Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет188/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

Әдебиет
1. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан әлемдегі бәсекеге 
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – Алматы:. Атамұра, 2010. 


355 
2. Урмашев Б.А. Критериалды бағалау технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: «ССК» баспасы, 
2016. – 140 бет. 
3. Типтік оқу бағдарлама. Бағалаудың өлшемдік технологиясы: ОӘК. – Алматы, 2016. 
4. 
https://ziatker.kz/docx/blym_taksonomiyasy_11213.html
  


356 
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ» секциясы
Секция «ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ» 
MS POWER POINT ҚОСЫМШАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНЫП 
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ТҮРЛЕНДІРУ 
Аманбай Жадыра
Ғылыми жетекші: Атаева Б. Б. , магистр, оқытушы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау 
университеті жанындағы көпсалалы колледжі, Көкшетау қ. 
zhadyra.amanbay@inbox.ru
  
Елімізде соңғы онжылдықтарда орын алған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер 
өскелең ұрпақты, өзін-өзі саналы түрде анықтауға, дайындаудағы білім берудің орны мен 
рөлін түбегейлі қайта қарауға әкелді. 
Қазіргі уақытта мектептің оқу қызметіне инновациялар енгізілуде, ақпараттық – 
коммуникациялық құралдарды қолдануға басымдылық беріліп келеді, АКТ-ның 
математиканы оқытуда да маңызды орын алады. Оның негізгі себебі, қолжетімді ақпараттық 
ресурстардың пайда болуымен мұғалім білімнің бірден-бір көзі болудан қалып келеді.
Оқушының қызығушылығын айтпағаннан бөлек, АКТ-ны, соның ішінде 
презентацияларды қолданудың келесідей артықшылықтары бар[1]: 

сәйкес суреттер мен сөздер қажетті уақытта және қажетті жерінде шығып 
отырады. 

ақпарат тұтастай емес, бөліктеп ұсынылады. 

берілетін ақпараттың жылдамдығын қадағалауға болады. 

сабақтың уақытын тиімді үлестіруге болады. 

маңызды ақпаратты ерекшелей отырып, оқушының зейінін аударуға болады. 
Қанша рет айтылып келсе де, сол АКТ дейміз бе, компьютерлік технология дейміз бе 
бәрі бір, біз оларды 90 пайыз мүмкіндіктерін пайдаланбай келеміз. Осы мақалада, күнделікті 
қолданыстағы MS Power Point қосымшасының мүмкіндіктерін қолданып, Пифагор 
теоремасының қызықты дәлелдемелерін көрсетеміз. Пифагор теоремасын қарастыруымыздың 
себебі, ол математиканың дамуындағы ең негізгі теоремалардың бірі, бұл теореманың 400 –
ден аса дәлелдемесі бар [2]. Жарты ғасырдай әлемнің математикатері дәлелін іздеген 
Ферманың теоремасы да содан бастау алады.
Мақала баспа түрде болған соң дәлелдеменің динамикасын келтіре алмаймыз. Бұл 
дәлелдеменің идеасы, 1, а- суретін түрлендіріп, 1,ә- суретін алу. Негізгі (сыртқы) шаршының 
өлшемдері өзгермегендіктен және екі суретте де төрт бірдей тікбұрышты шаршы 
болғандықтан, қызыл шаршының ауданы жасыл және көк шаршылардың аудандарын қосқанға 
тең болады. Сонымен, бұл теореманың бірінші дәлелдемесі.


357 
а) 
ә) 
Cурет 1 
Енді екінші дәлелдемесін қадамдап келтірейік. Үшбұрыштың суретін және оның 
қабырғаларына сәйкес шаршыларды саламыз (2-ші сурет): 
Сурет 2 
a
катетіне сәйкес шаршыны 3-ші суретте көресетілгендей (а, ә, б ретімен) кесіп, тіктөртбұрыш 
(в) құраймыз. Оны сол жақ төменгі бұрышына қатысты сағат тілшесінің бағытымен
айналдыра отырып, 4-ші суреттегідей 
с
катетіне сәйкес шаршының ішіне орналастырамыз. 
а) 
ә) 


358 
б) 
в) 
Сурет 3 
Дәл солай 

катетіне сәйкес шаршыны (2-ші сурет) түрлендіретін болса, ол 4-ші суретте 
с
катетіне сәйкес шаршының ішіндегі бос орынға келіп сияды. Ал катеттерге сәйкес 
шаршылардың аудандары 
𝑎
2
және 
𝑏
2
болғандықтан, соңғы алынған тіктөртбұрыштардың да 
аудандары дәл сондай болады. Ал ол тіктөртбұрыштар 
с
катетіне сәйкес шаршының ішін 
толық жабқан соң 
𝑎
2

𝑏
2
=
𝑐
2
болады. Яғни теорема дәлелденді. 
Сурет 4 
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында, білім берудегі 
құндылықтарды бойларына сіңіре отырып, білім алушылардың келесідей қабілеттерінің 
дамуын көздейді [3]: 

әлеуметтік жауапкершілік және соған сәйкес шешімдер қабылдай алу; 

шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; 

коммуникативтілік 
және 
ақпараттық-коммуникациялық 
құралдар 
мен 
технологияларды тиімді қолдана білу;

өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге талпыну. 
Егер мұғалім оқушының бойында жоғарыдағы қасиеттерді дамытуды көздесе, ол әуелі 
өзінен бастау қажет.


359 
Әдебиет 
1. А.М. Мубараков, Б.К. Атаев, С.К. Дамекова. Мультимедиялық оқыту құралдарына 
қойылатын талаптар. Абай атындағы ҚҰПУ хабаршысы, «Педагогика ғылымы сериясы», 2019
 
2. https://ru.wikipedia.org/wiki/
Теорема_Пифагора 
3. 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет