4-бөлім. Өнертабысқа арналған өтінімге формалды сараптама жүргізу тәртібі
47. Егер өтінілген өнертабыс құпиялы болып танылса, өтінім беруші өтінімді берген күннен бір ай ішінде өнертабысқа Заңның 5-бабының 6-тармағына сәйкес құқықтық қорғау беруге мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабардар етіледі.
48. Өтінім туралы мәліметтер олар сараптама ұйымына түскен сәттен патент беру туралы мәліметтерді жариялағанға дейін құпия болып есептеледі және жариялауға жатпайды.
49. Өнертабысты шетелде патенттеу кезінде сараптама ұйымына берілген өтінім бойынша, өтінім берушінің өтініші бойынша алғашқы өтінімнің расталған көшірмесі беріледі.
Алғашқы өтінімнің расталған көшірмесі оны сараптама ұйымына берген күннен бастап үш айдан ерте емес күні беріледі. Алғашқы өтінімнің расталған көшірмесі бекітілген мерзімінен өтінім берушінің өтініші бойынша сараптама ұйымының келісімімен ғана берілуі мүмкін.
50. Өтінімнің формалды сараптамасы өтінімді берген күннен бастап төрт ай бойы жүргізіледі.
51. Өтінімге формалды сараптама жүргізу кезінде келесілер тексеріледі:
өтінімде мазмұндалған және оған қоса берілетін құжаттардың бар болуы;
өтінімді беру үшін төлем туралы құжаттың бар болуы;
Заңмен және осы Қағидалармен бекітілген, өнертабыстың мәнін талдаусыз оның тұтастығы талаптарын сақтауды қоса алғандағы өтінім құжаттарын ресімдеуге қойылатын талаптардың сақталуы;
Қосымша материалдарды ұсынудын бекітілген тәртіптің сақталуы;
Өтінім берушімен іске асырылған өнертабысты ХПЖ бойынша жіктеудін дұрыстығы (мұндай жіктеу егер ол болмаса жүргізіледі).
52. Формалды сараптама процесінде өтінімді оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұзумен ресімдеу фактісін анықтаған кезде, өтінім берушіге формалды сараптама аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер көрсетілген сұрау жолданады. Бұл кемшіліктерді сол сұрауды жолдаған күннен бастап үш ай ішінде жою қажет.
Сұрау негіздері болып келесілер табылады:
қажетті құжаттардың толық емес пакеті;
2) өтініште осы Қағидалармен көзделген қажетті мәліметтердің, реквизиттердің, қолтаңбалардың, мөр баспа-таңбасының болмауы, сондай-ақ өтініште келтірілген мәліметтерді нақтылау қажеттігі;
3) құжаттардың ресімделуінде оларды тікелей өндеуге кедергі келтіретін кемшіліктерді анықтау (мөрдің өтінім материалдарының оқылуын қиындататын сапасы);
4) өтінімде жалпыға қол жетімді болып табылмайтын ақпарат көздеріне сілтемесі болғанда, не ондағы қандай да бір мәліметтерді жариялауға мүмкін емес нұсқаудың болуы (патент туралы мәліметтерді жариялағанда аты аталғанын қаламаған авторлар туралы мәліметтерді санамағанда);
5) құқықтық қорғау сұралып отырған өнертабыс объектісінің өнертабыс формуласында көрсетілмеуі;
6) өнертабыс формуласында объектінің тиісті түрінің белгілерінің орнына тек оны жүзеге асыру кезінде және/немесе пайдаланғанда орын алғанда пайдалану көрсеткіштері мен тұтынушы қасиеттері, тиімділігі мен құбылыстары туралы деректердің болуы;
7) формула тармағын бір сөйлем түрінде мазмұндау бойынша тармақ талабының бұзылуы;
8) өнертабыс формуласында оларды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін белгілерді баяндау бойынша талаптардың бұзылуы;
9) оның орындалуы немесе пайдаланылуының жеке жағдайларында қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және моральдік қағидаларға қайшы келетін белгілердің көп тізбекті өнертабыс формуласындағы тәуелді тармақтарында болуы;
10) формуланың тәуелсіз тармағы тек бір өнертабысқа қатысты болу талабының бұзылуы;
11) өнертабыс формуласындағы тәуелсіз тармақтың болуы, ол сол формуланың өзіне тәуелді болатын тармағындағы белгінің (белгілердің) алынып тасталуын немесе ауыстырылуын болжайды;
12) өтінім құжаттарының бір-біріне сәйкес келмеуі (атап айтқанда, өтінімдегі өнертабыстың атауы сипаттамадағы атауға сәйкес келмейді; сызбалар өнертабыстың сипаттамасына сәйкес келмейді);
13) рефератқа қойылған осы Қағидалардың 36-тармағындағы талаптардың бұзылуы;
14) өнертабыс формуласында, сипаттамасында және рефератта жалпы қолданылатын терминологияның пайдаланылуы туралы және өтінім материалдары мәтінінде терминология бірлігін сақтау туралы осы Қағидалардың 38-тармағындағы талаптардың бұзылуы;
15) өтінімде сұралған бұрынғы басымдыққа байланысты мәселелерді анықтау қажеттілігі;
16) мәлімделген өнертабыстың (өнертабыс тобының) мәнді талдауысыз анықталған сипаттамасына, формуласына және рефератқа қойылған осы Қағидалардың басқа талаптарының бұзылуы.
Сұранымда бір өнертабысқа немесе бірыңғай жасампаздық ойды білдіретін өнертабыс тобына жататын нақтыланған сипаттама мен формуланы тапсыруды өтінім берушіге ұсынылады.
Сұранымға сәйкес енгізілген түзетулері, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жасалған түзетулері бар өтінім берушімен түзетілген құжат Қағидалардың 6-бөлімдегі талаптарды сақтай отыра беріледі.
Сараптаманың сұранымына жасалған жауап оның жіберілген күнінен бастап үш айдан кешіктірілмей берілуі керек.
Өтінімнің сараптамасы сұранымға жауап алғанша тоқтатыла тұрады.
Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылып отырған құжаттарды бермесе немесе оларды беру мерзімін ұзарту туралы өтінішті тапсырмаса, өтінім кері қайтарылып алынған болып саналады, бұл туралы өтінім беруші бекітілген мерзім аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Сараптаманың сұрауына жауап беру мерзімі Заңның 22-бабының 13-тармағына сәйкес қалпына келтіріледі.
53. Өтінім мәнін жіктеу.
Өтінім мәнін техниканың сол немесе өзге саласына сәйкестіру мақсатында сараптама жасау ұйымы мәлімделген өнертабысты ХПЖ-ға сәйкес жіктейді.
Жіктеу:
формальды сараптама жүргізгенде;
ақпараттық іздестіру және/немесе мәні бойынша өтінім сараптамасын жүргізгенде жүзеге асырылады.
Жіктеу ХПЖ-ның Кіріспесімен белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Жіктеу жүргізгенде мәлімделген өнертабыстың формуласы жіктеу индексін таңдау үшін негіздеме болып табылады.
Өнертабыстың мәнін толық түсіну үшін сипаттама мен сызбалар қолданылады.
Егер өтінім ХПЖ-ның әр түрлі тақырыптарына жататын бірнеше объектілерді қамтыса, онда барлық тиісті жіктеу индекстері белгіленеді. Бұл ретте бірінші индекстің таңдауы өнертабыстың атауымен анықталады.
Формальды сараптама сатысында анықталған жіктеу индекстері өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізгенде өзгертілуі мүмкін.
54. Өтінім берушіге өтінімдер мен түзетілген немесе айқындалған материалдардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі туралы хабарлама келесі жағдайларда жіберіледі:
егер мәлімделген өнертабыстардың мәндік талдауысыз өтінімді қарастыру нәтижесінде өтінімнің өнертабыс бірлігін бұза отырып берілгені анықталса, өтінім берушіге бұл туралы хабарлама жасалады және оны жіберген күннен бастап үш айдың ішінде өнертабыстың қайсысы қаралу керектігін және өтінім материалдарына сәйкесінше нақтылауды енгізгенде.
Өнертабыстың бірлік талаптарын сақтау өнертабыстың алғашқы формуласына қатысы бойынша немесе, егер ол өзгертілсе, өтінім берушімен бекітілген тәртіпте ұсынылған соңғысына қатысы бойынша тексеріледі.
Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде өнертабыстың (немесе бірлік талабына сай өнертабыс тобын, егер осындай топ мәлімделген өнертабыстардың ішінде болса) қайсысын қарау керектігін хабарламаса, және нақтыланған құжаттарды тапсырмаса, сараптама тек формулада бірінші болып көрсетілген өнертабысқа (немесе формулада бірінші болып көрсетілген, топты құрайтын өнертабыс бірлігінің талаптарына сай өнертабыстарға) қатысты жүргізіледі.
Егер қосымша материалдар мәлімделген өнертабыс мәнін толығымен немесе ішінара өзгертсе және/немесе Қағидалардың 6-бөлімімен көзделген талаптарды сақтамай тапсырылса, сараптама жүргізгенде олардың толығымен немесе тиісті бөлігінде назарға алынбауы мүмкіндігі туралы өтінім берушіге хабарланады.
Бұл ретте, өтінімнің құжаттарын түзететін немесе нақтылайтын қосымша материалдар осы Қағидалардың 6-бөлімінің талаптарын бұзып берілгені анықталса, өтінім беруші бұл туралы хабарланады.
Өтінім материалдарында сұранымға негіз болатын Қағидалардың өзге талаптарының бұзылғаны болған жағдайда, осы бұзушылықтар туралы хабарламалар сұранымда келтіріледі.
55. Егер өтінім талаптары сақталған барлық қажетті құжаттарды қамтыса, өтінім беруші формалды сараптама аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде формалды сараптаманың оң нәтижесі туралы хабардар етіледі.