Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет119/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

Бейсаналық
. Бұл деңгейдегі сөйлеу кезінде өзін-өзі бақылау автоматты және 
бейсаналық түрде жүзеге асырылады. Метатілдік сана бейнеленген бірақ жасырын күйде 
тұрады; 

2. 
Ауызша
. Бұл деңгейдегі сөйлеу кезінде өзін-өзі бақылау жүзеге асырылады. 
Сонымен қатар жіберілген қателерді түзету немесе ықтимал коммуникативті сәтсіздікті 
болжай алады және алдын алады. Метатілдік рефлексияда белгілі бір тілдік бірлікті қолдануда 
сөйлеу құралдарына баға беріледі. Метатілдік сана эксплициттік күйде ұсынылады. 

3. 
Шығармашылық
. Бұл деңгейде рефлексия субъектісі объектіні түсініп қана 
қоймай, оны шығармашылық түрде ойлауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде метатілдік 
рефлексия объектінің мазмұнын байыта отырып, оның пайдалану мен түсіндіру мүмкіндігін 
кеңейтеді.[3,145 б;] 
Метатілдік сананың бірінші деңгейі «рефлексивті емес рефлексия» деп аталады, ол 
«еркін ассоциация, яғни бірінші реакция» деп түсіндіріледі. Метатілдік сананың бірінші 
деңгейі М. Р. Шумарина мен Н. Ростова тұжырымдамасындағы тілдік сананың терең 
деңгейімен байланысты. Метатілдік сана ауызша және сонымен қатар жасырын түрде 
жүзеге асады. 
Метатілдік сананың екінші деңгейі, А.Ф.Колясеваның пікірінше, екі ішкі деңгейді 
қамтиды: 
-
теориялық тұрғыдан жүйесіз сана; 
-
теориялық жүйеленген сана. 
Метатілдік сананың үшінші деңгейінде әртүрлі эстетикалық рефлексия жұмыс 
істейтін мәтіндер кездеседі.Олар:көркем әдебиет,көркем-публицистикалық, фольклорлық. 
Ал эстетикалық рефлексия көркем шығармада көрінеді және эстетикалық ұйымдастырылған 
мәтіндердегі тіл мен сөйлеуді әртүрлі ережелер арқылы көркем игереді. Эстетикалық 
рефлексия поэтикалық метатілдік сананы қалыптастырады, ол қарапайым метатілдік 
санадан айырмашылығы, әрқашан саналы және ауызша.[3,147 б;] 
Ғалым А.Д.Жакупованың пікірінше метатілдік іс-әрекет сөйлеушілердің өз ойын 
білдіру барысында бір немесе бірнеше уәжділік арқылы анықталады. [4,4 б] 
Ал енді уәждеме туралы түсінік беріп кететін болсақ, «уәждеме» – тіл білімінің жеке 
саласы ретінде танылуы үшін, оның метатілі мен оларды анықтайтын ұғымдардың 
мазмұнын зерделеу, мәртебесі мен тіл біліміндегі алатын орнын айқындау қажет.Уәжділік-
атаудың өзге үғым арқылы негізделетінін анықтайтын термин,кез келген сөздің уәжділігін 
анықтауға болады.Уәждеме мен метатілдің ұқсастығы уәжделген сөз арқылы балалардың 
ойлауын,сол сөзге қатысты өз түсінігін беру арқылы метатілдік санасын байқауға болады. 
Балалардың метатілдік санасын анықтау барысында психолингвситикалық 
эксперимент өткізілген болатын.Экспериментке 5-6,7-8,9-10 жас аралығындағы балалар 
қатысқан болатын.Эксперимент өткізілген жерлер: 
1.
Көкшетау қаласы «Балалардың ойын-сауық орталығы» 
2.
Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі 
«Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 
3.
Ақмола облысы «Зеленобор мектеп-гимназиясы» 


218 
4.
«
Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» 
5.Көкшетау қаласы «М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы 
гимназиясы» 
Аталмыш эксперимент барысында балалардың ойлауы,өз ойын жеткізуі арқылы 
метатілдік санасы сараланған болатын.Ендігі кезекте 7-8 жас аралығындағы 12 
респонденттің эксперимент барысындағы пайымдауларына тоқталатын болсақ: 
1.
АСТАУ тілдік бірлігіне қатысты респонттердің жауаптары: 

«ас салатын ыдыс» (8) 

«қолына көтергенде тау сияқты биік болып тұрады» (2) 

«етті тау сияқты бірінің үстіне бірін үйіп салады» (2) 
2.
КҮНБАҒЫС лексемасына берілген жауаптар: 

«күнге ұқсағандықтан» (6) 

«күнді бағып отырады» (2) 

«күнмен бірге жылжып отырады» (2) 

«күн секілді сары болғасын шығар» (2) 
3.
МЫСЫҚҚҰЙРЫҚ лексемасына берілген сипаттамалар: 

«мысықтың құйрығына ұқсайтын өсімдік» (7) 

«мысықтың жүніне ұқсайды» (3) 

«мысық сияқты жұмсақ» (2) 
4.
НАЙЗАҒАЙ лексемасына берілген сипаттамалар: 

«найзағай жаңбыр жауғанда болады» (4) 

«найза сияқты табиғи құбылыс» (4) 

«найзағай найза сияқты жарқылдайды» (2) 

«найзадай қауіпті, қатты» (2) 
5.
ҚЫЗАР лексемасына қатысты жауаптар: 

«беті қызыл болады» (4) 

«адам ұялғасын қызарады» (4) 

«қызыл түске байланысты» (2) 

«өйткені, ол қып-қызыл қызанақ сияқты» (2) 
6.
ТАРИХИ тілдік бірлігіне берілген жауаптар: 

«тарихпен байланысты көне зат» (6) 

«тарихпен байланысты болғасын тарихи» (4) 

«бұрынғы замандарда болған тарих» (2) 
7.
КҮШТІ тілдік бірлігіне берілген жауаптар: 

«спортпен айналысатын адам күшті» (7) 

«күші көп болса, күшті дейді» (3) 

«күшпен байланысты» (2) 
Осы жүргізілген эксперименттен байқағанымыздай,әр бала әр сөзге өзінің сол сөзге 
байланысты ойлауын,түсінігін жеткізді.Яғни әр баланың ойлауы,сөзді түсінуі әртүрлі болып 


219 
келеді.Демек балалардың ойлауы,бейсанасы,шығармашылығы арқылы метатілдік сананың 
өзіндік маңызы анықталады.Бала өзінің тілі арқылы қандай да бір сөзге байланысты өз ойын 
жеткізіп,түсіндіретін болса метатіл жүзеге асатынын байқауға болады. 
Әдебиет 
1.
А. Х. Азаматова «Лингвистика метатілінің негізгі үғымдары мен құрылымы» Вестник 
КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
2.
Голев Н. Д., 2008. Особенности современного обыденного метаязыкового сознания в 
зеркале обсуждения вопросов языкового строительства // Вестник Томского 
государственного университета. Филология. № 3 (4). С. 5–17. 
3..Метаязыковое сознание: «Структура и содержание понятия» Вестник ВолГу. Серия 2, 
Языкознание. 2018. Т. 17. № 2 
4. А.Д.Жакупова «Стратегия осмысления мотивированной лексики носителями русского и 
казахского языков: сопоставительно-мотивологический подход» Вестник Карагандинского 
университета серия «Филология». № 3(59)/2010,4-9 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет