421
fniazbekova@gmail.com
Қазіргі мектептер әдістемелік әлеуетті кеңейтуге және оқу-тәрбие процесіне ойын
технологияларын белсенді енгізуге қажеттілікті сезінуде.
Оқытудың мұндай белсенді
түрлеріне ойындар жатады.
Ойын – балаларды тәрбиелеудің, оқытудың және дамытудың қолайлы құралдарының
бірі. Ойын шығармашылық ойлауға ынталандырады, қарым-қатынас пен іс-әрекетті
ұйымдастыру тәжірибесін алуға көмектеседі. Ойын барысында оқушылар қуана отырып,
білім алады. Позитивті эмоциялар, сәттілік жағдайлары психологиялық денсаулықты сақтау
және өмірде тиімді әлеуметтік-психологиялық бейімделу үшін қажет. Ойын мектеп
оқушыларының денсаулығын сақтауға ықпал етеді, себебі,
аудиторияның ерекшеліктерін
ескеруге мүмкіндік береді, сабақта қолайлы психологиялық ахуалды және оқушылардың өзін-
өзі көрсетуі үшін жағдай жасай отырып, оқу материалына қызығушылықты арттырады [1; 4-
бет].
Биология оқу пәні ретінде қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі жетекші пәндердің
бірі болып табылады. Қазіргі білім берудің негізінде оқушылардың шығармашылық
бастамасын, қажетті ақпаратты іздеуде дербестік дағдыларын дамытуды, қалыптасқан
проблемалық жағдайлардан шығудың жолын табудың әмбебап дағдыларын қалыптастыруды
көздейтін жүйелі-белсенді тәсілдер жатыр [2; 271-бет].
Осы белсенді тәсілдердің біріне биологиялық ойындар жатады. Ойындардың
артықшылығы олар зейінді,
өздігінен шешім қабылдауды, оқушылар арасындағы қарым-
қатынасты, өзара көмекті дамытады, ойлауды, қиялды, есте сақтауды белсендіреді, яғни
ойындардың көмегімен оқушылар әлемді тек репродуктивті түрде түсінетін пассивті
объектілер емес, белсенді оқу субъектілері болатын жағдай жасау мүмкіндігі.
Ойындар көптеген
функцияларды орындайды:
- тәрбиелік-ерікті қасиеттерді, дүниетанымдық ұстанымдар
мен көзқарастарды
қалыптастырады, коммуникацияларды, қарым-қатынас жасау, келіссөздер жүргізу, ортақ
шешім іздеу, жалпы келісімге келу қабілетін дамытады;
- оқыту – жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыру;
- дамытушы – ой-өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады, эмпатияны,
рефлексияны, оқу іс-әрекетіне мотивацияны, салыстыру, сәйкестендіру, ұқсастықтарды табу
және оңтайлы шешімдерді іздеу қабілеттерін қалыптастырады [3; 390-бет].
Осыған байланысты зерттеу жұмысымыздың мақсаты 10-12 жастағы мектеп
оқушыларына биологиялық ойындарды ұйымдастыру және жолдарын анықтау.
Зерттеу «Балалар Университеті» жобасы аясында
Шоқан Уәлиханов атындағы
Көкшетау университеті, биология және оқыту әдістемесі кафедрасының «Биологияны оқыту
әдістемесі» кабинетінде 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында жүргізілді. Сергіту сәттері мен
қозғалмалы, белсенді биологиялық ойындар «Тұлпар» спорттық-сауықтыру лагерінің
аумағында өткізілді.
«Балалар университеті» қызметінің мақсаты: тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етіп,
балаларды ғылымға тарту, ерте кәсіптік бағдар беру. Балалар университеті жобасына 10-12
жас аралығындағы бастауыш сынып оқушылары қатысты.
2022-2023 оқу жылында «Балалар университеті» жобасына Көкшетау қаласы және
Ақмола облысы аймағындағы мектептердің оқушылары қатысады: Ақмола
облысы білім
басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының Мәлік
Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясы» КММ, "Ақмола облысы білім
басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта
білім беретін мектебі" КММ, "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы
бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының «№1 мектеп-гимназиясы" КММ, Ақмола облысы
білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Сәкен
Жүнісов атындағы № 18 мектеп - лицейі" КММ, «№1 Чкалов жалпы орта мектебінің» 3-5
сынып оқушылары қатысады.
422
Оқушылардың жалпы саны-30. Олардың 23-сы қыз, 7-еуі ұл балалар. Сабақ айына бір
рет сенбі күндері сағат 10:00 ден 12:00 ге дейін, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Бастауыш сынып оқушыларын ғылыммен қызықтыру мақсатында ойынның маңызы
зор. Оқушылар ойын арқылы жаңа ақпаратты жеңіл әрі зерікпей қабылдайды. Зерттеушілікке
ерте жастан қызығып, жетістікке жетуге деген ынталары арта түседі. Оқушылармен жұмыс
жасау барысында биологиялық ойындардың түрлері
интерактивті, интеллектуалды,
дидактикалық, рөльдік және квест ойындары өткізілді.
Ұйымдастырылған биологиялық ойындардың бірнеше түрлерін қарастырайық:
1) «Кім? Не? Қашан?» ойыны – бұл ойын сізде бар барлық нәрсені талап етеді: қиял,
ой, зейін, білім, тапқырлық. Аталған ойын оқушыларды ең қысқа уақыт ішінде шешім
қабылдауға үйретеді.
Ойынның өткізілу ережесі:
1. Ойынға 6 адамнан аспайтын бірнеше команда қатысады.
2. Барлық командалар бір уақытта ойнайды, сондықтан жауаптар жазбаша түрде
беріледі.
3. Командалардың міндеті-жүргізуші қойған сұраққа дұрыс жауап беру. Әр дұрыс
жауап үшін команда бір ойын ұпайын алады.
4. Жүргізуші сұрақтың нөмірін жариялайды, сұрақтың мәтінін оқиды және "уақыт"
деген сөзді айтады, содан кейін талқылау басталады. 50 секундтан кейін жүргізуші "10 секунд
қалды"деп хабарлайды. Минут аяқталғаннан кейін жүргізуші "уақыт" деп қайта айтады және
10 секундтық кері санақты бастайды, оның барысында командалар жауап жазып, карталарды
тапсыруы керек (1-сурет).
1-сурет «Кім? Не? Қашан?» ойынының өткізілу барысы
Берілген сұрақтар: 1.Қыста жаңғақ жинап, оларды ұмытып кететін жануарлар бар. Бұл
жануарлар өте жақсы өрмелейді, ағашта мекен етеді. Жыртқыштарға оларды аулау оңай шаруа
емес. Бұл жануарлар қайда кездеседі? 2. Қалай ойлайсыз қандай саңырауқұлақтың көмегімен
тоқаштарға қойылған қамыр көтеріледі? Саңырауқұлақты атаңыз?
2) «Жануарды тап»
рөлдік ойыны, үстелде жануарлар бейнеленген карточкалар
қойылады. Балалар бір карточкадан таңдап, бейнеленген жануардын кейпіне еніп оны ыммен
немесе тіршілігіне байланысты сөйлемдермен басқаларға түсіндіреді, басқа оқушылар оны
табады (2-сурет).
423
2-сурет. «Жануарды тап» рөлдік ойыны
Биологиялық ойындар өткізілгеннен соң, оқушылармен кері байланыс жүргізілді.
Биолоиялық ойынға қатысқан оқушылардың саны-22; Оның ішінде сабаққа «өте
жақсы» деген бағаны берген оқушылар
73%, жақсы – 23% , орташа
4% көрсетті.
Оқушылармен өткізілген рефлексия нәтижелері 3-суретте көрсетілген.
3-сурет. Оқушылармен өткізілген рефлексия
нәтижелері
Биологиялық ойындар 10-12 жас аралығындағы балаларда биология ғылымына деген
қызығушылықты арттыруда басты құралының бірі екеніне көзіміз жетті. Балалар ойын арқылы
ғылыммен танысып, болашақ мамандығын таңдауда кәсіби бағыт бағдар алады. Биологиялық
ойындар арқылы жаңа ақпараттарды білуге құштарланып, оңайлықпен игереді.
Достарыңызбен бөлісу: