Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық



бет25/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43

Биосфера құрылысы


В.И Вернадскиидің биосфера құрылымы мен қызметі туралы бес постулаты:

        • биосфераның əуел бастан оған енетін тіршілік біртекті зат емес, күрделі дене болуы керек болатын;

        • Ағзалар жеке емес, топтық əсерде байқалады;

        • Тіршілік жалпы монолитінде оның құрамдас бөліктері қаншалықты өзгерсе де олардың химиялық қызметтері морфологиялық өзгерістерге ұшырауы мүмкін емес;

        • Тірі ағзалар өзінің тыныс алуымен, қоректенуімен, метоболизмімен, ұрпақтардың үздіксіз ауысуымен, химиялық элементтердіңбиосферадағы миграциясын тудырады;

        • Тірі заттың биосферадағы барлық қызметін қарапайым бір жасушалы ағза орындауы мүмкін.

Биосфераның қызметтері:

  1. Энергетикалық

  2. Концентрациялы

  3. Деструктифті

  4. Орта жасушалық

  5. Тасымалдаушы Əдебиеттер:

Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003, 59-70бет.
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 – 106-115 бет.
Солопов Е.Ф. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - М: Гуманит. Баспа ВЛАДОС орталығы, 1998 – 102-105 бет.

19-20 Дəріс


Тақырып: Материя қозғалысының биологиялық формасы.
Дəріс мақсаты: Материя қозғалысының биологиялық формасына сипаттама беру.
Дəріс мазмұны. Тіршілік ерекше материя жүйесі ретінде. Жасуша тіршіліктің құрылымдық жəне функционалдық бірлігі.
Жоспар

1.Тіршілік ерекше материялы жүйе ретінде.


2.Жасуша – тірінің құрылымдық жəне функционалдық бірлігі.


Тіршілік ерекше материялы жүйе ретінде


Тіршілік тірі жəне өлі ағзалардың қоршаған ортамен байланысы арқылы жүзеге асады. Тіршіліктің мəні өсу, тұқым қуалау, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи өңдеу, ұйымдастырушылық, ақпарттықта. Тіршілік сферасы молекулярлы – генетикалық пен биосфераға дейінгі деңгейлерді қамтиды. Тірі материя құрылысының əр деңгейін зерттеудің биологиялық мəні болу керек. Сонда ғана тіршілікті зерттеуге бағыт алуға болады. Тіршіліктің дамуы жоғары молекулалы ақуыз бен нуклейн қышқылдарынан тұратын физикалық, химиялық жүйелермен бірге жүреді. Бұл жүйелер өзгергіштікпен тұрақтылықтың үздіксіз біртұтастығымен сипатталады.
Биолог, химик, физиктер материалдық жүйе құрайтын мүше, ұлпа, жасушаның құрамын биологиялық процестер заңдылықтарымен байланыстырады.
Академик В.А Энгельгард «Тіршілік құбылысын тану» кітабында «биологиялық процестерде зат алмасу құбылысының өзін реттеуі жеке қайтымды химиялық реакцияларда жай тепе-теңдік ығысу емес, кері байланыс механикалық қасиетін айқандайтын химиялық реакция жиынтығы нəтижесінде пайда болатын жеке емес өздік қасиетке ие емес, бірақ бірге жүйе түзуі арқылы жүзеге асады» делінген.
Тірі жүйенің іргелі қасиеті болып, ДНҚ мен РНҚ молекулаларын қамтамасыз етумен редуплкация өзін-өзін пайда ету қабілеті болып табылады. Ғалымдар РНҚ–ны алғаш эволюцияда генетикалық код өкілі ретінде бірінші өзін-өзі репликациялайтын молекула деп санайды. Генетикалық аппарат тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтап жəне тасымалдайтын тұрақты болуға тиіс. Сондай-ақ ол эволюциялық процестерде жаңа тіршілік түрлерін пайда етуде жағдай жасау үшін жеткілікті майысқақ болуға тиіс. Өзін - өзі пайда ету мен зат алмасумен қатар күрделі жүйелердің талғампаздық белгісіне соңғы кезде хиральды тазалықты жатқызуда. Хиральды тазалық деп, молекулалық екі қарама- қарсы формадағы оптикалық стереоизомерия түзу қабілетін айтады. ХІХ Луй Пастердің ашқан химиялық қосылыстардың оптикалық изомері қарама-қарсы жақтағы жарық поляризациясы жазықтығын айналатын оптикалық белсенді заттармен түсіндіріледі. Мұндай оптикалық антиподтар бірдей құрамды, бірақ функционалдық топтардағы орналасуы əртүрлі.
Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдар жиынтығы білімін біріктіре отырып, тіршіліктің күрделі химиялық, физикалық механизмдерін ашуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет