Қазақстан Республикасы «Ғылым және Білім Министірлігі»
Семей қаласы Шәкәрім атындағы университет
КЕАҚ
СРО
Пән атауы –Ежелгі дәуір әдебиеті
Тақрыбы – «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштерінің аударылуы мен жариялану мәселелері
Тексерген – Қабышев Талғат Болатұлы
Орындаған – Биғалиқызы Зере КЯ-003 тобының студенті
Семей қаласы 2021ж
Жоспар:
«Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштерінің аударылуы мен жариялану мәселелері
1. Орхон жазуының мазмұны мен айтар ойы.
2. Жырдағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлғаның Күлтегін екендігі.
Ғылыми әдебиеттерде Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды. Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.
Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,
Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,
Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,
Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді.Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды. Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.
2 Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К.Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Бұл тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті.
Орыс География қоғамының Шығыс Сібір бөлімі 1889 жылы Монголия арнайы экспедиция ұйымдастырды.
Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.
Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.
Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.
Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ, В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты.
Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзені бойынан Н. М. Ядринцев тапқан ескерткіштер Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны Білге қаған (алғашқы аты Могилянь) мен қағанның інісі, даңқты әскери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары еді.Сөйтіп, руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон -Енисей» жазуы деп атап кетті. Бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді.Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н. М. Ядринцев көне түркі ескерткіштерін іздестіруді осымен шектеп қойған жоқ. Тағы да іздене түсті. Ақыры 1891 жылы Монғолияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір құлпытасқа бедерлеп жазылған ескерткіш тапты. Бұл кейінірек ғылымда «Онгин ескерткіші» деп аталып кетті. Көп ұзамай-ақ түрколог ғалымдар Онгин жәдігерлігін де оқып шықты. Сөйтсе, әлгі тастағы жазу түрік елінің атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қатынннғна қойылған ескерткіштер екен.Кейінірек сол маңайдағы Селенга өзеңі аңғарынан түрік елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі болған, данышпан қарт Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіш табылды. Оны тапқан ағалы-інілі Клеменцтер еді. Іле-шала түркологтар Тоныкөк ескерткішін жан-жакты зерттей бастады.Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма іс жасау және ғылыми мәтінін дайындау ісіне В. В. Радлов, В. В. Томсен, Ю. Немет, X. Н. Оркун, т. б. орыс және еуропа ғалымдары қыруар молл үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С. Е. Маловтың бұл саладағы еңбегі ерекше зор болды. Ол көне түркі жазуындағы мәтіндердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударады. С. Е. Малов бірқатар аудармаларға едәуір түзетулер еңгізді.Орхон – Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж.) Орхон – Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен.1697 жылы Тобыл қаласының бояры С.Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте талас бойындағы «Орхон тасы» жер атап көрсетілді. Көне түркі жазба нұсқауларын зертеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді Ал Орхон – енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі сібірде 13 жыл айдада болған швед офицері Ф.И. Табберт – Страленбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 «Европа мен азияның солтүстік және шығыс бөлімдері» атты еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты аралаған Д.Е.Мессершмидтің күнделік жазбаларында да көне түркі жазбаларының кейбір үлгілері туралы деректер келтірілген.Қазіргі орта Азия, Қазақстан, сібір жерлерін аралаған жиһангер Совет заманында өзгерген өңірдің салтанатты, әсем қалаларын, зәулім заводтарын, алып фабрикаларын қызықтап – тамашалары сөзсіз. Сонымен бірге өлкелереден қол қусырып мүлгіген жансыз, меңіреу балбал тастарға да, опат соғыстардан қирап жер астына түскен ескі қалалардың жал-жал көмескі қорғандарына да, сол бір жойқын бүліншіліктерге төтеп берген сәулет өнерінің не бір ғажап ескерткіштеріне де кз тоқтатып, тарих түбіне ой жіеріп өтері де ақиқат. Бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – орхон ескерткіштері (VIIIғ.) жайында, Білге қағанға, Күлтегінге, тоныкөкке арналған құлпытастағы жазулар жайында.
Онда VIIIғасырдың іргелі мемелкеті – Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суретеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері хандар, бектер, болғанмен, біз олардан неше түрлі қанау-тонауды көрген, азап-мехнат шеккен бұқара халықтың аянышты өмірін суретеу талабын да анық көреміз.
Орхон жазбаларын кейбір зертеушілер тарихи деректер жиынтығына жатқызса, енді біразы оларды тарихи ерлік жыры деп тануда.
Енисей, Орхон және Талас жазба ескерткіштерінің тілі туралы сөз қоздырудан бұрын, онда қолданылған әліпби жайында айта кеткен орынды. Түркі тілдері тарихындағы ең алғашқы әліпби осы жазулар әліпбиі болып есептеленідеі. Енисей, Орхон және Талас жазуларының тарихи тамыры мен оның таралу жолдары жөнінде күні бүгінгіге дейін бірізділік жоқ. Орхон – Енисей әліпбиінің шығуы, түп – төркіні жөнінде түрколог ғалымдар арасында бірталай талас пікірлер бар. В.Томсон, В.Радлов., С.П.Толстов., П.Мелиоронский, С.Доннер, Е.Блоше Орхон-Енисей жазуының әріптерін арамей жазуынан тараған деп қарайды. Онда ол араб жазуымен негіздес болып шығады. Ғалымдардың айтуынша, арамей әріптері көне еврей, сирия әліпбиімен бірге финикия жазуының негізінде пайда болған. Осыған орай, В.Радлов, С.В.Киселев және И.А.Батманов жазуды шығыстан емес, батыстан келген болуы керек деп топшыласа; тарихшы С.Г.Кляшторный бұл әліпбидің Орта Азияға арамей әліпбиін қолданған иран тілді батыс көршілердің ауысуы ықтималдығын айтады.
П.М.Мелиорионский енисей және талас жазулары «таңбалар негізінде пайда болды» деген пікірді сынай отырса да, көне түркі таңбалары осы жазу үлгілерінің негізі болуы мүмкіндігін мүлде теріске шығармайды.
Г.Вамбери Орхон- енисей әліпбиінің ерекшеліктреі жөнінде айта келіп: «Бұл әліпби ықшамды емес, сондықтан VI-VIII ғасырлардағы түркі тайпалары емес», — деп қарады.
П.Мелиоранский болса, керісінше, енисей, Орхон және талас әліпиін сол кездегі «түркі тайпаларының аталбы мен қажетін өтей білген, түркі тайпалары тілінің дыыстық ерекшеліктерін дәл бере алған» деп бағалады.
Жоғарыда аталған жазулардың ең ескісі енисей жазба ескерткіштері. В.Радлов, П.М.Мелиоранский, С.Е.Малов сияқты ғалымдар орон жазуымен салыстырғанда енисей жазуы әлдеқайда көне деп есептейді. Бұл жөнінде К.А.Батманов былай деп жазды: «Они имеют лишь стилистические отличия? Свячанные с тем, Что енисейские более позднее? Характеризуеются отработаным их изображение? Эволюционировавшим около двухсот лет», Енисей, Орхон және талас жащуы сонау табғаш іргесінен асталып, орта Азия мен Венгрия жеріне дейін тарап, кең жайылған. Осыған орай, бұл жазулардың арасында жазылу /графикалық/ ерекшеліктері де кездеседі.
XVIII ғасырдың басы еді. Орыс армиясының қолына түскен тұтқын щвед офицері Филипп Иоганн Страленберг Сібірді түгел аралап, Орхон өзенінің бойын жағалай жоғары өрлеп келе жатты. Ұзақ жүрді, бірақ бұл өңірден пәлендей тіршіліктің белгісін көре алмады. Әбден шаршап-шалдыққан саяхатшы алдағы жолдың қызығынан біржолата күдер үзгендей еді, бір кезде сонау көз ұшынан бұлдырап сағымға малтыққан кереметті көзі шалғандай болды.
Қызыл көрген бүркіттей шаршағанын ұмытып, Иоганн жүрісті жылдамдата түсті. Жақындаған сайын оны әрі үрей, әрі өзгеше бір жұмбақ сезім билей бастаған тәрізденді. «…Зәулім тастар, белгісіз таңбалар, тас болып қатып қалған адамдар… Әйтеуір ұзына бойы созыл-ған, қол қусырып мөлиген тас мүсіндерде шек жоқ. Бұл не ғажап? Табиғаттың өзі жасаған құдірет пе, жоқ олде адамның сиқырлы қолынан туған керемет пе?!.»
Ол ұзақ ойланды, ұзақ толғанды; бірақ түпсіз шыңырау, тұңғиық ойдың түбіне жете алған жоқ.
Содан бері үш жүз дылдай уақыт өтті, бірақ сол меңіреу тастар «Орхон ескерткіштері» аталып дүниежүзі ғалымдарын әлі күнге дейін тамссандырып келеді. Бұл мұралар жайындағы алғашқы мәліметер 18 ғасырдың басында көріне бастайды. 19 ғасырдың алғашқы ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналнда Григорий Спаски жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латн тіліне аударылады да Орхон ескерткіштері ғалымдарына да белгілі бола бастайды, бұл хабарды естіген археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай жазбалардың әліппесі табылған бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген.
1889 жылы орыс зерттеушісі Н.М.Ядринцев Орхон өзенінің бойына, Енисей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді.
Н.Ядринцев тасқа мынадай сипаттама береді: биіктігі – 3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді. Жоғарғы бөлігі өрнектелген тастың төртжағ бірдей жазылған батысқа қараған бетінде қытай жазуы да қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған. Көп кешікпей Н.Ядринцев Россия археологтарының 8-ші конгресінде ғалымдардың назарын сол орхон бойындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері депқна аталып келген жазбалар енді. Орхон яки Орхон Енисей жазулары деген атқа ие болды.
1892 жылы сы екі экспедицияның да қорытындысы жазбалардың суретімен екі үлкен атлас түрінде жарияланып бұл атлас дүниежүзі ғалымдарынң алдына ауыр да жауапты міндет – жазудың сырын оқу міндетін қояды. Міне дәл осындай зерттеуші – дания ғалымы Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгель Томсен болып шықты.
1877 жылы бслып шықан ерте русь және скандинавияның өнері өзара қатынастанына арналған тарихи еңбегінен соң Томсен оңтүстік сібірден табылған Орхон енисей ескерткіштерін зертеуге біржолата ден қояды. Ақыры 1893 жылы орхон жазуының «кілтін» табады.
Біздің ғалымдарымыздың көбісі осылай «кілтін» тапты деп жалпылама бір сөзбен ғана айтып жүр де, ал қалай тапқандығы туралы мәселенің ең қажеті жағы айтылмай келеді.
Ғалымның назарын енді мына бір таңбаларын (оңнан солға қарай оқимыз). і – р – ң – т, демек тңрі («тәңірі, аспан, көк» құдай мағынасында – М.Ж) деп оқиды.
Ғалымның назарын енді мына бір таңба тобы аударады. өйткені бұл ескерткіш тастың біреуінде де кездеседі де, екіншісінде кездеспейді. Томсон мынадай шешімге келеді. Бұл таңба осы ескерткіш арналған бетің ия батырдың есімі болуға керек.
Қытай тексінде оның аты – Кюэ-те-гин. Қытай тілінде сөздің соңғы буында л дыбысының болмайтындығын және басқа тілден ауысқан сөздерді беруде л – дың түсіп қалатындығын ескере отырып зертеуші таңбалар тобын Күлтегін деген сөзбен салыстырады.
Дәл осы принциппен қарағанда қытай тексіндегі Би-кя ескерткіштің (екінші таста) мынадай таңбалар тобымен сәйкес келеді. Оның мағынасы білге деген сөзді білдіреді.
Енді Томсен ескерткіштің екеуінде қайталана беретін
таңбалар тобын тексереді. Бұл сөздің құрамындағы алғашқы үш таңба ғалымға белгілі. Ежелегенде оңнан солға қарай мұның әдепкі үш дыбысы түр болып шығады. Демек бұл түрк деген сөз болу керек.Сөйтіп к дыбысының таңбасын табады. Бұл дыбыстың бір таңбасын біз Күлтегін деген сөздің құрамында кездестірген едік.
Ескертетін бір жай қытай текстерінен аталған ескерткіштің тілі қай халықтікі екендігі турасында мәлімет болатын ол қытайша – ту-кюэ халқы. Демек бұл сол кещде белгілі болған барлық түркі халықтарының тілінен әлдеқайда әрідегі таза түркі диалектісінің тілі.
Сонымен моңғолия жерінде Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштерді кім жасаған және олар бүгінгі халықтардың қайсысына жақынырақ. Ескеркіштерді жасаушыларда оның бас кейіпкерлері де түркі халқы, түркі жері, оның батырлары. Ал көне түркі дегенді көбіне көне қазақ тайпалары деп ұққан жөн болады.
3 Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған.
Кеңестер Одағы кезінде өткен тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан болар ата-бабамыздың бай мұрасы Түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады.
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин – угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп тексе, 1912 жылы ғалым В. Л. Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол – чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В.В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.
Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу» /КТБ/, ал 13 жол жазу кіші жазу /КТМ/ деп аталады.
Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. Жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы» делінген. Қазақтың халық ақыны белгілі ғалым Олжас Сүлейменовтың көне мұра жөнiнiде 80 жылдары Монголияға әдейілеп ұшып барып, көне ескерткіштегі жазуды өз көзiмен көргеннiн және жазудың біраз бөлігінің бүлінгенін байқап, Монголияның мәдениет Министрiне кiрiп ескерткiштердi ашық аспан астында қалдырмауды өтiнген. Бұл өтiнiштi Мәскеуге де, Алматыға да жеткізгендігін айта келе «Ендi мiне, сол арманымыз iске асып отыр. Бабалар рухы өз елiмiзге оралды. Шын мәнiнде ешбiр халықта жазу мәдениеттi қалыптаспаған кездiң өзiнде бiздiң бабаларымыз өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен» -деп, түркі тіліне жатқызуға қимаған Еуропалықтардың пікірлерінің теріс екекдігін дәлелдеді.
Күлтегiн бабамыздың ел-жұртының қамын жеген iсiне айқын дәлел болатын тарихи жәдiгердiң көшiрмесi 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнде орнатылды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған «Байырғы түркi мәдениетiнің жазба ескерткiштері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның Қазақстанда өтуi үлкен жетістік болса, геосаяси және этномәдени жағынан түркі тілдес халықтарды жақындастыра түседі.
Ескерткіштің көшірмесін жасауға тікелей атсалысқан, түркі мәдениетін зертеуші Иманғали Тасмағамбетовтың «Елдiк пен ерлiктiң ерекше ескерткiшi» деген еңбегінде «Төл тарихымыздың ең көне ескерткiштерiнiң бiрi, түркi жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегiннiң құрметiне орнатылған ескерткiштiң туған топыраққа оралуы, өшкенiмiз жанып, өлгенiмiз тiрiлгендей, зор қуаныш екенiн» атап көрсеттi.
Белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков сол конференцияда дүние жүзiнде дәл осыған ұқсас он бес мыңдай ескерткiштер бар, оларды оқып, бiр жүйеге түсiру транскрипциясын жасау қажеттiгiн, сонымен қатар, алдағы уақытта жыл сайын 25 қараша – Түркi ескерткiштерiнiң күнi болып белгiлендi.
Кириллица мен латын жазуы мың жылдың арғы-бергi тұсында ғана пайда болды десек, бабаларымыздың одан 600 жыл бурын тіл жазуы, әдебиетi, тiл мәдениетi болғанын сол тасқа басылған таңбалы жазулар дәлелдейдi.
Ескi дәстір бойынша таққа Күлтегiн отыруы керек болса да өзі таққа отырмай туған ағасы Бiлге қаған таққа отыруынан Күлтегiннiң құрметiне қойылған ескерткіште, сол бағзы дәуiрдегі бабалардың дүниетанымы жоғары деңгейде болғандығын «Көк түрiктердiң басқа империядан ерекшiлiгi, үкiмет, ел басқару жүйесi заңдастырылғандығын», ел басқару жүйесі қазіргі заманғы үрдістей демократиялық жолмен шешетіндігін аңғаруға болады.
Күлтегін жыры, париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлдығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегіге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның "Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда" сөздері жазылған.
Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді.
Қазіргі уақытта Күлтегінге арнап қойылған ескерткіш мәтіні жазулары 732 жылы, Білге қағанға арнап қойылған құлыптасындағы жазу 735 жылыдары жазылғандығы, басқа да Орхон – Енисей ескерткітеріне жататын көптеген құлыптас жазулардың 716-735 жж. аралығында жазылған деп жорамалдауда.
Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ғ.Айдаров. «Күлтегiн ескерткiшi». Алматы. 1996, 13-б., 177-б.
2. «Қазақ СССР тарихы» I том 450-458 бет.
3. Аманжолов. «Түркi халықтарының тарихы». I том, 177-б
4. М. Кемел. «Даналық дәрiстерi», «Күлтегiн-тоныкөк». 55-б
5. Тiлеген Садықов «Күлтегiн кұдiретi»// Егемен Қазақстан. 2004, 18 наурыз. 5-б
6. С. Бақытжанов. «Күлтегiнмен келген кие»// Егемен Қазақстан. 2001, жыл 19 мамыр. 4-б
7. Ислам Қабышұґлы «Халқымыздың өркениетке қосқан асыл мурасы»// Егемен Қазақстан. 2004, 20 наурыз. 4-б
Достарыңызбен бөлісу: |