Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


БИОЛОГИЯ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖОБАЛАУ-ЗЕРТТЕУ



Pdf көрінісі
бет225/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

БИОЛОГИЯ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖОБАЛАУ-ЗЕРТТЕУ 
ҚЫЗМЕТІ 
Назгуль Ж. 
Ғылыми жетекші: Жумабаева А. А. педагогика ғылымы магистрі, дәріскер 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
15 
Теміржан Жантемір 



16 
Тлеулин Нуртас 



17 
Шайдулла Жандос 





419 
nazgulkpop@gmail.com
  
Биология сабағы теориялық білімді практикалық түрде іске асыруды қажет етеді. 
Осындай практикалық жұмыстарға сыныптан тыс жұмыстар, зерттеу жұмыстары, 
зертханалық жұмыстар, ғылыми жобалар жатады. Осындай практикалық жұмыстар 
оқушылардың ізденіс қабілетін, жеке және топтық жұмыстарда жұмыс істей білу, белгілі бір 
мәселені ешкімнің көмегінсіз шеше білу қабілеттерін дамытады. Біздің Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік білім беру стандарты оқушылардың құзыреттіліктері мен 
ерекше қабілеттерін дамытуын басты мақсат деп көздейді.
Осыған орай мектептерде биология сабағында әртүрлі эксперименттер, зертханалық 
және практикалық сабақтар кеңінен жүргізіледі. Бұл жерде әртүрлі бақылаулар, өлшеулер, 
қорытындылар, салыстырулар, гипотезалар жасау шаралары жүргізіледі. Бұл оқушылардың 
биология сабағына деген қызығушылығын, ғылым мен дамуға деген мотивациясын 
қалыптастырады.
Қазіргі кезде биология бойынша білім беру үдерісіндегі жобалау-зерттеу қызметінде 
жобалау әдісі кеңінен қолданысқа ие болып келеді. Себебі бұл әдіс тек теориялық түрде 
шектеліп қана қоймай практика жүзінде жұмыс істеуді талап етеді. Осы мезетте оқушы мен 
мұғалім арасында тығыз қарым-қатынас пайда болып, оқушыда жан-жақты ізденушілік 
қабілеттері дамиды. Сонымен қатар жобалау әдісімен оқу үдерісін жүргізгенде 
методологиялық, теориялық, мазмұндық, практикалық және нәтижелік компоненттерге көңіл 
бөлінуі қажет[1].
Методологиялық және теориялық компоненттердің білім берудегі басты элементі 
методологиялық және психо-теориялық көріністері болып табылады, яғни бұл жерде жобалау 
әдісі тұлғаның дамуы мен психологиялық танымының дамуын көрсетеді.
Биология сабағындағы жобалау қамтиды:
1)Теориялық көрініс праактикалық көрініспен тығыз қарым-қатынаста болуы тиіс. Бұл жерде 
әртүрлі әдіс-тәсілдер мен бақылаулар, эксперименттер қолданылады;
2)Зерттеушінің жобаны жеке немесе топпен жұмыс істеу алуы;
3)Белсенділік пен дербестік қабілеті. Бұл жерде оқушы өзінің өткен сабақтар мен эксперимент, 
зертханалық сабақтардан алған теориялық, практикалық тәжірибе қабілеттерін көрсете алуы 
жатады. Сонымен қатар биология сабағында жобалау әдісін қолданғанда оқушының өзіндік 
тұлға қабілетін құрған кезде оның зерттеушілік, гуманистік, қызметтік көріністерін ескеру 
қажет.
Жүйелік әдісті жобалау-зерттеу қызметінде қолданса, ортақ жоба құрастыру жүйесін құра 
аламыз. Әдіс жаңа білім мен жаңа ізденістерді қалыптастырады. Сонымен қатар бұл процесс 
тек мұғалім мен оқушінің бірлесуі арқылы жүзеге асады[2].
Жобалау кезінде ортақ жүйе қалыптасу үшін зерттеушілердің жоба жұмысын жүргізу 
әдістері басты назарға алынады, яғни жоба мақсаты, мазмұны, әдістер, жұмыстың құрылымы 
және т.б. Сонымен қатар зерттеу әдісі биологияны оқытуда маңызды әдіс болып табылады. 
Жоба жұмысы нақты мәліметтермен, мәселені шешетін ғылыми сұрақтарымен, нақты 
өзектілігімен сипатталуы қажет. Теориялық бөлімі практикалық бөлімімен тығыз байланыста 
болуы қажет. Осындай ғылыми жобалар өзінің нақты құрылымымен, мәлімттерімен, нақты 
зерттеу бөлімімен және нақты қорытынлысымен ерекше болады. Бұл жерде зерттеуші әртүрлі 
әдістерді қолдану арқылы барлығын бір жүйееге келтіріп, мәселені шешеді [2].
Биология сабағында жоба жұмыстарын жүргізу оқушыларға проблемалық сұрақтар мен 
зерттеу мәселелерін жүктеу болып табылады. Оқушылар мәселені шешу жолдарын іздеп, 
зерттеушілік қабілеттерін дамытады.
Оқушы ғылыми жобаны жүзеге асырғанда таңдау қабілетіне ие болады, яғни жеке, 
дербес жұмыс істеу немесе топпен, жұппен жұмыс істеу. Бұл жерде мұғалімнің қызметі 
оқушылардың қызығушылығын арттыру, бағыт бағдар беру болып табылады. Сонымен қатар 
осындай жоба жұмыстың басты мақсаты оқушылардың жеке, өз бетінше жұмыс істеу 
қабілетінің дамуы болып табылады[3].


420 
Жобалау-зерттеу қызметін жеке алып қарасақ, жобалау шығармашылықты, жүйелілікті 
қамтиды. Ал зерттеу белгілі дәлелді, нақты мәліметтерді қамтиды. Осы екі ұғым қосылып 
жобалау-зерттеу қызметін қамтиды. Бұл қызмет ғылыми жобаның нақты құрылуын, мақсаты 
мен міндеттерінің, өзектілігінің, мәселенің, теориялық және практикалық, зерттеушілік және 
қорытынды бөлімдерінің нақты құрылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар субъективті 
түрде оқушының араласуымен жүзеге асады. Оқушының да тұлғалық дамуы, зерттеушілік 
дамуы, шығармашылық дамуы көрініс алады.
Жобалау-зерттеу қызметін сонымен қатар оқушының ғылыми жобаны қорғау процесінен де 
тұрады. Оқушы ғылыми жобаны қорғағанда жоба бойынша презентация дайындау, сұрақтарға 
жауап беру, өзін-өзі ұстау, сыртқы келбетіменсыналады. Бұл жерде басты міндет нақты, 
керекті мәліметтерді жария ету. Даму жағына келсек, оқушының ораторлық қабілеті, тез ойлау 
қабілеті дамиды [4].
Жобалау әдісі бойынша жоба түрлері де бар. Олар: зерттеушілік, шығармашылық, 
пәнаралық, тікелей, жанама, қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік. Бұлар бір-
бірімен тығыз байланысты, бірақ зерттеу жағынан ерекшеленеді. Ғылыми жобаның құрылымы 
мен жазылу ережесімен ұқсас, бірақ бағыттары әртүрлі. Оқушылар өзіне жақын жоба түрін 
алып, осы бағытта мәселе анықтап, зерттеушілік жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми жобаны 
жазудағы мақсат өте айқын, анық көрсетілуі тиіс. Білім алушының қандай да бір ғылыми 
жаңалық ашуға деген ұмтылысын зерттеу жұмысының мақсаты айқындайды. Мақсатына 
қарай атқарылатын міндеттері көрсетіледі[5-30 б.].Ғылыми жобаны жазу барысында 
зерттеуші күнделік толтырады. Зерттеуші тақырыпты таңдаған күнінен бастап, ғылыми 
еңбекті таңдау, оқу және талдау, сұрыптау, жобаны рәсімдеу және толық аяқтап шыққан күнге 
дейін күнделік толтырады [5-30 б.].
Ғылыми жобамен жұмыс жасағанда оқушы тақырып пен мәселеге байланысты 
кітаптарды, атластарды, кестелерді, интернет желісін, әртүрлі ғылыми сайттарды, 
видеоматериалдарды қолдана алады. Ғылыми жобамен жұмыс жасағанда оқушы мен мұғалім 
арасындағы байланыс, қарапайым сабаққа қарағанда қызықты, күрделі өтеді. Жобаның мәнін 
нақты түсіну үшін оқушы өзі көп жұмыс жасауғы қажет. Ал мұғалім оқушыға шабыт пен 
бағыт-бағдар беріп отыруы қажет. Барлық мәлімет пен зерттеу, қорытынды жиналғанна кейін 
дайындық кезеңі болады. Бұл жрде оқушы ғылыми жобаны презентация түрінде көрсете 
алады. Ал ең соңғы кезең ол арнайы конференциялар құру Бұл жерде оқушылар ғылыми 
жобаларын қорғап, сұрақтарға жауап береді және жүлделі орындар тағайындалады [5-32б.].
 
Әдебиеттер 
1. Кутузов Р.В, Алексеев В.В. Виды и классификация наглядных пособии по биологии.-
Чебоксары, 2018. 92-94 с.
2. Комиссаров Б.Д. Методологические проблемы школьного биологического образовани.-
Просвещение, 2013. -158с.
3. Леонтович А.В. Подборка статей о практике организации иследовательской деятельности 
учащихся // Завуч.-2013.- №1.-С.25-31.
4. Кочнева, Г. И. Организация проектно-созидательной формы обучения. - 2000. - № 8. - с. 38-
40.
5. Қазақстан мектебі ғылыми педагогикалық журнал №9, 2010.-30б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет