Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ASTERACEAE DUMORT. ТҰҚЫМДАСЫНА



Pdf көрінісі
бет199/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ASTERACEAE DUMORT. ТҰҚЫМДАСЫНА 
ЖАТАТЫН ӨСІМДІКТЕРДІҢ ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ 
Дюсембек К. 
Ғылыми жетекші: Хамитова Г.Ж., жаратылыс ғылымдары магистрі, дәріскер 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
kyzzibekdusembek@gmail.com
  
 
Қазақстанның өсімдіктер жамылғысында 4750 жоғары сатыдағы өсімдіктер түрлері 
кездеседі. Қазақстан өсімдіктерінің зерттелген 4474 өсімдік түрлерінің ішіне папоротник 
тәрізділердің 46 түрі және жалаңаштұқымдылардың 21 түрі кіреді, ал қалғандары гүлді 
(жабықтұқымды) өсімдіктер. Осы өсімдіктердің ішінде ағаштардың 68 түрі, немесе 1,5%-ы, 
бұталардың 266 түрі, немесе 5,8%-ы, бұташықтар, жартылай бұталар мен жартылай шөптердің 


372 
433 түрі, немесе 9,6%-ы, көпжылдық шөптердің 2598 түрі, немесе 66,0%-ы және біржылдық 
шөптердің 849 түрі, немесе 18,9%-ы бар. Қазақстан флорасында ең көп үлес шөптесін 
өсімдіктерге тиесілі [1].
Қазақстан Республикасындағы өсімдік ресурстарын орман, дәрілік және жемшөп 
өсімдіктері құрайды. Таулы аймақтарда негізінен ормандар кездеседі. Орман алқаптарының 
жалпы ауданы - 21 млн га құрайды. Қазақстан аумағында дәрілік өсімдіктердің 250-ге жуық 
түрі кездеседі. Олар фармацевтика өнеркәсібі үшін құнды шикізат болып табылады [2].
Жер бетінде 
Asteraceae
тұқымдасына жататын өсімдіктер қосжарнақты өсімдіктердің 
ішіндегі ең көп тараған тобы болып саналады. Бұл тұқымдасқа 1300-ге дейін туыстар және 
20000-нан астам түр кіреді. 
Asteraceae
тұқымдасы өсімдіктері Арктика және Антарктида 
мұздарынан басқа жер бетінің басқа құрлықтарында кездеседі. Қазақстанның барлық жерінде, 
атап айтсақ, таулы, орманды, құмды, сазды, топырақты жерлерінің бәрінен кездестіруге 
болады. Қазақстанда аталған тұқымдастың 139 туысқа жататын 843 түрі кездеседі. Олар 
кішігірім ағаштар, бұталар, лианалар, жартылай бұталар, көпжылдық және біржылдық 
шөптесін өсімдіктер түрінде болады. Бірқатар түрлері өрмелеп өседі, кейде суккулентеріде 
кездеседі. Жалпы көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер болғанмен, сиректе 
болса, жартылай бұталы (жусан), бұталы (олеария) немесе кішкентай ағаштар түрінде (зиягүл) 
кездеседі. Тамыры негізінен томарша тамырлы өсімдік. Сабағы көбінесе жертаған (розетка) 
түзіп қатты қысқарады. Жапырағы қосалқы жапырақсыз жапырақтары кезектесіп орналасқан, 
сирек қарама-қарсы немесе буынға шоқтасып бекитін түрлері де кездеседі. Олар негізінен 
қарапайым, бүтін немесе салалы пішінді болғанмен күрделі түрлері де ұшырасады [3]. 
Гүлшоғыры – себет, сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер жиналып қалқанша 
немесе сыпыртқы түзеді. Олар дара, ботрикалық және цимозды гүлшоғырына жинақталған 
күрделі келеді. Гүлі актиномофты немесе зигоморфты. 4 шеңберлі, 5 мүшелі гүлсерігі 
қосарланған типтес болады. Күрделі гүлділердің үш түрі: Тілше гүл, сүзгі тәрізді гүл, түтік 
тәрізді гүл болып бөлінеді. Тостағаншасы 5 жарғақты тостаған-жапырақшалардан (гайлардия) 
немесе түйіннің жоғарғы жағын жауып тұратын, жарғақты, қабық түрінде байқалады. 
Тостағаншасы желайдарға айналып кеткен немесе редукцияға ұшыраған. Күлтенің түбіне 
қарай жабыса дамыған аталық жіпшелері болады. Бес мүшелі, күлте түтігіне бекитін аталық 
жіпшелері бір – бірімен кірікпеген немесе өте сирек жағдайларда өзара кіріккен [4]. 
Гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Аналығы 1. Гүл түйіні 
төменгі, 1-ұялы. Ұзын болып келетін аналықтың мойыны аталықтың трубкасының ішінде 
орналасады, одан жоғары әдетте екі жақтауы бар аналықтың ауызы (рыльце) ғана көтеріліп-
көрініп тұрады Тұқымша (семянка), көп жағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін 
желайдары (летушка) болады. Түктерден тұратын, айдарлы тұқымша [5]. 
Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор. Олардың ішінде аса қүнды 
тамаққа пайдаланатын (май алынатын және көкөністік), татымды дәмі бар, дәрілік, бояулық, 
сәндік, хош иісті өсімдіктер аз емес. 
Күрделігүлділердің тұқымшасы – құрғақ ашылмайтын біртұқымды жеміс. Перикарпий, 
тұқым қабығы (спермодерма) және эндосперм тұқымтүйінді қорғап тұрады. 
Күрделігүлділердің тұқымшаларының жабыны анатомиялық құрылысы бойынша түрлі болып 
келеді. Әр түрлі түрлерде перикарпий және тұқым қабығы қалыңдығының қатынасы әртүрлі 
болады. Әдетте, эмбрионды қолайсыз экологиялық факторлардан қорғау функциясы негізінен 
осы жабындардың бірімен жүзеге асырылады.
Құрғақ жерлерде өсетін түрлерде әдетте перикарпий тығыз, қабығы қалың 
жасушалардан тұрады. Мезофит жерлердегі өсімдік түрлерінің перикарпийі көбінесе қабығы 
жұқа жасушалардан тұрады [6]. 
Флоралық зерттеуде жергілікті бір территориядағы адамзат өмірінде және халық 
шаруашылығында маңызы бар өсімдік түрлері анықталуға тиісті. Өсімдіктерді маңызына 
қарай мынандай топтарға бөледі: мал азықтық, дәрілік, техникалық, әсемдік, бал шырынды 
және т.б. [7].


373 
Пайдалы өсімдіктердің түр санын зерттеу арқылы, белгілі бір флоралық ауданның 
маңыздылығы анықталады.
Қазақстан Флорасы еңбегін және кафедрадағы гербарлық қорды пайдаланып Ақмола 
облысы аймағында кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет