БЮДЖЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ШЕТЕЛДІК
ТӘЖІРИБЕСІ
Тургунова А.Ж.
Ғылыми жетекшісі: Конуспаев Р.Қ., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
konuspaev@list.ru
Мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда шетелдік тәжірибені зерттеудің маңызы зор
болып табылады. Унитарлық және федеративті құрылымы бар әр елдің бюджеттік жүйесі
міндетті түрде жергілікті деңгейге ие. Муниципалитеттердің бюджеттері жергілікті биліктің
қаржылық негізі бола отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірінде маңызды рөл
атқарады, онсыз бірде-бір демократиялық елдің толық жұмыс істеуі мүмкін емес.
Муниципалитеттердің бюджеттерінің ресурстары есебінен мемлекеттік шығындардың кең
спектрі қаржыландырылады, осылайша муниципалитеттердің бюджеттері халықтың өмірлік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі - АҚШ) федералды мемлекет болып саналады
және қаржылық құрылымның үш деңгейіне ие: федералды бюджет, штат бюджеттері және
жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттері.
Мемлекеттік басқарудың әрбір бөлімшесі (федерация, штаттар, жергілікті органдар) өз
бюджетін дербес жасайды және бекітеді, салық саясатын әзірлейді және жүзеге асырады,
қарызды басқарады.
Штаттар мен жергілікті органдардың билігі жергілікті шаруашылықтың, әкімшілік
аппараттың қоғамдық қажеттіліктерін қаржыландыруға байланысты айтарлықтай мемлекеттік
шығындарды құрайды. Салық түсімдері кіріс бөлігінің негізгі көзі болып табылады. АҚШ-тың
жергілікті бюджеттерінің салық түсімдерінде мүлік салығы едәуір бөлігін алады.
Жергілікті бюджет шығыстарының құрылымы негізінен білім беру шығындарынан және
жолдарды күтіп ұстауды, коммуналдық және қалалық шаруашылықты, өртке қарсы күзетті,
емдеу және басқа мекемелерді қаржыландыруға кететін шығындардан тұрады.
Аймақтық өзін-өзі басқару органдары білім беруді қаржыландыру көзін таңдай алады:
- бірыңғай бюджеттік түсімдер есебінен;
- мақсатты салықтар;
- лотереялар өткізу.
Жергілікті бюджеттердің кірістері салықтық түсімдерден; салықтық емес түсімдерден;
федералды және штаттық үкіметтердің субсидияларынан тұрады.
Жергілікті бюджеттердің салықтық емес кіріс көздеріне мыналар жатады: коммуналдық
қызметтерді ұсынудан түскен кірістер, муниципалды мүлікті сатудан түскен кірістер,
974
сақтандыру қорларының кірістері, облигацияларды сатудан түскен кірістер, алымдар,
лицензиялар үшін төлемдер, айыппұлдар және т. б.
Салық кірістеріне мыналар жатады: мүлік салығы, экологиялық салықтар, көлік
құралдарына салынатын салықтар (автокөлікті тіркеуге, автотұраққа салынатын салық), ойын-
сауық, қонақ үйлерлерге салықтар және т.б.[1; 64-бет].
Ұлыбританияда екі деңгейлі бюджеттік жүйе бар - мемлекеттік бюджет және жергілікті
өзін-өзі басқару бюджеттері.
Жақында жергілікті бюджеттердің кірістерінде қаржылық көмектің үлесі өсті (шамамен
50%). Жергілікті үкіметтік қаржыландыру туралы заңға сәйкес жергілікті бюджеттердің
кірістер жүйесі төрт көзге негізделген:
- шаруашылық қызметке салынатын салықтар;
- муниципалдық салықтар;
- үкіметтік субсидиялар;
- жарналар мен алымдардар.
Жергілікті бюджеттердің шығындары мыналардан тұрады:
- полиция мен сот билігін ұстау;
- көлік;
- жол шаруашылығы;
- табысы төмен адамдарға тұрғын үйді жалға алуға тұрғын үй жәрдемақысын төлеу үшін
әлеуметтік көмек көрсету [2; 56-бет].
Ресей Федерациясы - федеративті мемлекет, үш буынды бюджеттік жүйесі бар:
федералды бюджет және мемлекеттік федералды бюджеттен тыс қорлар; субъектілердің
бюджеттері және мемлекеттік аумақтық бюджеттен тыс қорлар; жергілікті бюджеттер.
Жергілікті бюджеттерден екі үлкен топтың шығындары қаржыландырылады:
1) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге, сондай-ақ муниципалдық қарызға қызмет
көрсетуге байланысты муниципалды ауданның өзіндік шығындары. Бұл шығындарды келесі
бағыттар бойынша бөлуге болады:
а) меншікті басқару органдарының қамтамасыз етілуі;
б) жергілікті сайлау өткізу;
в) муниципалды тапсырысты жүзеге асыру;
г) жергілікті шаруашылық салаларын қаржылық қолдау;
д) жергілікті маңызы бар арнайы нысаналы бағдарламалар;
2) Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілген жекелеген мемлекеттік
өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты шығыстар:
а) елді мекендердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруді жүзеге асыру;
б) негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде, муниципалдық
мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды қаржыландыру
бөлігінде азаматтардың тегін мектепке дейінгі, сондай-ақ жалпы білім беретін мекемелерде
қосымша білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету;
в) қарт азаматтар мен мүгедектерге, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға,
сондай-ақ ардагерлерге, жетім балаларға, аз қамтылған және қараусыз қалған балаларға
әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызмет көрсету;
г) медициналық мекемелерде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру;
д) муниципалды жол құрылысы, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп ұстау;
е) азаматтарға тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге атаулы
субвенциялар төлеу және т.б. [3; 6-бет ].
Франция біртұтас унитарлы мемлекет болғандықтан, оның бюджеттік жүйесі екі
деңгейден тұрады: орталық үкіметтің бюджеті және коммуналардың бюджеттері.
Францияның бюджеттік жүйесі орташадан жоғары «салық автономиясы» бар елдерге
жатады. Бұл дегеніміз, жергілікті бюджеттер дамыған елдер арасындағы орташа деңгейден
гөрі тәуелсіз, бірақ жергілікті бюджеттердің дербестік деңгейі төмен, бұл жалпы унитарлық
975
мемлекеттерге
тән.
Жергілікті
бюджеттер
кірістерінің
40%-ын
Францияның
орталықтандырылған Үкіметінің бюджетінен алады.
Жергілікті органдардың қаржылық бағыныстылығы мемлекеттік субсидиялар мен
несиелер жүйесімен, сондай-ақ орталық салықтарға үстемеақылармен қамтамасыз етіледі
(мысалы, табыс салығы бойынша үстеме). Жергілікті билік органдарының қаражаты
қазынашылық органдарының шоттарында сақталады. Бұл орталық үкіметке жергілікті
органдардың қаржылық қызметін бақылауға мүмкіндік береді.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 2 топқа бөлінеді - меншікті және реттеуші. Сонымен
қатар, кірістер құрылымында меншікті кірістер басым, олар 60% - дан асады және мыналарды
қамтиды:
- салықтар, оның ішінде тікелей салықтар (құрылыс салынған учаскелерге салынатын
жер салығы, құрылыс салынбаған учаскелерге салынатын жер салығы, кәсіптік салық,
жалақыны қоспағанда, қызметтен түсетін табыстарға салынатын жер салығы);
- муниципалдық меншіктен түсетін кірістер (жалға беру, өндірістік қызметтен);
- басқа да кірістер.
Кейіннен 1981 жылғы реформалардан кейн жергілікті өзін-өзі басқаруға мемлекеттік
субсидиялар өсті. Субсидиялардың екі түрі бар: әлеуметтік көмекке бағытталған шығындар
(барлық субсидиялардың шамамен 60%) және күрделі құрылыс. Субсидиялардан басқа,
жергілікті органдар ақша нарығында алынған қарыз қаражатын пайдаланады.
Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығыстарының үштен бірінен астамы әкімшілік-
полиция аппаратына, үштен бірі - білім, денсаулық сақтау, мәдениет, қалғандары - жергілікті
шаруашылыққа тиесілі. Жергілікті билік бюджеттік инвестициялардың 50% - дан астамын
жүзеге асырады [4; 46-бет].
Жапонияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының автономиясы өте жоғары екі
деңгейлі бюджеттік жүйе бар. Жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігі салықтық және салықтық
емес түсімдерден тұрады. Жапонияда жергілікті салықтар жергілікті бюджеттерде басым
емес, олардың кіріс бөлігінің жартысынан азын құрайды. Бұл жапондық салық жүйесін
Солтүстік Америкадан ерекшелендіреді, мұнда жергілікті салықтар муниципалитет
бюджетінің 2/3 бөлігінен асады. Жергілікті салықтар туралы заң олардың түрлері мен шекті
мөлшерлемелерін анықтайды.
Префектуралардың салықтық емес кірістерінің басты көзі-жалпыұлттық іс-шараларды
өткізуге мемлекеттің субсидиялары (шамамен 13%). Басқа салықтық емес түсімдер жергілікті
бюджеттердің кіріс бөлігінің 30% құрайды.
Жапонияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаражаты есебінен өндірістік
инфрақұрылымды дамыту, табиғи апаттардың салдарын жоюға байланысты іс-шаралар
қаржыландырылады. Бұдан басқа, тиісті біліктіліктегі жұмысшыларды даярлауға, түрлі
жәрдемақылар, зейнетақылар төлеуге, жергілікті билік органдарын ұстауға арналған
шығыстар жүзеге асырылады.
Жергілікті билік органдарының ЖІӨ-дегі шығындарының үлес салмағы орталық үкімет
шығыстарының ЖІӨ-дегі үлес салмағынан едәуір көп [4; 208-бет].
Көптеген елдердің жергілікті бюджеттерінің кіріс бөлігі түсімдердің екі тобы (меншікті
кірістер мен тартылған кірістер) есебінен қалыптасады деген қорытынды жасауға болады.
Негізінен түсімдердің едәуір бөлігін қаржылық көмек түрінде алынған трансферттер алады.
Жергілікті бюджет қаражатын жұмсау бағыттары тұтастай алғанда Ресейдегі,
Ұлыбританиядағы және Жапониядағы әлеуметтік-мәдени салаға, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылыққа және аумақтарды абаттандыруға жұмсалатын шығындардың үлкен үлесімен
сипатталады. АҚШ пен Франциядағы шығындардың көп бөлігін білім беру шығындары
алады.
Осылайша, аумақтық құрылымдардың бюджеттері елдің экономикалық өмірінде
маңызды рөл атқарады, олар жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық негізі болып табылады,
онсыз кез-келген мемлекет толық жұмыс істей алмайды. Жергілікті бюджеттер қаражаты
есебінен мемлекеттік шығыстардың кең ауқымын қаржыландыру жүзеге асырылады, сол
976
арқылы
жергілікті
бюджеттер
азаматтардың
өмірлік
маңызды
қажеттіліктерін
қанағаттандыруға жәрдем көрсетеді.
Әдебиеттер
1.Финансово-кредитные системы зарубежных стран. – М.: Высшая школа экономики, 2018. –
312 с.
2.Сартанова Н.Т. Финансы зарубежных государств: Учебное пособие. - Костанай, 2017. - 172
с.
3.Пинчукова О.Н, Шенаева Т.А. Роль и значение местных бюджетов в бюджетной системе
Российской
Федерации
//
Инновационная
наука.
-
Уфа,
2018.
–
URL:
https://cyberleninka.ru/article/n/rol-i-znachenie-mestnyh-byudzhetov-v-
byudzhetnoy-sisteme-
rossiyskoy-federatsii
4.Кандрашова С.В. Бюджетная система Японии // Молодежь и 21 век. - Ульяновск, 2019. - С.
208-211.
Достарыңызбен бөлісу: |