354
білім беру бағдарламаларын игеру нәтижелерін критериалды бағалауды қалыптастыру
арқылы шешуге болады.
Бағалау - анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде нысанның жетістіктері,
кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс.
Бағалау латын тілінен аударғанда «жақын отыру» деген мағынаны білдіреді. Критериалды
бағалаудың құрылымы немесе моделі 2 бағытта бағаланады:
- Қалыптастырушы бағалау (күнделікті)
- Жиынтық бағалау (жек бір бөлімне)
Ал соның ішінен жиынтық бағалауға жеке тоқталатын болсақ, оның өзі 3 жиынтықта болады:
- Бөлім, тақырыптар бойынша
- Тоқсандық бағалау
- Қорытынды жиынтық бағалау
Бағалар еш жерден шықпайтынын, бірақ сапалы екенін түсіну маңызды олардың білім
беру қызметінің сипаттамалар. Критериалды бағалау әдістемесі білім алушылардың өзін - өзі
бағалау және өзара бағалау қабілеттерін қалыптастырудың ең қолайлы тәсілі болып табылады,
өйткені ол қызмет нәтижесін бағалауға болатын критерийлер мен жетістіктер деңгейлерін
көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау, әрине, көп уақытты қажет
ететін процесс. Сондықтан әр сабақта мұғалімнің оны толық пайдалануға мүмкіндігі бола
бермейді.
Өлшемдік бағалаудың зерттелуіне өте көп ғалымдар күш жұмсаған. Және де бұл зерттеу
барысында өз әдістерін бағалауда қолданған немесе ашқан. Сонан біріде бірегейі Блум
таксономиясы
туралы қысқаша тоқталып кетсем. Блум Таксономиясы бұл- 1956 жылы
Бенджамин Блумның басшылығымен дайындалған кеңінен қолдланатын әдіс болып
табылады. Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылар немесе студенттердің дайын
ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және
салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум
таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең
қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6
деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді немесе 6 қадам жүйесінде құрылады:
1) білу - әр түрлі материалдарды есте сақтау немесе қайталау;
2) түсіну
-
материалды өз білгеніше түсіну оны өз сөзімен айтып беру. Бұл қадам алғашқы
қадамға қарағанда жеңілірек.
3) қолдану - бұл берілген материалды түрлі әдіс арқылы, заңдылықтар жәнеде ережелерді
пайдалану. Теориялық әдістерде осы қадамда табылады.
4) талдау- берілген материалды әр түрлі факттармен талдау. Бір сөзбен айтқанда бүтіннен
бөліктерге ажырату.
5) жинақтау(синтез) - оқу материалын жаңаша бүтіндеу немесе жинақтау. Мұнда
хабарлама, эссе кесте пайдаланылады.
6) бағалау- бұл қадам алдыңғы қадамдарды бағалау болып табылады.
Бүгінгі таңда мектепте оқу жетістіктерін бағалаудың қандай жүйесін қолдану керектігі
туралы пікірлер жоқ. Әр түрлі авторлар бағалаудың балама нұсқаларын ұсынады (рейтингтік,
критериалды жүйелер және басқалар). Осыған байланысты мұғалімнің бағалау қызметін
психологиялық зерттеу қажеттілігі туындайды, бұл мектеп бағдарламасын игерудің тұрақты
жетістігі ғана емес, сонымен қатар оқушылардың психологиялық әл - ауқатын анықтайды.
Қазіргі дамыған елде және техника-технология өрбіген заманда бағалау маңызды рол
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: