Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет207/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Ильяс Ж.А. 
Ғылыми жетекші: Сапарбекова А.А., жаратылыстану ғылымдары магистрі, аға оқытушы 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
Ilyaszhumagul04@internet.ru 
Ғаламымызда ғылым саласы біз ойлағаннан да күрделі дамып, түрлі жаңалықтар мен 
заңдар күн санап ашылуда. Оған дәлел ретінде физика ғылымын айта аламыз. Физика 
тарихындағы ғаламдық құбылыстарды анықтаудағы заңдар - кез келген адамды ойландырып, 
қызығушылығын оятары анық. Ендеше, бүгінгі біздің тоқталатын тақырыбымыз: физикалық 
күштерге деген қызығушылығының арқасында есімі тарихта қалған ғалым – Ньютон және 
оның физика ғылымында ашқан жаңалығы жайлы болмақ. 
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы ХVII ғасырдағы Ньютонның ғылымға әкеп қосқан 
жаңалықтарының бірі. Небәрі 23 жастағы жігіт Ньютон 1665 жылы басынан өткен оқиғаны 
зерттеп, бақылау арқылы тартылыс заңын ашты. Нақтырақ айтқанда, басына түскен алманың 
құлауы. Бұл әрекеттен адамның жаңалық ашудағы мүмкіндігі әрқашан кеш емес, ол сенің 
алыста, жақында, көптеген адамдардың ортасында, яки жалғыз болуына қарамайтындығы. 
Демек, «И.Ньютонды қызықтырған не?» нәрсе деген сұрақты қояр болсақ, Ньютонның 
пайымдауынша жаратылыстағы барлық заттардың, материяның арасында белгілі бір 
тартылысқа түсетін күштің бар екендігі.Ньютонның ашқан бұл заңдылығы - кез келген дененің 
бөлшектерінде болып жатқан процесті көрсете алады. [1;15-бет]
Ньютон бұл жаңалығын өзінің 1666 жылы жарыққа шыққан «Натурал философиялық 
математика негіздері» атты еңбегінде көрсетеді. Ал, теория бойынша-денелердегі бөлшектер 
массаларының көбейтіндісіне пропорционал, керісінше арақашықтықтарының қайта 
көбейтіндісіне кері пропорционал. Формула негізінде көрсетер болсақ:
𝐹 = 𝐺
𝑚
1
∗ 𝑚
2
𝑟
2
мұндағы -
𝑚
1
𝑚
2
дененің массасы, ал 
𝐺
- гравитацияның тұрақтылығы, арақашықтық –
𝑟
2

Демек, бұл формуладан күштің қаншаға тең екені шығады.Жер бетіндегі тыныштық 
жағдайында ауырлық пен салмақ формулалары бірдей. [2; 7-бет] 
Ауырлық күші- жердің денеге әсер ететін күші, ал салмақ-дененің тірекке әсер ететін 
күші. Сондай-ақ, ауырлық күші тек дене орналасқан масса мен планетаға байланысты. Ал 
салмақ дененің немесе тіректің қозғалатын үдеуіне де байланысты болады.Сонымен катар 
ауырлық күші кез-келген пішіндегі денелер арасындағы өзара әрекеттесу күштерін есептеу 
үшін қолданылады, егер денелердің өлшемдері олардың арасындағы қашықтықтан едәуір аз 
болса.Ауырлық күш деп отырғанымыз Ньютонның екінші заңымен үндес. Еркін түсу. Неге 
еркін түсу? Себебі, ғаламымызда ешқандай тартылыс күші болмаса жерде жүрген адамдар, 
үйлер, тіпті өзге де жарытылыстар жерде өмір сүрмейтін еді. Жер бетінде еркін түсу процессі 
біркелкі емес. Бұны жер радиусымен салыстыруымызға болады. Бұл тұрғыда, жердің пішіні
шар тәріздес екені бәрімізге белгілі. Тіпті, жердің географиялық ендігі мұнда назарға алынуы 


386 
тиіс. Мәселен, оңтүстік полюске еркін түсу үдеуін де 9,78м/с

құраса, ал экваторлық 
белдеулерде 9,83м/с

,ал 50° тағы ендікте 9,79 м/с
2
құрауы мүмкін. [3; 53-бет] 
Бүкіл Әлемдік тартылыс күшіне тән ережелерді атап өтсек: 
1. Кез-келген дене тартылыс көзі болып табылады, яғни ол басқа денелерді өзіне тартады.
2.Тартылыс күшінің шамасын дене салмағы анықтайды. Дене салмағы неғұрлым көп болса, 
соғұрлым күш көп болады 
3. Екі дененің арасындағы тартылыс күші осы денелердің массаларының көбейтіндісіне тура 
пропорционал. 
4. Тартылыс күштерінің шекаралары жоқ, олардың әрекеті шексіздікке дейін созылады және 
олардың мөлшері азаяды,қашықтықтың квадратына кері пропорционал. 
5. Гравитациялық күштер аддитивті, әр дене үшін оның тартылыс күші күштердің векторлық 
қосындысы болып табылады.Бұл позициялардан мынандай сұрақ туындауы мүмкін, бұл 
қалай? алыстағы денелер бір-бірін қалай тартады? Физикалық тарту процесінің негізінде не 
жатыр?Өкінішке орай бұл сұрақтарға әлі жауап табылған жоқ.Ньютон гравитацияның 
табиғаты туралы мәселені ашық қалдырды. [4; 118-бет] 
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын Ньютоннан кейін астроном И. Кеплер зерттеді. Ғасыр 
бойынша он жетінші дәуірді құрайды. Астроном И.Кеплерде өзінің ғылымға деген біліктілігін 
физикалық заңдармен байланыстыра келе Ньютонның жолын жалғады. Әдіс бойынша 
«Механикалық кері есеп» деп аталады. Алғашқыда тартылыс заңы тек есеп күйімен көрсетіліп 
жүрсе, кейінкеле Ньютон физикаға әкелген жаңалығын «Бүкіл әлемдік тартылыс заңы» деп 
өзгерткен болатын. 
Тартылыс күші табиғаттағы барлық денелерде болады. Мұндағы денелердің ауырлық 
күштердің септігінен қозғалуын Г. Галилей зерттеді. Бұл дегеніміз - барлық табиғаттағы 
материялар өзінің массасының әсерінен қозғалыста болады. Мәселен, бүкіләлемдік тартылыс 
күші көрінісі - жер мен адамның бір - біріне тартылуын мысал ретінде айта аламыз, бұл 
И.Ньютонның теориясына практика,әрі дәлел. 
Сөзімізді қорытындылай келе, физикалық жаңалықтардың күн сайын ашылып, 
ғылымға қосылуы - адамзат өркениетінде адамзат баласының санасының биік деңгейде 
жетіліп, кемелденгенін білдіреді. Бәлкім, алдағы уақыта қазақ жастары физикалық шамалар 
туралы ерекше дүниелерді ғылым сахнасына әкеліп қосар. 
Әдебиет 
 
1.
Аққошқарова Қ. «Физика эксперименттік есептер»
2.
Ж.Абдуллаев, «Жалпы физика курсы», Алматы, Ана тілі, 1991.
3.
Б.Арызханов, «Физика курсы», Алматы, Мектеп, 1988. 
4.
Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған 
оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. 
Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет, суретті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет