979
«Әріптер әлеміне саяхат» (режиссеры ‒ Сағызбай Қарабалин)
атты пьесам Қазақтың
Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық «Балалар мен жасөспірімдер» театрында,
орысшадан тәржімалаған ағылшын драмашысы Рэй Кунидың «Смешные деньги» («Туған
күн») атты пьесасы 2018-жылы Қазақтың Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық
музыкалық драма театрында (режиссеры – Болат Ұзақов), 2019 жылы «Жеті ойыншықтың
жеңісі» атты ертегім Қазақтың Ж.Аймауытов атындағы музыкалық драма театрында
сахналанды (режиссеры – Әділет Ақан). Луганск қаласындағы «Госпожа удача» деген Павел
Луспекаев атындағы Халықаралық театр байқауында Шымкент қалалық әзіл-сықақ және
сатира театры Нил Саймонның «Әумесерлер» комедиясымен қатысып (режиссеры Ф.
Қанафин), дипломант атанды. Осы «Әумесерлер» деген комедияны мен аударғам», - деген
пікірімен бөліскен болатын [1]
«Өскелең ұрпақты ұлттық тамырдан ажыратпай, рухани тәрбие бұлағымен
сусындатудың бірден-бір жолы оларға тарихымыздағы тұғырлы тұлғаларды танытып,
ертегілердегі ізгілікке баулитын кейіпкерлерді үлгі етіп көрсету.
Жуырда жас драматург
Әлібек Байболдың «Жеті ойыншықтың жеңісі» атты ертегісі Ж. Аймауытов атындағы
Павлодар облыстық Қазақ музыка-драма театрында сахналанып, кішкентай көрермендерді
үлкен олжаға кенелтті. Өнер ұжымының Алматыға сапары барысында аталған туынды
Ғ.Мүсірепов Қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында да
қойылып, көпшіліктің ықыласына бөленген болатын. Жастар жылына орайластырылып
жазылған айтулы қойылымның режиссері – Әділет Ақанов», – деп жазады, «Егемен
Қазақстан» газетінің журналисті Арман Октябрь[2]. Қойылым айрықша мәдениетті игеріп,
адамзат тарихында ерекше өрнегі бар өрелі өркениет қалыптастырған
ұлы көшпенділер
туралы. Ерлік пен елдіктің еңселі үлгісі ертегідегі тоғыз кейіпкер арқылы танылып отырады.
Олар: Сиқыршы, Барысбай, Жылқыхан, Алмагүл, Темірғазы, Қызғалдақ, Құлтемір, Бөрібек
пен Алтын адам. Өнер мен білімге талаптанған кейіпкерлердің іс-әрекеттері ұрпақты адалдық
пен шыншылдыққа, мейірімділік пен отансүйгіштікке шақырады. Қойылымда режиссер
жаһандану заманындағы адам баласының рухани құндылықтардан ажырап бара жатқандығын
керемет жеткізген.
Әлібек Байболдың Рэй Кунидың «Смешные деньги» («Туған күн») атты пьесасы 2018-
жылы қазақтың Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік
академиялық музыкалық драма
театрында қойылған. Режиссеры – Болат Ұзақов. Жалпы, аударма екі бөлімнен тұрады.
Тақырыбы – жоғалған ақша соңындағы Генридың шым-шытырық оқиғасына арналған. Жанры
– комедия. Генри мен Джейн отбасынан басталған сыр, оқиға барысында біраз адамға
жалғасып, қызықты сюжеттермен жалғасады. Автор аударма тілінің қаймағын бұзбай,
қызықты, жеңіл тілде аудара білген. Қаламгердің бұл аудармасы қазақ драматургиясындағы
комедия саласының қоржынындағы керемет туындының бірі болды.
Қаламгер шығармашылығында болып жатқан соңғы жаңалықтардан, 2023 жылдың 23-
24-ақпанында «Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының» сахналауымен, жазушы
Әлібек Байболдың Нил Саймоннан аудармасы “Әумесерлер” комедиясы сахналанды.
Қоюшы
режиссері: Ф. Канафин. Қазіргі қоғамдағы біршама мәселелер комедияда кеңінен көрініс
тапса, күнделікті кейбір таныс адамдарыңызды комедия кейіпкерлерінен көре алуыңыз
мүмкін. Оқиға желісі: тұрғындары бір тылсым әсерінен әумесерлерге айналған ауылға Леон
мұғалімнің келуінен бастау алады. Көріністердің бірінен соң бірі ширыға өрбіп, тартыстар
шиеленісінің қалай дамитынына куә болғыңыз келсе қойылымды көргеніңіз абзал болады.
Сонымен қатар, Әлібек Байболдың тағыда бір аудармасы, Байтен Омар атындағы «Жас
сахна» театры жастарға арналған «Кекіс» комедиясын халық назарына ұсынды. Қоюшы
режиссері - Данияр Базарқұлов.
Тағыда бір аударма саласындағы табысты еңбегі «Аударма Қазақстан авторлары
қоғамының қорғауында. Аудармашының рұқсатынсыз сахналауға болмайды!» – деген
редакцияның жазбасымен басталатын аударма Родион Белецкийдің “Жалындаған жастық
шақ” екі бөлімді комедиясы.
980
Әлібек Байболдың «Ой ұшқындары» атты кітабы автордың оңашада қалғанда қойын
дәптеріне түртіп қойған жылт еткен ойлары мен әлемге әйгілі драматургтардың
туындыларының тәржімалары топтастырылған. Кітап 2015 жылы Алматы, «Жалын»
баспасында жарық көрген. Кітап орыс жазушыларының нақыл сөздерімен басталады. Джон
Голсуорсидың «Үлкен ұл», Юджин О Нилдың «Шегіршін саясындағы махаббат» атты
аудармалары енгізілген. Әлібек Байболдың аудармаларындағы ерекше екпін, қазақы орамдар
мен парасатпайым қатар жүреді. «Ой ұшқындары» кітабынан театр саласында еңбектеніп
жүрген өнерпаздар өзі үшін қажетті дүниені тауып жүргендігіне осы сахналып жүрген
қойылымдар дәлел.
Жинаққа енген екі аударма 2015 жылы Алматы қаласы «Жалын» баспасында жарық
көрген. Ең бірінші, “Үлкен Ұл” Джон Голсуорсидің үш бөлімді драмасы. Оқиға біздің
ғасырдың
бас кезінде, 7-8 желтоқсанда, бір ағылшын графтығында, Чеширлер сарайында
өтеді. Шығарма Чеширлердің үлкен ұлы Биллдың үй қызметшісі Фредаға ғашық болуымен
байланысты. Чеширлер отбасы дәулетті, бай, даңқты отбасы болғандықтан үй қызметшісі
Фрэданы қабылдай алмайды. Фрэда жастайынан қолдарында өскен қыз. Оның әрекеті
Чеширлерге ту сыртынан пышақ ұрғандай болады. Жастықтың буымен болған сезім былығы
Фрэда мен Билл махаббатының соңына жетеді. Фрэданың әкесі Стаденхэм намысшыл адам.
Қызының әрекетіне жиіркене қараса да, қызын аяқ асты етпей жұмысты тастап, қызын алып
кетеді. Чеширлер отбасының қыспағына төзбеген Фрэда аяғы ауыр болсада Биллге тұрмысқа
шығудан бас тартады. Осылайша оқиға аяқталады. Аудармада Әлібек Байбол тілі жеңіл және
өз бояуын жоғалтпаған. Автордың бергісі келген ойдың бәрін ешқандай өзгертусіз тура
қалпында бере білген. Әлібек Байбол аудармасын оқи отыра,
жазушы Джон Голсуорсидің
жазудағы сезімін, оқиға табиғатын толықтай сезіне аламыз. Автор қаламынан шыққан бұл
аударма мән мағынасы биік, қазақ танымына да жат келетін іс әрекеттен аулақ болуға
шақыратын таңдамалы туынды.
Екінші туындысы, Юджин О’Нил “Шегіршін саясындағы махаббат” аудармасы. Оқиға
1850-жылы Жаңа Англяда, Эфраим Кэбот атты кісінің фермасында өтеді. Кэботтың үш ұлы
бар, Симеон, Питер бірінші әйелінен, Эбин екінші әйелінен туған. Кэбот табиғатынан қатал,
жауыз, суық жүректі жан. Ол өз мұрасы, сиыр қорасы мен үйінен басқа ештеңені көрмейді.
Ұлдарын құлша жұмсағандығы сонша, өз ұлдары оны әке деп сыйлаудан қалған. Оқиға
Симеон мен Питердің жұмыс жасап жатқан кезеңінен басталады. Әкесі Кэбот 2 айдай
уақыттан бері жоқ, ол өзінің үшінші әйелі Абби мен некелесіп үйіне оралғалы жатыр. Оған
қарсы ұлдары Симеон мен Питер Батысқа Калифорнияға алтын қазуға кетеміз деп шешім
қабылдайды. Ал Эбин болса үйді
өз атына аударып, осы үйде мұрагер боп қалуға шешім
қабылдайды. Эбин өз анасын қатты жақсы көреді, сол үшінде анасының кегін алмақ ниетті.
Күндер өтіп, Абби мен Кэбот үйге келеді. Абби қожалыққа келе сала өзін осы үйдің егесі
санайды. Питер мен Симеон әкесін ызаландырып, өгей аналарымен сәлемдесіп Калифорнияға
кетеді. Оларға ызалы әкесі балаларына қарғыс жаудырады. Эбин Аббиға өз қожалығын
бермейтіндігін айтады. Абби Эбинді көре сала оған ынтызар боп қалады. Уақыт өте келе, жек
көрініш сезімі махаббатқа ұласып Эбин Аббимен қосылады, ұлды болады. Ұлды өзінен деп
ойлаған Кэбот мұрагері үшін қуанады. Алайда Эбин Аббиді алғашқы кездегі істері үшін
жазғырып, оны тастап кететіндігін айтады. Абби одан қорқып, ұлын өлтіреді. Оған ашуланған
Эбин шерифке бар шындықты айтып, Абби тұтқындалады. Алайда Эбин өз махаббатынан бас
тартпай, сезімінің шынайы екендігін Аббиге айтып екеуі бір-бірін құшып, айрылысады. Ал
Кэбот өз сиырларымен қорада қалады. Осылайша аяқталатын аударма өте әсерлі тілмен
жеткізілген. Әлібек Байбол әр детальды тура, шынайы жеткізе алған. Шығарманы оқи отыра,
оның өн бойына еніп, кейіпкерлер әлеміне кіріп кеткеніңді байқамай қаласың. Автор аударма
саласында тәжірибесі мол, нағыз шебер жазушы екендігін “Ой ұшқындар” кітабына енген
туындыларынан байқауға болады.
Әдебиеттер: