Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,48 Mb.
#806
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

№ 9 сабақ. Тақырып: «Не? Қашан? Қандай?» 
Мақсаты  мен  міндеттері:  Сөздерді  байланыстыра  сөйлетіп,  балалардың 
сөздік  қорын  дамыту,  етістік,  сын  есім,  зат  есім  сөздерін  бекіту.  Жатыс  септік 
жалғауын  дұрыс  айтқызып,  күрделі  сөйлем  құрастыру.  Артикуляция 
жаттығутарын  жүргізіп,  балалардың  қазақ  тіліне  тән    дыбыстарды  анық,  таза 
айтқызу.  Есту,  көру  қабілеттерін  арттыру.  Өз-өзін  бақылау  және  өзі  істеген 
жұмыстарын бағалау. 
Сөздік жұмысы: Себетте, дөңгелек, қызыл, тәтті, сатып алды. 
Көрнекі  құралдар:  Себет,  жеміс,  көкөністердің  муляждары,  шартты 
белгілермен  сөйлем  құрастыруға  арналған  сызбалар,  түрлі-түсті  қарындаштар, 
үлестірмелі карточкалар, жұмыс дәптері. 
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: 
1. Мұғалім сабаққа 2 себет әкеледі:- Посмотрите, дети, в одну корзину мы 
соберем жемістер-фрукты, в другую көкөністер-овощи. 
Сұрақ-жауап:- Саша, себетте не бар? –Себетте алма бар. 
-Алма  қандай?    -  Алма  дөңгелек,  қызыл,  тәтті.  Тапсырма:  -Дорисуйте  в 
корзине  овощи  и  фрукты  и  назовите  «қазақша»  в  единственном  и 
множественном числах. 
2. «Оля не сатып алды?» ойын-жаттығуы. 
Мұғалім «сатып алды» етістігімен таныстырады (2-3 рет қайталау) . 
Мұғалім: Оля была в магазине и купила овощи , фрукты. Подумайте,  
- Оля не сатып алды? – Что купила Оля?  
Тапсырма:- Оля не сатып алды ?(суретін сал.) Балалардың жауабы (Оля қарбыз 
сатып алды. Алмұрт сатып алды.) 
3. Мұғалім тақтаға карточкалар мен сызбаларды іледі.  «Қандай?» - сұрақ. 
-Давайте,  дети,  расшифруем  это  предложение:  Үлкен  аю  жатыр.  Қатты 
кітап әдемі. Сары жастық жұмсақ. 
4. Сергіту сәті: Ойын «Балабақшада» (2-3 рет қайталау) 
 
 
- Алақай, қайда балақай: 
Кім балақай? 
Оля балақай 
- Оля қайда? 
- Оля балабақшада. 
5.  Мұғалім  балаларға  үлестірмелі  текшелер  таратады:  «Қызда,  балада  не 
бар?» деп сұрайды. Тақтада жұмыс: «Қызда екі қызанақ бар. Балада бес қауын 
бар.»  Тапсырма:  -  Посмотрите  в  тетради  на  4-ое  задание  и  составьте 
предложение,  правильно  проговаривая  окончание.  Оляда  тоғыз  сәбіз  бар. 
Сашада жеті алма бар  
6. Дыбыстарға арналған ойын-жаттығулар. 
- быз, -быз, жасыл қарбыз, 
- зім, -зім, тәтті жүзім. 
- ша, -ша, қызыл қызылша, 
- нақ,-нақ, дәмді қызанақ. 
6.
 
Өзін-өзі бақылау және бағалау. 
 

 
122 
№ 13 сабақ. Тақырып: «Ағашта, орманда не бар?» 
Мақсаты мен міндеттері:- Сан есім, сын есім, етістік сөздерімен толымды 
сөйлем  құрастыру.  Жатыс  септік  жалғауын  анық  айтқызу.  «Қандай?»  деген 
сұраққа  жауап  беруге  дағдыландыру  (үлкен,жасыл).  «Үстінде»,  «астында» 
деген үстеу сөздерін сөз қорына енгізу .Қазақ тіліне тән дыбыстарды сөздерде 
анық айтып, белгілеп көрсету. Құстардың дене мүшелері туралы түсінік беру.  
Сөздік жұмысы: бас, тұмсық, құйрық, қанат, ұя, құс, тоқылдақ т.б. 
Көрнекі  құралдар:  Ағаштың  суреті,  «Аулада»  деген  сюжетті  сурет, 
карточка-схемалар, ұяның суреті, түрлі-түсті қарындаштар, жұмыс дәптері. 
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: 
1. Мұғалім тақтаға ағаштың суретін іліп, сұрақтар қояды: 
-  Мынау  не?  (ағаш).  Ағашта  не  көп?  (жапырақтар)  Жазда  жапырақтар 
қандай? (жасыл) 
-  Күзде  қандай?  (сары,  қызыл,  тоқ  сары,  қоңыр).  Ағаштың  түсіне  назар 
аударады. 
- Үстінде не бар? Что есть на верху? (гнездо-ұя бар) 
Мұғалім  ұя  суретін  көрсетіп:  -  Мынау  ұя.  «Ұ»дыбысы  бар.  Ағаштың 
астында не бар? Что есть внизу дерева? (шөп, гүл бар). 
Тапсырма:  В  пустых  квадратах  нарисуйте  «ағаш  үлкен»-секретный  знак 
«үлкен» как рисуется? (жасыл, в третьем квадрате рисуете шөп, гүл) 
2. «Ағашта неше, қандай құс отыр?» Мұғалім тақтаға сызба - карточканы 
іліп (шартты белгілер, тірек суреттер). 
- Дети, придумайте по схеме сколько и какие птицы сидят на дереве? 
Үлгі: «Ағашта екі үлкен тоқылдақ отыр.» 
- Орманда (в лесу) қанша құс бар? Сызба бойынша сөйлем құрастыру. 
Тапсырма:-  Смотрите  в  тетради  (задание  №2)  и  составьте  предложение 
сколько на дереве птиц и сколько в лесу (орманда) птиц? 
3. «Аулада қандай құстар бар?» ойыны. 
Мұғалім құстардың суретін көрсетіп  «Қ»дыбысы бар сөздерді тауып алу 
керектігін  айтады.-Дети,  какие  это  птицы?  –Назовите  птиц,  где  есть  зв.  «Қ», 
затем «Ә», есть ли птицы со звуком «П»? 
Тапсырма:Обведи в кружок слова, где есть зв.  «Қ»(тауық, қораз, мысық, 
күрке  тауық.)  «Ә»-әтеш;      «П»-балапан.  Тапсырма:-  Бояңдар:-«Сары  балапан, 
қара ит». 
4. Сергіту сәті:1,2,3, Балалар алды күш!... (Мәтінді 2-3 рет қайталау.) 
5. Тақтада құстың сурет - сызбасы. - Қандай дене мүшесі бар? (Көрсетеді: 
аяқ, көз, бас.) Таныстырады: У птиц есть клюв, твердый, долбит предметы, еду, 
помогает  защищаться  от  врагов.  Клюв  по-казахски-тұмсық  (2-3  рет  қайталау) 
Еще  у  птицы  есть  крылья  -  қанат,  который  помогает  им  летать.  Хвост  тоже 
помогает  передвигаться,  защищаться  от  врагов.  У  некоторых  птиц  хвост 
большой, красивый. Например, у домашних птиц - индюка (күрке тауық) хвост 
большой (үлкен, әдемі) Хвост - құйрық. Тапсырма:-Покажите у птицы –құйрық, 
тұмсық, қанат. 
6.  Мұғалім:  «Помогите  Незнайке  расставить  цифры»  и  скажите  на 
казахском. 

 
123 
7.  «Ұ»  дыбысы  бар  суреттерді  көрсет.  -Покажи  рисунки,  где  есть  звук 
«Ұ» 
(ұя, алмұрт, ұшақ), где нет зачеркните. 
8.Қорытынды: Балалар өз жұмыстарын бағалайды. 
 
№ 14 сабақ. Тақырып: «Үй жануарлары». 
Мақсаты  мен  міндеттері:  Үй  жануарларын  атап,  «Қ»,  «Ы»  дыбысы  бар 
жануарларды  белгілеп  көрсету.  Есту,  көру,  оқу  қабілеттерін  арттыру. 
Жануарлардың түсін, мөлшерін айтқызып, сөйлем құрастыру. Қазақ тіліне тән 
дыбыстарды  анық,  таза  айтуға  дағдыландыру.  Тірек  суреттерді,  шартты 
белгілерді  пайдаланып,  балалардың  ойлау  қабілеттерін  дамыту.  Сан  есімдерді 
есімдікпен бірге қосып, сөйлем құрастыру. 
Сөздік жұмысы: Мынау жылқы. Үлкен. Түсі қара. Мынау қой. Қой үлкен. 
Түсі ақ. Бұл ақ қой. 
Көрнекі  құралдар:  Үй  жануарларының  суреті,  ойыншықтры,сиырдың 
суреті  (дене  мүшелерінің  жазуымен),  түйенің  суреті  шартты  белгілерімен. 
Әңгіме  құрастыруға  берілген  тірек  суреттер,  шартты  белгісімен  бейнеленген 
сөздер, жұмыс дәптері. 
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: Суреттер бойынша жұмыс.  
1.  «Назовите  здесь  домашних  животных».  «Какие  части  тела  есть    у 
коровы?» 
2.  Мұғалім:  «Найдите  рисунок  где  есть  звук  «Қ»,  отметте  стрелкой,  где 
есть животные со звуком«Ы» (Сиыр)-отметте стрелкой. Зачеркните животных, 
которых не отметили (Ешкі,түйе). 
3.  Мұғалім:  «Посмотрите  на  задание  №2»,  «Какие  части  тела  есть  у   
коровы?» 
«Сиырда (у коровы) не бар?» Читаем, мүйіз – рога - показываем стрелкой, 
құйрық – хвост (суреттен тапқызу), аяқ-нога (суреттен тапқызу). 
Тапсырма:  Саша,  көз  қайда,  құлақ  қайда?  Міне,  көз,  міне  құлақ.  (сурет 
бойынша әрі қарай диалогқа тарту). 
4.Сергіту сәті.  
Қоңыр аю – арбаң-арбаң, 
Қоңыр қонжық –қорбаң-қорбаң. 
Қоңыр түйе маң-маң, маң-маң, 
Ыстық дала – шаң-шаң, шаң-шаң 
5.  «Түйе  қандай?»  ойын  жаттығуы  (Задание  №3).  «Посмотрите  на 
секретные  знаки»  и  скажите  «Түйе  қандай?»    -  Түйе  қоңыр,үлкен.  Далее 
учитель  показывает  следуюшие  игрушки:  -  Маймыл  қандай?  Маймыл  қоңыр, 
кішкентай. 
6.Мұғалім  тақтаға  шартты  белгілері  мен  тірек  суреттері  бар  сурет-
сызбаларды іледі.  «Дети, мы составим рассказ по картине: Күн жылы. Аулада 
қой, жылқы, ешкі бар. Ешкі шөп жейді. Сиыр шөп жейді. Саша қойға су берді. 
Тапсырма: Составить рассказ по картине (рабочие тетради). 
 

 
124 
№15 сабақ. Тақырып: «Жабайы аңдар. 
Мақсаты  мен  міндеттері:  -  Сөз  қорын  жаңа  сөздермен  молайту  (қоян, 
көжек, арыстан, жолбарыс.) Сөздердің ішінен «Ы», «І», «Ө» - дыбыстарын анық 
айтқызу  және  белгілеп  көрсету.  Балалардың  белсенді  сөздік  қорына  етістік 
тұлғаларын  енгізу.  Сөйлемдегі  сөздердің  орын  тәртібін  сақтауға  үйрету. 
Балаларды өз-өзін бақылауға және істеген жұмысын бағалауға жұмылдыру. 
Сөздік  жұмысы:  жейді,  жатыр,  секіреді,  отыр,  қоян-көжек  арыстан, 
жолбарыс. 
Көрнекі  құралдар:  Жабайы  аңдардың  суреті.  «ы»,  «і»,  «ө»  дыбыстары 
белгіленген ағаштың суреті. 
Пайдаланатын  әдіс-тәсілдер:  «Қандай  аңдар?»  үлестірмелі  және  жалпы 
суреттер бойынша аңдарды көрсету. 
1. Нарисуй знак «секіреді» и покажи кто прыгает. 
2.  Мұғалім:  («Суреттен  үш  жапырағы  бар  жапырақты  көрсетеді) 
«Выросло волшебное дерево-ағаш. Ағашта 3 жапырақ бар. На одном листочке 
нарисован звук  «Ы»,  на другом  звук  «І», на 3-ем звук  «Ө»). Собрались звери, 
все хотят жить под волшебным деревом. Подумайте, дети, кому здесь жить? 
Тапсырма:  Отметьте  стрелкой  зверей,  где  есть  звук  «ы»,  «і»,  «ө».  
Ы-тышқан, І - кірпі, түлкі - Ө-жоқ. 
3.  «Не  істейді?»  ойын-жаттығуы.  Мұғалім:  «Что  делают  звери, 
расскажите,  посмотрите  на  секретные  знаки».  Балалар:  Жолбарыс  жатыр. 
Маймыл  секіреді.  Аңдардың  суреттерімен  сөйлем  құрастырады  (үлестірмелі 
текшелер). 
4. Сергіту сәті: Алма кетті домалап,  
                         Көше бойын жағалап. 
                         Кім алманы табады, 
                         Сол мектепке барады. 
(Балалар алма муляжін айналдырып бір-біріне беріп, мәтінді айтады. 
Ортаға шыққан бала сұраққа жауап береді.) 
5.  Мұғалім  балаларға  аңдардың  суреті  бар  сөйлемнің  сызбасын  тақтаға 
іледі.-Составьте по схеме  предложения.  «  Мынау  үлкен аю. Сколько слов? (3). 
Первое слово – «Мынау», второе-«үлкен», третье- «аю». Тапсырма: Теперь сами 
в тетрадях по картинке составьте  предложения. (№4). 
6.  Мұғалім  ойыншықтарды  таратып  береді  де,  «Сенде  не  бар?,  Түсі 
қандай?» - деп сұрайды. Жауап: «Менде қоян бар. Түсі – ақ. Қоян секіреді.» 
7.Өзін-өзі бақылау және бағалау. 
 
№ 16 сабақ. Тақырып: «Менің отбасым». 
Мақсаты мен міндеттері: Отбасы мүшелерінің аты-жөнін қазақша айтқыза 
отырып, сұрақ-жауап әдісімен қысқаша сөйлем құрай білуге үйрету. Балалардың 
ойлау  қабілетін  арттыру  (шартты  белгілер,  тірек  суреттер).  Антоним  сөздерді 
бекітуге әр түрлі жағдайлар туғызу. Тірек суреттерді пайдаланып, буыннан сөз 
құрастыру.Есту, көру, жазу қабілеттерін дамыту. 
Сөздік  жұмысы:  әке,  шеше,  әже,  ата,  аға  т.б.  үлкен,  кішкентай,  жұмсақ, 
қатты т.б. 

 
125 
Көрнекі  құралдар:  Отбасы  туралы  суреттер.  Шартты  белгілер  мен  тірек 
суреттермен  бейнеленген  текше-сызбалар,  жұмыс  дәптері,  түрлі-түсті 
қарындаштар. 
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: 
1. Е.Өтетілеуовтің «Бір үйде біз нешеуміз?» өлеңінен үзінді көрсету. 
Екі бала бір-біріне қарсы тұрып сұрайды: 
«Бір үйде біз нешеуміз? 
Кел, санайық екеуіміз. (Саусақтарын санайды). 
Бас бармағым - әкем, 
Балан үйрек – ағам, 
Ортан терек-шешем, 
Шүлдір шүмек-сен, 
Кішкентай бөбек-мен» деп, суреттен отбасы мүшелерін тауып көрсетеді. 
Сұрақтар: -Үйде кім бар? -Үйде әкем, шешем, әжем, атам бар. 
2. Тапсырма: Суреттердің астына кім екенін жаз (әке, шеше, әже, ата, аға). 
«Олар  не  істейді?»  ойын  жаттығуы.  «Семья  собралась  дома.  Кто  что  делает? 
Кого  нет?»  Тапсырма:  Ата  не  істейді?  Посмотри  на  условный  знак  и  составь 
предложение.  Бала  не  істейді?  Ойнайды  деген  сөзді  шартты  белгісімен 
таныстыру.  
3.  Мұғалім  балалармен  әңгімелеседі.  «Слова  бывают  разные.  В  русском 
языке есть такие слова, которые называются антонимы! То есть слова наоборот, 
например:  хороший-плохой,  по  казахски:  жақсы-жаман.  Допты  көрсетіп:  мяч 
бывает большой, маленький, мягкий, твёрдый. По  казахски: үлкен, кішкентай, 
жұмсақ, қатты. 
Сұрақтар:  Давайте,  я  буду  говорить  выражения,  а  вы  это  скажете 
наобарот. Үлкен доп-(кішкентай доп.) Жылы тон-(суық тон.) 
4.  Тапсырма:  Посмотрите  в  тетради  и  составьте  предложение:  Жақсы 
бала, жаман бала. 
Сергіту сәті: Поиграем игру «Балабақшада». 
 Мәтінге сәйкес қимыл жасау. 
5. «Әсем идёт в школу. Она учится составлять из слогов слова. Помоги ей 
выполнить  задание.»  Тапсырма:  Стрелкой  покажи  какое  слово  получится, 
назови («қуыршақ, мысық, маймыл қайда?»). 
6. Карточкалармен жұмыс сөйлем құрастыру «Бала балабақшада». 
7. Қорытынды «Шешем жұмыста». 
 
№ 17 сабақ. Тақырып: «Менің отбасым». 
Мақсаты мен міндеттері: Сөздерді байланыстыра отырып, жай сөйлем  
құрастыруға  дағдыландыру.  Балалардың  өткен  сабақтағы  білімдерін 
тиянақтау, оларды жаңа шартты белгілерімен таныстыру (жақсы көремін) есту, 
көру, оқу қабілеттерін жетілдіру. І»,  «Ғ» дыбыстарын (қазақ тіліне тән) дұрыс 
айтуға жаттықтыру; 
Сөздік  жұмысы:  Бала-балақай,  атай,  аға,  тәте,  ата,  шеше,  әже;  Атам  –
орманшы.  

 
126 
Көрнекі құрал: «Үйде кім бар?» ойынына арналған сюжетті құрал. Отбасы 
мүшелерінің суреттері жазуымен (ата, шеше, әже, бала, қыз), шартты белгілер – 
(«жақсы көремін»), сюжетті суреттер (шартты белгілері, тірек суреттері). 
Пайдаланатын  әдіс-тәсілдер:  Көркем  сөз.  Мұғалім  балаларға,  бала  мен 
атаның суретін көрсетіп төмендегі өлеңді айтады: 
Бүлдірген тереміз, балақай! 
-Алақай! 
Ат жарыс көреміз, балақай! 
-Алақай! 
Айға ұшамыз, балақай! 
-Алақай! 
-Жүр, ағаш жарамыз, балақай! 
-Әй, ата-й-й! 
1.  Өзара  сөйлетіп  үйрету.  Сурет  бойынша  тапсырма:  -  Возьми  в  кружок 
слова «жидек тереміз, ат жарыс көреміз, айға ұшып барамыз, ағаш жарамыз». 
- Прочитайте, какие слова сказал мальчик в ответ дедушке - Әй!Ата-й-й! 
2.  Мұғалім:  Бұл  жайлау.  Ата,  қыз  жайлауда.  Ата  отыр.  Қыз  отыр.  Ата 
қарбыз жейді. Задание: - Прочитайте, что говорит девочка дедушке (Ата, қарбыз 
же!  Қарбыз  тәтті).  Тапсырма:  -Боя!  Сары  алаша.  Жасыл  қарбыз.  Гүлдер  өседі 
(дорисуйте гүлдер). 
3. Мұғалім сюжетті сурет арқылы әңгіме құрастырады.Үлгі береді: Атам –
орманшы  (дедушка  мой-лесник).  Орманда  құстар  бар.  Сұрақтар:  Ағашта  неше 
құс отыр? Не өседі? (гүлдер өседі). Азамат не жеді? (шие жеді). 
4. Сергіту сәті: (Балалар қимыл жасап, көрсете отырып, қайталайды) 
                                                Бас ойлайды. 
                                                Көз көреді. 
                                                Құлақ естиді. 
                                                Қол жазады. 
                                                Аяқ жүреді. 
5.  Дымбілмес  учит  казахские  звуки  «Ғ»,  «І».  –Подскажите  ему,  в  каких 
словах есть звуки «Ғ», «І» и нарисуйте. Мұғалім суреттерді дәптерден көрсетіп: 
- «І» дыбысы бар ма? – «Ғ»дыбысы бар ма? – деп сұрайды. Балалар тапсырманы 
орындайды: «І»- бір, екі, жеті, сегіз; «Ғ»-тоғыз, сағат, ағаш. 
6. Тапсырма: «Кто быстрее выучит скороговорку?» (Балалар екі топ болып 
шеңбер  құрып,  жарыса    жаттайды,  қай  топ  қаншасын  тез    жаттаса,  жеңімпаз 
саналды) 
Ата жылқы ала ма? 
Әже ала мата ала ма? 
(Мазмұнын түсіндіру, қайталап жаттату, жаттықтыру) 
Бала-шаға алашаға отырды, 
Алашаға бала-шаға отырды. 
7.  Тақтаға  -  «жақсы  көремін»  шартты  белгісі  ілінеді.  Мұғалім:  Вы  все 
любите  своих  родителей.  Слово  «люблю»  можно  показать  в  виде  рисунка 
сердца.  Потому  что  мы  любим  сердцем.  Мен  атамды  жақсы  көремін.  Мен 
шешемді жақсы көремін. (Сөйлемдер құрату,өзара сөйлету). 

 
127 
8. Қорытынды: - Какой новый, условный знак мы узнали? 
 
№ 18 сабақ. Тақырып: «Адамның, жануарлардың дене мүшелері». 
Мақсаты мен міндеттері: Сөздік қорға дене мүшелер туралы жаңа сөздер 
енгізу.  Халық  педагогикасының  элементтерін  пайдаланып,  балалардың  ойлау, 
есте  сақтау  қабілеттерін  арттыру.  Сөздерді  буынға  бөлу  дағдыларын  дамыту. 
Ілік  септік  жалғауын  пайдаланып,  сөйлем  (Бұл  түлкінің  құйрығы)  құрастыру. 
«Не  таза?  деген  сұраққа  жауап  бере  алуын  бекіту.  Өзін-өзі  бақылау  және  өзі 
жасаған жұмыстарын бағалау. 
Сөздік  жұмысы:  Айдар-гребешок,  құйрық-хвост,  қанат-  крылья,  мамық-
перья; 
Көрнекі  құралдар:  Жануарлардың,  құстардың  дене  мүшелері  бейнелеген 
суреттер. 
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: Көркем мәтін оқу, қайталау әдісі, сурет салу. 
1.  Мұғалім  балаларға  суреттерін  көрсете  отырып,  жұмбақтарды  оқиды, 
шешімін суреттен тапқызып, қазақша сөйлетеді.  
Үй ішінде отыз екі батыр.  
Көрінгендерді  асап,  турап  жатыр.  (тіс).  Мазмұнын  түсіндіреді,  шешімін 
табуға  көмектеседі.  Тапсырма:-  Нарисуйте  зубы-тіс.  (В  верхнем  окошечке). 
Мұғалім балаларға мұрын мен ауыздың суретін көрсетіп: 
                                              -Екі көрші, 
                                               Бірі пысылдауық, 
                                               Бірі сақылдауық. 
Орысша  түсіндіреді:  Два  соседа.Один  сопит,  другой  говорит 
(мұрын,ауыз). 
2.  Тапсырма:  -Нарисуй  во  втором  ряду  мұрын,  ауыз.  Мұғалім 
саусақтардың суретін көрсетіп: 
                                        Оң жағында 5 сарбаз 
                                        Сол жағында 5 сарбаз. 
Тапсырма: - Нарисуйте саусақтар- сарбаздар (солдаты). 
3. Мұғалім: Балаларға: «Азамат собрался в школу, но мало знает слов, где 
есть  звук  «Қ»,  помоги  ему.  Тапсырма:  -  Назови  слова,  где  есть  звук  «Қ», 
проведи стрелку, если нет звука «Қ», то зачеркни. 
4.  Мынау  жылқы.  Какие  части  тела  есть  у  него?  Читайте  и  показывайте 
«құйрық» - хвост, «құлақ» - ухо, «аяқ» - ноги и т.д. Тапсырма: - Найдите часть 
тела, где один слог (жал, көз, бас). Проведи стрелку - один буын, где 2 слога –  
(2 буын) - құй-рық, құ-лақ. Тапсырма: - Жылқыны қоңыр қарындашпен боя! 
Мұғалім  әтештің  суретін  көрсетіп:  -  Какие  части  тела  есть  у  птиц? 
«Әтеште құйрық, қанат, аяқ, айдар бар» ,- деп сөйлем құрастырады. Тапсырма:-
Назови части тела курицы. - Тауықта не бар? – Что есть у курицы? Тауықта аяқ, 
қанат, құйрық, т.б. бар. Қанат - крылья есть у самолета. (Как можно сказать?) 
5.  Сергіту  сәті:  «Бас  ойлайды...»  мәтініне  сәйкес  қимылдар  жасатып, 
ауызша айтқызу. 
6.  Ойын  «Ненің  құйрығы?»  Мұғалім  тақтаға  аңдардың,  құстардың 
суреттерін іліп, құйрықтарды көрсетіп  «Ненің құйрығы?»-деп сұрайды. 

 
128 
- Чьи хвосты? - Скажите правильно окончание. 
- Түлкінің құйрығы. Қоянның құйрығы. Тауықтың құйрығы.т.б. 
7. Тақтаға «таза» -шартты белгіні іліп, «Не таза?»-деп сұрақ қояды. 
Когда мы умываемся наши уши, зубы, волосы становятся чистыми. 
 -Не таза?   -Что чистое? (проведи стрелку). 
-Шаш таза, қол таза, ауыз таза, мұрын таза и т.д. 
8.Қорытынды:  
 
№ 19 сабақ. Тақырып: «Адамның және жануарлардың дене мүшелері». 
Мақсаты мен міндеттері: Сөздік қорды байыту және байланысты сөйлеуді 
қалыптастыру. Ілік септік жалғауын жалғастырып, грамматикалық құрылыммен 
сөйлеуін  дамыту.  (Мынау  қуыршақтың  басы.)  Балалардың  сөздік  қорында 
етістік  категориясының  2-жағын  сөйлеуде  пайдалану.  (Айдос,  қолыңды  жу.) 
Шартты  белгілерді,  тірек  суреттерді  пайдаланып,  балалардың  ойлау  қабілетін 
дамыту. Өз-өзін бақылау. 
Сөздік жұмысы: 
Көрнекі құралдар: Көздің суреті, қол, аяғын жуып жатқан баланың суреті. 
«Таза» шартты белгімен бейнеленген суреттер. 
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: 
1. М.Жаманбалиновтың «Түймедей-ақ көзіммен» өлеңін оқу.  
Анамды да көремін 
Түймедей-ақ көзіммен.  
Атамды да көремін 
Түймедей-ақ көзіммен.  
Ауылымды да көремін 
Түймедей-ақ көзіммен. 
Ай-күнді де көремін 
Түймедей-ақ көзіммен. 
Сұрақ: -Кого и что видят глаза?(шеше, ата, ауыл, ай, күн) 
Тапсырма: Обрисуй, какие глаза у человека по схеме. (Таза көз, қара көз, 
үлкен, әдемі көз) 
2.  Мұғалім  тақтаға  жуынып  жатқан  баланың  суретін  іледі.  Сұрақтар:  - 
Саша не істейді? (Саша қолын жуды.) Из скольких слов состоит предложение? 
(из 3-х) 
Саша аяғын жуады. 
 
 
3. Тақпақ оқу «қосу» («прибавь»). 
Дүкеннен кеп сабын алдым, 
Екі дәптер, бір қарындаш, 
Тіс ысқышты тағы да алдым. 
Есептеші, сонда кәні, 
Қанша болды, қолда бәрі?       
Мазмұнын түсіндіру: Сабын - мыло, дәптер - тетрадь, тіс ысқыш - зубная 
щетка. 

 
129 
Тапсырма:  Что  купил  мальчик  в  магазине?  Нарисуй  в  кружочках  (тіс 
ысқыш, сабын, дәптер.). 
4. Бой сергіту сәті:1,2,3- екі аяқта күш. 
                                1,2,3- сарбаз, алға түс 
                                Отан қорғау жолында 
                                Біздер-алып күш! 
«Менде  не  бар?»  ойын  жаттығуы.  Тапсырма:  По  схеме  составь 
предложение. Менің шашым таза. Менің көзім қара. 
Қорытынды. 
 
№ 20 сабақ. Тақырып: «Ыдыстар». 
Мақсаты мен міндеттері: Ыдыстар туралы білімдерін нығайту.Сөз қорын  
молайту.  «Сатып  алды»  етістігімен  таныстырып,  шартты  белгісін 
пайдаланып,  күрделі  сөйлем  құрастыру.  Ыдыстардың  санын,  сапасын 
айтқызуға  машықтандыру.  «Ы»дыбысын  анық,  таза  айтуға  үйрету.Сөздің 
ішінен  тауып  «Қ»  тауып  тауып,  белгілеуге  үйрету.  Диалог  құруға 
дағдыландыру. Өзін-өзі бақылау және істеген жұмысын қадағалау. 
Сөздік жұмысы: шанышқы, қасық, самаурын, үстел, дастархан. 
Көрнекі  құралдар:  Ыдыстардың  суреттері,  қуыршақтың  ыдыстары, 
шартты белгілер, карточка-сызбалар, жұмыс дәптері. 
Әдіс-тәсілдер: Көркем сөз. Кеспе әріптер, жұмыс дәптер. 
1. Жұмбақ шешу: Кесе, шәйнек, пиала 
                              Оларсыз шай құя ма? 
                              Олардың бәрін не дейді? (ыдыс) 
Балаларға жұмбақтың мазмұнын түсіндіріп, шешімін табу. «Ыдыс» деген 
сөзді  әріптерден  құрастыру.  «Дастарқанда  қандай  ыдыстар  бар?»  Тапсырма:- 
Перечисли посуду, которая есть на столе. (самаурын, аққұман, кесе, шанышқы, 
қасық). 
2.  Дидактикалық  ойын.  «Не  бар,  не  жоқ?»  –Нарисуй  чего  нет    (кәстрөл, 
шайнек, кішкентай қасық). Обведи в кружок посуду, где есть звук  «Қ». 
-Кесені сары түспен боя, и скажи какого цвета кесе. 
3. Мұғалім тақтаға «сатып алды» шартты белгісін іледі де түсіндіреді: 
-  Слово  «сатып  алды»  -  купил,  можно  обозначить  секретным  знаком. 
Сурет-сызба  бойынша  сөйлем  құрастырады:  Катя  3  қасық,  2  тәрелке  сатып 
алды. Тапсырма:-Теперь вы, в своих рабочих тетрадях составьте предложение. 
Не забудьте сказать, сколько посуды. 
4. «Самаурын қандай?», «Мен не істедім?», сұрақтарға жауап беру. 
Мұғалім  үлкен,  кішкентай  самаурынның  суретін  көрсетіп:-Покажи 
«үлкен,  әдемі  самаурын»  (балалар  көрсетеді).  Тапсырма  (№  3):  -А  теперь 
прочитайте  предложение  в  тетради,  которое  состоит  из  3-х  слов,  назови  1-ое 
слово, 2-ое слово и 3-ее слово. (Балалар жауап береді) 1-сөз-самаурын, 2- сөз –
үлкен, 3- әдемі. 
Тапсырма: «Что я купил?» Мұғалім бірнеше ыдысты көрсетіп: Мен қасық 
сатып  алдым.  Мен...(кесені  көрсетіп)  кесе  сатып  алдым  (балалар 
жалғастырады).  Тапсырма:  -  Скажи,  Оля  что  ты  купила?  (по  тетради)  –Мен 

 
130 
самауырын сатып алдым. Сұрақ: - Сен не ішесің? Мен шай ішемін. Тапсырма: - 
Прочитайте об этом: - Мен шай іштім. Түсіндіру: «Іштім» - пил, пью, «ішемін» 
– буду  пить. 
Сұрақ: - Вова, сен не іштің? (Мен су іштім.) 
5. Сергіту сәті: Бас ойлайды 
                        Көз көреді.(1-2рет қайталау, мәтінге сай қимылдар жасау). 
6.  «Не  таза?»  ойын-жаттығу.  Мұғалім  қазақ  тілі  кабинетіндегі  бар 
заттарды  көрсетіп:-  Сағат  таза  ма?-деп  сұрайды.-Иә,  таза,-  деп  балалар  жауап 
береді.-Есік  таза  ма?т  -  Иә,  таза.  Тапсырма:  -  Нарисуйте  в  тетрадях  чистую 
посуду и скажите на казахском по схеме. 
7. 
Рөлдік-сюжеттік  ойын.  «Ыдыстар  дүкені»  Диалог  құруға 
дағдыландыру. 
(Амандасу) -Сізге не керек? 
                    -Маған шәйнек керек. 
                    -Түсі қандай? 
                    -Ақ. 
                    -Алыңыз.Екі теңге. 
                    -Рахмет.Сау болыңыз. 
8. Қорытынды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет