2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері 1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке
ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі; 4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және
ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің
үздіксіздігі;
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің
ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім
беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
4- бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары мен білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады, оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:
1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
1-1) білім беру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2-1) мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;
3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;
4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережелерін бекітеді;
5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
6) тиісті білім беру деңгейлерінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады, сондай-ақ, әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекітеді;
6-1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 No 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6-2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу тәртібін айқындайды;
6-3) бiлiм туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және
оларды беру тәртібін айқындайды;
7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 No 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;