріледі.
32. Биотехнологиялық өнімге жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері.
Анықталған немесе жартылай анықталған құрылымды тірі емес объектілерге жататын өнімдерді сипаттайтын өнертабыс формуласына құрылымдық формула және осындай өнімдердің құрылысын, атап айтқанда нуклеин қышқылдары (гендер, ген фрагменттері) үшін нуклеотидтердің тізбегі және белоктар, полипептидтер мен пептидтер үшін аминоқышқылдардың тізбегін анықтайтын басқа белгілер енгізіледі;
Құрылымы анықталмаған тірі емес объектілерге жататын өнімдерді сипаттайтын өнертабыс формуласына аталған өнімдерді теңдестіре алатын, атап айтқанда басқа белгілі өнімдерден айыратын физика-химиялық және өзге қасиеттерінің жиынтығы енгізіледі. Осындай белгілерге, мысалы, өнімді алу тәсілінің белгілері жатады.
Осы екі жағдайда да өнімнің атқаратын қызметі немесе белсенділік түрі және тегі көрсетіледі;
Өнертабыс формуласының бір тәуелсіз тармағында бір өнертабыс ретінде бірнеше биотехнологиялық өнімдер келтірілуі мүмкін, егер олар біркелкі қызмет немесе белсенділік түріне, шығу тегіне және ортақ мәнді құрылымдық элементке (элементтерге) ие болса. Өнімдердің өнертабыс формуласының бір тармағына бір ғана белсенділік негізінде бірлесуіне жол берілмейді.
Тірі объектілерге жататын өнімдерді сипаттайтын өнертабыс формуласына аталған өнімдерді теңдестіретін, соның ішінде өнімді алу тәсілін, оның шығу тегін, оның құрамына енетін гендік элементті, пайдалы қасиеттер мен басқа белгілерді сипаттайтын белгілер енгізіледі;
Микроорганизм штаммын, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасы дақылдарын сипаттайтын өнертабыс формуласына штамм тегінің және түрінің атауы латын тілінде халықаралық номенклатура талаптарына сәйкес, немесе өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының атауы, сондай-ақ ресми коллекция-депозитарийдың аббревиатурасы, депозиттелген объектіге коллекциядан берілген тіркеу нөмірі және штаммның мақсаты енгізіледі.
33. Тәсілге жататын өнертабыс формуласының ерекшелігі - материалдық объектінің іс-әрекеттерін сипаттайтын тәсіл белгілерін осы мақсатта сабақты етіс, ашық рай, үшінші жақта, көпше түрінде (жылытады, дымқылдатады, қыздырады) қолданып мазмұндайды.
34. Белгілі өнім немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша өнертабыс объектісі ретінде қолдануға келесі құрылымды формула пайдаланылады: "...ретінде (белгілі өнім, тәсіл, немесе жаңа өнімнің атауы немесе сипаты) қолдану (қолданылатын объектінің жаңа мақсаты келтіріледі)".
35. Сызбалар және өзге материалдар, егер олар өнертабыс мәнін түсіну үшін қажет болған жағдайда ұсынылады.
Түсіндіруші материалдар графикалық кескіндемелер (нобай, сурет, графика, эпюр, осциллограмм), фотосуреттер және кестелер түрінде ресімделеді.
Өнертабысты сызбалармен немесе нобаймен бейнелеу мүмкін болмаған жағдайларда суреттер ұсынылады;
Фотосуреттер графикалық кескіндемелерге қосымша ретінде ұсынылады. Айрықша жағдайларда, мысалы, хирургиялық операциялар жасау кезеңдерін бейнелеу үшін фотосуреттер түсіндіруші материалдардың негізгі түрі ретінде ұсынылуы мүмкін;
Сызбалар, нобайлар және суреттер жеке (жекелеген) парақта (парақтарда) ұсынылып, оң жақ жоғарғы бұрышында өнертабыстың атауы келтіріледі;
Ұсынылған сызбалар мен өзге де материалдар сипаттама мәтінімен келістірілуге тиіс. Сызбалардағы барлық белгілерге сипаттамада сілтеме болуға тиіс.
36. Реферат өнертабыстар туралы қысқаша ақпарат болып табылады, яғни атауын, өнертабыс жататын техника саласының сипаттамасын қамтитын өнертабыс сипаттамасының қысқаша баяндалған мазмұнын құрайды және/немесе егер бұл атауынан анық болмаса, әрбір тәуелсіз тармағының барлық маңызды белгілері сақталатындай формуланы еркін баяндау жолымен сипатталатын қол жеткен техникалық деңгейі көрсетілген өнертабыс мәнінің сипаттамасы кіреді.
Қажет болған жағдайларда рефератқа сызба немесе химиялық формула кіреді. Рефератқа кірген сызба сипаттамада көрсетілген сызбалардың бір сұлбасымен ұқсас болған жағдайда реферат мәтіні сияқты дана санымен жеке парақта тапсырылады.
Рефератта қосымша мәліметтерді қамтиды, атап айтқанда, формуланың тәуелді тармақтарының бар-жоғы мен саны, графикалық кескіндемелер, кестелер.
Реферат мәтінінің ұсынылатын көлемі - 1000 баспа таңбаға дейін болуға тиіс.
37. Өтінімде моральға және қоғамдық тәртіпке қайшы келетін ұғымдар, сызбалар, суреттер, фотосуреттер және өзге де материалдар, болмауға тиіс, өнімге немесе технологиялық процестерге, сондай-ақ басқа тұлғалардың өтінімдеріне немесе қорғау құжаттарына қатысты менсінбеушілік сөздер, өнертабысқа қатысты еместігі анық не өтінім құжаттарын осы Қағидалардың талаптарына сәйкес деп тану үшін қажетті болып табылмайтын сөздерге немесе мәліметтер болмауы тиіс.
38. Әдебиетте кеңінен қолданылмайтын терминдер мен белгілерді пайдалану кезінде олардың маңызы алғашқы қолданылу мәтінінде түсіндіріледі.
Өнертабыс формуласында, сипаттамада және оны түсіндіруші материалдарда, сондай-ақ рефератта стандартталған терминдер мен қысқартулар, ал олар болмаған жағдайда жалпыға ортақ ғылыми және техникалық әдебиеттерде жалпы қабылданғандары пайдаланылады;
Барлық шартты белгілер ашық көрсетіледі, сипаттамада және формулада терминология бірлігі сақталады, яғни сипаттама мәтініндегі және формуладағы бір белгілер бір атаумен аталынады. Терминология бірлігі талаптары физикалық бірлік өлшемдеріне және пайдаланылатын шартты белгілерге де қатысты болады;
Өнертабыстың атауы, қажет болған жағдайларда, латын әліпбиі мен араб сандарының нышандарын қамтиды. Өнертабыс атауында өзге әліпбиді арнайы таңбаларды қолдануға жол берілмейді.
Физикалық көлемдер қолданылып жүрген ӨЖ Халықаралық бірліктер жүйесі бірліктерімен белгіленгені жөн.
39. Өтінім құжаттарын ресімдеу:
1) барлық құжаттар оларды тікелей репродукциялауға боларлықтай етіп ресімделеді;
2) әрбір парақ аздау бетіндегі жолдарға параллель күйде бір жағынан ғана пайдаланылады.
40. Өтінімнің әрбір құжатындағы екінші және келесі парақтары араб сандарымен нөмірленеді.
41. Мәтінді ресімдеу:
1) документы печатаются стандартным шрифтом черного цвета. Тексты описания, формулы и реферата печатаются через один интервала;
құжаттар қара түсті стандартты шрифтпен басылады. Сипаттама, формула және реферат мәтіндері бір интервал қалдырып басылады
2) графикалық нышандар, латын атаулары, латын және грек әріптері, математикалық және химиялық формулалар немесе нышандар қара түсті сиямен, пастамен немесе тушьпен жазылуы мүмкін.
Формулаларды баспа түрінде және қолдан жазып араластыруға жол берілмейді.
42. Сипаттамада, өнертабыс формуласында және реферата химиялық формулалар қолданылады:
1) құрылымдық химиялық формулаларды жазу кезінде элементтердің жалпыға ортақ қолданылатын нышандарын қолданған және элементтер мен радикалдар арасындағы байланыстарды нақты көрсеткен жөн;
2) формулалар мәтінге енгізу реті бойынша нөмірленеді. Нөмірді әрбір формуладан кейін оң жолақтың шегінде қою ұсынылады.
43. Басылым нысанында берілетін нуклеотидтер және/немесе аминоқышқылдар тізбегінің тізімі ДЗМҰ ST.25 стандартына сәйкес ресімделеді.
44. Сипаттамада, өнертабыс формуласы мен рефератта математикалық көрсеткіштер (формулалар) және нышандар пайдаланылады.
Математикалық көрсеткіштерді беру нысаны регламенттелмейді.
Математикалық формулалардағы барлық әріптік белгілер ашылып беріледі.
Формулаға түсініктемелерді бағанмен жазып, әрбір жолдан кейін нүктелі үтір қойған жөн. Әріптік белгілердің ашылуы олардың формулада қолданылуы ретімен беріледі.
Математикалық белгілер: >, <, =, +, - және басқалар тек математикалық формулада қолданылады, ал мәтінде оларды сөздермен (артық, кем, тең) жазу керек.
Оң өлшемдер арасындағы аралықтарды белгілеу үшін (:) (бастап және дейін) таңбасын қолдануға болады. Басқа жағдайларда "бастап" және "дейін" деген сөздермен жазу керек, температура аралықтарын белгілеу кезінде (...) белгісін қолданғану ұсынылады.
Өлшемдерді пайыздық түрде көрсеткен кезде пайыздың таңбасы (%) саннан кейін қойылады. Егер өлшем бірнеше болса, онда пайыздық таңба оларды тізбектеу алдынан қойылады және олардан қос нүктемен бөлінеді.
Математикалық формулалардағы тасымалға тек таңба бойынша ғана жол беріледі.
Формулалар оларды мәтінге енгізу реті бойынша нөмірленеді. Нөмірді әрбір формуладан кейін оң жолақтың шегінде қою ұсынылады.
45. Графикалық кескіндемелерді ресімдеу.
Графикалық кескіндемелер (сызбалар, нобайлар, графиктер, суреттер және т.с.) ұзын бойына біркелкі қалыңдықта өшпейтін қара нақты сызықтармен, тушьсыз және бояусыз орындалады.
Кескіндеме көлемі және айқындығы фотографиялық көшірмелеу кезінде барлық бөлшектерін айыруға боларлықтай таңдап алынады.
Цифрлар мен әріптерді жақшаға, тырнақшаға, шеңберге алуға болмайды. Цифрлар мен әріптердің биіктігі 3,2 мм кем таңдалмайды.
Әрбір графикалық кескіндеме оның түріне қарамастан араб цифрларымен сұлба ретінде (1-сұлба, 2-сұлба) нөмірлеудің бірыңғай тәртібімен, сипаттама мәтінінде аталу кезегіне сәйкес нөмірленеді. Егер сипаттама бір сұлбамен ғана берілсе, онда ол нөмірленбейді.
Бір парақта бірнеше сұлба орналастырылуы мүмкін, мұндайда олар бір-бірінен нақты бөлініп тұрады. Егер екі және одан да көп парақтарда орналастырылған сұлбалар тұтас сұлба бөлшектерін құраса, олар түрлі парақтарда кескінделген кез келген сұлбалардың қандай да бір бөлігін қалдырып кетпей жинақталуы тиіс.
Жекелеген сұлбалар парақта немесе парақтарда барынша қанық орналастырылып және кескіндеме парақтың ұзын жағынан тік орналасқан жағдайда оқылатындай болуы керек.
Сызбада тік бұрышты (ортогоналды) проекцияны (әрқилы түрде, кесінділерде және жармаларда) пайдалану жөн болып табылады; сондай-ақ аксонометрлік проекцияны пайдалануға да жол беріледі.
Кесінділер сілтемелік белгілер мен негізгі сызықтарды анық оқуға кедергі жасамайтындай көлбеу сызбалармен орындалады.
Сызбадағы әрбір элемент, оны нақты кескіндеуге пропорциялар айырмашылығы қажет болатын жағдайларды есептемегенде, барлық басқа элементтерге тепе-тең орындалады.
Сызбалар "су", "бу", "ашық", "жабық", "А-А" (кесіндіні белгілеу үшін) деген қажетті сөздерден басқа қандай да болмасын жазбаларсыз орындалады.
Сызбаларда көлемі көрсетілмейді. Олар сипаттамада келтіріледі.
Сызбалардағы кескінделген элементтер өнертабыс сипаттамасына сәйкес араб цифрларымен белгіленеді.
Бірнеше сұлбаларда ұсынылған бірдей элементтер бірдей цифрмен белгіленеді. Әртүрлі сұлбаларда ұсынылған әртүрлі элементтерді бір ғана цифрмен белгілеуге болмайды. Сипаттамада аталмаған белгілер сызбаларда қойылмайды.
Егер графикалық кескіндеме нобай түрінде ұсынылса, онда оны орындау кезінде стандартталған шартты графикалық белгілер қолданылады.
Сипаттың бір түрінде нобайдың басқа түрдегі жекелеген элементтерді кескіндеуге болады. Егер нобай элементтердің графикалық белгілері ретінде тік бұрыштар түрінде ұсынылса, онда цифрлық белгілерден басқа тік бұрышқа тікелей элемент атауына жазылады. Егер элементтің графикалық кескіндеме мөлшерлері оған мүмкіндік бермесе, элемент атауы шығармалы сызықта көрсетуге (қажет болған жағдайда, нобай бетінде орналасқан сурет астындағы жазу түрінде) болады;
Сызбалар, нобайлар, суреттер өнертабыстың сипаттамасы мен формуласында келтірілмейді.
46. Ақпараттар көздерінің библиографиялық деректері олар бойынша ақпарат көзі айқындалатындай етіп көрсетіледі.