Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет217/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   532
 
 
ТАБИҒИ ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР 
ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ 
Қойшыман Г.Қ. 
Ғылыми жетекші: Дурмекбаева Ш.Н.,биология ғылымдарының кандидаты, профессор


404 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
gqoisyman@shokan.edu.kz 
Көрнекі құралдарды пайдалану - жалпы дидактика ғылымының басты принциптерінің 
бірі болып табылатыны, барлық пәнде сабақ сайын қолданылатыны белгілі [1; 58-бет]. 
Әл-Фараби «Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік» деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін 
(түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту 
процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты 
болдатыны анық. Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, 
кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру 
сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді [2; 77-бет]. 
Жоғары кәсіби білім беруде негізгі білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесі 
түлектердің құзыреттіліктерімен, яғни олардың білімді, іскерлікті және таңдаған 
мамандығына сәйкес жеке қасиеттерін өз қызметінде іске асыру қабілетімен анықталады. 
Биология мамандығы бойынша болашақ мұғалімдерде қалыптастырылуы керек арнайы 
құзыреттіліктің бірі – биологиялық мазмұндағы көрнекі құралдарды дайындай алу және оны 
оқушыларға үйрету, дайындалған көрнекі құралдармен жасалатын жұмыс түрін ұйымдастыра 
білу [3; 5-бет]. 
Бейнелерсіз балаларға биологияны меңгеру қиын, олар «картинкаларсыз» 
процестерді, құбылыстарды танып білуге мүлдем қабілетсіз. Олардың абстрактылы, 
логикалық ойлаулары ұғымға сәйкес бейнелер арқылы дамиды. Балалар үшін процестерді, 
қозғалмалы графикаларды, сызбанұсқаларды, «басқара алатын» видеосюжеті бар 
компьютерлік бағдарламалар – бейнелі ойлау қабілеттерін дамытудың қосымша құралы болып 
табылады. Сондықтан биология сабағын неғұрлым көрнекі түрде өткізу үшін, биологиялық 
объектіні тікелей қабылдату мақсатында оны кеппешөптер, сурет-схема, модель, макет, 
коллекция секілді көптеген материалдармен толықтырып отырған жөн [4; 54-бет]. 
Көрнекі құралдарды жасауды қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте күрделендіре 
берудің өзі оқушыларда дағды қалыптастырады, қызығушылық тудырады. Табиғи көрнекі 
құралдарды өте әдемі етіп жасауға болады, оқушыларға оны дайындауға тапсырма беру 
арқылы эстетикалық талғамдарын дамытуға мүмкіндік бар, ал дайын құрал биология 
кабинетін жабдықтауда жақсы безендіру құралы бола алады [5; 154-бет].
Кейбір мәліметтерге сәйкес, көрнекілік екі аспект бойынша әрекет етуі мүмкін: әдіс 
ретінде оқыту және білім алушылардың танымдық қызметін басқару ретінде. Кейбір 
мектептерде биологияны оқытуға байланысты материалдық базамен қамтылуы талапқа сай 
келе бермейді. Сонымен қатар көрнекілік құралдарды оқушылар өздігінен дайындауға алған 
білімдерін тереңірек меңгерулеріне жәрдемдеседі және оқушылардың шығармашылық 
қабілеттері артады. Осы пәннен алған тәжірибелері мен біліктіліктерін оқушылар практика 
кезінде пайдалана алады. Оқушылар болашақта биология сабақтарында көрнекі құралдарды 
дұрыс пайдалана алу үшін, материалдарды жинау, сақтау және табиғи обьектілерді жасау 
сияқты дағдылықтарға ие болулары қажет [6; 116-бет]. 
Кабинет мұғалімнің жүйелі түрде сабақ өтуіне, оқушыларға тиянақты білім беруіне, 
қажетті көрнекті құралдары жинақтауына көмегін тигізеді. Биология кабинеті мектеп 
мүмкіндігіне қарай екі бөлмеден тұруы қажет, оның үлкені күнделікті сабақ өту кабинеті 
болады да, екінші шағын бөлме көрнекті құралдарды сақтауға және мұғалімнің сабаққа 
дайындық жұмыстарын жүргізуге арналады [7; 88-бет]. 
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен де өзара байланыста 
қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың 
сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, 
объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды және 
оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, түсіндірілген материалдарды саналы 
меңгертуге ықпал жасайды [8; 10-бет]. 


405 
Е. Ю. Балықованың айтуы бойынша көрнекілік принципі жаңа саналы білім алуға 
ықпал етеді, оқу материалын терең игеруін қамтамасыз етеді, сонымен қатар когнитивті 
белсенділікті тудырады, сондай-ақ жағымды эмоционалды әсер етеді және білім алушыларға 
белгілі бір дәрежеде білім беру және тәрбие міндеттерін шеше алады [9; 21-бет]. 
Оқушылардың биология пәнінен білім алу кезінде табиғи заттарды пайдалану арқылы 
жасалған биологиялық көрнекі құралдарды қолдану бойынша жұмыс барысында 7-сыныптың 
тақырыптары анықталып, көрнекі құралдар жасалды және оқушыларға ұсынылды. 
Зерттеу жұмысы педагогикалық практика барысында №17 мектеп-гимназиясында, 7-
сынып оқушыларына жүргізілді. Жұмыс барысында ең алдымен табиғи заттарды қолдану 
арқылы биологиялық көрнекі құралдар жасалды, соның бірі ДНК макеті. 
ДНК макетін дайындау үшін қажетті құрал-жабдықтар: демеуіш немесе тұғыр 
(подставка), ағаш тіреуіштер (деревянные шпажки), ақ үрмебұршақ (белая фасоль), қызыл 
үрмебұршақ, гуашь бояулары, қылқаламдар, ыстық желім, ыстық желімге арналған пистолет. 
Жұмыстың орындалу барысы (1-сурет):
1.
Алдымен ағаш тіреуішті қалыңырақ және ұзындығын 35 см-дей етіп, тұғырдың қақ 
ортасына мықтылап желіммен бекіту қажет; 
2.
Содан соң аденин, тимин, гуанин, цитозин деп аталатын ДНК бөліктерін 5-6 см-дей 
етіп бөліп 40 данадай дайындаймыз; 
3.
Содан соң сол бөліктерді біртіндеп тұғыр ортасындағы тіреуішке спираль пішінге 
келтіріп аденин=тимин және гуанин=цитозин қатары бойынша ыстық желіммен 
жапсырып шығамыз; 
4.
Содан соң әр бөліктердің ұшына ақ және қызыл үрмебұршақтарды дезоксирибоза және 
фосфор қалдығы ретінде ыстық желіммен жапсырып шығамыз; 
5.
Содан соң гуашь бояулары мен қылқаламды пайдалана отырып, тіреуіш пен тұғырды 
ақ түсті бояумен, гуанинді – жасыл, цитозинді – сары, тиминді – қызыл, ал аденинді – 
көк түсті бояумен бояп шығамыз.
1 -сурет. ДНК макетін жасау барысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет