Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет118/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 
 
БАЛАЛАР МЕТАСАНАСЫНЫҢ КӨРІНІСІ 
 
Махамбет М.Қ. 
Ғылыми жетекшісі:Жумагулова О.А.,филология ғылымдарының кандитаты,доцент 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
myndash31@gmail.com 
Метатіл 
– 
«екінші қатардағы» тіл, ол табиғи адамзат тілінің зерттеу пәні болып 
саналады. Аталмыш термин бастапқыда математика мен логика ғылымдарында формаланған 
тіл мағынасында пайда болып, кейін оның көмегімен сәйкес пәндік теорияның қасиеттері 
зерттелді. Бүгінде метатіл металингвистиканың зерттеу пәні ретінде қарастырылады. [1,83 б;]
Метатілдік сана – бұл өзінің танымдық процестері туралы ойлау, өз ойлауын сырттан 
қарау. Бұл бізге өз ойларымыздың барысын бақылауға, пайымдау барысында 
бұрмалануларды байқауға көмектеседі. Метатілдік сананың зерттелуі бойынша метатілді 
түсінудің шартты түрде тар және кең мағыналы екі тәсілі қалыптасқан болатын.. Тар түсінікте 
метатілдік білім тілдік сананың тек қана үстірт деңгейінде жұмыс істейтін бөлігі болып 
табылады. Осыған сәйкес метатілдік сана «тілді-объектіні нақты әлемнің элементі ретінде 
көрсетуге бағытталған рационалды-логикалық, рефлексивті лингвистикалық сана» ретінде 
анықталған. Металингвистикалық сана тілдік сананың үстірт деңгейі бола отырып, сөз 
сөйлеушінің тілдік ұйымға қатысты рефлексиясында, адамның тіл туралы ойы мен санасы, 
яғни өзінің сөйлеу тактикасы барысында көрінеді. Осы аталып отырған үстірт деңгей «тіл 
туралы ойлауды» ұйымдастырады.[2,8 б;] 
Ғалым Н.Д. Голев метатілдік сананы тар түсінуді ұстанады. Бұл тұжырымы тілдік 


217 
сананың екі формасы бар екенін көрсетеді: тілдік сананың өзі және метатілдік сана. 
Кең мағынадағы «метатілдік сана» адамның өзінің тілі туралы білімі ретінде 
анықталады. Ол тілдік санамен ішінара ғана қиылысады, өйткені оның құрылымына тілдік 
сананың үстірт ғана емес, сонымен қатар бейсаналық саласы, тілдік шығармашылықтың 
әртүрлі формаларында көрсетілген метатілдік іс-әрекеттер кіреді. Сондықтан кең түсінікті 
жақтаушылар метатілдік сананы «тілдік сананың құрамдас бөлігіне дейін төмендетуге 
болмайды» деп санайды. 
«Метатілдік сана» ұғымының мазмұны оның құрылымында көрініс табады.[3,144 б;] 
Метатілдік сананың құрылымына келетін болсақ, ғалым М. Р. Шумарина 
тұжырымдамасына сәйкес метатілдік сана үш деңгейден тұратын құрылымға ие болып 
табылады. Олар: 

1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет