Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық


Адам пайда болуының концепциялары



бет30/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43

Адам пайда болуының концепциялары


Бұл мəселені қарастырғанда Бүкілəлем мен тіршілік пайда болуы тəрізді бірнеше концепциясы бар.Оның бірі адамды құдай жаратуы. Сондай-ақ алғашқа қауымдық тайпаларда олардың ата-тектерінің жануарлар мен өсімдіктерден шықты деген көзқарастар болған. Мұндай көзқарас қазіргі кезде де төмен дамыған халықтарда бар. Ертеректе адамның табиғи жаратылуы топырақтан (Анаксимандр) деген көзқарастар болған. Осы кезде адам мен маймылдың ұқсастығы бар деген көзқарастар да болған (Карфогеннен Ганомның). Қазіргі уақытта АҰО (НЛО) көп көңіл бөлінуіне байланысты, Жерге келген немесе маймылдар мен Жерге келген мақұлықтардың будандасуынан пайда болған деп адамның жерден тыс пайда болуы туралы мағлұматтар шыға бастады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғылымда Ч.Дарвин эволюциялық теорияның адамның арғы тегі қазіргі кездегі жоғарғы дамыған маймыл екендігі айтылған. Бұл теория ХХ ғасырда генетикалық дəлелденді. Яғни, адамның генетикалық аппараты жағынан ұқсас маймыл шимпанзе екені анықталды. Адамда 46 диплойдты хромосома болса, адам тəрізді маймылдарда 48, төменгі тартанаулы маймылдарда 54 тен 78 дейін болады. Сондай-ақ адам қанын шимпанзеге құюға немесе керісінше болатыны анықталды. Мұндай қан алмасу төменгі тартанаулы маймылдармен мүмкін емес.


Жануарлардан адамның айырмашылығы мен ұқсастығы


Адамның шығу уақыты туралы айтып бастау үшін жануарлардан адамның айырмашылығын қарастыру қажет. Оның нəтижесі біздерге адам туралы мағлұмат береді, содан соң оның эволюциялық құрылымы туралы айтуға болады. Дегенмен адамның жануарлардан айырмашығы туралы айтпас бұрын ұқсастығына тоқталайық. Ол келесідей көріністе болады:



  • заттық құрамы, құрылымы жəне мінез-қылығы жағынан. Адам мен жануарлар бірдей ақуыз бен нуклейн қышқылдарынан тұрады.

  • адам ұрығы тіршілік эволюциясы өткен даму сатыларын бастан кешіреді.

  • адамда жануарларда маңызды қызмет атқаратын мүшелер рудимент ретінде сақталған (мысалы, соқыр ішек, түкті қабат).

Мұндай ұқсастықтар адамдар мен жануарлардың туыстығын білдіреді. Бірақ адамдар мен жануарлардың арасында да айтарлықтай айырмашылықтар болады.
Осы айырмашылықтар қатарына ең алдымен ақылдылықты жатқызамыз. Жануарлардың ойлау қабілетін зерттеген ғалымдар оларда нақты болатынын айтты; адамның ойлау қабілеті абстрактілі, логикалық, түсінікті, жалпылайтын болуы мүмкін. Түсінікті ойлау қабілеті бар адамның интелектісі де жоғары болатыны белгілі.
Келесі адамның жануарлардан маңызды айырмашылықтарының бірі адамның сөйлеу қабілеті. Сөз арқылы қатынаста болу адам қоғамын басқа қоғамдық жануарлардан айырады. Адам өз миын құдайдан сыйға алған жоқ, ол өз қолымен «еңбектеніп» алды. Ойлау мен тілдің туысы бір: ойсыз сөз жəне сөзсіз ой болмайды. Ойды сөзбен өрнектегенде ғана қабылдауға қолайлы болады. Неміс антропологы М.Мюллердің гипотезасы бойынша сөз бен сөйлеуқоғамдық еңбек нəтижесінде пайда болды, ол біртіндеп ақылдылықтың пайда болуына əкелді. Сөздің арқасында адам түсінікті тудырды

  • ол бар заттардың немесе құбылыстардың, процестердің белгілері туралы жалпы сипаттама беруге жəне олардың басқалармен байланыстары мен қарым-қатынастары туралы сипаттама беруге мүмкіндік жасады.

Тағы бір адамның жануарлардан маңызды функционалды айырмашылығы еңбекке қабілеттілігі. Біздің антропойдты ата-бабамыздың адамдану процесін Ф. Энгельс
«Маймылдың адамдану процесіндегі еңбектің ролі» атты классикалық жұмысында ашты. Ф. Энгельс адам эволюцияларының факторларының тек оған ғана тəн ерекшелігін көрсетті. Қолдың еңбек құралын жасайтын еңбек мүшесіне айналуын, бөлікті сөйлеу мен қоғамдықтың дамуы. Бұл жерде еңбектің басқа құбылыс-қоғамдықтың көмегімен болғанын атап өту керек. Еңбек қоғамдықтың дамуына жағдай жасады, ал қоғам еңбекті дамытты. Адам басқа қоғамдық категорияға жатады жəне басқа жануарлар əлеміне қарсы тұруы қажет. Тек адам ғана еңбек құралын дайындап, жасауға қабілетті. Осыған байланысты жануарлардың қоршаған ортаға бейімделетіні, ал адам оны өзгертіп, соңында еңбекті жасағаны туралы айтылады.
Адамның еңбекке қабілеттілігімен тік жүруі мен қолының дамуы тығыз байланысты.
Мəдениеттің дамуына адамның əсерін сипаттайтын белгілерге отты пайдалану мен өлікті жерлеуді жатқызады.
Жануарлардан адамның негізгі айырмашылығы: түсінікті ойлау, сөйлеу, еңбек-осы жолмен адамның табиғаттан жекеленуі жүрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет