Қазақстан республикасы әділет министрлігі


-бөлім. Өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгігеарналған өтінімді беру



бет12/37
Дата29.09.2023
өлшемі305,47 Kb.
#111460
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
2-бөлім. Өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгігеарналған өтінімді беру

3. Өтінім қорғау құжатына құқығы бар тұлғамен (бұдан әрі – өтінім беруші) сараптама ұйымының кеңсесі арқылы беріледі,пошта арқылы немесе электронды цифрлі қолтаңбамен расталған электронды құжат түрінде жолданады.


Өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге арналған өтінім қамтуға тиіс құжаттардың тізілімі Заңның 16-бабының
2-тармақшасымен, 17-бабының 2-тармақшасымен, 18-бабының
2-тармақшасымен, 19-бабының 2-тармақшасымен анықталған.
Өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан Республикасының патентін беруге екі данадағы өтініш (электронды түрде берілгенде электронды цифрлі қолтаңбамен расталған электронды құжат түрінде бір) (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысанда беріледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы өтiнiм берушi, патент иеленуші ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады
Егер өтінім бойынша аталған тұлғалармен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жеке тұлға немесе Қазақстан Республикасында тұрақты орналасқан заңды тұлға болса, патентті алу бойынша істі Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайын көрсеткен кезде мүмкін.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi, патент иеленушi ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алад .
4. Өнертабысқа арналған өтнімге қоса берілетін қосымша құжаттар.
Алғашқы өтінімнің көшірмесі, өтінімге конвенциялық басымдық сұрата отырып қоса беріледі және конвенциялық өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылады.
Конвециялық өтінімді басқа өтінім беруші тапсырған жағдайда, алғашқы өтінім берушінің басымдық құқығын пайдалануға рұқсаты қоса беріледі.
Алғашқы өтінімді берген күннен он екі ай өткеннен кейін, бірақ он екі ай өткеннен кейін екі айдан кешіктірілмей келіп түскен өтінім бойынша конвенциялық басымдықты сұратқан кезде, өтінімге өтінім берушіге тәуелді емес өтінімді көрсетілген он екі айлық мерзім ішінде беруге кедергі болған мән-жайлар баяндалған құжат және сол мән-жайлар сараптама ұйымына белгілі деп болжауға негіз болмаса, оларды растайтын құжат қоса беріледі.
Конвенциялық басымдықты анықтау туралы өтініш өтінім берілген кезде немесе өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылады;
Сақтауға ресми түрде уәкілдендірілген коллекции-депозитарийдегі сақтау туралы құжат микроағзаның жаңа штаммына, өсімдіктердің немесе жануарлардың жасушаларына жататын өнертабысқа арналған өтінімге қоса беріледі.
Сақтау құжаты (сақтау туралы төлқұжаттың расталған көшірмесі) сараптама ұйымына өтініммен бір уақытта немесе өтінім келіп түскен күннен екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.
Нуклеотидтердің және/немесе аминқышқылдарының кезектілігі тізілімін қамтитын өтінімге ДЗМҰ ST.25 стандартының талаптарына сәйкес келетін кезектіліктің сол тізілімінің көшірмесі жазылған машинамен оқылатын ақпарат тасымалдаушысы және сол машинамен оқылатын ақпарат тасымалдаушысында ұсынылатын ақпарат баспа түрінде берілетін кезектіліктер тізіліміне сәйкестігін растайтын өтінім берушінің қолы қойылған өтініш қоса беріледі.
Пайдалы модельге арналған өтінімге қоса берілетін қосымша құжаттар.
Конвенциялық басымдық сұратылған өтінімге конвенциялық өтінім сараптама ұйымына түскен күннен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылатын алғашқы өтінімнің көшірмесі қоса беріледі. Егер алғашқы өтінімдер бірнешеу болса, осы өтінімдердің барлығының көшірмелері қоса беріледі.
Конвенциялық өтінімді басқа өтінім беруші берген жағдайда басымдық құқығын пайдалануға алғашқы өтінімге өтінім берушінің рұқсаты қоса беріледі.
Алғашқы өтінім берілген күннен бастап он екі ай мерзім өткен соң, бірақ он екі айлық мерзім өткеннен кейін екі айдан кешіктірмей түскен өтінім бойынша конвенциялық басымдық сұрату кезінде өтінімге, көрсетілген он екі айлық мерзімде өтінім беруге кедергі болған өтінім берушіге қатысты емес жағдайлар көрсетілген құжат қоса беріледі.
Конвенциялық басымдықты анықтау туралы өтінім өтінім беру кезінде (өтініштің тиісті бағанында келтіріледі) немесе өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсырылады.
5. Өтінім мен оның қосымшаларында түзетулер мен өшірулер болмауға тиіс. Аталған кемшіліктер болған жағдайда өтінімді немесе оған қосымшаны дұрыс рәсімдеу талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет