Қазақстан республикасы әділет министрлігі


-бөлім. Өнертабысқа арналған өтінімге қатысты мәні бойынша сараптама жүргізу тәртібі



бет15/37
Дата29.09.2023
өлшемі305,47 Kb.
#111460
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
@8 07 07

5-бөлім. Өнертабысқа арналған өтінімге қатысты мәні бойынша сараптама жүргізу тәртібі

56. Өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізгенде:


өнертабыс басымдығын анықталады;
өнертабыстың формуласын тексереді;
қосымша материалдардың тексеріледі, егер осындай құжаттар Заңның 22-бабының 8-тармағына сәйкес өтінім берушімен тапсырылса;
техника деңгейін анықтау үшін формулада сипатталған өнертабысқа қатысты ақпараттық іздестіру жүргізіледі;
патент беру не патент беруден бас тарту туралы шешімді немесе өтінімнің қайта шақырылып алынғаны туралы шешімнің Заңмен бекітілген патент қабілеттілігінің тарына өнертабыстың сәйкестігін тексеру жүргізу.
57. Формальды сараптама оң нәтижемен аяқталған жағдайда және өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда өтінімге мәні бойынша сараптама Заңның 20-бабының ережелерін ескере отыра, өтінімді берген күннен бастап он үш ай ішінде жүргізіледі.
58. Өтінім берушімен Заңның 22-бабының 13-тармағына сәйкес сұранымға жауап беру үшін бекітілген мерзімді ұзарту, қалпына келтіру туралы өтініштерді берген кезде, осы Қағидалардың 57-тармағымен бекітілген сараптама мерзімі сәйкесінше өтніштерді ескере отыра, ұзартылады.
59. Өнертабысқа күн бойынша басымдық Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізіледі.
60. Өтінім беруші сараптама жасау ұйымына жіберген өтінім күнінен ерте күнге басымдық сұрағанда Заңның 20-бабының 2-6-тармақтарында, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шарттардың орындалғаны тексеріледі.
61. Сол өтінім берушінің сараптама жасау ұйымына неғұрлым бұрын берiлген өтінімнің күні бойынша басымдық Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі және келесі талаптардың сақталуы тексеріледі:
осындай басымдық бойынша сұралып отырған өтінім өнертабысқа неғұрлым бұрын берілген өтінімнің күнінен бастап он екі ай ішінде немесе пайдалы модельге өтінімнің неғұрлым бұрын берілген күнінен бастап алты ай ішінде келіп түсуі керек;
өтінім берілген өнертабыс келіп түскен күні бойынша басымдық сұралатын қосымша материалдарда ашылуы тиіс (материалдар ұсынылған өтінімнің мазмұнын ескерумен).
62. Өтінім берушінің алғашқы өтінімінің сараптама жасау ұйымына берген күні бойынша осы өнертабысын ашатын бөлектенген өтінімі бойынша өнертабыс басымдығы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес орнатылады және келесі талаптардың сақталуы тексеріледі:
осындай басымдық бойынша сұралып отырған өтінім өнертабысқа неғұрлым бұрын берілген өтінімнің күнінен бастап он екі ай ішінде немесе пайдалы модельге өтінімнің неғұрлым бұрын берілген күнінен бастап алты ай ішінде келіп түсуі керек;
осындай басымдық бойынша сұралып отырған өтінім неғұрлым бұрын берілген өнертабыс немесе пайдалы модельге өтінім сияқты сол өтінім берушімен немесе оның құқықтық мирасқорымен берілуі керек;
өнертабыс немесе пайдалы модельге неғұрлым бұрын берілген өтінімде мәлімделген өнертабыс ашылуы керек;
бұрын берілген өтінім бойынша неғұрлым бұрын берілген басымдық сұралмауы керек.
Бұрын берілген өтінімдердің негізінде басымдықты сұрағанда аталған талаптардың сақталуы олардың әрбіріне қатысты белгіленеді.
Аталған басымдықты сұрағанда неғұрлым бұрын берілген өтінім (немесе барлық өтінімдер, егер олар бірнешеу болса) кері қайтарылып алынған (алынғандар) болып саналады, бұл туралы өтінім беруші талап етілетін басымдық бекітілген күннен бастап оң жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
63. Сол өтінім берушінің алғашқы өтінімінің сараптама жасау ұйымына берген күні бойынша осы өнертабысын ашатын бөлектенген өтінімі бойынша өнертабыс басымдығын өтінім беруші сұрағанда Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес келесі талаптардың сақталуы тексеріледі:
бөлектенген өтiнiм сараптама жасау ұйымына өнертабыс немесе пайдалы модельге бастапқы өтінім бойынша шағым беруге мүмкіндіктері тәмәмдалған (демек өтінім бойынша іс жүргізуді жалғастыру мүмкіндігі кезеңінде), патент беруден бас тарту туралы шешімді қабылдағанға дейін, немесе өнертабысқа немесе пайдалы модельге патент беру туралы шешімді бастапқы өтінім бойынша қабылдаған жағдайда, қорғау құжатының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде тіркелген күніне дейін түсуі керек;
бөлектенген өтінім бойынша мәлімделген өнертабыс бастапқы өтінімде, ал егер өтінім конвенциялық өтінімнен бөлінсе және басымдық оның басымдық күні бойынша сұралса, онда бірінші өтінімде ашылуы керек.
64. Өтінім берушімен бірнеше басымдықтар сұралған жағдайда, осындай басымдықтарды сұрау үшін өтінім берушімен көрсетілген негіздемелерге байланысты басымдықты орнату үшін сәйкесінше алғышарттардың сақталуы белгіленеді.
65. Өнертабыс басымдығын белгілеу талаптарын сақталуын тексергенде, басымдықты сұрағанда негіз болған, егер өтінім кері қайтарылып алынған болып саналса, өтінім берушіге өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру қажеттігі туралы хабарланады.
Басымдықты сұратуға негіз болатын алдында берілген материалдарға (алдында берілген өтінімдер, қосымша материалдар) ұсынылған өнертабысты ашумен байланысты талаптарды өтініш беруші орындаған жағдайда, осы материалдарда (сипаттамасында, алдында берілген өтінім формуласында, қосымша материалдардың текстілік бөлігінде) мәлімделген өнертабыстың формуласына қосылған барлық белгілердің көрсетілгендігі тексеріледі.
өнертабыс басымдығы конвенциялық өтінімнен бөлінген өтінім бойынша сұралғанда, сәйкесінше талаптар сақталғанда, өнертабыс басымдығы конвенциялық өтінімнің басымдық күні бойынша белгіленеді. Бұл ретте бөлектенген өтінімнің берілген күні болып сараптама жасау ұйымына конвенциялық өтінімнің берілген күні саналады.
Сәйкесінше талаптардың ішінен біреуі сақталмағанда, Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берген күн бойынша өнертабыстың басымдығы белгіленеді (бұл туралы өтінім берушіге оң жұмыс күні ішінде алдын ала хабарлама жасалынады).
Егер аталған талаптар формуланың көптізбекті тармақтарының бірінде сипатталған өнертабысқа қатысты сақталмаса, сараптама жасау ұйымына өтінім беру күні бойынша басымдық тек осы өнертабыс үшін белгіленеді

66. Өнертабыстың формуласын тексеру.


Формальды сараптама нәтижесі бойынша қарауға қабылданған өнертабыс формуласына қатысты тексеріс жүргізіледі, ал егер ол формальды сараптама аяқталған соң өтінім берушімен өзгертілсе - онда өзгертілген формулаға қатысты жүргізіледі.Өтінімге формальды сараптама жүргізген кезде өнертабыс бірлігі талаптары бұзылғаны анықталған болса және өтінім беруші белгіленген мерзімде қандай өнертабыс берілген өтінім шектігінде қарауға жататынын хабарлағанда, тексеріс осы өнертабыстың формуласына қатысты жүргізіледі.
Егер белгіленген мерзім ішінде өтінім берушіден өтінім түспесе, тексеріс формулада бірінші көрсетілген өнертабысқа қатысты жүргізіледі.
Өнертабыс формуласын тексергенде мәлімделген өнертабыстың барлық мәнді белгілерінің болуы анықталады, олардың жиынтығы өтінім берушімен техникалық нәтижені алуға жеткілікті.
Егер мәнді белгі, онсыз техникалық нәтиже (егер өтінім беруші бірнешеу етіп көрсетсе, нәтижелердің ешқайсысы) алынбайды, өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағына енгізілмесе, бірақ сипаттамада немесе формуланың тәуелсіз тармағында көрсетілсе, өтінім берушіге формуланың тәуелсіз тармағына осындай белгіні енгізу ұсынылады. Бұл ретте техникалық нәтижеге жету үшін осындай белгінің қажеттігін растайтын дәлелдер келтіріледі. Осындай дәлелдер белгілер мен техникалық нәтиже арасындағы ашық себеп-салдар сипаттамасына немесе мәлімделген өнертабыс сараптамамен жүргізілген теориялық талдауына негізделе алынады.
Қаралып отырған формуланың тәуелсіз тармағы мәнсіз белгілерді немесе мәлімделген өнертабыстың орындалуы немесе пайдаланудың тек жеке нысандарын сипаттайтын белгілерін көрсетсе, өнертабыс формуласының осындай редакцияда сақталу сәйкестігі туралы пікірі өтінім берушіден сұралады.
Егер аталған талаптың сақталмағаны анықталса (белгі оны сәйкестіруге мүмкіндік бермейтін ұғымдармен сипатталған), сараптама өтінім берушіден өнертабыс формуласында белгіге қатысты оның мәндік мазмұнында техника деңгейі негізінде маманмен түсіну мүмкіндігін растайтын мәліметтерді сұрауды.
Егер аталған талапты сақтау үшін өнертабыс сипаттамасы негізінде белгіні түзету қажет болса, өтінім берушіге осындай түзетуді жүргізу ұсынылады.
ер аталған талап сақталса, бірақ белгінің сипаттамасы үшін қабылданған сол техника саласына сәйкес емес немесе ескірген терминология қолданылса, өтінім берушіге өнертабыс формуласына тиісті түзетулерді енгізу қажет болады.
Егер өтінім беруші өнертабыс формуласын түзетуден бас тартса, онда өтінімді әрі қарай қарағанда осындай белгі немесе өнертабыс формуласына енгізілген оны сипаттауға қолданылған ұғымдар назарға алынбайды.
егер өнертабыс формуласында жалпы ұғыммен берілген белгі болса, оны пайдалану заңдылығы белгіленеді.
Осы жалпы ұғымға кіретін, бірақ өтінім берушімен көрсетілген техникалық нәтижені алуды қамтамасыз етпейтін белгінің осындай жеке нысандарын іске асыру (басқа да маңызды белгілермен бірге) сараптамамен анықталған жағдайда, өтінім берушіге тиісті дәлелдер келтіріледі және өнертабыс сипаттамасы негізінде оларды әшкерелеуді немесе түзетуді ұсынады.
Егер өтінімде бір тізбекті формула немесе көп тізбекті бір тәуелсіз тармағы бар формула келтірілсе, онда осындай формуладағы өнертабыстың сипатталғаны тексеріледі.
Аталған талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда, өтінім берушіге жіберілетін сұранымда бұл туралы хабарланады және айқындалған жолсыздықтарды жою үшін формуланы түзету ұсынылады. Бұл ретте түзетілген формуладағы бірлік талаптарын сақтау қажеттілігі мен өнертабыстың жеке тәуелсіз тармақтарымен бұрын берілмеген жаңа тәуелсіз тармақтарын түзетілген формуласына енгізген жағдайда қосымша төлем жүргізу, немесе формуланы түзетуден бас тартқан жағдайда - әрі қарай қаралуға жататын өнертабысты көрсету қажеттігі көрсетіледі.
Егер балама ұғымдар белгісін сипаттау үшін пайдалану тары өтінім берушімен сақталмағаны аталған қорытынды үшін негіздеме болып табылса, осындай жолсыздық анықталған нақты балама (өтінім берушімен келтірілген барлық немесе кейбір) сипаттамалары көрсетілген жолсыздықтың сипаты беріледі .
Егер өтінім берушімен бірнеше тәуелсіз тармақтары бар көп тізбекті формула ұсынылса, олардың әрбіріне (оларға тәуелді бағынышты тармақтармен бірге, егер ондай болса) талдау жүргізіледі.
Бірыңғай шығармашылық ойды құрайтын өнертабыс тобына енгізілген өнертабыстың көп тізбекті, әрбір тәуелсіз тармағы (оларға тәуелді бағынышты тармақтармен бірге, егер ондай болса) тек бір ғана өнертабысты сипаттайтын формулаға қатыстылығы анықталады.
Өтінім бірыңғай өнертапқыштық ойды құрайтындай өзара байланысы бар бір өнертабысқа немесе өнертабыстар тобына қатысты болуы тиіс.
Өнертабыстар бірлігі сақталды деп танылады, егер:
Өнертабыс формуласында бір өнертабыс сипатталса;
Өнертабыс формуласында өнертабыс тобы сипатталса
Біреуі басқасын (құрылғы немесе зат және құрылғыны немесе затты толық немесе оның бөлігін алу тәсілі) алуға (жасауға) арналған болса;
Бірі басқасын жүзеге асыру үшін арналған (мысалы, тәсілді толық немесе олардың әрекеттерінің бірін) жүзеге асыру үшін арналған;
біреуі басқасын (басқасында) пайдалану үшін арналған (мысалы, тәсілде пайдалану үшін арналған тәсіл, зат; тәсіл немесе құрылғы және оның бөлігі; құрылғыны немесе затты жаңаша немесе белгілі бір мақсатта және оны осы мақсатқа сәйкес пайдаланумен қолдану тәсілі; құрылғыны немесе затты жаңаша немесе белгілі бір мақсатта және оны осы мақсатқа сәйкес қолдану және оның құрылымдық бөлімі болып табылатын құрылғы немесе композиция);
бір түрдегі бірдей мақсаттағы, бір техникалық нәтиже (нұсқалар) алуды қамтамасыз ететін объектілерге жататын өнертабыстарды тобымен сипатталатын болса.
Тәуелсіз тармақтарда сипатталған өнертабыстарды нұсқаларға жатқызудын дұрыстығын тексерген кезде өтінім берушімен көрсетілген өнертабыстың мақсаты және техникалық нәтижелердің дәлдігі анықталады.
Егер өнертабыс тобының әрбіріне (немесе олардың біреуіне) бірнеше техникалық нәтиже белгіленсе, ал көрсетілген техникалық нәтижелердің тек кейбіреуіне қатысты дәл келуі анықталса, техникалық нәтижелердің тура дәл келу талабы сақталған болып есептеледі;
техникалық нәтиже тұжырымдамасының біреуі қандай да бір ерекше қосымша нұсқауды енгізген жалпыға бірдей барлық өнертабыстар сипаттамасынан басқа жағдайда да техникалық нәтиженің сәйкес келу талабы сақталған болып есептеледі.
Өнертабыс бірлігі талабын өтінім берушімен сақталмауы анықталғанда, өтінім беруші оң жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Егер өтінім берушімен тапсырылған өнертабыс формуласын талдау кезінде оның белгіленген талаптарға сәйкес еместігі, бірақ мәлімделген өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексеруге кедергі болмайтыны анықталғанда, онда өнертабыстың формуласын түзетуге байланысты барлық сұрақтар осындай формуламен сипатталған өнертабыстың патентке қабілеттілігі туралы алдын ала қорытындыны алған соң өтінім берушімен айқындалады.
Өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексеру үшін өтінім берушімен расталған өзгерістері бар формула қабылданады.
Тексеру кезінде біртізбекті формуланың немесе бір тәуелсіз тармағы бар көптізбекті формуланың бірден көп өнертабысқа қатысы анықталған жағдайда және өтінім беруші формуланы түзетуден бас тартса, өтінімді сараптауды жалғастыру тек өтінім берушімен одан әрі қарауға тиісті өнертабысты көрсеткенде ғана мүмкін, және патентке қабілеттілігін бағалау тек осы өнертабысқа қатысты ғана жүргізіледі.
67. Өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексеру:
Мәлімделген ұсыныстың патентке қабілеттілігін тексеру Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес өнертабыстарға қатыстылығын анықтаудан басталады, демек техникалық нәтижеге жататын осындай нәтижені алуды ол қамтамасыз етеді ме.
Сонымен қатар мәлімделген ұсыныс 6-баптың 3-тармағына сәйкес патентке қабілеттілігі танылмаған шешімдер қатарына жатпайтындығы тексеріледі.
Мәлімделген ұсыныс қорғаудан алынып тасталғаны жорамалданғанда, өтінім берушіге тиісті дәлелдер мазмұндалған сұраным жіберіледі.
Қорғаудан шығарылғаны туралы қорытындысы жасалмаған мәлімделген ұсыныстың өнеркәсіпте қолдану тарына, жаңашылдыққа және өнертабыстық деңгейіне сәйкестігі тексеріледі.
Қаралып жатқан формулада балама ұғым болған жағдайда, патентке қабілеттілік осындай ұғымдары бар әрбір белгілер жиынтығына қатысты жүргізіледі.
Егер патентке қабілетсіздігі туралы қорытынды аталған жиынтықтардың біреуіне қатысты алынса, өтінімнің әрі қарай қаралуы Қағидалардың 78-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Өтінімде көп тізбекті формула (бір немесе бірнеше тәуелсіз тармақтарымен) болған жағдайда, патентке қабілеттілік ерекшеліктері осы Қағидалардың 65-тармағында көрсетілген.
Нақты дереккөзге қатысы бар ақпаратты ашу күні анықталған жағдайда осы Қағидалардың 81-тармағының талаптары қолданылады.
Мәлімделген өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексергенде, өнертабысқа қатысты, осы ақпаратты тура немесе жанама алған автормен, өтінім берушімен не кез келген тұлғамен ашылған, сонымен, егер өнертабысқа өтінім сараптама жасау ұйымына ақпараттың ашылған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей берілсе өнертабыс мәні туралы мәліметтер жалпыға қол жетімді болғаны туралы ақпарат көздері техника деңгейіне енгізілмейді.
Патентке қабілеттілігін тексеру нәтижелері бойынша патент беру туралы немесе патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
68. Өнеркәсіптік қолданылуын тексеру
Егер өнертабыс өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және басқа қызмет салаларында қолданыла алса, ол өнеркәсіпте жарамды болып табылады;
Өнертабысты пайдалану мүмкіндігі анықталғанда, өтінім материалдарындағы өнертабыстың мәлімделген объектісінің мақсаты көрсетілгені тексеріледі.
Сондай-ақ өтінім материалындағы өнертабыс формуласының кез келген тармағында сипатталған түрі бойынша өнертабысты жүзеге асыратын құралдар мен әдістердің сипаттамасы тексеріледі. Өтінім материалдарында осындай мәліметтердің болмағанында, өнертабыс басымдығының жалпыға қол жетімді болған күніне дейін аталған құралдар мен әдістер деректемеде сипатталуы мүмкін.
Сонымен қатар, формуланың кез келген тармағы бойынша өнертабысты жүзеге асырған жағдайда өтінім берушімен көрсетілген мақсатты іске асыру мүмкіндігі тексеріледі.
Егер өнертабыстың басымдық күніне барлық аталған талаптардың сақталғаны анықталғанда, өнертабыстың өнеркәсіпте қолданылу тарына сәйкестігі танылады.
Аталған талаптардың біреуі орындалмаған жағдайда өнертабыстың өнеркәсіпте қолданылуына сәйкес еместігі туралы қорытынды жасалады. Бұл жағдайда өтінім берушіге тиісті дәлелдері келтірілген сұраным және осы дәлелдерге қатысты өз пікірін айту мен өнертабыс формуласын түзету бойынша ұсыныс жіберіледі (егер сараптаманың пікірі бойынша, өтінім материалдары осындай түзетуді енгізуге болатын, соның нәтижесінде аталған қорытынды өзгеруі мүмкін болса). Бұл ретте сұранымда формуланы түзету бойынша нақты ұсыныстар келтірілуі мүмкін.
өнеркәсіптік қолдануға сәйкес емес болып табылған өнертабысқа қатысты жаңашылдық және шығармашылық деңгейі бойынша тексеріс жүргізілмейді.
69. Жаңашылдықты тексеру:
Егер өнертабыс техника деңгейі туралы мәліметтерде белгісіз болса, ол жаңа болып табылады.
Өнертабыстың жаңашылдығын тексеру өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағындағы барлық белгілер жиынтығына қатысты жүргізіледі.
Басымдығы неғұрлым бұрын берілген күні бар өнертабыс немесе пайдалы модельге өтінім сол күннен бастап келесі талаптардың жиынтығын орындаған жағдайда техника деңгейіне енгізіледі:
өтінім Қазақстан Республикасында берілген, соның ішінде халықаралық өтінім, ол бойынша халықаралық берілген күні анықталады және онда Қазақстан Республикасының нұсқауы көрсетіледі, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарының орындалуы сақталған евразиялық өтінім;
Өтінім қайтарып алынбаған және қайтарып алынды деп саналмайды.
Басымдық күнінен бастап техника деңгейіне сондай-ақ Қазақстан Республикасында патенттелген (соның ішінде сол тұлғамен) барлық өнертабыстар мен пайдалы модельдер енгізіледі (Қазақстан Республикасының тиісті Мемлекеттік тізілімінде тіркелген).
Басымдықтың бұрын берілген күні бар өтінім сипаттама мен формулаға қатысты техника деңгейіне енгізіледі. Егер осы күн қаралып жатқан өтінімнің басымдық күнінен кеш болса, басымдығы ерте берілген өтінім басымдықты анықтауға негіз болған материалдардың мазмұнына сәйкес келетін мазмұны бөлігіндегі техника деңгейіне енгізіледі (бірінші өтінім, бұрын берілген өтінім, осы өтінімнің қосымша материалдары).
Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар және пайдалы модельдер тек Қазақстан Республикасының тиісті Мемлекеттік тізілімінде өнертабыс немесе пайдалы моделдің тіркелуі бірге жасалған формулаға қатысты техника деңгейіне енгізіледі;
Егер техника деңгейінде қаралып жатқан өнертабыс формуласында барлық белгілерге тән белгісі бар, соның ішінде мақсаты да бірдей құрал табылса, өнертабыс жаңашыл талабына сәйкес емес болып табылады.
Егер мәлімделген өнертабыс белгілі өнімге немесе жаңа мақсаттағы тәсілге қолданылса, онда ол өтінім берушімен көрсетілген мақсат бойынша өнім немесе тәсілдің қолданылуы мәлім болған ақпарат көзін тапқанда, жаңашыл талабына сәйкес емес болып табылады.
Техника деңгейінде ақпарат көзі ретінде басымдығы бұрын берілген өтінімнен қаралып жатқан өнертабыс мәлім болғанда, өтінім қайта шақырылып алынбаған немесе қайта шақырылып алынған емес болып саналады.
Қаралып жатқан өнертабыстың өтінім берушісіне осындай өтінімнің бар екендігі туралы (оның өтінім берушісін көрсетпей және мәнін ашпай) және оның өтінімін қарауды неғұрлым ерте басымдығы бар өтінім бойынша анықталғанша кейін қалдыру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Өтінім беруші өтінімді қарауды кейінге қалдыруға келіспеген жағдайда, мәлімделген өнертабыстың жаңашыл талабына сәйкес еместігі белгіленеді.
Егер тәуелді тармақтары бар формуланың тәуелсіз тармағында сипатталған өнертабыс жаңашыл талабына сәйкес екені анықталса, онда техника деңгейінің талдауы тәуелді тармақтарға қатысты жүргізілмейді.
Егер тәуелді тармақтары бар формуланың тәуелсіз тармағында сипатталған өнертабыс жаңа болып табылмаса, өтінімнің әрі қарай қаралуы Қағидалардың 71-тармағының 2-абзацына сәйкес жүргізіледі.
Тәуелді тармақтары жоқ формуламен сипатталған өнертабыстың жаңашылдығы жоқ екені анықталғанда, өтінім берушіге сараптаманың дәлелдері келтірілген және осы дәлелдерге қатысты өз пікірін айту ұсынылған және қажет болғанда - өтінім материалдарының негізінде өнертабыс формуласын түзету туралы сұраным жіберіледі.
Жаңашыл талабына сәйкес еместігі анықталған өнертабысқа қатысты өнертабыстық деңгейдің тексерісі жүргізілмейді.
70. Өнертабыстық деңгейді тексеру.
Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады.
Егер, атап айтқанда, айыратын белгілеріне сәйкес келетін белгілері бар шешімдер айқындалмаса, немесе осындай шешімдер айқындалған, бірақ айырмашылық белгілердің өтінім берушімен аталған техникалық нәтижеге ықпалы расталмаса, маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болып табылады.
Аталған талаптардың сақталуын тексеруге мыналар енгізіледі:
ең жақын баламасын анықтау;
формуланың тәуелсіз тармағында сипатталған мәлімделген өнертабыстың ең жақын баламасынан айырмашылығы бар белгілерін (ерекше белгілерін) айқындау;
техника деңгейінен қаралып жатқан өнертабыстың ерекше белгілеріне сәйкес келетін белгілері бар шешімдерді айқындау.
өнертабыстық деңгейінің талаптарына сәйкес емес болып танылған өнертабыстар, атап айтқанда мынаған негізделген:
қосылатынның қандай да бір белгілі бөлігіне (бөліктеріне) қосымша болатын белгілі құралға, техникалық нәтижеге жету үшін белгілі ереже бойынша (қосылатын), оған қатысты тек осындай қосымшалардың ықпалы белгіленеді;
белгілі құралдың қандай да бір бөлігін (бөліктерін) басқа белгілі бөлікпен техникалық нәтижеге жету үшін ауыстыру, оған қатысты осындай ауыстырудың ықпалы белгіленген;
құралдың (элементтің, әрекеттің) қандай да бір бөлігін оның атқарып отырған қызметімен бірге алып тастау және бұл ретте әдетте осындай нәтижеге жету (ықшамдау, массаны, габаритті, материал көлемін кеміту, сенімділікті арттыру, үдеріс ұзақтығын азайту);
бір типті элементтердің, әрекеттердің құралда болуы ескертілген техникалық нәтижені күшейту үшін осындай элементтердің, әрекеттердің санын көбейту;
белгілі құралды немесе оның бөлігін (бөліктерін) белгілі материалдан, осы материалдардың белгілі қасиеттерімен ескерілген техникалық деңгейге жету үшін орындау;
белгілі ереже, ұсыныстар негізінде таңдауы мен байланысы жүргізілген белгілі бөліктерден тұратын құралды жасау, және бұл ретте алынатын техникалық нәтиже тек осы құралдың белгілі бөліктерінің қасиеттерімен және өзара байланысымен сәйкестелген;
белгілі өнімді немесе тәсілді белгілі мақсат бойынша қолдану, егер осы мақсатты іске асыру мүмкіндігі оның белгілі қасиеттерімен, құрылымымен, орындалуымен келісілсе, және осындай қасиеттер, құрылымдар, орындалулар осы мақсатты іске асыру үшін қажет болса.
Сандық белгілерінің өзгерісіне, осындай белгілердің өзара байланысына не оның түрінің өзгеруіне негізделген өнертабыстар шығармашылық деңгейге сәйкес емес болып табылады, егер техникалық нәтижеге олардың әрбірінің ықпал ету дәлелі белгілі болса және осы белгілердің жаңа мағыналары немесе олардың өзара байланысы белгілі заңдылықтардан алынғаны мәлім болса.
шығармашылық деңгей талабына сәйкес келеді, атап айтқанда:
белгіленген құрылымды жаңа химиялық қосылыстарды (сыныптарды, топтарды) алу тәсілі;
белгіленген құрылымды белгілі химиялық қосылыстарды (сыныптарды, топтарды) алу тәсілі, егер ол сол сыныптағы немесе топтағы жаңа қосылыстар реакциясына немесе сол сынып немесе топ үшін белгілі;
қалай болғанда да белгілі екі ингредиенттен тұратын, қол жеткізу мүмкіндігі техника деңгейінен шықпайтын (яғни екі ингредиенттің қабілетін көрсететін, бірақ осы қабілеттердің тым болмаса бірінің сандық көрсеткіштері жеке ингредиент қабілетінің көрсеткішінен жоғары) синергетикалық әсерді қамтамасыз ететін композиция;
белгілі қосындылар тобының жалпы құрылымдық формулаға түсетін, бірақ арнайы алынған немесе зерттелген ретінде түсіндірілмеген және зерттелмеген, бұл ретте осы топ үшін саны немесе сапасы жағынан жаңа белгілі қабілеттерді көрсететін химиялық қосылыстар (селективті өнертабыс).
Техникалық нәтижеге қол жеткізу тетігі мәлімдеме материалдарындағы өнертабыстық деңгейдің сырттай солай болып көрінетін қарапайымдылығы мен ашықтығынан, егер мұндай Өнертабыс сәйкес емес ашу ретінде қаралмаса ол техникалық деңгейден емес, ал тек қана өтінім материалдарынан белгілі болса оның деңгейіне.
Техникалық нәтижеге мәлімделген өнертабыстың ерекшелік белгілерінің әсер ету белгілігі бір және бірнеше ақпарат көздерімен растала алады. Техниканың нақты саласындағы жалпыға мәлім білімге негізделген аргументтерді, қандайда бір ақпарат көздерін көрсетпей тартуға жол беріледі. Алайда, егер өтінім беруші мұны талап етпесе, бұл мәлімдемені одан әрі қарау кезінде осындай көздерді көрсету міндетінен сараптаманы босатпайды.
Егер осы белгілерге қатысты мұндай нәтижені өтінім беруші белгілемесе немесе ол көрсеткен техникалық нәтижеге қол жеткізілмейтіні белгіленген жағдайда техникалық нәтижеге арналған өнертабыстың ерекше белгілерінің әсер ету белгілігін растау талап етілмейді.
Егер тәуелді тармақтары бар көп буынды формулада сипатталған мәлімделген өнертабыс, тәуелсіз тармаққа қатысты өнертабыстық деңгейдің талаптарына сәйкес болып танылса, формуланың тәуелсіз бөлімдеріне қатысты одан әрі тексеру жүргізілмейді.
Егер тәуелсіз тармақтары бар формуланың тәуелсіз тармағы жөніндегі өнертабыс өнертабыстық деңгейдің талаптарына сәйкес еместігі белгіленсе, осы Қағидалардың 72-тармағына сәйкес мәлімдемені одан әрі қарау жүргізіледі.
Егер тәуелді тармақтары жоқ формуламен сипатталған өнертабыстың өнертабыстық деңгейінің жоқтығы белгіленсе өтінім берушіге тиісті дәлелдерді баяндалған және осы дәлелдерге қатысты өз пікірін беру ұсынылған сұраным және қажет болғанда өнертабыстың түзетілген формуласы жіберілуі мүмкін.
71. Көп буынды формуламен сипатталған өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексерудің ерекшеліктері.
Егер өнертабыс тәуелді тармақтары бар көп буынды формуламен сипатталса, жаңашылдықтың немесе өнертабыстық деңгейдің болмауынан тәуелді тармаққа қатысты патентке қабілетсіздігі туралы қорытынды алынса, бұл туралы өтінім берушіге хабар беріледі және осындай мақсатқа сәйкестілігі расталған жағдайда өнертабыстың түзетілген формуласын ұсына отырып өтінімді одан әрі қараудың мақсатқа сай екендігі туралы пікірін айту ұсынылады. Сараптамаға тәуелді тармақтардың мазмұны тәуелсіз тармаққа енгізілген жағдайда көңіл аударылуы мүмкін ақпарат көздері белгілі болған жағдайда бұл туралы өтінім берушіге хабар берілуі мүмкін.
Тәуелді тармақтары бар формуланың тәуелсіз формуласына қатысты өнертабыстың патентке қабілеттілігі белгіленген жағдайда осы тармақтардағы өнертабыс белгілерінің сипаттамасы өнертабысты жүзеге асыруға немесе өтінім беруші көрсеткен тағайындауды іске асыруға кедергі жасамайтыны тексеріледі.
Барлық аталған шарттарға қатысты тексерудің оң нәтижесі кезінде тәуелді тармақтары бар көп буынды формуламен сипатталған өнертабыс патентке қабілетті болып танылады және Қағидалардың 96-тармағына сәйкес патент беру туралы қорытынды шығарылады.
Шарттардың кез-келгеніне қатысты тексерудің теріс нәтижесі кезінде өтінім берушіге бұл туралы сұранымда хабарланады және сараптаманың қорытындысын жоққа шығаратын дәлелдер ұсыну не болмаса түзету немесе өнертабыс формуласынан мұндай тәуелді тармақтарды алып тастау ұсынылады.
Егер өнертабыстардың тобы мәлімделсе, патентке қабілеттілікті тексеру оған енетін әрқайсысына қатысты өткізіледі. Топтың патентке қабілеттілігі топтың барлық өнертабыстары патентке қабілетті болғанда ғана констатацияланады.
Егер топтың барлық өнертабыстары патентке қабілетті емес екендігі белгіленсе, онда өтінім берушіге бұл туралы хабарланады және келтірілген дәлелдерге қатысты өз пікірін беру, қажет болғанда формуладан патентке қабілетті емес өнертабыстар сипатталған тәуелсіз тармақтарды алып тастау, не болмаса бұл тармақтарды түзетілген түрде беру ұсынылады.
Егер өтінім беруші жоғарыда баяндалған жағдайларда өнертабыстың өзгертілген формуласын ұсынса, мәлімдемені одан әрі қарау осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес осы формулада сипатталған өнертабысқа (өнертабыстарға) қатысты жүргізіледі.
Өтінім беруші сараптаманың қорытындысын жоққа шығаратын дәлелдерді немесе өзгертілген формуланы ұсынбастан алғашқы формуласы (сараптама жүргізілген формуласы) бар патент беруді талап еткен жағдайда мәлімдеме одан әрі қаралмайды және Қағидалардың 78-тармағына сәйкес патент беруден бас тарту туралы қорытынды шығарылады.
72. Қосымша материалдарға сұрау салу, егер қосымша материалдарын, оның ішінде өнертабыстың өзгертілген формуласын сұрау салу егер бұл материалдарсыз шешім қабылдауды қосқанда шын мәнінде мәлімдемеге сараптама өткізу мүмкін болмағанда өтінім берушіге жіберіледі.
Сұрау салу үшін, атап айтқанда, мына жағдайлар негіз болып табылады:
төлеудің дұрыстығымен байланысты мәселелерді анықтау қажеттілігі;
оны тексерудің нәтижесі бойынша өнертабыстың формуласын нақтылау қажеттілігі;
басымдықты белгілеумен, атап айтқанда тұжырымдамалық басымдықты сұрау салынған кезде бірінші мәлімдемеде мәлімделген өнертабысты ашумен байланысты мәселелерді шешу қажеттілігі;
осы Қағидалардың 93-тармағына сәйкес мәлімделген өнертабыстың патентке қажеттілігін тексерумен байланысты мәселелерді шешу қажеттілігі;
мәлімделген өнертабыстың патентке қабілеттігін тексеру нәтижесі бойынша өнертабыстың формуласын анықтау қажеттілігі;
осы Қағидалардың 73-тармағына сәйкес, басымдық күні бірдей өнеркәсіп меншігінің тепе-тең объектілеріне арналған өтінімдерді қараумен байланысты мәселелерді шешу қажеттілігі.
Қаралған өнертабыстың (өнертабыстардың) патентке қабілеттілігі белгіленген жағдайда өтінім берушіге жіберілетін сұрау салуда бұл туралы хабарланады және патентке қабілеттілігін бағалау өткізілмеген өнертабыстың сипаттамасын одан алып тастау жолымен немесе осы өнертабысты (осындай өнертабыстың әрқайсысын) тәуелсіз тармаққа тиісті ақы төлей отырып бөлу жолымен формуланы қайтадан түзету ұсынылады. Бұл ретте өтінім берушіге белгіленген мерзімде сұрау салынған материалдарды немесе тиісті ақы төлей отырып көрсетілген мерзімді ұзарту туралы өтінішхатты ұсынбаған жағдайда Заңның 22-бабының 8-тармағына сәйкес мәлімдеме қайтарып алынған болып есептелетіні туралы хабарланады.
Өтінім беруші сәйкестендірілмеген немесе белгі мәлімдемесінің немесе белгінің алғашқы материалдарында болмаған сипаттамасы ақпарат көзіне жіберумен ауыстырылған, патентке қабілеттілігі туралы шешім алынған өнертабысты формулаға қосуды немесе мәлімдемені бергеннен кейін өтінім беруші ұсынған назарға алынбаған жаңа тәуелсіз тармақты енгізуді талап еткен жағдайда өтінім берушіге көрсетілген белгіні және/немесе тармақты қамтымаған формуланы беру ұсынысы бар сұрау салуды жібереді; бұл ретте өтінім берушіге сонымен қатар сұрау салынған материалды ұсынбаған жағдайда мәлімдеме қайтарып алынған болып есептелетіні хабарланады.
Өтінім берушіге жіберілетін сұрау салуда шын мәнінде сараптаманы өткізу (немесе аяқтау) үшін кедергі болған жағдайларды баяндаумен қатар, өтінімді қарау кезінде, туындаған барлық мәселелер, ескертулер мен ұсыныстар келтіріледі
Сұрау салуда келтірілген қандайда-бір мәселе жөніндегі сараптаманың пікірі техникалық немесе құқықтық сипаттағы аргументтермен бекітіледі. Қажет болғанда техникалық әдебиетке, Заңның және осы Қағидалардың және басқа да нормативтік құжаттардың ережелеріне сілтемелер келтіріледі.
Өтінім берушіге маңызды белгінің сипаттамасын нақтылау, формуладан маңызды емес белгілерді алып тастау формуланы түзетумен байланысты ұсыныстарды жіберу кезінде осындай түзетудің және одан бас тартудың құқықтық салдарларына назар аудару мақсатқа сай.
Сұрау салуда ақпарат көзіне сілтеме келтірілген жағдайда оның дереккөзін табу үшін қажетті барлық библиографиялық мәліметтері, сондай-ақ өтінімді қарау кезінде назарға алынған мәліметтерді (беті, абзацы, графикалық бейнелер сұлбасының нөмірі) дереккөзден табу үшін қажетті басқа да мәліметтер көрсетілуі керек.
Мәлімделген өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексерудің нәтижесі бойынша өнертабыстың формуласын нақтылау қажеттігі сұрау салу үшін негіз болып табылғанда және формуланы нақтылау сипаттаманы және/немесе сызбаны сәйкесінше түзетуді талап еткенде өтінім берушіге нақтыланған сипаттаманы және/немесе сызбаны (немесе ауыстыратын парақтарды) осындай ұсынысты жіберу күнінен бастап үш ай мерзімде беру ұсынылуы мүмкін.
Осындай ұсыныс сипаттамада және/немесе сызбада кемшіліктер, оның ішінде сараптама бұрын көрсеткен, бірақ өтінім беруші жоймаған кемшіліктер бар болған кезде жасалуы мүмкін. Сараптаманың сұрау салуына жауап өтінім берушіге жіберліген күннен бастап үш ай ішінде келіп түсуі тиіс. Сұрау салуға жауаптың беру мерзімі Заңның 22 бабының 13 тармағына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.
73. Егер формулалардың тәуелсіз тармақтарының мазмұны толығымен сәйкес келсе, өнертабыстар (немесе өнертабыс және пайдалы модель) ұқсас болып танылады.
Егер қаралып жатқан мәлімдеме бойынша өнертабыстың патентке қабілеттілігі анықталса, бірақ басқа қайтарып алынған немесе қайтарып алынған болып есептелмейтін ұқсас өнертабысқа немесе пайдалы модельге арналған, сондай басымдық күні бар өтінім бар болса, онда өтінімді сараптама жасау ұйымына жіберудің бастапқы күні дәлелденсе, ал осы күндер өтінім бойынша сәйкес келсе, сараптама жасау ұйымының бұрынғы тіркеу нөмірі бар өтінім бойынша патентті беру туралы қорытынды беріледі.
74. Сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша немесе өтінім берушінің бастамасы бойынша өтінім беруші берген қосымша материалдары тексеруге мыналар енгізіледі.
Өтінім берушінің бастамасы бойынша өтінімнің құжаттарын түзететін немесе нақтылайтын қосымша материалдардың келіп түскен жағдайында, өтінім берушімен осындай материалдарды беру мерзімдерін сақтауы тексеріледі.
Көрсетілген қосымша материалдар өтінім келіп түскен күннен екі ай өткеннен кейін ұсынылған және онымен бірге тиісті төлем ақыны растайтын құжат ұсынылмаған жағдайда, бұл материалдар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды, бұл туралы өтінім беруші хабарландырылады. Осындай хабарлама өтінім берушіге жіберілетін сараптаманың кезекті құжатының мазмұнына енгізілуі мүмкін.
Өтінім беруші сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша берген қосымша материалдарға қатысты өтінім берушінің белгіленген мерзімдері сақтауы тексеріледі.
Көрсетілген материалдар өтінім берушіге сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде берілуі керек.
Өтінім берушінің белгіленген мерзімдерді сақтауын тексеру кезінде Қағидалардың 90-тармағын басшылыққа алу қажет.
Өз бастамасы бойынша немесе сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім беруші берген және қарауға қабылданған қосымша материалдар келіп түскен кезде олар мәлімделген өнертабыстың мағынасын өзгертпеуі тексеріледі. Егер қосымша материалдарда формулаға енгізуге жататын өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілерді қамтыса, олар мәлімделген өнертабыстың мағынасын өзгертуші ретінде танылады.
Егер белгілер өтінім беруші берген формулада қамтылған жағдайда ғана емес, сонымен қатар өтінім беруші осындай енгізуге көрсеткенде олар өнертабыстың формуласына енгізуге жатады болып есептеледі.
Қосымша материалдарда келтірілген және формулаға енгізуге жататын белгілер егер олар сараптама жасау ұйымына келіп түскен патент беруге арналған өтінімнің бастапқы материалдарындағы күнде, өнертабыстың бейнеленуі мен сызбасында (егер сипаттамада оларға сілтеме келтірілген болса) немесе формулада ашылмаса, егер бастапқы материалдар ұсынылса, белгілер онда болмаған болып саналады.
Егер өтінімнің бастапқы материалдарында өнертабыстың белгісі оны орындаудың жеке нысандарын ашпай жалпы түсінікпен берілсе, онда орындаудың осындай нысандарын қосымша материалдарда оны өнертабыстың формуласына енгізілуі тиіс белгіге жатқызып ұсыну қосымша материалдарды мәлімделген өнертабыстың мағынасын өзгертетін тану үшін негіз болып табылады.
Тек техника деңгейіне, оның ішінде жақын баламасына қатысты сипаттамада айтылған белгілер өтінімнің бастапқы материалдарында мәлімделген өнертабыстың белгілеріне жатпайды.
Егер мәлімделген өнертабыс белгілі өнімді немесе амалды жаңа тағайындау бойынша қолдануға жатқызылса, онда белгілі объектінің сипаттаудағыдан және формуласындағыдан гөрі басқаны көрсетуді немесе белгілі объектінің сипаттамасы үшін пайдаланылатын өзге де белгілерді қамтыған қосымша материалдар мағынасын өзгертетін болып танылады.
Өтінім өнертабыстың тобына қатысты болған жағдайда, осы топтың өнертабысына қатысты сипаттамада айтылған белгілер өтінімнің бастапқы материалдарында қамтылған қандай да бір өнертабыс тобының белгілері болып есептеледі.
Бірі басқа топта пайдалану үшін тағайындалған өнертабыстар тобының орны ерекше. Бұл ретте бастапқы материалдардағы бір өнертабыстың басқасында пайдалану үшін тағайындалған белгілері, осы басқа өнертабыстың белгілері болып та есептеледі.
Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ мәлімделген өнертабыс туралы мәліметті қамтыған, формулаға енгізілуі тиіс белгілерге жатпайтын қосымша материалдар өнертабыстың мағынасын өзгертетін болып есептелмейді. Мұндай мәліметтерге, атап айтқанда өнертабысты жүзеге асыру тары туралы мәліметтер, өнертабысты іске асыру мысалдары, қосымша техникалық нәтиже алу мүмкіндігіне, нақтыланған графикалық материалдарға көрсету туралы жаңа (қосымша) мәліметтер жатқызылуы мүмкін.
Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыстың формуласына енгізуге жататын белгілермен қоса, сонымен қатар өтінімді қарау үшін қажетті өзге мәліметтер көрсетілген белгілерді қамтитын бөлікте ғана мағынасын өзгертетін болып танылады.
Өзге мәліметтер сараптаманы өткізу кезінде ескеріледі.
Өтінім беруші өзгерткен өнертабыстың қосымша материалдарында ұсынылған формуланы тексеру кезінде өзгерістердің мәлімделген өнертабысқа (өнертабыстарға) жататындығы анықталады.
Өнертабыстың мақсатын көрсететін бастапқы түрлік түсінікті басқасымен ауыстырған кезде, егер көрсетілген түсініктер шамалас, бағынысты қатынаста болса немесе бір-бірін қиып өтсе, яғни олардың көлемі толық немесе бірен-саран ұқсас болса, формуланың өзгертілуі мәлімделген өнертабысқа жатады болып танылады.
Өнертабыстың формуласын ауыстыру келесі жағдайларда мәлімделген өнертабысқа жатады:
Өнертабыс ретінде мәлімделген объект түрін көрсету ғана өзгерген жағдайда, егер жаңадан көрсетілген түр бастапқыға қарағанда көп дәрежеде өнертабыстың бастапқы формуласындағы белгілердің сипатына сәйкес келсе;
Басымдық күніне дейін объектіні қолдану туралы мәліметтер көпшілікке қол жетімді болмауы мәлімделгені анықталса, өнертабыстың бастапқы объектісін "жаңа мақсат бойынша қолдану", көрсетілген жаңа мақсаттың объектісіне ауыстыру;
Басымдық күніне дейін көпшілікке қол жетімді мәліметтерден мәлімделгеннен мақсатымен ғана ерекшеленетін құралдардың белгілігі анықталса, өнертабыстың бастапқыда көрсетілген объектісін "жаңа мақсат бойынша қолдану" өнертабыстың объектісіне ауыстыру.
Қосымша материалдар өнертабыстың өзгертілген формуласын қамтыған жағдайда, оған енгізілген өнертабыстың қаралатын формулада ондай ретінде бөлініп алынбаған бір немесе бірнеше тәуелсіз тармақтарын енгізу формуланың өзгертудің көзделгені және осындай қосымша материалдармен бірге олардың ұсынылу мерзімдерін ескере отырып, тиісті төлемді растайтын құжатын ұсынылғаны анықталады.
Көрсетілген құжат қосымша материалдармен бірге ұсынылмаған кезде өтінімді қарау кезінде формуланың өзгертілуі назарға алынбайды.
Мәлімделген өнертабысқа жатпайтын өнертабыс формуласының өзгертілуі назарға алынбайды, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады.
Қосымша материалдар мәлімделген өнертабыстың мағынасын өзгертетін болып танылған жағдайда өтінім берушіге (оған жіберілетін сараптама құжатында) қосымша материалдарға енгізілген мәліметтердің қайсысы сараптаманың осындай қорытындысы үшін негіз болғаны хабарланады;
Өтінім беруші өтінімге қарама-қайшы қойылған материалдардың көшірмелерін сұратқан жағдайда, қосымша материалдар өтінім берушіге сараптаманың сұрау салуы жіберілген күннен бастап екі ай ішінде ол сұратқан жағдайда көрсетілген көшірмелерді өтінім берушіге жіберген күннен бастап үш ай ішінде ұсынылуы мүмкін.
75. Өтінімнің қайта өзгертілуі өнертабысқа арналған өтінім өнертабысқа патент беруге арналған қорытынды шығарылғанға дейін жүзеге асырылады. Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге қайта өзгертілуі мүмкін. Егер өтінімнің патенттеу объектісі адамдар немесе жануарларды диагностикалық, терапевтикалық және хирургиялық емдеу тәсілдеріне жатса, пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге қайта өзгерту мүмкін емес. Егер өтінімде өнертабыс тобы көрсетіліп, адамдар немесе жануарларды диагностикалық, терапевтикалық және хирургиялық емдеу тәсілдерімен қатар пайдалы модель ретінде танылатын объектілер болса, өтінімді қайта өзгерту соңғы объектілер бойынша жүзеге асырылады.
Осындай қайта өзгерту туралы өтінішхат келіп түскен кезде оны ресімдеудің дұрыстығы тексеріледі, сондай-ақ оның өнертабысқа патент беру туралы шешім шығарылғанға дейін ұсынылғаны және өтінішхатқа белгіленген мөлшерде тиісті төлем туралы құжаттың қоса берілгені анықталады.
Өтініш белгіленген талаптарға сәйкес ресімделмеген жағдайда өтінім берушіге бұл туралы хабарланады.
Қайта өзгерту туралы өтінішхатпен және белгіленген мөлшерде төлем туралы құжатпен бір уақытта пайдалы модельге арналған өтінімге қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген, Пайдалы модельге патент беруге өтінімді жасау, ресiмдеу және қарау туралы өтініш ұсынылады.
Талап етілетін құжаттар өтінішпен бірге берілмеген кезде, құжаттар немесе өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде, соңғысы берілмеген болып саналады, ол туралы өтінім беруші сәйкесінше хабарлама дайындалғаннан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Өтініш патент беру туралы шешім шығарылғаннан кейін келіп түскен кезде өтінім берушіге өтінімді қайта өзгертуге болмайтындығы туралы хабарланады.
Қайта өзгертілмеген өтінім, өнертабысқа арналған өтінім болып қалады.
Қайта өзгерту туралы өтініш белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді және Заңның 28-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімді сақтай отырып ұсынылады, сондай-ақ онымен бірге белгіленген мөлшердегі төлем туралы құжат ұсынылады. Өтінім беруші қайта өзгерту күнінен бастап бір айлық мерзім ішінде өтінімнің қайта өзгертілгені, сондай-ақ өтінімді одан әрі қарау пайдалы модельге арналған өтiнiмге қойылатын талаптарға сәйкес жүргізілетіні туралы хабардар етіледі.
Өтінімді қайта өзгерту туралы өтінішхат берілген күнге өтінім беруші өнертабысқа берілген өтінімді түзететін немесе нақтылайтын қосымша материалдарды не болмаса өнертабыстың өзгертілген формуласын қайта өзгерту туралы өтінішхат қаралғанға дейін ұсынған жағдайда осы материалдарды тексеру жүргізіледі.
Қайтарып алынған немесе қайтарып алынған болып есептелетін өнертабысқа арналған өтінімдерге қатысты қайта өзгерту жүргізілмейді.
Егер қайта өзгерту туралы өтінішхат Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес қайтарып алынған болып есептелетін өтінім бойынша келіп түссе және өтінішхатпен бірге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініммен ұсынылса, соңғысы Заңның 22-бабының 13-тармағына сәйкес қаралады.
Өтінім берушіге болған өтінімді қайта өзгерту туралы өтінішхат жіберілгенге дейін одан оның өтінішхатын берілмеген болып есептеу өтінімі келіп түскен кезде қайта өзгертілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім беруші сәйкесінше хабарлама дайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Өтінім берушіге өнертабысқа арналған өтінімнің пайдалы модельге арналған өтінімге қайта өзгертілгені туралы хабарлама жіберілгеннен кейін келіп түскен оның өтінімді қайта өзгерту туралы өтінішхатты берілмеген болып есептеу туралы өтінімі өтінімді қайтадан өзгерту үшін негіз болмайды.
76. Егер өтінім сараптамасының нәтижесінде шын мәнінде мәлімделген ұсыныс өтінім беруші сұраған құқықтық қорғау көлемде Заңның 6-бабында белгіленген өнертабыстың патентке қабілеттілігіне сәйкестігі анықталса, Сараптама жасау ұйымы Заңның 22-бабының 9-тармағына сәйкес өтінім берушімен келісілген өнертабыс формуласы бар патентті беру туралы қорытынды шығарады.
Сараптама жасау ұйымының оң шешімі, патентті бергені үшін төлем жүргізу қажеттігі туралы хабарлама өтінім берушіге шешімді шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады.
Өтінім берушіге сараптама ұйымымен патентті беру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші сараптама ұйымына патентті беруге дайындағаны және Бюллетеньде жариялағаны үшін тиісті төлемді растайтын құжатты ұсынуы тиіс. Көрсетілген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемінің төленгені туралы құжат ұсынылған жағдайда төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтіріледі. Аталған құжаттарды бермеген жағдайда өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл жөнінде өтінім беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.
77. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге сараптама, егер мәлімделетін өнертабыс патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілерге жататын болса, жеделдетілген түрде жүргізіледі.
Патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілері ретінде қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттарды азайтуға бағытталған электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн жаңартылатын энергия көздерiн күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, қолданып, ойлап табылған сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отынды қамтитын өнертабыстар танылады.
Сараптаманы жеделдетіп жүргізуге өтінішті (бұдан әрі – жеделдетілген сараптама жүргізуге өтініш) өтінім беруші өтінімді берген кезде тапсырады.Өтінішпен қоса жеделдетілген формальды сараптаманы және жеделдетілген мәні бойынша сараптаманы жүргізетін төлемақыны растайтын құжат тапсырылуы тиіс. Жеделдетілген формальды сараптаманы және жеделдетілген мәні бойынша сараптаманы жүргізетін төлемақыны растайтын құжат тапсырылмаған жағдайда, өтініш берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім беруші сәйкесінше хабарлама дайындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге жеделдетілген түрде жүргізілетін сараптама он жұмыс күні ішінде жеделдетіп жүргізілген формальды сараптаманы, екі ай ішінде жеделдетіп жүргізілген ақпараттық іздестіруді, үш ай ішінде мәні бойынша жеделдетіп жүргізілген сараптаманы қамтиды.
Өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге жеделдетілген түрде жүргізілетін сараптама өтінім берушінің өтінішхаты бойынша төлемақы болған жағдайда және өтінім беруші төменде көрсетілген талаптарды сақтаған кезде жүргізіледі.
Өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге жеделдетілген түрде жүргізілетін формальды сараптама сараптаманы жеделдетіп жүргізуге өтінішхат келіп түскен күннен бастап, формальды сараптаманың басталуына қажет құжаттарды (мәліметтерді) өтінім беруші толық ұсынған жағдайда басталады. Егер өнертабысқа патент беруге сараптаманы жеделдетіп жүргізуге өтінішхат келіп түскен күні өтінім беруші көзделген құжаттарды (мәліметтерді) ұсынбаса, формальды сараптама өтінім беруші барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен басталады.
Формальды сараптаманы басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сараптама ұйымы өтінім берушіге мыналар туралы хабарлайды:
Егер өтiнiм бойынша барлық қажетті құжаттар бар болса және оларға қойылатын талаптар сақталса, және өнертабыс объектісі өнертабыс ретінде танылатын объектілер тізіміне жатпайтын болса, формальды сараптаманың оң шешімі туралы, не жетiспейтiн немесе түзетiлген құжаттарды ұсыну туралы немесе олар қойылған талаптарды бұза отырып ресімделгені туралы.
Техника деңгейін анықтау үшін жеделдетіп ақпараттық іздестіруді жүргізу мәне бойынша жеделдетіп сараптама жүргізген үшін төлем жасалған жағдайда екі ай ішінде жүргізіледі.
Өтінімге мәні бойынша жеделдетіп сараптама жасау іздестіру туралы есеп келіп түскеннен кейін және сараптама жасау ұйымы мәні бойынша сараптама басталған күннен бастап үш ай ішінде өтінім берушіге:
Егер өтінілген өнертабыс (өнертабыс топтары) патенттік қабілеттілік шарттарына қанағаттандырылса, өнертабыс сипаттамасы мен формуласы белгіленген талаптарға сәйкес болса, ал реферат пен өнертабыс сипаттамасы берілген түрінде жариялануы мүмкін болса патент беру туралы шешімді,
өтінім құжаттарын толықтыру, нақтылау және түзету қажеттігі туралы, көзделген жағдайларда белгіленген төлем туралы сұрау салу жібереді
Егер, өтінім берілген өнертабыс өтінім беруші сұраған құқықтық қорғау көлемінде патенттік қабілеттілік шарттарына сәйкес болмаса
Егер өтінім өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатпаса;
Егер өтінім беруші ұсынылған формула алғашқы өтінім материалдарында болмаған белгілерді қамтитыны, немесе туралы хабарламадан кейін өнертабыс формуласын өзгертпесе, немесе өнертабыс ретінде қорғалатын объектіден басқа сонымен қатар өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысты сипаттайтын немесе оған қатысты өнертабыс бірлігі талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізілмесе патент беруден бас тарту туралы шешімді жібереді.
Жеделдетілген сараптаманы жүргізу мерзімін есептеу өтінім беруші жеделдетілген сараптаманы жүргізу туралы өтінімді, сондай-ақ жеделдетілген сараптаманы жүргізген үшін төлемді растайтын құжатты ұсынған күннен басталады. Белгіленген төлемды растайтын құжат ұсынылмаған жағдайда, жеделдетілген сараптаманы жүргізу туралы өтінішхат назарға алынбайды, ол туралы өтінім беруші сәйкесінше хабарламаны дайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Өтінімге жеделдетіп сараптама жүргізу мерзімін есептеу өтінім берушіден, хабарламалар мен сараптаманың сұрау салуларына жауаптарды, тиісті төлемді растайтын құжаттарды қоса алғанда, қажетті құжаттарды алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қолайлы патенттеу жағдайлары көзделмеген объектілер тізіміне кірмейтін өнертабыстарға өтінімдерге қатысты жеделдетілген сараптама жүргізу туралы өтінішхат назарға алынбайды.
78. Заңның 22-бабының 10-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы патентті беруден бас тарту туралы шешімді мына жағдайларда шығарады:
1) өтінім беруші ұсынған формуламен көрсетілген, мәлімделген өнертабыстың патентке қабілеттіліктің тым болмағанда бір талабына сәйкес еместігі белгіленген кезде;
2) өтінім беруші патент беруден бас тарту үшін себеп болған жағдайлармен ол танысқаннан кейін мәлімделген өнертабыстың патентке қабілеттілігіне қатысты, бірақ сараптаманың қорытындысын өзгертпеген дәлелдер ұсынылған жағдайда, қорытындыда көрсетілген дәлелдердің талдауы келтіріледі;
3) егер бір тәуелсіз өнертабысы және тәуелді тармақтары бар көп буынды формулада сипатталған, мәлімделген өнертабыс тәуелсіз тармаққа қатысты патентке қабілеттілік талаптарының біреуіне сәйкес еместігі, өтінім беруші формуланың осы тармағын түзетуден бас тартуы анықталса;
4) басқа тәуелсіз тармақтары жоқ формуланың тәуелсіз тармағында сипатталған өнертабыстың патентке қабілеттілігі белгіленген, ал тәуелсіз тармақтардағы өнертабыстың сипаттамасы өнертабысты жүзеге асыруға немесе өтінім беруші көрсеткен мақсатты іске асыруға кедергі жасаған, өтінім беруші осындай тәуелді тармақтарды түзетуден не болмаса формуладан алып тастаудан бас тартқан жағдайда;
5) формулада бір тәуелсіз тармақ болған және ол сипаттамадағы өнертабыстың айырықша белгіні енгізбеген, осылайша сипатталған содан кейін өнертабыс, патентке қабілеттіліктің қандай да бір талабына сәйкес келмеген және өтінім беруші көрсетілген белгіні формулаға енгізуден бас тартқан жағдайда;
6) егер формулада сипатталған мәлімделген өнертабыстардың бірі патентке қабілетті еместігі анықталса және өтінім беруші Осы өнертабыстың сипаттамасын түзетуден немесе формуладан алып тастаудан бас тартса.
Бұл ретте шешімде осындай тұжырым алынған басқа өнертабыстың (өнертабыстардың) патентке қабілеттілігі расталғанда.
79. Ақпараттық іздестіруді жүргізу өнертабыстың патентке қабілеттігін бағалау жүргізілуі мүмкін техника деңгейін анықтау үшін ақпараттық іздестіру жүргізіледі.
Мәлімделген ұсыныс түсінікті етіп сипатталмаған немесе өнертабыстар болып танылмайтын объектілерге жатқызу үшін негіз болған жағдайда, сәйкесінше ақпараттық іздестіру жүргізу ұзартылады.
Егер мәлімделген ұсыныс ерекшелігінің ерекшеліктері сақталса, ақпараттық іздестіру жүргізілмейді.
80. Ақпараттық іздестірудің мәні.
1) ақпараттық іздестіру өнертабыстың формуласы негізінде сипаттама мен сызбалар (егер осындайлар бар болса) ескеріле отырып жүргізіледі;
2) егер өтінім беруші өтінім құжаттарының түзетілуін, нақтылануын және өзгертілуін тиісті өтінішхатты беру күніне дейін белгіленген тәртіппен енгізе, олар ақпараттық іздестіруді жүргізу кезінде ескеріледі.
Егер ақпараттық іздестіруді жүргізу туралы өтінішхат келіп түскен күнге өтінім беруші белгіленген мерзімде бірлік талаптарының бұзылуы туралы хабарламаға жауап бермесе, ақпараттық іздестіру формулада бірінші болып көрсетілген өнертабыс (бірыңғай өнертапқыштық ойды құрайтын өнертабыс тобы) бойынша жүргізіледі.
81. Техника деңгейін айқындау кезінде кез-келген тұлға өзі танысуы не болмаса оның мазмұны туралы оған заңды түрде хабарлануы мүмкін ақпарат көзінде қамтылған мәліметтер көпшілікке қол жетімді мәліметтер болып есептеледі.
Техника деңгейіне ақпарат көзін қосуын анықтайтын күн болып табылады:
қорғалатын құжаттарға жарияланған сипаттамалар үшін - оларда көрсетілген жариялау күні;
отандық баспалар мен бұрынғы КСРО-ның баспалары үшін - оларда көрсетілген басылымға қол қою күні;
отандық баспалар мен бұрынғы КСРО-ның баспалары үшін - басылымға қол қою күні көрсетілмеген, сондай-ақ өзге де баспалар үшін - жарыққа шыққан күні, ал оны анықтау мүмкіндігі болмаған кезде - айдың соңғы күні немесе егер жарыққа шыққан уақыты сәйкесінше аймен немесе жылмен айқындалатын болса, баспада көрсетілген жылдың 31 желтоқсаны;
аманатталған қолтаңбалар, мақалалар, шолулар, монографиялар және басқа да материалдар үшін - оларды аманаттау күні;
ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және ғылыми-техникалық ақпарат органдарындағы басқа да конструкторлық, технологиялық және жобалық құжаттарға арналған түсіндірме жазбалар үшін - олардың осы органдарға келіп түскен күні;
нормативтік-техникалық құжаттама үшін - осыған өкілетті органда оның тіркелген күні;
диссертациялардың материалдары және қолтаңба құқығында басылған диссертациялардың авторефераттары үшін - олардың кітапханаға келіп түскен күні;
көзбен шолып қабылданатын ақпарат көздері үшін (плакаттар, модельдер, бұйымдар) - олардың көрінісі мүмкін болған құжатпен расталған күн;
көрмеде орналастырылған экспонаттар үшін - құжатпен расталған оларды көрсетудің басталу күні;
ауызша баяндамалар, дәрістер, сөйлейтін сөздер үшін - егер баяндама, дәріс, сөйлейтін сөз дыбыс жазу аппаратурасымен немесе тиісті іс-шараларды өткізу ережелерінде көрсетілген күнде қолданыста болған белгіленген тәртіпте стенографиялық түрде жазылып алынса олардың күні;
радио, теледидар, кино бойынша хабарламалар үшін - егер осындай хабарлама көрсетілген күнде қолданыста болған белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат тасығышқа жазылып алынса, оның күні;
техникалық құралды пайдалану нәтижесінде белгілі болған ол туралы мәлімет үшін - осы мәліметтер көпшілікке қол жетімді болған құжаттармен расталған күні;
Электронды түрде - Интернет арқылы, Интернет желісінен үздік он-лайн кіру құқығы арқылы және CD мен DVD-ROM дискілері арқылы алынған мәліметтер үшін - не болмаса көрсетілген электрондық ортаның көмегімен қолайлы болған құжаттардың жариялану күні, егер ол оларда қойылса не болмаса егер осы күн жоқ болса - ол құжатпен расталған жағдайда осы электрондық ортаға мәліметтерді орналастыру күні ақпарат көзінің техника деңгейіне енгізілгенін айқындайтын күн болып табылады.
82. Іздестіру саласын сипаттама ретінде (осы өтінім бойынша техника деңгейін анықтау үшін ақпарат қарастырылатын ғылым мен техника бөлімдерінің жиынтығы) ХПС айдарының индекстері пайдаланылады.
Іздестіру саласын айқындау кезінде өнертабыс толығымен және аса жақын баламадан ерекшеленетін оның функционалдық дербес белгілері осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес ескеріледі. Егер функционалдық дербес болып табылмайтын оларға қатысты ерекшелік белгілері бар болса, іздестіру саласын айқындау кезінде сонымен қатар өнертабыс үшін жалпы және ең жақын баламаның функционалдық дербес белгілері ескеріледі. Осы белгілерді іздестіру белгілі объектілерде сияқты, осы объектілердің және оның бөлшектерінің мақсатына қатыссыз олардың бөлшектерінде де жүргізіледі.
Сараптама жасау ұйымы өзіне мына көлемде ақпараттық ізденістер жүргізуді қамтамасыз етеді:
Қазақстан Республикасы қорғау құжаттарының формальды бюллетеньдерін;
Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарына арналған сипаттамаларды;
зияткерлік меншік жөніндегі Ресей Федерациясы федеральдық атқарушылық билік органының, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның патент ведомствосының формальды бюллетеньдерді;
бұрынғы КСРО және Ресей Федерациясының қорғау құжаттарына арналған сипаттамаларды;
еуразиялық патенттерге арналған сипаттамаларды;
өнертабыстарға Ресей Федерациясының патенттерін, және пайдалы модельдерге Ресей Федерациясының патенттері мен куәліктерін беруге мәлімделген өтінімдерді;
еуразиялық патенттерді беруге мәлімделген өтінімдерді;
АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, Жапонияның (рефераттар көлемінде орыс және ағылшын тілдерінде), Швейцарияның (француз және неміс тілдерінде), Австрияның, Австралияның және Канаданың патенттік құжаттамасын, сондай-ақ Еуропалық патент ведомствосының, ДСМҰ-ның, Африкалық зияткерлік меншік және Африкалық өнеркәсіптік меншік өңірлік ұйымының патенттік құжаттамасын;
халықаралық ДСМҰ бюросы жариялаған кемінде бес жыл өткенді шолатын патентсіз әдебиетті тізім бойынша енгізетін көлемде ақпараттық іздестіру жүргізуді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық іздестіруді жүргізу кезінде іздестіру көлеміне мәлімделген өнертабыстың жаңалығын тексеру мақсатында сонымен бірге олардың ең бұрынғы басымдылығы жағдайында, Қазақстан Республикасында басқа тұлғалар берген өнертабысқа және пайдалы модельге арналған барлық өтінімдер (қайтарып алынғандардан басқа) енгізіледі.
83. Ақпараттық іздестіру туралы есеп және іздестірудің нәтижесімен таныстыру тәртібі:
іздестіру туралы есепте:
іздестіру жүргізілген өтінім нөмірі;
сараптама жасау ұйымына өтінімді беру күні;
мәлімделген өнертабысты жіктеу кезінде белгіленген ХПЖ айдарының (айдарларының) индексі (индекстері);
ақпараттық іздестіру жүргізілген өнертабыстың атауы;
іздестіру саласын сипаттайтын ХПЖ айдарының (айдарларының) индексі (индекстері);
библиографиялық мәліметтер түрінде жүргізілетін құжаттарға, ақпараттық іздестірудің затына жататын олардың нақты бөлшектеріне арналған сілтемелер. Егер сілтемелер өнертабыс формуласының барлық тармақтарына жатпаса, оған сәйкес формуланың тармағы немесе тармақтары көрсетіледі. Өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бұрын, бірақ егер өтінім бойынша ең бұрынғы басымдық сұратылса, жарияланған құжаттар ерекше белгіленеді;
ақпараттық іздестіруді аяқтау күні көрсетіледі.
Ол туралы мәліметтер үшінші тұлғалардың танысуы үшін көпшілікке қол жетімді емес өтінімдердің көшірмелерін қоспағанда іздестіру туралы есепте көрсетілген құжаттардың көшірмелері тиісті төлем жағдайында беріледі.
Үшінші тұлғаның өтінішхаты бойынша жүргізілген ақпараттық іздестіру туралы есеп көшірмесінің бір данасы патент иеленушіге жіберіледі.
Кез келген адам тиісті төлем төлеген кезде өтінім бойынша жүргізілген ақпараттық іздестіру туралы есептің көшірмесін ала алады.
Өтінім берушіге, патент иеленушіге немесе үшінші тұлғаға жіберілетін ақпараттық есеп туралы есептің даналарынан немесе оның көшірмелерінен іздестіру көлеміне енгізілген өтінімдердің библиографиялық деректері алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет