1. Осы Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидалары «Қазақстан Республикасының Патенттік заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының (бұдан әрi – Заң) 4-бабы 2-тармақ 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдер бойынша алдын ала сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) бюллетень – өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
2) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы(бұдан әрі – ДЗМҰ) – зияткерлік меншік саласындағы халықаралық саясатты қамтамасыз ететін және реттейтін халықаралық ұйым;
3)евразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім;
4) евразиялық патент – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген патент;
5) конвенциялық өтінім–1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясынасәйкес берілген өтінім;
6) Өнертабыстың авторы– оны шығармашылық еңбегімен жасаған жеке тұлға;
7) пайдалы модельдің авторы – оны шығармашылық еңбегімен жасаған жеке тұлға;
8) өтінім – өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент беруге өтінім;
9) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым; 10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
11) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шартына (PatentCooperationTreaty, бұдан әрі - РСТ) сәйкес берілген өтінім;
12) Париж конвенциясы – 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы;
13) ХПЖ – 1971 жылғы 24 наурыздағы халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келiсiмiмен құрылған халықаралық патенттік жіктеме;
14) ӨҮХЖ – 1968 жылғы 8 қазандағы Локарно келiсiмiменқабылданған Өнеркәсiптiк үлгілердің халықаралық жiктемесi; 15) ИНИД халықаралық кодтары - өнеркәсіптік үлгілерге қатысты библиографиялық мәліметтердің сәйкестігін анықтайтын сандық кодтар (бұдан әрі - ИНИД);
16) SEQIDNO (sequenceidentificationnumber) – кезектілік түріндегі сәйкестендіру нөмірі.