Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,48 Mb.
#806
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

№ 21 сабақ. Тақырып: «Ұлттық тағам мен ыдыстар».  
Мақсаты  мен  міндеттері:  Балалардың  ұлттық  ыдыстарға  деген 
қызығушылығын  арттыру.  Жаңа  сөздер  енгізіп,  сөз  қорын  байыту.  Жаңа 
сөйлемдерді  түсінулерін  қалыптастыру.  «Ү»  дыбысы  бар  сөздерді  анықтау. 
Балалардың  есту,  көру,  сурет  салу  қабілеттерін  дамыту.  Тірек  суреттерді, 
шартты  белгілерді  пайдаланып  күрделі  сөйлем  құрастыру.  Өзін-өзі  бақылау 
және істеген жұмысын қадағалау. 
Сөздік жұмысы: тостаған, күбі, ошақ, ожау. 
Көрнекі  құралдар:  Ұлттық  ыдыстар,  қоржын,  карточка-схемалар,  киіз 
үйдің бейнесі, жұмыс дәптерлер, түрлі-түсті қарындаштар. 
Әдіс-тәсілдер: Суреттер, мүлік, заттар, ыдыстар. Жұмыс дәптері. 
1. Мұғалім мұражай бұрышына балаларды апарып,  «Шаңырақта»  қандай 
ұлттық ыдыстар бар екенін айтады. 
- Мынау –күбі. В этой посуде готовят кумыс. Кумыс готовят из кобыльего 
молока.  Он  целебный,  лечит    многие  болезни.  На  вкус  кумыс-  қышқыл 
(кислый), түсі ақ.   
   -  Мынау  самаурын,  тостаған,  ожау,  ошақ.  Расказывает  о  назначении 
каждой посуды. 
   - Саша, самаурынды, күбіні, ошақты, ожауды көрсет.  
2.  -Дети,  посмотрите  какие  посуды  изображены  в  ваших  тетрадях? 
(зад.ание  №1)  -  Саша,  көрсет  –үстел,  ожау,  ошақ,  күбі.  Тапсырма:-Раздели 
слова  на  слоги.  –Күбі,-сколько  слогов?  (2)-Покажи  стрелкой.  Сұрақ:  -Коля, 
назови слово, которое состоит из 3-х слогов (са-мау-рын). -Оля, назови слова, 
где есть звук «Ү» (күбі, үстел). 

 
131 
3.  Мұғалім  тақтаға  киіз  үйдің  суретін  іледі:  -Мынау  киіз  үй  (юрта),  киіз 
үйде (в юрте) көп әдемі ыдыстар бар. 
Тапсырма:  - Қандай ыдыстар бар?- Нарисуйте. Ою салыңдар. Нарисуйте 
узоры. Сұрақ: -Оля, киіз үйде қандай ыдыс бар? 
4. Мұғалім тақтаға әріптерден «Ыдыс»деген сөзді құрастырады. 
Тапсырма. -Посмотрите в тетрадях на схему, что относится к посуде, что 
нет. Обозначьте, если «ыдыс емес»- (не посуда), то зачеркните, если посуда, то 
возьмите в кружок. 
Сұрақ: - Коля, ыдыстарды ата. 
           - Марина, что «ыдыстар емес» (торғай ыдыс емес, нан ыдыс емес). 
5. Сергіту сәті: «Ақ қоян» қимыл ойыны. 
6. Мұғалім сөйлемдерді оқиды (тақтада). 
-  Дети,  я  прочитаю  предложение,  а  вы  следите  за  мной,  какого  слова  не 
достает?    -Марина  тостаған  сатып  алды.  -  Какого  слова  нет?  (секретный  знак 
«сатып  алды»).  Мұғалім  «сатып  алды»  шартты  белгісін  салады.  Тостағанда  не 
бар? Тостағанда айран бар. 
Тапсырма  -Прочитайте,  что  купила  девочка  Оля  и  обозначьте  этот  знак. 
Прочитайте второе и третье предложение самостоятельно. 
7. Жаңылтпашты жаттау. 
Тас тостаған 
Тас тостағанға 
Ас тастаған. (Железный тостаган, в железном тостагане есть еда) 
8. Қорытынды: 
 
№ 22 сабақ. Тақырып: «Тағамдар».  
Мақсаты мен міндеттері: Тағамдар туралы балалардың білімдерін бекіту. 
-Буындардан сөз құрастырып, 2-3 буынды сөздерді табу. «Не тәтті?» деген 
сұраққа жауап беріп, сөйлем құрастыру. Ойлау, сөйлеу  қабілетін дамыту. Тірек 
суреттерді, шартты белгілерді пайдаланып әңгіме құрастыру, сұрақтарға жауап 
беру. «Ә» дыбысын сөздердің ішінен тауып, белгілеу. 
Сөздік: балық, сүт, балмұздақ, ет, шұжық. 
Грамматикалық  құрылым:  тәтті  балмұздақ;  ет  же;  үстелде  тағамдар  бар; 
әже ет жеді; мен балмұздақ жедім; 
Көрнекілік құралдар: тағамдардың  суреттері, «тәтті» деген сөздің шартты 
белгісі, әңгіме құрастыруға арналған суреттер. 
Пайдаланатын  әдіс-тәсілдер:  Суреттер,  кеспе  әріптер,  кубиктер,  жұмыс 
дәптері. 
1. «Тағамдарды ата» 
Мұғалім тақтаға тағамдардың, ойыншықтардың, ыдыстардың суретін іліп 
«Қандай  тағамдар  білесің?»,  «Не  артық?»  деп  сұрайды.  Балалардың  жауабы: 
(алма,  тәрелке  -  артық,  алма  -  жеміс;  тәрелке  -  ыдыс).  Тапсырма:  (жұмыс 
дәптерінде) –Саша, сенде қандай тағам бар? (Менде балық, ет бар). 
Тапсырма -Боя! Сары балық; қоңыр шұжық. 
2.  Мұғалім  балаларға  буындар  жазылған  кубиктерді  көрсетіп,  оқытқан 
соң: 

 
132 
-  Давайте,  составим  из  слогов  слова,  которые  обозначают  продукты. 
Тақтаға кәмпиттің, айранның, қаймақтың суретін іледі, балалар буыннан сөздер 
құрастырады.  Жұмыс  дәптерлері  бойынша  «шұжық,  кәмпит,  балмұздақ» 
сөздерін құрастырады, сызып белгілейді. 
3. Көркем сөз: «Өзің пісірген ас дәмді» тақпағын оқу. 
Тапсырма: Сұрақ:-Не тәтті болады? (кәмпит, балмұздақ), т.б. Суретін сал! 
4. Сергіту сәті: Санамақ:  - Ірімшік, ірімшік! 
                                           - Сен қал, сен шық!  
Шыққан балаға тапсырма беріледі: -Саша, көзіңді жұм. (2 раза прыгнуть) 
Әр түрлі қимылдар жасату. 
5. Әңгіме құрастыру.(жұмыс дәптер бойынша) Дети, составьте рассказ по 
картине.  «Үстелде  тағамдар  жатыр.  Табақта  шұжық,  ет  бар.  Әже  ет  жеді.  Мен 
балмұздақ жедім. 
Сұрақтар: - Үстелде не жатыр? 
               -Әже не жеді? 
6. Вспомните условные знаки и составьте предложения (түсін, дәмін айту) 
Нан сары, таза дәмді. Сүт-ақ, таза, дәмді. 
7. Тақтаға «Ә» дыбысы бар сызба-сурет ілінеді. «Қай сөз артық?» (кірпі). 
«Ә» дыбысын таза, анық айту. 
8. Қорытынды: 
 
№ 23 сабақ. Тақырып: «Киімдер».  
Мақсаты  мен  міндеттері:  -  Балалардың  сөздерді  байланыстыра  сөйлеуін 
дамыту.  Антоним  сөздерін  сөз  қорына  енгізу  (ұзын-қысқа;  үлкен-кішкентай). 
Балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Артикуляция жұмысын жүргізіп, 
«қ», «ө» дыбыстарын анық, таза айтқызуға     дағдыландыру. 
Сөздік жұмысы: шалбар, белдеше, құлақшын, көйлек, ұзын, бөрік, қысқа,  
сәукеле,  шапан,  т.б.  Грамматикалық  құрылым:  ұзын  көйлек,  қысқа  белдемше, 
құлақшын таза, жылы,тақия әдемі. 
Көрнекі құралдар: қуыршақтың киімдері, суреттер, шартты белгілер. 
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: 
1. Көркем сөз: Мұғалім балаларға санамақ оқиды: «Қаншамыз?» 
Ағам бізді жинады, 
Сегіз қолғап сыйлады. 
Бәрін кидік оң қолға, 
Бәрін кидік сол қолға, 
Қамқор болған ағамыз, 
Біздер қанша боламыз? 
Тапсырма: Суреттерден қолғапты тауып, шеңберге ал. 
2.  «Ұзын-қысқа»  сөздерінің  шартты  белгілерін  тақтаға  іліп,  «Не  ұзын,  не 
қысқа?» сызбаға қарап сөз тіркесін құрастыр. Дәптерінен киімдер қандай екенін 
айту. - Боя. –  «қара белдемше». Мұғалім: Вспомните чистоговорку про платье. 
«Көк көйлек, көк көйлек, Тек өзіме шақ көйлек. (2-3 рет қайталату) 
3.  Составьте  рассказ  на  тему  «Одежда»  Атада  құлақшын  бар.  Құлақшын 
таза, жылы. Оля тон сатып алды. 

 
133 
Сұрақ: - Сен не сатып алдың? 
             - Мен шалбар сатып алдым. 
4. Сергіту сәті: «Ақ қоян» қимыл ойыны. 
5.  «Қ»  дыбысынан  басталатын  және  аяқталатын  сөздер  салынған  сызба-
сурет (қуыршақ, қалпақ, қаймақ, қасық, қырық) және  –үстел. Не артық? Үстел- 
артық. 
- Найди слова, которые начинаются и кончаются на букву «Қ». Тапсырма:-
Боя! (разукрась) –«жасыл қалпақ». 
6. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойын-жаттығу. 
-  Саша,  прочти  и  скажи  правильно  ли  написано  и  нарисовано  –  проведи 
стрелку. 
Мұғалім: Тақия суық (покажи стрелкой) 
                Бөрік              әдемі. 
                Сәукеле          ұзын. 
                 Шапан           суық. 
7.Тақтаға  бас  киім  суретін  іліп:  -Под  этими  картинами  ицифрами 
спряталась  чистоговорка.  Давайте  ее  прочтем  и  выучим.  Түсіндіру:  кровать  – 
кереует. 
Кереуетте 4 бөрік. 
4-уі де көк бөрік. 
Түсіндіру: На кровати лежат 4 шапки. Все 4 синего цвета? Разберитесь. 
Қол шапалақтап, буынға бөліп, әр түрлі қимылдар жасап , қайталау. 
8.Қорытынды: 
 
№ 24 сабақ. Тақырып: «Наурыз мейрамы».  
Мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының ұлттық Наурыз мейрамы туралы 
балалардың білімін бекіту. Қазақтың ұлттық тағамдарын естеріне алып, сөйлем 
құрастыру.  Қазақ  тілінде  тілек  айтуға  дағдыландыру.  Қазақ  тіліне  тән  
дыбыстарды анық, дұрыс оқып, айтуға баулу. Өзін-өзі бақылау. 
Сөздік:  Наурыз  келді,  билейді,  домбырада  ойнайды,  ірімшік,  шелпек, 
қазы, Наурыз көже. 
Грамматикалық  құрылым:  Наурыз  мейрамы  құтты  болсын!  Ақ  мол 
болсын! Дәм алыңыз. 
Көрнекі  құралдар:  Наурыз  туралы  сюжетті  суреттер;  ұлттық  киім  киген 
қуыршақтар. 
Әдіс-тәсілдер: Көркем сөз, түсіндіру, әңгіме үлгісі, атрибуттар. 
1. Көркем сөз: Наурыз келді далама 
Наурыз келді қалама 
Қуанады ата-ана 
Қуанады бала да. 
Наурыз  туралы  әңгімелесу:  -  Где  встречают  праздник  Наурыз  (қалада, 
ауылда,  жайлауда).  Тапсырма:  Составьте  рассказ  о  Наурызе.  (Жұмыс  дәптері 
бойынша) 

 
134 
Сұрақтар:  -В  какие  казахские  игры  играют  дети?  (аттың  атрибутын, 
асықтарды  көрсетіп)  -  Балалар  асық  ойнайды.  Ат-жарыс  ойнайды.  Әткеншек-
алтыбақан тебеді. 
2  Мұғалім  ұлттық  киім  киген  қуыршақтарды  көрсетіп:  Әсем,  Азамат 
пришли на праздник Наурыз. –Что они делают? Посмотрите в рабочие тетради. 
«Әсем билейді. Азамат домбырада ойнайды.» 
-  Давайте,  разукрасим  их  костюмы.  У  Асем  «көк  көйлек,  қызыл  етік»,  у 
Азамата «сары жейде, қара шалбар».  
Сұрақтар:  - Көйлектің түсі қандай? (көк) 
                  - Етік қандай? (қызыл) 
                 Жейденің түсі қандай? (сары) 
3.  Мұғалім  балаларға  жайылған  дастарқанның  суретін  көрсетіп,  қазақтың 
қонақжайлығы туралы айтады. 
Праздник  наурыз  принято  встречать  за  щедрым  дастарханом.  На  столе 
можно увидеть «белое» т.е. всё молочное, и «красное» т.е. блюда из мяса.  
Посмотрите в ваши рабочие тетради, какие угощения ждут гостей? 
Составьте предложения. Тапсырма: Боя-сары бауырсақ, қоңыр шұжық. 
4. Сергіту сәті: Көлбең, көлбең, көлеңке 
                          Көлбең,көлбең етеді, 
                          Кәне, балалар тұрайық, 
                          Біз көлеңке болайық. 
                          Тұлпар қалай шабады? (қимыл жасап көрсету) 
           - Шаңырақ қандай болады? (үлкен,биік-қолдарын созып көрсету) 
           - Қыран қалай ұшады? (ұшып қимыл жасап көрсету) 
5.  -Вспомним  «Секретные  знаки»,  и  составим  рассказ  о  том,  что  делали 
дети на празднике. (Балалар әңгіме құрастырады) 
Сұрақ-жауап:  -Саша,  сен  не  жедің?  (мен  бауырсақ  жедім).  На  каком 
инструменте играл Арман? Оля не жеді? (Оля шұжық, шелпек жеді) 
6. Наурыз туралы тақпақ қайталау. 
 
№ 25 сабақ. Тақырып: «Мектеп». 
Мақсаты мен міндеттері: Балалардың сөздік қорын байыту.  Сөздерді бір-
бірімен  байланыстырып  сөйлеуге  үйрету.  Балалардың  есте  сақтау  қабілетін 
арттырып,  байқағыштық  қасиетін  жетілдіру.  Сөздік  қорын,  тіл  байлығын 
дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс оқып, айтуа баулу. 
Сөздік: Мектеп, дәптер, сөмке, кітап, біз, сен, сендер, ол, олар. 
Грамматикалық құрылым: Тақтаға шық, сурет сал, сана, оқы, олар жазады, 
өлең айтады, сөмкенін ішінде, үстелдің үстінде. 
Көрнекі құралдар: Дымбілместің бейнесі, мектепке керекті құралдар (бор, 
кітап, дәптер) 
Әдіс-тәсілдер:  Жұмыс  дәптеріндегі  сюжетті  сурет  (  Үлгісі  осы  кітаптағы 
4-қосымша), дидактикалық, қимыл ойындар. 
1.  «Мектеп»  ойыны:  Мұғалім  балаларға  дәптер,  кітап,  қалам  таратып 
«Сенде не бар?» деп сұрайды. Балалардың жауабы: Менде дәптер бар, т.б. Жаңа 
сөздермен  таныстыру:  -  Мынау  өшіргіш,  мынау  бор,  мынау  сызғыш.  Сұрақ: 

 
135 
Мектепте не бар? (Жұмыс дәптеріңе қарап, сурет сал). Мектепте ту бар, балалар 
бар, мұғалім бар, үстел бар, орындықтар бар, тақта бар. Тапсырма: Суреттерін 
сал (тақта, орындық, үстел). (4 - қосымша) 
2.  «Дымбілмес  мектепке  барады».  «Помогите  незнайке  собраться  в 
школу»,- деп мұғалім балаларға қарындашты, допты көрсетеді. -Не керек?-деп 
сұрайды.  Балалар  сөйлем  құрастырады:  Үлгісі:  Мектепке  дәптер,  қалам  керек. 
Ученику рогатка нужна? «Жоқ» дейді, балалар рогатканы сызып тастайды. 
-Доп керек пе? 
-Жоқ, керегі жоқ, - сызып тастайды. 
3. Мұғалім тақтаға баланы шақырып: «Саша, секір»,-дейді. Саша секіреді. 
-  Ол  не  істеді?-деп  сұрайды  мұғалім.  -  Ол  секірді.  («Ол»-значит  -  он  или 
она). Когда все прыгают или что-то делают, говорят «олар», значит –они. «Олар 
жазады»-  Они  пишут.  Тапсырма:-Составьте  рассказ  на  тему  «Мектепте»-  «В 
школе» 
4. Сергіту сәті:  «Тербеледі ағаштар...» 
5.  Тақтаға  баланы  шақырып,  ілініп  тұрған  сөз  тізбегін  оқытады.(Шартты 
белгілер,  сандар  арқылы  жазылған).  Кішкентай  -  үлкен  емес.  1,  2,  3,  4, 
Кішкентайы секірді, Үлкен бала жүгірді. (2-3 рет қайталату) 
6. Сөзді буындарға бөлу: Ө-шір-гіш –(3 буын); Қа-лам – (2 буын); Қа-рын-
даш  –(3  буын);  Бор  –(1  буын).  Сөм-ке  –(2  буын).  Сұрақ:-Назови  школьные 
принадлежности,  состоящие  из  одного  слога  -(бор);  2  слога  -  (қалам,  сөмке, 
мектеп); 3 слога-(қарындаш, өшіргіш) 
7. Қорытынды: 
 
№ 26 сабақ. Тақырып: «Мектеп».  
Мақсаты  мен  міндеттері:  Мектеп  туралы  білімдерін  кеңейту.  Сөздерді 
бір-бірімен  байланыстырып  сөйлеуге  үйрету.  Сан  есім,  сын  есім  сөздерін  сөз 
қорына  енгізу,  күрделі  сөйлем  құрастыру.  Жатыс  септік  жалғауын  сөйлемде 
дұрыс айтқызу. Сөздерді буындарға бөлу. 
Сөздік: бор, сызғыш, дәптер, қалам, мен барам, тақта, ол барады, сынып. 
Грамматикалық құрылым: Жатыс септік жалғауы: Сөмкеде өшіргіш бар. 
1-ші,  3-ші  жақтағы  сөздерден  тұратын  сөйлемдер:  Мен  мектепке 
барамын. 
Көрнекі құралдар: ішіне оқу құралдары (өшіргіш, бор, дәптер, қалам, т.б.) 
салынған сөмке, шартты белгілермен жасалған сызба-суреттер. 
Әдіс-тәсілдер:  Әңгімелесу,  түсіндіру,  оқу  құралдары,  жазба  дәптеріндегі 
тірек суретке мазмұнды әңгіме үлгісі. (Осы құралдағы 4-қосымша) 
1. Т.Молдағалиевтің «Сәлем саған мектебім!» өлеңі. 
Таңнан тұрып, 
Бетім жуып, 
Кітабымды реттедім. 
Сәлем саған, 
Келем саған, 
Көп аңсаған, мектебім! 

 
136 
2. Жұмыс дәптеріне қаратып, «Сен қайда барасың?» -деген сұраққа жауап 
бергізу. 
-Мен мектепке барамын. Ол қайда  барады? 
-Ол мектепке барады. Саша мектепке барады. Саша 1- сыныпқа барады. 
3.  «Сөмкеде  не  бар?»  ойын-жаттығуы.  Мұғалім  балаларға  оқушының 
сөмкесін  көрсетіп:  -Сөмкеде  не  бар?-деп  сұрайды.  Тақтаға  шыққан  бала  оқу 
құралдарын алып шығып, атайды: -Мынау қалам. -Мынау өшіргіш... 
Сұрақтар: - Қаламның түсі қандай? (қара) 
                  - Бордың түсі қандай? (ақ) 
                  - Не ұзын? (өшіргіш пе, қарындаш па) 
4.  Азамат  научился  в  школе  делить  слова  на  слоги.  Он  знает  слова,  где 
есть 1 слог, где 2, где 3 слога. Тапсырма:-Придумай и ты слова, где есть 1, 2, 3 
слога. Например: қа-лам (2буын). Что еще есть у Азамата в сумке? 
5. Сергіту сәті: (қимылдар жасау) 
Бас ойлайды, 
Көз көреді, 
Құлақ естиді, 
Қол жазады, 
Сурет салады, 
Аяқ жүреді, 
Біз секіреміз. 
Біз билейміз. 
Біз қазақша сөйлейміз 
5.  Мұғалімге  не  керек?  Оқушыға  не  керек?  Тақтаға  мұғалімнің, 
оқушының суреттерін іліп, сұрайды: Мұғалімге не керек? Мұғалімге бор, кітап 
керек. (Керекті заттарды көрсетеді). 
6. Шартты белгілерді, сандарды көрсетіп:  «Составим предложение о том, 
какие  и  сколько  школьных  принадлежностей  есть  у  меня.  Мысалы:  «Менде  2 
ақ,  үлкен  дәптер  бар».  Теперь  скажите,  что  нет  их  у  вас.  «Менде  2  ақ,  үлкен 
дәптер жоқ». Тапсырма: - Теперь вы составьте предложения по своим рабочим 
тетрадям. 
     7.Қорытынды. 
 
№ 27 сабақ. Тақырып: «Біз қазақша сөйлейміз».  
Мақсаты  мен  міндеттері:  Өткен  тақырыптарға  байланысты  сөздерді 
бекіту,  сурет  бойынша  құрған  әңгімелерін  естерінде  қалдыру  үшін  қайталау 
жұмыстарын ұйымдастыру. Есту, көру, оқу қабілеттерін дам ыту, сөздік қорын 
байыту.  Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарын  анық,таза  айту  үшін  жаттығу 
жұмыстарын өткізу. 
Сөздік:  -  Бұзау,  қыран,  арыстан,  жыл  мезгілдері  туралы  сөздер,  баға, 
оқушы 1-ден 10-ға дейін сандар, жануарлар, аңдар. 
Грамматикалық  құрылым:құйрығы  жоқ,  көзі  жоқ,  құлағы  жоқ,  сөмкеде 
бес пияз бар. 
Көрнекі  құралдар:  сандар,  кейбір  дене  мүшелері  жоқ  жануарлардың 
суреттері, шартты белгілер.   

 
137 
Әдіс тәсілдер: Дидактикалық ойын, әңгіме, ребус, мазмұнды суреттер. 
1. Мұғалім «Құйрықтар жоғалып кетті» деген ойын өткізеді. 
Балалар  жануарлардың,  аңдардың  суретін  атап,  олардың  құйрықтарын 
іздейді.  Бір  бала:  -Мынау  қоян.  Мынау  қоянның  құйрығы.  Сұрақ:  -Қоян  не 
істейді?  (шартты  белгіні  көрсетіп)  –Қоян  секіреді.  Екінші  бала:-  Мынау  аю. 
Мынау аюдың құйрығы. Сұрақ: - Аю не істейді? (шартты белгіні көрсетіп) –Аю 
ұйықтайды.  т.б.  Тапсырма:  «В  ваших  рабочих  тетрадях  художник  забыл 
нарисовать  части  тела.  Чего  не  хватает?  –Не  жоқ?  -Дорисуйте.»  Балалардың 
жауабы: - Бұзауда құлақ жоқ. Қыранда көз жоқ, т.б. 
2. Мұғалім жыл мезгілдері суреттерін көрсетіп:-Мынау не? деп сұрайды. -
Мынау қыс. Қыста аю ұйықтайды. 
- Мынау жаз. Жазда гүлдер өседі.т.б. 
3.  Тақтада  ребус  шешу:  (Суреттер-  май,  2  саны,  кесе,  тон,  еден,  пияз)- 
Какое слово получилось? –Мектеп. -Оқушылар» получают какие оценки? 
С.Қалиевтің өлеңін еске түсіру. Мұғалім бастайды, балала аяқтайды. 
«Бес» алған Асанға 
Бес алма.  
«Төрт» алған Досанға 
Төрт алма. 
«Үш» алған Хасанға  
Үш алма. 
«Екі» алған Бошанға 
Неше алма? 
-Какую оценку получил Асан? (5) 
-Досан?(4) 
-Хасан?(3) 
-Бошан?(2).  
Поставьте оценки им в дневники и сколько им дали яблок, нарисуйте. 
4. Сергіту сәті: Бас ойлайды. 
                          Көз көреді...(қимылдар жасау) 
5 Мама пришла из магазина. -Ол не сатып алды? Тапсырма: -Сөмкеде не 
бар?  Сандарды  жаз.  Балалардың  жауабы:  «Сөмкеде  4  қызанақ  бар.  5  алмұрт 
бар. 
Тапсырма: -Алмұртты, пиязды боя. Түсі қандай? 
6. Рөлдік-мазмұнды ойын. «Мектепте». 
Диалог құру: - Саша, өшіргіш берші. (Саша қалам береді) 
                       - Жоқ,қалам емес, өшіргіш берші. 
                       - Мә, ал, өшіргіш.-Рахмет. 
Әр  түрлі    ситуацияларды  пайдаланып,  оқу  құралдарының  атауларын 
қайталау. 
8. Қорытынды: 
 
№ 28 сабақ. Тақырып: «Біз қазақша сөйлейміз» 
Мақсаты  мен  міндеттері:  Ойын-тапсырма,  жаттығулар  арқылы 
балалардың ақыл-ойын дамытуға, сөздік қорын байытуға мән беру. 1-ден 10-ға 

 
138 
дейінгі  натурал  сандар  қатарын  сөзбен  дұрыс  атауын  бекіту.  «Қанша?  Неге?» 
сұрақтарына  дұрыс  жауап  беруге  жаттықтыру.  Сандық  ұғымды  білдіретін 
сөздерді сөйлем ішінде дұрыс айта білуге үйрету. 
Сөздік: ақ, қара, торт, төрт. 
Грамматикалық құрылым: тауықтар шоқиды;төрт торт. 
Әдіс-тәсілдер: Мазмұнды ойын, көркем сөз, грамматикалық ойын. 
1. Мұғалім балалармен «Тілші»ойынын ойнайды. 
-Бізге тілші келді. Он возьмет у нас интервью. Тілшінің сұрақтары:-Қайда 
тұрасың? Қай көшеде? Үйде кім бар? Қайда барасың? Қандай ойыншықтар бар? 
Сен кімді жақсы көресің? Тілшінің тапсырмасы мен жұмбағы: - Вы такие 
умные,  сообразительные,  решите  задачу.  «Төрт  ақ  тауық  аулада  жем  шоқиды. 
1 қара тауық жүгіріп келді. Барлығы қанша? 
2.  Мазмұнын  түсіндіріп,  сұрайды:  -  Неше  тауық?(5)  2,4  сандарының, 
торттың суретін көрсетіп:-Мынау не?(төрт,торт) 
Сұрақ - Сенде не бар? 
- Менде төрт алма бар. Менде тәтті торт бар. 
Тапсырма: По рабочим тетрадям составьте предложения. 
3. Жұмбақ шешу (жаттау). 
Менде үш көзім бар. 
Бір көзім «Тұр»-дейді. 
Бір көзім «Жүр»-дейді. 
Бір көзім «Абайла! Жан жаққа қара!-дейді.  
-Ол не? (Бағдаршам).  
Нарисуй в тетради сфетофор. Назови цвета... ( 
4. Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар». 
5. «Қонақ келді» ойыны. Қонақты қарсы алу. 
-Отырыңыз. –Дәм татыңыз. 
-Шай ішіңіз. –Бауырсақ жеңіз. 
-Рахмет, бауырсақ дәмді. 
-Өлең айтыңыз. «Сақина» ойынын ойнаймыз. 
6. «І» дыбысы бар сөздерді (сандарды) табу. 
-Саша,  1-ден  10-ға  дейін  сана.  Кері  санау  10-нан  1-ге  дейін.  -В  каких 
словах  есть  звук  «І».  Тапсырма:  Впиши  в  часы  цифры  со  звуком  «І».  Отметь 
стрелкой (1, 2, 7, 8). 
7.  «Төртінші  сөз  артық»  ойыны.  Берілетін  сөздер:  Қызыл,  жасыл,  көк, 
қарбыз. Доп, машина, жалауша, терезе. 
8. Қорытынды. 
 
№ 29 сабақ. Тақырып: «Менің Отаным».  
Мақсаты мен міндеттері: Отан, республика туралы білімдерін кеңейту. 
Балалардың  сөйлем  ойлап  табуына  назар  аудару,    сөздік  қорын  дамыту, 
байланыстырып  сөйлеуге  дағдыландыру.  Барлық  ситуациялық  жағдайларды 
қайталату арқылы балалардың ауызекі сөйлеу дағдыларын тексеру, бекіту. 
Сөздік: Менің Отаным, қабат, тұрамын, елорда, елтаңба, әнұран, ту, мәңгі 
сөнбес от, Ертіс жағалауы, мұражай, жақсы көрем. 

 
139 
Грамматикалық  құрылым:  Бесінші  қабатта  тұрамын;  Павлодарда  Ертіс 
жағалауы бар. Мен Павлодарды жақсы көремін. 
Көрнекі  құралдар:  Қазақстан  Республикасының  нышандары,  «Отан», 
ребусы, ғимарат суреттері. 
Әдіс-тәсілдер: 
Әңгіелесу, 
сипаттама 
әңгіме, 
сурет 
қарастыру, 
дидактикалық ойын.  
1.  Тақтаға  ілінген  суреттер  бойынша  әңгімелесу:  Қазақстанда  көп  өзен, 
биік  таулар  бар.  Қазақстан  кең,  байтақ  ел.  Көп  ұлттар  тұрады:  қазақ,  орыс, 
неміс,  татар,  т.б.  Бәрі  тату-тәтті  тұрады.  Қазақстанда  көп  қалалар  бар: 
Қарағанды,  Талдықорған,  Екібастұз.  Елорда-Астана.  Астанада  президент-
елбасы тұрады.  
-Кім астана туралы өлең біледі? (Балалар астана туралы өлеңдер оқиды.) 
2.  «Бізге  басқа  республикадан  қонақ  келді»  Қонақты  қарсы  алайық.  Екі 
бала кездесіп, амандасады: 
- Сенің атың кім? 
- Менің атым ... 
- Сен қайда тұрасың? – Мен Ресейде тұрамын. 
- Сен қайда тұрасың? – Мен Қазақстанда тұрамын. 
- Неше жастасың? – Мен 6 жастамын. 
- Сен қай қалада тұрасың? – Мен Павлодарда тұрамын. 
- Нешінші қабатта тұрасың? – Бесінші қабатта тұрамын. 
- Кел, екеуміз дос болайық.  
- Өте қуаныштымын, рахмет. 
-  Мен де, өте рахмет. 
Тапсырма:- Кто на каком этаже живет? 
Посмотрите  на  схему  и  скажите:  «Мен  үшінші  қабатта  тұрамын»,  «Мен 
жер үйде тұрамын»... 
3. Тақтаға ҚР-ның нышандары ілінеді:-Бұл не? 
Мұғалім:-Кто знает стихи о гербе, о флаге? Нышандар туралы әңгімелесу. 
Ойын: «Составь из частей герб и флаг нашей Республики». Балалар бөлек 
элементтерден  елтаңба  мен  ту  құрастырады.  Тапсырма:  -В  рабочих  тетрадях 
соотнеси рисунок с надписью. 
4.  Ребус  шешу:  Тапсырма:  -Впиши  первые  буквы в  кружок.-Какое  слово 
получилось? (Отан) - «Менің Отаным-Қазақстан» - деген сөйлемді айтқызу. 
5.  Сергіту  сәті:  «Қалалар»  ойыны.  Мұғалім:  Когда  я  назову  города 
Казахстана, вы хлопаете, а проигравший выполняет задание. 
6.  Павлодар  туралы  әңгіме  құрастыру.  Мұғалім  тақтаға  шартты 
белгілерді,  тірек  суреттерді  іледі.  -Используя  эти  знаки  и  рисунки  скажите, 
какой наш Павлодар и что есть в Павлодаре. Баланың жауабы: Павлодар үлкен, 
таза, әдемі қала. Павлодарда көп үйлер, дүкендер, театрлар, ұзын көшелер бар. 
Тапсырма:  Жұмыс  дәптеріне  қарап  (4-тапсырма)  сөйлем  құрастыру. 
«Павлодарда  мәңгі  сөнбес  от»;  «Ертіс  жағалауы»,  «мұражайлар  бар»,  «Мен 
Отанымды жақсы көремін» сөз үлгілерін қолдандыру. 
 
 

 
140 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет