7-бөлім. Пайдалы модельге арналған өтінімді құру тәртібі
94. Пайдалы модель техникалық өнімге қатысты кез-келген саласында шешімдер (құрылғы, зат, микроорганизмдер штаммы, өсімдіктер немесе жануарлар мәдениеті), процесс (материалдық құралдарын пайдалана отырып материалдық объектісін қозғайтын процесі), сондай-ақ белгілі өнімнің пайдалану немесе табылады адамдардың немесе жануарлардың, диагностикалық терапевтік және хирургиялық емдеуді қоспағанда жаңа процесс немесе белгілі бір мақсатқа арналған жаңа өнім.
Пайдалы модельдің объектісі ретінде өнім болып табылатындар, атап айтқанда, құрылғы, зат, биотехнологиялық өнім, соның ішінде микроорганизмнің штаммы, өсімдіктер мен жануарлар жасушасы.
Пайдалы модельдің объектісі ретінде құрылғыға конструкциялар мен бұйымдар жатады. Құрылғыны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
құрылым (құрылымдар) элементінің (элементтерінің) бар болуы;
элементтер арасындағы байланыстың бар болуы;
элементтердің өзара орналасуы;
элемент (элементтер) немесе құрылғының тұтастай орындалу нысаны;
элементтер арасындағы байланыстың орындалу нысаны;
элементтердің параметрлері мен басқа да сипаттамалары және олардың арасындағы өзара байланыс;
элемент (элементтер) немесе толықтай құрылғы жасалған материал;
элемент қызметін атқаратын орта.
Пайдалы модельдің объектісі ретінде заттарға жататындар:
химиялық қосылыстар;
композициялар (құрамдар, қоспалар);
ядролық айналу өнімдері.
Химиялық қосылыстардың сипаттамасы ретінде келесі белгілер пайдаланылады.
құрылымы белгіленген төменгі молекулярлық қосылыстар үшін - сапалық құрамы (нақты элементтердің атомдары), сандық құрамы (әрбір элементтің атомдар саны), атомдар арасындағы байланыс және химиялық құрылымдық формулада берілген олардың молекулада өзара орналасуы.
құрылымы белгіленген жоғары молекулярлық қосылыстар үшін - макромолекула элементарлық тізбегінің құрылымдық формуласы (тізбектері және олардың тіркесі), макромолекуланың тұтас құрылымы (желілік, тарамдалған), қарапайым тізбектердің саны немесе молекулярлық масса, молекулярлық-массалық бөлу, макромолекуланың геометриясы және стереометриясы, олардың шеттік және бүйірлік топтары, полимерлестер үшін - қосымша сономерлес топтардың арақатысы және олардың мерзімділігі;
құрылымы анықталмаған қосылыстар үшін - осы қосылысты басқалардан ажыратуға қажетті физика-химиялық және өзге де сипаттар (оның ішінде алу тәсілі белгілері).
Композицияны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
сапалық құрам (ингредиенттердің бар болуы);
сандық құрам (ингредиенттердің мазмұны);
композиция құрылымы;
ингредиенттер құрылымы.
Құрылымы анықталмаған композицияны сипаттау үшін олардың физика-химиялық, физикалық және пайдалы көрсеткіштері мен алу тәсілі белгілері пайдаланылады.
Ядроға айналдыру жолымен алынған заттарды сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
сапалық (элемент изотопы (изотоптары) және сандық (протондар мен нейтрондар саны) құрамдары;
негізгі ядролық сипаттамалар: жартылай ыдырау кезеңі, сәулелендірудің үлгісі мен энергиясы (радиоактивті изотоптар үшін);
Пайдалы модельдің объектісі ретінде биотехнологиялық өнімдерге олардың табиғи ортасынан бөлінген немесе басқа тәсілдермен алынған өнімдер жатады
Пайдалы модельдің объектісі ретінде биотехнологиялық өнімдерге келесілер жатады:
тірі нысандар, атап айтқанда, өсімдіктер, жануарлар, Заңның 2-бабының 2-тармағында және 6-бабының 3-тармағында көрсетілгендерден басқа және микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлардың жасушасы және өсімдіктер мен жануарлардың ағзасынан бөлінген немесе басқа тәсілдермен алынған басқа элементтер, микроорганизмдердің штаммы, өсімдіктер мен жануарлардың жасушасы;
тірі емес нысандар, атап айтқанда, өсімдіктерден, жануарлардан не микроорганизмдерден немесе басқа тәсілмен алынған гормондар, цитокиндер, ферменттер, антигендер, антиденелер, нуклеин қышқылдарының тізбегі, плазамидтер, векторлар, т.б.
Өсімдіктер мен жануарларды сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
мақсаты;
шығу тегі және алу тәсілі;
таксономикалық тәнділігі;
пайдалы қасиеті;
генотип және/немесе фенотиптің ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануардың генетикалық конструкция ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануардың құрылымдық элементтерінің ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануарды өндіретін пайдалы зат туралы мәліметтер және өнімділік деңгейі;
көбею ерекшеліктері;
пайдалы қасиетті сақтау тұрақтылығы.
Микроогранизмдер штаммдары, өсімдіктер немесе жануарлар жасушалар культурасын сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
мақсаты;
шығу тегі (алу тәсілі, тектілік штаммасы, бөліну көзі немесе ата-аналық штаммаларының сипаттамасы);
таксономикалық тәнділігі;
культуралдық-морфологиялық белгілері;
физиологиялық-биохимиялық белгілері;
цитологиялық белгілері;
молекулярлық-биологиялық белгілер;
маркерлік белгілері (генетикалық, иммунологиялық, биохимиялық, физиологиялық);
онкогенділігі (медициналық және ветеринариялық саладағы штаммдар мен жасушалар үшін);
о контаминация туралы деректер;
биотехнологиялық сипаттама: штамм немесе дақылмен өңделген пайдалы заттың атауы мен қасиеті, белсенділік (өнімділік) деңгейі және оны анықтайтын тәсілдер;
ұзақ пайдалану кезіндегі пайдалы қасиеттің сақталу тұрақтылығы туралы мәліметтер;
вируленттілік, иммуногендік, антигендік құрылым, антибиотиктерге сезімталдық, қарама-қайшы қасиеттер (медициналық және ветеринарлық саладағы штаммдар мен жасушалар үшін);
көбею ерекшеліктері;
гибридтеу қағидаты (гибридті микроорганизмдер штаммдары үшін);
криоконсервация туралы мәліметтер.
Өсімдіктер немесе жануарлар жасушалары өскіндерінің сипаттау үшін қосымша үшін мынадай белгілер:
пассаждар саны;
кардиологиялық сипаттамасы;
өсу (кинетикалық) сипаттамалары;
жануар организмінде өсіру (гибрид үшін) сипаттамасы;
морфогенезге қабілеттілігі (өсімдіктер жасушалары үшін) пайдаланылады.
Микроорганизмдер консорциумының, өсімдіктер немесе жануарлар жасушалары өсімдіктерінің сипаттамасы үшін жоғарыда аталған белгілерге қосымша мынадай белгілер:
бейімдеу және селекция факторы мен жағдайы;
таксономикалық құрам;
жеке құрауыштардың сәйкестілігі мен алмастырғыштылығы;
бөлінушілік;
культуралды-морфологиялық белгілері, цитологиялық белгілері, физиологиялық-биохимиялық және жеке құрауыштардың өзге де белгілері;
тұрақтылығы және/немесе бәсекеге қабілеттілігі;
консорциумның жалпы физиологиялық ерекшеліктері пайдаланылады.
Тірі емес нысандарға жататын биотехнологиялық өнімдерді сипаттау үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
құрылымы белгіленген немесе жартылай белгіленген өнімдер үшін - құрылымдық формула немесе құрылым ерекшеліктері, оның ішінде нуклеин қышқылы үшін нуклеотидтердің бірізділігі, белоктар, полипептидтер, пептидтер үшін аминоқышқылдардың бірізділігі, құрама элементтердің болуы мен орналасу тәртібі, соның ішінде реттейтін және код беретін салалар, сайттар және плазмид, векторлардың, генетикалық конструкциялардың, рекомбинант және гибридтік молекулалар үшін;
құрылымы белгіленбеген өнімдер үшін физика-химиялық және өзге қасиеттері, соның ішінде осы өнімдерді теңдестіруге оларды басқа белгілі өнімдерден айырады.
Барлық биотехнологиялық өнімдер үшін олардың жүзеге асыратын қызметі немесе белсенділік түрі мен шыққан тегі көрсетіледі;
материалдық объектілердің көмегімен материалдық объектілерге іс-әрекеттердің орындалу үдерісі пайдалы модель объектісінің тәсілі болып табылады.
Тәсілді сипаттау үшінмынадай белгілер пайдаланылады:
іс-әрекеттің немесе іс-әрекеттер жиынтығының бар болуы;
осындай іс-әрекеттердің уақыт ішіндегі орындалу тәртібі (бірізділікті, бір уақытта, әр түрлі тіркесімде);
іс-әрекеттерді жасау шарты, режимі;
заттарды (әуелгі шикізатты, реагенттерді, катализаторларды және т.б.), құрылғыларды (аспаптар, жабдықтар және т.б.), микроорганизмдердің штаммдары, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының өскіндерін пайдалану.
пайдалы модельдің объектісі ретінде белгілі өнім немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша қолдануға олардың өзге мақсатқа сәйкес пайдаланылуының жатуы.
Жаңа мақсатта қолдануға қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін заттардың (табиғи және жасанды түрде алынған) алғашқы қолданылуы, яғни мұндай мақсат айқындалмаған табиғи заттардың, экспериментте алынған заттардың, өндіріс қалдықтарының және т.б. кәдеге жарату мақсатын белгілеулер пайдаланылады.
Бұрыннан белгілі өнім немесе тәсілді жаңа мақсаттағы немесе жаңа өнімді жаңа мақсатта қолданылуын сипаттау үшін қолданылатын объектінің оны теңестіру үшін жеткілікті қысқаша сипаттамасы және осы жаңа мақсатты көрсету пайдаланылады.
95. Пайдалы модельдің сипаттамасына, атауына қойылатын талаптар осы Қағидалардың 7, 8 тармақтарында көзделген өнертабыстың сипатына, атауына қойылатын талаптарға сәйкес.
96. «Пайдалы модель жататын техниканың саласы», «Техниканың деңгейі» бөлімдерінің сипаттамасын құруға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 9, 10 тармақтарында көзделген өнертабысқа арналған өтінім бойынша қойлатын талаптарға сәйкес.
97. «Пайдалы модельдің мәні» бөлімінің, сызбаларды және басқа материалдарды құруға, сондай-ақ пайдалы модельді іске асыру мүмкіндігін растайтын басқа құжаттардың сипаттамасы осы Қағидалардың 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 тармақтарында көзделген өнертабысқа арналған өтінім бойынша қойлатын талаптарға сәйкес.
98. Пайдалы модельдің формуласына, сызбалар және (немесе) басқа материалдарды ресімдеуге және пайдалы модельдің рефератын құруға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 24, 43, 44, 45, 46 тармақтарында көзделген өнертабысқа арналған өтінім бойынша қойлатын талаптарға сәйкес.
Достарыңызбен бөлісу: |