Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет135/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 


 
1.qazaqadebieti.kz 
2.Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: «Ана тілі», 1992. -160 б. 
3.Уәлиев Н. Сөз мәдениеті: Алматы, Мектеп, 1984. – 120 б. 
4.Жұмақаева Б. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Алматы, «Қыздар университеті» баспасы, 
2015. – 242 б. 
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ СУРЕТТЕЛУІ 
(5-6 СЫНЫП «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ 
ШЫҒАРМАЛАР НЕГІЗІНДЕ) 
 
Орынбасар Ж.Н. 
Ғылыми жетекші: Кажибаева Г.К., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
zhadyra.orynbasar@bk.ru
  
Қазақстан Республикасы азаматтары өз елінің тарихы жайында, ұлттығы жайында білуі, 
ата-баба салған сара жолды сақтап, туған елге қызмет етуі - ең маңызды шарттардың бірі. 
Әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғалардың, қазақ зиялыларының өмірі мен еңбектерін жас 
ұрпаққа таныстыру арқылы олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, елін-жерін 
сүюге, қастерлеуге, отансүйгіштікке баули аламыз.
Жалпы ұлттық құндылық ұғымы туралы сөз еткенде, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы туралы 
айтып өткен жөн. Себебі, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – Қазақстан Республикасының 
мемлекет құрушы болып табылатын қазақ халқының – қазақ елінің тарихы. Ұлттық идея – 
өткенімізден сабақ ала отырып, болашаққа жарқын қадам басудың баспалдағы іспетті. Бұл 
идея негізінде «ұлттық құндылық», «ұлттық мұрат», «ұлттық рух» сынды ұғымдар сол 
идеяның негізгі қағидаты саналады. 
Ұлттық құндылық негізінен, белгілі бір ұлтқа тән, адам болмысындағы, қарым-
қатынасындағы адами құндылықтардың жетілген бейнесі. «Елдің тұрмысын, тілін, мінезін 
білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды»,[1] - деп ұлтымыздың ұлы зиялысы 
Ә.Бөкейханов айтпақшы, ұлттық құндылықтарды қазіргі жастарымыздың бойына сіңірту, ең 
маңызды мәселелердің бірі екенін біле аламыз. Жалпы, бала бойына жастайынан ұлттық 
құндылықты сіңіру ұлт зиялыларының, ақын-жазушыларымыздың шығармасын, еліміздің 
тарихын оқытудан басталады. Бала орта буын сыныпқа өткен кезінде, көп нәрсені түсінетіндей 
боп қалыптаса бастаған кезде, ұлттық құндылық не екенін біле бастайды. Негізінен 5-ші 
сыныпқа өткен кезде ең алғаш тақырыптар қазақ халық ауыз әдебиетіне байланысты беріледі. 
Және қазақ халқының тарихынан, тұрмыс – тіршілігінен, әдет-ғұрпынан, мәдениетінен хабар 
беретін «Қобыланды батыр» жырынан үзінді беріледі. Сол жырдың өзінен-ақ, бала бойында, 
түсінігінде ұлттық құндылықтың не екенін сездіретініндей дүние қалыптасары анық. Себебі, 
«Қобыланды батыр» жырының негізгі тақырыбы – ел тәуелсіздігін қорғау, ел қорғаны – 
батырлардың ерлік істерін мадақтау болғандықтан, бұлардың барлығы қазақ халқының 
дүниетанымына жақын құбылыстар екенін байқаймыз. «Қобыланды батыр» – қазақ халқының 


253 
батырлық, отаншылдық жайлы мазмұны терең эпостарының бірі. Бұл жырды жаттау арқылы 
оқушы поэтикалық текстті меңгеріп, тарихты да терең түсіне бастайды. Әрі, есте қалатын 
поэтикалық мәтін оқушының сөйлеу мәдениетін, сауатты жазуын қалыптастырады. Әдеби 
шығармаларды талғаммен оқуының негізін қалыптастырады. «Мәңгілік ел» идеясында 
айтылған ұлттық құндылық, ұлттық кодты қалыптастыру үшін де ықпалы зор. 
«Қобыланды батыр» жырындағы: 
«Өзі алты жасында, 
Кәмшат бөркі басында, 
Тобылғы торы ат астында,
Қаршығасы қолында, 
Тазысын ерткен соңында...»,[2.35-бет]-деген үзіндіден қазақ халқына тән бейнелерді, 
құндылықтарды байқаймыз. Бұл жерде кәмшат бөрік,негізінен кәмшат елтірісінен тігілген 
ұлттық баскиім. Қазақта кәмшат бөрікті ерлер де, әйелдер де киген. Ал үкілі кәмшат
бойжеткендерге арналып айрықша сәнмен тігілген. Тобылғы торы ат – Қобыландының аты. 
Қазақта жылқыны төрт түлік малдың бірі ретінде, әрі, мінсе-көлік, жесе-ас,ішсе-көлік 
болғандықтан аса қатты құрметтеген. Құмай тазы – жеті қазынаның бірі. Бұл жерден 
байқайтынымыз, барлығы да қазақ халқына тән өзіндік сипат, ұлттық құндылықтар болып 
табылады.
Ал, «Қырық түйе қазына 
Қырық құл мен қырық күң, 
Қосып берді қызына...»,[2.38-бет] - деген бөліктен қырық деген санның қазақ халқының 
ұлттық сипатын ашып көрсететін киелі сан екенін танимыз. Жырдың толық нұсқасында қырық 
санына қатысты үзінділер көп беріледі. Жалпы халқымызда «қырық» санына қатысты 
тіркестер көп. Мысалы, «қызға қырық үйден тыйым», «отыз күн ойын, қырық күн тойын 
жасады», «отызында орда бұзбаған, қырқында қыр аспайды», «қырықтың бірі – Қыдыр» деген 
сөз қолданыстары бар.
Ұлттық құндылықтардың суреттелуі Ы.Алтынсариннің әңгімелерінде де кездеседі. 
Мысалы, «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде нағыз қазақ халқына тән өмір суреттеледі. 
«Сейітқұл егінді жылдан жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, 
астықтың артығын төңіректегі елге, малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай 
болды»,[2.73-бет]- деген үзіндіден көшпелі қазақ халқына тән сол кезеңдегі өмірдің 
бейнеленгенін көреміз. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтардың негізгі тамағы – 
ет,сүт,май,қымыз,шұбат сияқты мал өнімдері болғаны бәрімізге белгілі. Бұлардың барлығы 
халқымыздың тарихынан көрініс береді. Біз өз тарихымызды білмей жатып, болашаққа қадам 
жасай алмаймыз. Себебі, біздің мақсат – өткенімізден сабақ ала отырып, егеменді қазақ елін 
әрі қарай дамыту болып саналады.
Кез келген қазақ жазушыларының шығармаларын оқи отырып, ұлтымызға тән басты бір 
сипатты тауып алуымызға болады. Мысалы, Н.Ақыштың «Нағыз әже қайда» деген әңгімесінің 
өзінде отбасы құндылықтары, отбасындағы әке-шешенің, ата-әженің орны арқылы 
халқымызға тән ұлттық құндылықтар бейнеленеді. «Мақсатым – қыздарыма өз әжем сияқты 
нағыз қазақи кейіптегі кейуананы көрсету еді». «Әже – сендер сияқты балалардың папалары 
мен мамаларын тәрбиелеп өсірген кісі»[2.123-бет] - деген үзінділерден әженің отбасында 
алатын орнын, кішкентайлар әжені қалай құрметтейтінін, қазақ халқының «қарты бар үйдің – 
қазынасы бар» деп үлкендерге құрмет көрсететін үлкен даналығын байқаймыз. Ұлттық 
құндылық, ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан басталады. Отбасы – тәрбиенің тамаша 
мектебі саналады. Үлкенді сыйлауға, ана тілін құрметтеуге, салт-дәстүрімізді сақтауға 
тәрбиелеу шағын мемлекет отбасынан басталады. Ал бұл шығарма соны танытатын бірден-
бір туынды. 
Ал 6-сыныпта өтілетін С.Торайғыровтың шығармаларынан ұлттық құндылықты 
сипаттайтын ұлттық рух пен лирикалық қаһарманның өршіл ойын байқаймыз. Ақынның 
романтикалық рухқа толы жалынды өлең жолдары мың құбылған өлең сөздің құдіреті арқылы 
оқырманның жүрегіне жылы ұялап, жол табады. 


254 
Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған, 
Алуға күнді барып, белді буға. 
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, 
Болмасам толған айдай балқып туған,[3.91-бет]-деген «Шығамын тірі болсам адам болып» 
өлеңінен өршіл рухты, сол кезеңдегі ұлтымыздың басынан кешіріп жатқан жағдайына қарап, 
елінің ертеңін ойлаған азамат екенін көре аламыз. Және осы сарында жазылған «Шәкірт ойы» 
өлеңінен нағыз ұлтжандылықты байқаймыз: 
Қараңғы қазақ көгіне, 
Өрмелеп шығып, күн болам! 
Қараңғылық көгіне, 
Күн болмағанда, кім болам?![3.89-бет] 
Ақын бұл өлеңдерінде басты мақсат - өнер-білім үйрену арқылы халқына пайдалы іс атқара 
алатынын жеткізеді. Ел-жұртын, халқын сүйген ақын адам болуды, азамат болуды бәрінен 
жоғары қойған С.Торайғыров болашақ ұрпақтың да білімді болғанын қалап, өзінің халқына 
осынау жалынды жырларын жазып қалдырады.
«Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры 
сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?», - деп заңғар 
жазушымыз М.Әуезов айтпақшы, ұлтымыздың ең қасиетті құндылығын сипаттайтын ана 
тіліміз туралы көлемді өлең туралы айта өткен жөн. Ол осы 6-сыныптың қазақ әдебиеті 
оқулығындағы Р.Ғамзатовтың «Ана тілі» деген өлеңі. Бұл өлеңнің идеясы да, көркемдік 
құрылымы да ерекше. Себебі, бұл жерде ақын ана тілінің құдіреті мен күшін ерекше 
бейнелейді. Оны біз мына шумақтан байқай аламыз: 
«Өзге бір тіл емдер басқаларыңды, 
Мен онымен айта алмаймын әнімді. 
Егер тілім ертең болса құрымақ, 
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ».[3.174-бет] 
Ақын өмірінің соңына дейін: «Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ 
менің тірлігім – сенсің, мен сені мақтан етемін!» деуден танбаған. Бұл тұстан ақынның 
тілін,дінін, елін-жерін қалай құрметтейтінін, ұлтын қалай сүйетінін, ұлттық құндылықтарды 
қалай дәріптейтінін байқаймыз. Тіл-ұлттың жаны болғандықтан, біздің ең алғашқы 
құндылығымыз да, біздің- ана тіліміз. Ұлттың мерейін өсіретін де, өшіретін де осы –тіл. Тіл 
әрқашан халықпен бірге қалыптасады, халықпен дамиды. Әрі өзінің даму барысында талай, 
саяси, тарихи жолдардан өтеді. 
Ұлттық құндылықтарды танытатын шығармалар қазақ ақын-жазушыларының еңбектерінде 
жиі кездесетін байқадық. Қазақ халқы ұлт болып қалыптаса бастаған кезеңнен-ақ, өзіне тән 
мәдениеті, әдебиеті болғанын, көптеген шығармалардың ауыздан-ауызға тарау арқылы 
жеткенін білеміз. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, араға жылдар салып, біздің әдебиетіміздің 
де жаңа арнаға бет алып, биік деңгейге көтерілетінін, әрі ұлттық құндылықтардың ұлтымыз 
жасап тұрғанда жоғалмайтынын анық айта аламыз.
Ұлтымыздың осындай рухани байлықтарын сақтап, келешекке жеткізу – біздің басты 
мақсат саналады. Тілімізді, ділімізді, әдебиетімізді, салт-дәстүрімізді болашаққа мирас етіп 
қалдыру үшін барлығымыз кішкене болсын үлес қосуымыз керек. Сол кезде ғана ата-бабамыз 
аңсап кеткен армандары орындалары анық. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.abai.kz 
2.С.Ч.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 5-
сыныбына арналған оқулық. – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2017. – 144 б. 
3.С.Ч.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 6-
сыныбына арналған оқулық. – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2018. – 192 б. 


255 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет