Қазақстан республикасы әділет министрлігі


-бөлім. Пайдалы модельге арналған өтінімге сараптама жүргізу тәртібі



бет18/37
Дата29.09.2023
өлшемі305,47 Kb.
#111460
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
@8 07 07

8-бөлім. Пайдалы модельге арналған өтінімге сараптама жүргізу тәртібі

99. Егер өтінілген пайдалы модель құпиялы болып танылса, өтінім беруші өтінімді берген күннен бір ай ішінде өнертабысқа Заңның 5-бабының 6-тармағына сәйкес құқықтық қорғау беруге мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабардар етіледі.


100. Өтінім туралы мәліметтер олар сараптама ұйымына түскен сәттен патент беру туралы мәліметтерді жариялағанға дейін құпия болып есептеледі және заңсыз жариялауға жатпайды.
101. Пайдалы модель шетелде патенттеу кезінде сараптама ұйымына берілген өтінім бойынша, өтінім берушінің өтініші бойынша алғашқы өтінімнің расталған көшірмесі беріледі.
Алғашқы өтінімнің расталған көшірмесі оны сараптама ұйымына берген күннен бастап үш айдан ерте емес күні беріледі. Алғашқы өтінімнің расталған көшірмесі бекітілген мерзімінен өтінім берушінің өтініші бойынша сараптама ұйымының келісімімен ғана берілуі мүмкін.
102. Сараптама өтінім бойынша Заңның 23-бабына сәйкес өтінімді берген күннен бастап төрт ай бойы жүргізіледі.
103. Өтінімге формалды сараптама жүргізу кезінде келесілер тексеріледі:
өтінімде мазмұндалған және оған қоса берілетін құжаттардың бар болуы;
өтінімді беру үшін төлем туралы құжаттың бар болуы;
Заңмен және осы Қағидалармен бекітілген өтінім құжаттарын ресімдеуге қойылатын талаптардың сақталуы;
өтінімнің пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жататын ұсынымға берілгені;
пайдалы модельдің тұтастығы талабының сақталуы;
пайдалы модельді өтнім берушімен жүргізілген ХПЖ бойынша жіктеудін дұрыстығы (мұндай жіктеу егер ол болмаса жүргізіледі);
өтінімде оны сараптама ұйымына беру күнінен ерте басымдықты сұратудын негізділігі.
қосымша материалдарды ұсынудын бекітілген тәртіптің сақталуы.
104. Егер сараптама барысында өтінім оның құжаттарына қойылған талаптарды бұзуға ресімделген болса немесе өтінім пайдалы модельді күзету объектісіне берілген болса, өтініш берушіге құқықтық сипаттағы аргументтерді келтіріп, жоқ немесе түзетілген құжаттарды жіберген күннен бастап үш ай ішінде беруді (Заңның 23-бабының 2-тармағы) ұсына отырып, табылған кемшіліктерді көрсетіп, сұрау салынады. Конвенцияланған басымдықты сұратқан жағдайда бірінші өтінімнің (өтінімдердің) көшірмесі (көшірмелері) жоқ болып шықса, ол өтінім келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде сараптама жасау ұйымына ұсынылуы мүмкін.
Сұрау салуға мыналар негіз болып табылады:

  1. қажетті құжаттардың толық емес пакеті;

  2. өтініште осы Қағидалармен көзделген қажетті мәліметтердің, реквизиттердің, қолтаңбалардың, мөр баспа-таңбасының болмауы, сондай-ақ өтініште келтірілген мәліметтерді нақтылау қажеттігі;

  3. құжаттардың ресімделуінде оларды тікелей өндеуге кедергі келтіретін кемшіліктерді анықтау (мөрдің өтінім материалдарының оқылуын қиындататын сапасы);

  4. қайта жасауға, жариялауға, сақтауға және/немесе олармен мүдделі тұлғаларды таныстыру мүмкіндігін тудырмауға кедергі келтіретін құжаттарды ресімдеуде кемшіліктерді анықтау;

  5. егер пайдалы модель атауына арнайы атау қосылған болса, Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзу мүмкіндігімен байланысты мәселелерді түсіндіру қажеттігі;

  6. пайдалы модельді сипаттауда құрылымдық тараулардың жоқ болуы (егер мәліметтер белгілі бір тарауда баяндалуы тиіс болып, басқа тарауда келтірілсе, сұрау салу жіберілмейді), сондай-ақ сипаттауда немесе пайдалы модель формуласында ақпарат дереккөзіне жіберу белгісімен ауыстырылса;

  7. өтінімде жалпы түсінікті болып табылмайтын дереккөздерге сілтеменің, не болмаса оларда сол мәліметтерді жариялау мүмкіндігіне нұсқаулардың болуы (патент туралы осындай мәліметтерді жариялау кезінде көрсетуді қаламаған авторлар туралы мәліметтерді есептемегенде);

  8. пайдалы модель формуласы тармағын баяндау туралы бір ұсыныс түріндегі талаптарының бұзылуы;

  9. пайдалы модельді белгілеуде құқықтық күзет сұратылатын алғашқы ұғым формуласының жоқ болуы;

  10. формулада пайдалы модель белгілерінің орнына оның пайдалану көрсеткіштері туралы деректер мен тұтыну сапаларының, әсерлері мен құбылыстарының болуы;

  11. сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдалы модель формуласында баяндау туралы талаптарының бұзылуы;

  12. пайдалы модельдің көптізбекті формуласының тәуелді тармақтарында оны орындаған немесе қолданған тиісті жағдайларда қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және мораль қағидаларына қарсы келетін белгілердің бар болуы;

  13. формуланың тәуелсіз тармақтарына қойылатын талаптарды бұзу;

  14. формула тармағының белгісін (белгілерін) алып тастау немесе ауыстыру болжалған байланысты тармақтың пайдалы модель формуласында болуы;

  15. өтінім құжаттарының бір-біріне сәйкес келмеуі (ішінара, өтініште келтірілген пайдалы модель атауының сипаттамада келтірілген атаумен сәйкес келмейді; пайдалы модель сипаттамасында пайдалы модель формуласында көрсетілген белгілер болмайды; пайдалы модель формуласында "Пайдалы модель мазмұнын" сипаттау тарауында тапсырушы көрсеткен белгі болмайды; сызбалар пайдалы модель сипаттамасына сәйкес келмейді);

  16. баяндамаға қойылатын талаптарды бұзу;

  17. пайдалы модель формуласында және жалпы қабылдау терминологиясы баяндамасында, өтінім материалдары мәтінінде терминология бірлігін сақтау, пайдалану туралы сипаттама талаптарының бұзылуы; бір белгінің нақты сипаттамасын сипаттауда үйлесетін формулада жаңылыс көрсетілген белгінің ("ерекше", "арнайы", "жақсартылған") болуы;

  18. белгілер формуласында пайдалы модель объектісі болып табылатын қондырғыдағы ауызша, бейнелеу немесе аралас сипаттағы белгілердің болуы. Бұл ретте өтініш берушіге осындай белгілердің сәйкес келу немесе олардың қондырғымен бірдей тауарларға арналған немесе қызмет көрсету түрлеріне, не болмаса тауарлардың шығу орындарының атауына сәйкес және пайдалы модельді пайдаланған жағдайда патентті алушы мен тауарлық белгінің (қызмет көрсету белгісінің) иесі құқықтарының қайшы келуінің басқа адамдар тіркеген немесе тіркеуі мүмкін тауар белгілерімен (қызмет көрсету белгілерімен) араласу деңгейіне дейін ұқсас болу мүмкіндігі хабарланады;

  19. жалпы түрде сипатталған белгінің жеткіліктілігін растайтын мәліметтерді сипаттауда өтініш беруші көрсеткен техникалық нәтижені алу үшін пайдалы модель формуласының байланысты тармағына енгізілген қалған белгілермен жиынтығында жоқ болуы;

  20. өтінімде ерте сұратылған басымдықты белгілеумен байланысты мәселелерді түсіндіру қажеттігі;

  21. пайдалы модель формуласын сипаттаудың және осы Қағидалардың басқа да талаптарын бұзушылықтың болуы.

Сұрау салуда өтініш берушіге бір пайдалы модельге жататын нақты сипаттаманы және формуланы не болмаса бірыңғай өнер тапқыштық ойды құрайтын пайдалы модель тобын ұсынуы мүмкін.
Тапсырушының түзетілген құжаттары, сұрау салуға сәйкес, сонымен қатар өтініш берушінің бастамасы бойынша енгізілген түзетулер осы Қағидалардың 9-бөлімін сақтай отырып ұсынылады
Сараптаманың сұрау салуына жауап оны жіберген күннен бастап үш айдан кешіктірмей ұсынылуы тиіс. Бұл мерзім өтініш бойынша, тиісті төлем жасалған жағдайда өтініш иесіне Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Өтінімге сараптама сұрау салуға жауап алғанға дейін тоқтатылады.
Егер өтінім беруші бекітілген мерзімде сұратылған материалдарды немесе оларды ұсынудын мерзімін ұзарту туралы өтініш бермесе, өтінім кері қайтарылып алынған болып саналады, ол туралы өтінім беруші бекітілген мерзім аяқталған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
105. Өтінім мәнін техниканың белгілі бір саласына жатқызу мақсатында сараптама жасау ұйымы мәлімделген пайдалы модельдерді ХПЖ сәйкес классификациялайды.
Классификациялау өтінімге сараптама жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
Классификациялау ХПЖ енгізумен белгіленген ережелерге сәйкес жүргізіледі.
Классификациялау кезінде классификациялық индексті таңдау үшін мәлімделген пайдалы модель формуласы негіз болып табылады. Пайдалы модельді одан да толығырақ классификациялау үшін суреттемелер мен сызулар пайдаланылады. Егер өтінім ХПЖ әр түрлі айдарларына жататын бірнеше объектіні қамтыса, барлық тиісті классификациялық индекстер белгіленеді. Бұл ретте бірінші индексті таңдау пайдалы модельдің атауымен айқындалады.
106. Өтінімнің және қосымша материалдардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарлама келесі жағдайларда жіберіледі.
егер мәлімделген пайдалы модельдердің мәніне талдау жүргізілмей, өтінімді қарау нәтижесінде өтінім пайдалы модельдің бірыңғай талаптарын бұза отырып, берілгені анықталса, өтінім иесіне бұл туралы хабарлама жіберіледі және оның жіберілген күнінен бастап үш ай ішінде пайдалы модельдердің қайсысы қаралуы керек екенін хабарлау және қажет болғанда өтінім материалдарына нақтылау енгізу ұсынылады.
Пайдалы модельдің бірыңғай талаптарының сақталды деп есептеледі:
Егер пайдалы модельдің формуласы бір ғана пайдалы модельден тұратын болса.
Егер пайдалы модельдің формуласы бірнеше пайдалы модельден тұратын болса.
олардың бірі екіншісін (құрылғы немесе зат және құрылғыны немесе затты толық немесе бір бөлігін алу тәсілі (дайындау)) алуға (дайындауға) арналған болса;
олардың біреуі екіншісін іске асыруға (мысалы, тәсілді толықтай немесе оның амалдарының бірін іске асыратын тәсіл мен құрылғы) арналған болса;
олардың біреуі екіншісін пайдалануға (мысалы, тәсілде пайдалануға арналған тәсіл мен зат тәсіл немесе құрылғы және оның бір бөлшегіне арналған болса;
құрылғы мен затты жаңа немесе белгілі бір бағытта қолдану және оларды осы бағытқа сәйкес пайдалану;
құрылғы немесе затты жаңа немесе белгілі бір бағытта қолдану және құрылғы немесе композиция, олардың құрамды бөліктері);
объектінің бір түріне жататын (бірнеше құрылғы, бірнеше зат) бір бағытта қолданылатын, бір техникалық нәтиже (нұсқалар) алуға бағытталған.
Пайдалы модельдің бірыңғай талаптарының сақталуы пайдалы модельдің бастапқы формуласына қатысы бойынша немесе, егер ол өзгерген болса, - өтінім иесі белгіленген тәртіппен ұсынған соңғы формулаға қатысы бойынша тексеріледі.
Егер өтінім иесі пайдалы модельдердің қайсысын (немесе бірыңғайлық талаптарына сай келетін пайдалы модель топтарына, егер ұсынылған пайдалы модельдердің ішінде осындай топтар болса) қарау қажет екенін белгіленген мерзімде хабарламаса және нақтыланған құжаттарды ұсынбаса, сараптама тек формулада бірінші болып көрсетілген пайдалы модельге (немесе пайдалы модельдің бірыңғай талаптарына жауап беретін топты құрайтын формулада бірінші болып көрсетілген мәлімделген пайдалы модельдерге) ғана қатысты жүргізіледі
Егер қосымша материалдар жалпы немесе ішінара мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертетін болса және/немесе осы Қағидалардың 9-бөлімінде көзделген талаптар сақталмай ұсынылған болса, өтінім иесі сараптама кезінде олар жалпы немесе тиісті бөлігінде назарға алынуы мүмкін еместігі туралы хабарландырылады.
Көрсетілген тәртіп бұзушылықтар туралы өтінім иесі негіздер болған жағдайда жіберілетін сұрау салумен де хабардар етілуі мүмкін.
107. Пайдалы модельдің басымдығын анықтау:
Пайдалы модельдің басымдығы өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күні бойынша анықталады.
Басымдық Париж конвенциясына қатысушы мемлекетте, сондай-ақ онда көзделген халықаралық және өңірлік ұйымдарда (конвенциялық басымдық) бірінші өтінім берілген күн бойынша анықталуы мүмкін. Өтінім иесі конвенциялық басымдықты сұраған жағдайда мынадай талаптарды сақтауы тексеріледі:
Конвенциялық өтінімнің сараптама жасау ұйымына өтінім иесінің Париж конвенциясына мүше мемлекетте бірінші өтінімін беруі, егер оның құқықтық мұрагерінің бірінші өтінім берілген күннен бастап он екі ай ішінде беруі.
Көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ егер өтінім иесіне тәуелді емес жағдайлар бойынша оның сақталуы мүмкін болмаған жағдайда кемінде екі айға ұзартылады. Егер өтінім көрсетілген екі айдың ішінде берілген болса, мұндай жағдайлардың аталғаны тексеріледі, егер аталған болса, осы жағдайлар болғанын құжат түрінде растау қажеттілігі белгіленеді.
Бұрын берілген өтінімге қосымша материалдардың келіп түскен күні бойынша пайдалы модельдің басымдығын өтінім иесі сұратқан жағдайда Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес мынадай талаптарды сақтағаны тексеріледі.
Мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп танылуына байланысты қосымша материалдарды назарға алу үшін қабылдаудың мүмкін еместігі туралы сараптама жасау ұйымының хабарламасын өтінім иесіне жіберген күннен бастап үш ай ішінде бірінші өтінім иесінің немесе оның құқықтық мұрагерінің мұндай басымдық сұралатын өтінімді сараптама жасау ұйымына беру.
Өтінім иесі сараптамалық ұйымнан бұдан бұрын берілген өтінімінің берілген күні бойынша басымдық белгілеуді сұраған жағдайда мынадай талаптарды сақтағаны тексеріледі:
Өнертабысқа бұрын берілген өтінімді беру күнінен бастап 12 ай ішінде немесе пайдалы модельге бұрын берілген өтінімде беру күнінен бастап алты ай ішінде бұрын берілген өтінім иесінің немесе оның құқықтық мұрагерінің мұндай басымдық сұралатын өтінімді сараптама жасау ұйымына беруі.
Бұрын бірнеше рет берілген өтінімдердің негізінде басымдық сұралмаған жағдайда көрсетілген талаптар олардың әрқайсысы бойынша сақталған болуы керек.
Көрсетілген басымдық сұралған өтінімді беру кезінде бұдан бұрынғы өтінім кері қайтарылып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне хабарланады.
Бөлінген өтінім бойынша өтінім иесі басымдық сұраған жағдайда мынадай талаптардың орындалғаны тексеріледі (Заңның 20-бабының 5-тармағы):
осы өтінім иесінің бастапқы өтінімінде бөлінген өтінімнің пайдалы моделінің мәні ашылды ма;
бастапқы өтінім бойынша патент беруден бас тарту туралы сараптама жасау ұйымының қорытындысы шығарылғанға дейін өтінім иесінің немесе оның құқықтық мұрагерінің сараптама жасау ұйымына бөлінген өтінім беруі, патент беру туралы уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін көрсетілген өтінім бойынша сараптама жасау ұйымы патент беру туралы қорытынды шығарған жағдайда қарсылық білдіру мүмкіндігі;
бастапқы өтінім кері қайтарылып алынбаған және бөлінген өтінім берілген күнге дейін кері қайтарылып алынған деп есептейді.
Көрсетілген талаптар сақталған жағдайда пайдалы модель басымдығы бастапқы өтінім берліген күн бойынша белгіленеді, ал бастапқы өтінім бойынша басымдық құқығы болған жағдайда – осы басымдықтың күні бойынша белгіленеді. Егер бастапқы өтінім конвенциялық болып табылса, егер өтінім иесінің тиісті өтініші болса, сараптама жасау ұйымына конвенциялық өтінімді беру күні бөлінген өтінімді беру күні болып табылады.
108. Формуланы тексеру.
Өнертабыс бірлігі талаптары бұзылғаны анықталған болса және өтінім беруші белгіленген мерзімде қандай пайдалы модель берілген өтінім шектігінде қарауға жататынын хабарлағанда, тексеріс осы пайдалы модельдің формуласына қатысты жүргізіледі.
Егер белгіленген мерзім ішінде өтінім берушіден өтінім түспесе, тексеріс формулада бірінші көрсетілген пайдалы модельге қатысты жүргізіледі.
Пайдалы модель формуласын тексергенде мәлімделген пайдалы модельдің барлық мәнді белгілерінің болуы анықталады, олардың жиынтығы өтінім берушімен аталған техникалық нәтижені алуға жеткілікті.
Егер мәнді белгі, онсыз техникалық нәтиже (егер өтінім беруші бірнешеу етіп көрсетсе, нәтижелердің ешқайсысы) алынбайды, пайдалы модель формуласының тәуелсіз тармағына енгізілмесе, бірақ сипаттамада немесе формуланың тәуелсіз тармағында көрсетілсе, өтінім берушіге формуланың тәуелсіз тармағына осындай белгіні енгізу ұсынылады. Бұл ретте техникалық нәтижеге жету үшін осындай белгінің қажеттігін растайтын дәлелдер келтіріледі. Осындай дәлелдер белгілер мен техникалық нәтиже арасындағы ашық себеп-салдар сипаттамасына немесе мәлімделген пайдалы модель сараптамамен жүргізілген теориялық талдауына негізделе алынады.
Егер аталған талаптың сақталмағаны анықталса (белгі оны сәйкестіруге мүмкіндік бермейтін ұғымдармен сипатталған), сараптама өтінім берушіден пайдалы модель формуласында белгіге қатысты оның мәндік мазмұнында техника деңгейі негізінде маманмен түсіну мүмкіндігін растайтын мәліметтерді сұрауға құқылы.
Егер аталған талапты сақтау үшін пайдалы модель сипаттамасы негізінде белгіні түзету қажет болса, өтінім берушіге осындай түзетуді жүргізу ұсынылады.
Егер аталған талап сақталса, бірақ белгінің сипаттамасы үшін қабылданған сол техника саласына сәйкес емес немесе ескірген терминология қолданылса, өтінім берушіге пайдалы модель формуласына тиісті түзетулерді енгізу ұсынылады.
Егер өтінім беруші пайдалы модель формуласын түзетуден бас тартса, онда өтінімді әрі қарай қарағанда осындай белгі немесе пайдалы модель формуласына енгізілген оны сипаттауға қолданылған ұғымдар назарға алынбайды.
егер пайдалы модель формуласында жалпы ұғыммен берілген белгі болса, оны пайдалану заңдылығы белгіленеді.
Осы жалпы ұғымға кіретін, бірақ өтінім берушімен көрсетілген техникалық нәтижені алуды қамтамасыз етпейтін белгінің осындай жеке нысандарын іске асыру (басқа да маңызды белгілермен бірге) сараптамамен анықталған жағдайда, өтінім берушіге тиісті дәлелдер келтіріледі және пайдалы модель сипаттамасы негізінде оларды әшкерелеуді немесе түзетуді ұсынады;.
109. Қосымша материалдарды тексеру:
1) өтінім иесі өтінім құжаттарына осы өтінім бойынша патент беру туралы немесе патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар енгізуге құқылы.
Өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай өткенге дейін өтінімді түзететін немесе нақтылайтын (яғни олардың мазмұнына енгізілуі тиіс) қосымша материалдар ұсынылған жағдайда көрсетілген өзгерістер өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілгенге жататындығын тексеру қажет, егер оған жататын болса, көрсетілген құжаттармен бірге белгіленген тәртіппен төлем төленгенін растайтын құжат ұсынылғанын тексеру керек. Көрсетілген төлем туралы құжат ұсынылмаған жағдайда бұл материалдар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды, бұл туралы өтінім иесі хабарландырылады. Мұндай хабарлама өтінім иесіне жіберілетін кезекті сараптама құжатының мазмұнына енгізілуі мүмкін.
Өтінім құжаттарын өзгерту өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілгендерге жататындығы туралы мәселені шешу кезінде мыналарды басшылыққа алу қажет:
өтінім иесі сараптаманың қандай да бір жазбаша хабарламасын, оның ішінде сұрау салуды алғаннан кейін де, мұндай хабарламаны алғанда да ол ұсынған өтінім құжатының өзгерістері өтінім құжатын дайындау кезінде жол берілген оған қойылатын талаптарды жоюға бағытталса, өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілген деп есептелмейді;
өтінім иесінің сараптаманың қандай да бір хабарламасын алғаннан кейін оның ұсынған өтінімінің құжаттары, оның ішінде сұрау салуы бұл өзгерістер мұндай өзгерістер жазбаша сараптама хабарламасының мазмұнымен байланысты болса, өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілген деп есептелмейді.
Қандай да бір сараптама, оның ішінде сұрау салудың хабарламасын алғаннан кейін де, мұндай хабарламаны алмағанда да өтінім иесі ұсынған құжаттарының барлық өзге өзгерістері өтінім иесінің бастамасы бойынша құжаттарды өзгерту болып табылады.
2) сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім иесі берген қосымша материалдарға қатысты өтінім иесінің оларды ұсынудың белгіленген мерзімдерін сақтауы тексеріледі.
Көрсетілген материалдар өтінім иесіне сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынылуы керек.
Өтінім иесі қосымша материалдарды көрсетілген мерзімдерді бұза отырып, бұл мерзімдер ұзартылмаған болса, ұсынғаны анықталса, өтінім қайтарылып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне осы құжаттардың келіп түсу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады
өз бастамасы бойынша немесе сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім иесі ұсынған және қарау үшін қабылданған қосымша материалдар келіп түскенде олар өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертпей ме деген мәселе тексеріледі. Қосымша материалдарда формулаға енгізуге жататын өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілерді қамтыса, олар өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертетін болып танылады.
Белгілер өтінім иесі ұсынған нақтыланған формулада болса ғана емес, сонымен қатар өтінім иесі мұндай енгізуді көрсетсе де, пайдалы модель формуласына енгізуге жатады деп есептеледі.
Қосымша материалдарда бар және формулаға енгізілуге жататын белгілер формулада немесе өтінімдегі сипаттамада патент беру туралы өтініш, сиапаттама, пайдалы модель формуласы және сызу сараптама жасау ұйымына келіп түскен күні болмаса, өтінімнің бастапқы материалдарында болмаған деп танылады.
Егер өтінімнің бастапқы материалдарында пайдалы модель белгісі оны орындаудың жеке нысандарын ашпай, жалпы түсінікпен берліген болса, онда қосымша материалдарда оны пайдалы модель формуласына енгізуге жататын белгіге жатқыза отырып, мұндай нысанды орындауды қосымша материалдарда ұсыну қосымша материалдарды өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертетін деп тану үшін негіз болып табылады.
Сипаттамада техника деңгейіне, оның ішінде жақын аналогына да қатысты атап өтілген белгілер өтінімнің бастапқы материалдарында бар өтінім берілген пайдалы модельдің белгілеріне жатпайды.
Өтінім пайдалы модельдер тобына жатқан жағдайда өтінімнің бастапқы материалдарындағы топтың қандай да бір пайдалы моделінің белгілері деп топтың осы пайдалы моделіне қатысты ғана сипаттамасында атап өтілген белгілер есептеледі.
Бұған біреуі басқасында пайдалану үшін арналған пайдалы модельдер тобы кірмейді. Басқасында пайдалануға арналған бір пайдалы модельдің бастапқы материалдарында бар белгілер, осы басқа пайдалы модель белгілері болып саналады.
Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ өтінім берілген пайдалы модель мәліметтерін қамтитын, формулаға енгізілуі тиіс белгілерге жатпайтын қосымша материалдар пайдалы модельдің мәнін өзгертетін болып есептелмейді. Мұндай мәліметтерге, атап айтқанда, пайдалы модельді жүзеге асыру шарттары туралы жаңа (қосымша) мәліметтер, пайдалы модельді іске асыру мысалдары, қосымша техникалық нәтиже алу мүмкіндігіне нұсқау, нақтыланған графикалық материалдар жатқызылуы мүмкін. Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілермен қатар пайдалы модель формуласына енгізілуі тиіс қосымша материалдар, сондай-ақ өтінімді қарау үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетілген белгілері бар бөлігінде ғана мәнді өзгертетін болып танылады. Өзге мәліметтер сараптама жүргізу кезінде ескеріледі.
өтінім иесі өзгерткен, қосымша материалдарда ұсынылған пайдалы модель формуласын тексеру кезінде өзгерістердің өтінім берілген пайдалы модельге (пайдалы модельдерге) жататындығы тексеріледі.
Пайдалы модельдің мақсатын көрсететін бастапқы алғашқы мәнін басқа мәнге өзгерту кезінде формуланы өзгерту егер көрсетілген түсініктердің мәндері әр түрлі болса, бағыну немесе қиылысу қатынасында болса, өтінім берілген пайдалы модельге жатады, яғни олардың көлемі толық немесе ішінара сәйкес келеді деп саналады.
Пайдалы модель формуласын өзгерту кемшіліктерді жою нәтижесінде жаңа тәуелсіз тармақ (немесе бірнеше осындай тармақ) қалыптасқан жағдайда өтінім берілген пайдалы модельге жатады деп танылады.
Өзгертілген формула формулаға тәуелсіз қосымша тармақ енгізілсе, өзге пайдалы модельді қамтиды деп танылады.
Өтінім берілген пайдалы модельге жатпайтын пайдалы модель формуласын өзгерту назарға алынбайды, бұл туралы өтінім иесі хабарландырылады.
қосымша материалдар өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп танылған жағдайда өтінім иесіне қосымша материалдарға енгізілген мәліметтердің қайсысы сараптаманың мұндай қорытынды шығаруына негіз болғаны туралы хабарланады (оған жіберілген сараптаманың кезекті құжатында).
110. Заңның 28-бабына сәйкес пайдалы модельге өтінімді өтiнiш жасау арқылы пайдалы өнертабысқа өтiнiм етiп өзгертілуі мүмкін. Көрсетілген қайта өзгерту пайдалы модельге өтінім бойынша сараптама жасау ұйымы тиісті қорытынды шығарғанға дейін мүмкін болады.
Қайта өзгерту туралы өтініш түскеннен кейін оның ресімделуінің дұрыстығы тексеріледі, сондай-ақ пайдалы модельге патент беру туралы қорытынды шығарылғанға дейін берілді ме және белгіленген мөлшерде төлем төлеу туралы құжат өтінішке қоса берілді ме, сол тексеріледі.
Өтініш белгіленген талаптарға сәйкес ресімделмеген жағдайда өтінім иесіне бұл туралы хабарланады.
Қайта өзгерту туралы өтінішпен Өнертабысқа арналған өтінімді сараптамадан өткізу Қағидаларына сәйкес ресімделген Өнертабысқа патент беру туралы өтініш беріледі.
Өтініш келіп түскен соң пайдалы модельге өтінім бойынша тиісті қорытынды шығарылғаннан кейін өтінім иесіне өтінімді қайта өзгерту болмайтыны туралы хабарланады.
Қайта өзгертілмеген өтінім пайдалы модельге өтінім болып қала береді және оған қатысты бұдан әрі осы Қағидалардың ережелері қолданылады. Бұл ретте бірінші өтінімнің басымдығы мен берілген күні сақталады.
Егер өтініш белгіленген талаптарға сәйкес Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес мерзімдерді сақтай отырып ресімделгені туралы құжат ұсынылғаны анықталса, өтінім иесі өтінімнің өзгертілгені туралы, сондай-ақ өтінімді одан әрі қарау Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ереженің ережелеріне сәйкес жүргізілетіні туралы хабарланады.
Егер қайта өзгерту туралы өтініш қайтарылып алынған деп есептелетін өтінім бойынша келіп түскен болса және өтінішпен бірге өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш білдірілген болса, ол Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес қаралады.
Өтінімді қайта өзгерту туралы өтініш берілген күні өтінімді нақтылайтын немесе түзететін қосымша материалдар не пайдалы модельдің өзгертілген формуласы ұсынылған жағдайда қайта өзгерту туралы өтініш қаралғанға дейін осы материалдарды осы Қағидалардың 83-тармағына сәйкес тексеру жүргізіледі.
Қайтарылып алынған немесе қайтарылып алынған деп есептелетін пайдалы модельдерге өтінімдерге қатысты қайта өзгерту жүргізілмейді.
Өтінім иесіне өтінімнің қайта өзгертілуі болғаны туралы хабарлама жібергенге дейін одан қайта өзгерту туралы өтініш берілмеді деп есептеу туралы өтініш келіп түскен жағдайда қайта өзгерту болмады деп есептеледі, бұл туралы өтінім иесі сәйкесінше хабарлама дайындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хабарландырылады
Пайдалы модельге өтінім өнертабысқа патент беруге өтінім болып қайта өзгертілгені туралы өтінім иесіне хабарлама жіберілгеннен кейін қайта өзгерту туралы өтінішті берілмеген деп есептеу туралы өтінім иесінің өтініші өтінімді қайтадан қайта өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
111. Өтінімге сараптама жасау нәтижесінде ол пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысқа ресімделгені анықталса, өтінім иесіне патент беруден бас тарту туралы шешім жіберіледі.
Мәлімделген ұсыныс жалпы алғанда формуланың тармағында сипатталған түрінде осы Заңның 6 бабының 3 тармағында келтірілген ұсыныстар тізбесіне кіретін болса, онда пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жатады деп танылмайды.
Егер мәлімделген объект көптізбекті формулада сипатталса және тәуелді тармақтың мазмұны осы объектінің қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және мораль қағидаларына қайшылығын білдірсе, мұндай объект те пайдалы модель болып танылмайды.
Формуланың қандай бір тармағында сипатталған объект жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, пайдалы модель болып танылмайтын жағдайда өтінім иесіне патент беруден бас тарту туралы қорытынды үшін негіз болуы мүмкін дәлелдерді баяндап, қажет болса, тиісті ақпарат көздеріне сілтеме жасала отырып, және пайдалы модель формуласын растап, келтірілген дәлелдерді жоққа шығару немесе тиісті тармақты түзетіп немесе алып тастап, пайдалы модель формуласын өзгерту ұсынылып, сұрау салу жіберіледі.
Егер өз жауабында өтінім иесі сараптама дәлелдерін жоққа шығармаса және сұрау салуда ұсынылған өзгерістерді формулаға енгізбесе, патент беруден бас тарту туралы қорытынды шығарылады.
Бұл ретте қорытындыда формуланың басқа тармақтарында сипатталған (егер бұл сараптама процесінде анқталған болса) ұсыныстардың принциптік қорғау қабілеті атап өтілуі мүмкін.
патент беруден бас тарту туралы қорытындыда келтірілген дәлелдермен келіспеген жағдайда шешім жіберілген күннен бастап үш айдың ішінде уәкілетті органның апелляциялық кеңесіне келіспеушілік білдіру туралы өтінім иесінің құқығы қосымша хабарланады.
112. Патент беру туралы шешім келесі жағдайларда шығарылады.
егер сараптама нәтижесінде өтінімде барлық қажетті құжаттардың бар екені, осы Ережеде белгіленген оған қойылатын талаптар сақталғаны және өтінім берілген ұсыныс пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жататыны анықталса, өтінім иесі ұсынған формуламен пайдалы модельге патент беру туралы шешім шығарылады..

сараптама ұйымы шешім шығарған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге шешімді және патентті беруге дайындық және жариялау үшін ақы төлеу туралы хабарлама жолдайды.


Өтінім берушіге сараптама ұйым патент беру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші сараптама ұйымына патентті беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиісті төлемді растайтын құжатты ұсынады.
Көрсетілген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемінің төленгені туралы құжат ұсынылған жағдайда төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл жөнінде өтінім беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.
Патентті беру туралы шешім өтінілген пайдалы модельді Заңның 7-бабының 1-тармағымен бекітілген патентке қабілеттілік алғышарттарына сәйкестігін тексерусіз қабылданады.
Егер пайдалы модельге өтінімді сараптау процесінде басымдық күні сондай иелігіндегі өнертабысқа немесе пайдалы модельге қайтарылмаған немесе қайтарылған деп есептелмейтін басқа өтінім бар екені анықталса, онда оны сараптама жасау ұйымына ертерек жіберілген күні дәлелденген өтінім бойынша қорытынды беріледі, ал күндері сәйкес келген жағдайда – сараптама жасау ұйымының ертерек тіркеу нөмірі бар өтінім бойынша беріледі.
Заңның 29 және 33-баптарында көзделген жағдайларда пайдалы модельдің патент қабілеттілігі талаптарына сәйкестігі туралы мәселе қаралғанда мыналар ескеріледі.
Егер техника деңгейінде пайдалы модель сол мақсаттағы белгісіз құрал мақсатының сипаттамасын қоса алғанда, пайдалы модельдің формуласының тәуелсіз тармағында келтірілген барлық елеулі белгілер (соңғыларға осы Қағидалардың 33-тармағы 4) тармақшасының талаптарын қанағаттандырмайтын белгілер жатпайды, себебі оларға қатысты қол жеткізілетін техникалық нәтижеге әсері белгіленуі мүмкін емес) тән болса, патентпен қорғалатын пайдалы модель "жаңалық" талабына сәйкес деп есептеледі.
Техниканың деңгейі туралы мәліметтер сол мақсаттағы құралдар туралы әлемде жарияланған пайдалы моделі басымдығының күніне дейін жалпы қолжетімді болған мәліметтер кіреді, бұл өтінім берілген пайдалы модель, оларды Қазақстан Республикасында оларды қолдану туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа тұлғалар пайдалы модельдерге және өнертабыстарға өтінім берген және патенттелгенде Қазақстан Республикасында бұрынырақ басымдық беріледі.
Техника деңгейіне өтінім берушілер қайтарып алған өтінімдер, сондай-ақ қайтарып алынған деп есептелетін өтінімдер енгізілмейді.
Техника деңгейіне еуразиялық өтінімдер, сондай-ақ Патенттік кооперация туралы (РСТ) Келісім нұсқаулығының 4.9 (а) ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының нұсқауымен халықаралық өтінімдер енгізіледі.
Өтінім техника деңгейіне осы өтінімдегі өтінім, сипаттама, формула және сызулар (өнертабысқа өтінім үшін – егер сипаттамада оларға сілтемелер болған жағдайда ғана) келіп түскен күндегі сипаттама мен формулаға қатысты енгізіледі. Егер бұл күн қаралатын өтінімнің басымдығы күнінен кешірек болса, ерте басымдығы бар өтінім басымдық белгілеу үшін негіз болатын материалдардың мазмұнына сәйкес келетін оның мазмұны бөлігіндегі техника деңгейіне енгізіледі (бірінші өтінім, бұрын берілген өтінім, осы өтінімге қосымша материалдар).
Қазақстан Республикасында патенттелген (оның ішінде осы тұлға) өнертабыстар мен пайдалы модельдер, яғни тиісті Мемлекеттік тізілімдерде тіркелген тиісті Мемлекеттік тізілімде өнертабыс немесе пайдалы модельді тіркеу жүргізілген формулаға қатысты ғана техника деңгейіне енгізіледі.
Патентпен қорғалатын пайдалы модель мынадай талаптар орындалған жағдайда "өнеркәсіптік пайдалану" талабына сәйкес деп есептеледі:
оның негізінде патент берілген өтінімде өнеркәсіп құралы немесе тұтыну бұйымы немесе олардың құрамдас бөлігі ретінде пайдалы модельдің мақсаты нақты көрсетілсе немесе осы мақсат осы Қағидалардың 10-тармағында жазылғандай, пайдалы модельдің атауынан немесе осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілгендей пайдалы модель формуласынан мақсаты тура болса;пайдалы модельді формуланың әрбір тармағына сәйкес орындау кезінде осы Қағидалардың 33-тармағы 4) тармақшасының талаптарын қанағаттандырмайтын белгілерді есептемегенде көрсетілген мақсат іс жүзінде іске асырылса;басымдық күніне белгілі немесе өтінімде сипатталған (өтінім түскен күннен бұрын басымдық анықталған жағдайда – оның негізінде басымдық белгіленген өтінімде де, материалдар да) формуланың кез-келген тармағында сипатталған түрінде пайдалы модельді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құралдар мен әдістер.
113. Ақпараттық іздестіруді жүргізу шарттары.
Өтінім иесінің өтініші бойынша өтінімді қараудың кез-келген сатысында, ал патент иесінің немесе үшінші тұлғаның өтініші бойынша – пайдалы модельге патент беру туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін тиісті төлем жасалған жағдайда ақпараттық іздестіру жүргізілуі мүмкін (Заңның 23-бабының 4-тармағы). Ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш уәкілеттік орган қалыптастырған осы Қағидалардың 8 Қосымшасына сәйкес ұсынылады.
егер өтінім берілген ұсыныс оны түсіну мүмкін болмайтындай сиаптталса немесе оны Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы модель деп танылмайтын объектілерге жатқызу үшін негіздер болса, осыған байланысты өтінім иесіне жүгіну қажет болса, ақпараттық іздестіру жүргізу тиісінше ұзартылады.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда егер өтінім иесіне жүгінгеннен кейін өтініш берілген ұсыныстың жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері сақталған болса, ақпараттық іздестіру жүргізілмейді.
3) патент иесі үшінші тұлғадан ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш түскені туралы хабарландырылады.
4) егер ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш қайтарып алынған немесе қайтарып алған деп есептелетін өтінім бойынша түссе немесе егер өтінім бойынша ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш түскеннен кейін патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданса, өтініш берген өтінім иесіне оны қанағаттандыру мүмкін еместігі туралы хабарланады.
5) өтінім иесінің, патент иесінің немесе үшінші тұлғаның өтініші бойынша ақпараттық іздестіру аяқталғаннан кейін ол туралы есеп өтініш берген тұлғаға жіберіледі. Егер ақпараттық іздестіру үшінші тұлға берген өтініш бойынша жүргізілген болса, онда ақпараттық іздестіру туралы есеп патент иесіне де жіберіледі.
6) ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш келіп түскен күні осындай өтініш келіп түскен жағдайда немесе ақпараттық іздестіру жүргізіліп қойса немесе жүргізіліп жатса, мұндай өтініш берген тұлғаға көрсетілген жағдайлар туралы және ақпараттық іздестіру туралы есептің көшірмесін беру шарттары туралы осы Қағидалардың 91-тармағына сәйкес хабарланады
114 Ақпараттық іздестіру мәні:
Ақпараттық іздестіру сипаттама мен сызулар, сондай-ақ пайдалы модельдің жол берілуі мүмкін өзгерістерін есепке ала отырып, пайдалы модельдің формуласы негізінде осы Қағидалардың 83-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Өтінім құжаттарын түзетулер, нақтылаулар және өзгертулер егер оларды өтінім иесі белгіленген тәртіппен тиісті өтініш беру күніне дейін енгізген болса, ақпараттық іздестіру жүргізу кезінде ескеріледі.
Егер ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш келіп түскен күнге өтінім иесі бірлік талаптарының бұзылғаны туралы хабарламаға белгіленген мерзімде жауап бермесе, ақпараттық іздестіру формулада бірінші болып көрсетілген пайдалы модель (біртұтас өнертабыс мәнін құрайтын пайдалы модельдер тобы) бойынша жүргізіледі. Басқа пайдалы модельдер бойынша ақпараттық іздестіру бөлек ақпараттық іздестіру болып саналады, сондықтан бұл туралы сараптама жасау ұйымы ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш берген тұлғаға хабарлайды.
115. Техника деңгейін анықтау кезінде ақпарат көзінде бар, кез-келген адам таныса алатын немесе оның мазмұны туралы заңды түрде хабарлануы мүмкін мәліметтер жалпыға қол жетімді болып есептеледі. Ақпарат көзін техника деңгейіне енгізуді анықтайтын күн болып:
қорғау құжаттарына жарияланған сипаттамалар үшін – оларда көрсетілген жарияланған күні;
отандық баспа басылымдары мен бұрынғы КСРО баспа басылымдары үшін – оларда көрсетілген баспасөзге жазылу күні;
баспасөзге жазылу күні көрсетілмеген отандық баспа басылымдары мен бұрынғы КСРО баспа басылымдары үшін, сондай-ақ өзге баспа басылымдары үшін – олардың жарыққа шыққан күні, оны анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда егер жарыққа шыққан уақыты тек айымен немесе жылымен ғана анықталса – айдың соңғы күні немесе басылымда көрсетілген жылдың 31 желтоқсаны;
мақалалардың, шолулардың, монографиялардың және басқа да материалдардың сақтауға берілген қолжазбалары үшін – оларды сақтауға берілген күн;
ғылыми-техникалық ақпарат органдарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға түсіндірме жазбалар және басқа конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттамалар туралы есептер үшін – олардың осы органдарға түскен күні;
нормативтік-құқықтық құжаттама үшін – оның осыған уәкілетті органда тіркелген күні;
диссертациялардың және қолжазба құқығында шығарылған диссертациялардың авторефераттарының материалдары үшін – олардың кітапханаға түскен күні;
конкурсқа қабылданған жұмыстар үшін – конкурс өткізуге қатысты құжаттармен расталған танысу үшін олардың қойылған күні;
қарап қабылданатын ақпарат көздері үшін (плакаттар, модельдер, бұйымдар және тағы басқа) – оларды шолу мүмкін болған құжатпен расталған күн;
көрмеге қойылған экспонаттар үшін – оларды көрсетуді бастаудың құжатпен расталған күні;
ауызша баяндамалар, дәрістер, сөйленген сөздер үшін – егер олар дыбыс жазатын аппаратурамен жазылып алынса немесе тиісті іс-шаралар өткізудің көрсетілген күні қолданыстағы ережесінде белгіленген тәртіппен стенографиялық тәсілмен жазылып алынса, баяндама, дәріс, сөз сөйлеу күні;
радио, телевидение хабарлары, кино үшін – егер олар көрсетілген күні қолданыста болған белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат тасымалдаушыда бекітілген болса, мұндай хабарлама күні;
пайдалану нәтижесінде белгілі болған техникалық құрал туралы мәліметтер үшін – мәліметтер жалпыға қолжетімді болған күннен бастап құжатпен расталған күн болып табылады.
интернет арқылы, он-лайн арқылы Интернеттен, CD және DVD-ROM дискілерінен электрондық түрде алынған мәліметтер үшін - егер оларда көрсетілген болса, көрсетілген электрондық орта көмегімен қолжетімді болған құжаттарды жариялау күні немесе, егер күні көрсетілмесе, құжатпен расталған жағдайда мәліметтердің осы электрондық ортаға орналастырылған күні.
116. Іздестіру аумағы және көлемі:
іздестіру аумағының сипаттамасы ретінде (осы өтінім бойынша техника деңгейін анықтау үшін ақпарат қаралатын ғылым мен техника бөлімдерінің жиынтығы) ХПЖ айдарларының индекстері пайдаланылады.
Іздестіру аумағын анықтау кезінде жалпы пайдалы модель объектісі және оның функциялық дербес белгілері осы Қағидалардың 44-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ең жақын баламасынан айырмашылықтары ескеріледі. Іздестіру аумағын белгілеу кезінде сондай-ақ егер функциялық жағынан дербес болып табылмайтын оған қатысты ерекшелік белгілері болса, пайдалы модель және ең жақын аналогы үшін ортақ белгілер ескеріледі. Бұл белгілерді іздеу белгілі объектілерде де, осы объектілер мен оның бөліктеріне қатыссыз бөліктерде де жүргізіледі.
сараптама жасау ұйымы мыналар кіретін көлемде ақпараттық іздестіру жүргізуді қамтамасыз етеді:
Қазақстан Республикасы қорғау құжаттарының ресми бюллетеньдері:
Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарына сипаттама;
еуразиялық патенттерге сипаттама;
еуразиялық патенттер беруге жарияланған өтінімдер;
Ресей Федерациясының және бұрынғы КСРО қорғау құжаттарының ресми бюллетеньдері;
Ресей Федерациясының және бұрынғы КСРО қорғау құжаттарына сипаттама;
өнертабыстар мен патенттерге Ресей Федерациясының патенттерін және пайдалы модельге Ресей Федерациясының куәліктерін беруге жарияланған өтінімдер;
АҚШ, Ұлыбритания, Германия, ГФР, Франция, Жапония, Қытай Халықтық Республикасы, Корей Республикасы (орыс және ағылшын тілдеріндегі рефераттар көлемінде), Швейцария (француз және неміс тілдерінде), Австрия, Австралия және Канада, сондай-ақ Еуразиялық патенттік ведомство, ДЗМҰ, Африка зияткерлік меншік ұйымының және Африка өңірлік өнеркәсіптік меншік ұйымының патенттік құжаттамасы;
өткенді шолумен кемінде бес жыл болған ДЗМҰ Халықаралық бюросы жариялаған тізім бойынша патенттік емес әдебиет.
ақпараттық іздестіру жүргізу кезінде өтінім берілген пайдалы модельдің жаңалығын тексеру мақсатында іздестіру көлеміне сондай-ақ олардың ертерек басымдығы болған жағдайда Қазақстан Республикасында басқа тұлғалар берген өнертабыстар мен пайдалы модельдерге барлық өтінімдер (қайтарып алынғандарынан басқа) және Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер енгізілуі мүмкін.
Егер іздестіру процесінде сол мақсаттағы, іздестіру жүргізіліп отырған пайдалы модельге қатысты пайдалы модельдің барлық белгілерімен бірдей белгілермен сипатталатын құрал табылған жағдайда да ақпараттық іздестіру тоқтатылмайды және толық көлемде аяғына дейін жүргізіледі. Іздестіру барысында анықталған аналогтардың саны ең толық және айқын қайталаусыз және ақпаратты қажетсіз қайталауды болдырмай, техника деңгейі туралы толық және мазмұндысынан анықталуы тиіс.
117. Ақпараттық іздестіру туралы есеп және іздестіру нәтижелерімен танысу:
1) іздестіру туралы есепте:
іздестіру жүргізілген өтінімнің нөмірі:
өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн;
өтінім берілген пайдалы модельді классификациялау кезінде белгіленген ХПЖ айдарының (айдарларының) индексі (индекстері);
ақпараттық ізденіс жүргізілген пайдалы модельдер атауы;
ізденіс аумағын сипаттайтын ХПЖ айдарының (айдарларының) индексі (индекстері);
библиографиялық деректер түрінде ақпараттық іздестіру мәніне қатысты құжаттарға, олардың нақты бөліктеріне сілтемелер. Егер сілтеме пайдалы модель формуласының барлық тармақтарына қатысты болмаса, оған формуланың тиісті тармағы немесе тармақтары көрсетіледі. Егер өтінім бойынша ең ертерек басымдық сұралған болса, сараптама жасау ұйымына өтінім түскен күннен бұрын, бірақ басымдық күнінен кеш түскен жариялаған құжаттар ерекше белгіге алынады;
ақпараттық іздестіру аяқталған күн;
2) үшінші тұлғаның өтініші бойынша жүргізілген ақпарттық іздестіру туралы есептің көшірмесінің бір данасы патент иесіне жіберіледі;
3) ақпараттық іздестіру туралы есептің өтінім иесіне, патент иесіне немесе үшінші тұлғаға жіберілетін даналарынан немесе олардың көшірмелерінен іздестіру көлеміне енгізілген өтінімдердің библиографиялық деректері алынады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет