Жалпы биологиялық ғылымдардың маңыздысы - тірі ағза эволюциясы туралы көзқарас. Биологияның ұлы концепциясының мəні қазіргі кездегі өсімдік пен жануарлардың көптеген формалардың қарапайым ағзалардың дамуымен байланысты қарастырады.
Алғаш 3 млрд. жыл бұрын бір жасушалы ядросыз ағза пайда болды. Олар - прокариоттар. Прокариоттар алғашқы бактериялар мен көк – жасыл балдырларға ұқсас. ДНҚ олардың құрамында жіп тəрізді болады. Бұл ағзалардағы мынадай қасиеттерді қарастыруға болады: қозғалғыш, қоректену, энергия мен тағамды қорға жинақтау, көбею, тітіркену, қорғану, өзгеру, өсу.
1 млрд. жыл бұрын жасушалы ағзаларда ядро пайда болды. Олар – эукариоттар. Эукариоттардың 30 мыңдай түрі белгілі. Қарапайымдардың ядросы қос мембранды қабықты. Онда хромосомалар болады. 1 млрд. жыл шамасында көп жасушалы ағзалар пайда болды. Олардан өсімдіктер мен жануарлар шыға бастады. Өсімдік тіршілігінің маңызды нəтижесі – фотосинтез. Фотосинтез дегеніміз күн энергиясын пайдалану арқылы көмір қышқыл газы мен судан органикалық заттың түзілуі. Фотосинтез арқылы атмосфераға оттегі бөлінеді. Бос оттегі барлық тірі ағзаға тыныс алуға көмектесті жəне жер бетіне ультракүлгін сəулесін өткізбейтін озон молекуласын түзді.
Өсімдік пен жануарлар арасындағы пайда болған айырмашылықты төмендегідей біріктіруге болады:
жасуша құрылымы бойынша;
қоректенуі бойынша;
қозғалыс қабілеті бойынша;
Жануарлар жасушасында жасуша қабырғасы мен хлорофилл жоқ жəне құрамында пішінін өзгертуге кедергі жасайтын көмірсу - целлюлоза кірмейтінін ескерген жөн. Өсімдіктердің барлығы дерлік тіршілік үшін ағзаға қажетті заттарды минералды қосылыстарды сіңіру арқылы қабылдайды. Жануарлар өсімдіктердің фотосинтез процесі нəтижесінде түзілген дайын органикалық қосылыстармен қоректенеді.
Тіршілік процесінің нəтижесінде атмосфера құрамы миллиондаған жылдар бойы тұрақты болып қалды. Жер эволюциясының тіршілік жағдайының қолайлы жағдай туғызатын өзара басқарушы химиялық – биологиялық жүйе гомеостаз пайда болды.