420
Жобалау-зерттеу қызметін жеке алып қарасақ, жобалау шығармашылықты, жүйелілікті
қамтиды. Ал зерттеу белгілі дәлелді, нақты мәліметтерді қамтиды. Осы екі ұғым қосылып
жобалау-зерттеу қызметін қамтиды. Бұл қызмет ғылыми жобаның нақты құрылуын, мақсаты
мен міндеттерінің, өзектілігінің, мәселенің, теориялық және практикалық, зерттеушілік және
қорытынды бөлімдерінің нақты құрылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар субъективті
түрде оқушының араласуымен жүзеге асады. Оқушының да тұлғалық дамуы, зерттеушілік
дамуы, шығармашылық дамуы көрініс алады.
Жобалау-зерттеу қызметін сонымен қатар оқушының ғылыми жобаны қорғау процесінен де
тұрады. Оқушы ғылыми жобаны қорғағанда жоба бойынша презентация дайындау, сұрақтарға
жауап беру, өзін-өзі ұстау, сыртқы келбетіменсыналады. Бұл жерде басты міндет нақты,
керекті мәліметтерді жария ету. Даму жағына келсек, оқушының ораторлық қабілеті, тез ойлау
қабілеті дамиды [4].
Жобалау әдісі бойынша жоба түрлері де бар. Олар: зерттеушілік, шығармашылық,
пәнаралық, тікелей, жанама, қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік. Бұлар бір-
бірімен тығыз байланысты, бірақ зерттеу жағынан ерекшеленеді. Ғылыми жобаның құрылымы
мен жазылу ережесімен ұқсас, бірақ бағыттары әртүрлі. Оқушылар өзіне жақын жоба түрін
алып, осы бағытта мәселе анықтап, зерттеушілік жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми жобаны
жазудағы мақсат өте айқын, анық көрсетілуі тиіс. Білім алушының қандай да бір ғылыми
жаңалық ашуға деген ұмтылысын зерттеу жұмысының мақсаты айқындайды. Мақсатына
қарай атқарылатын міндеттері көрсетіледі[5-30 б.].Ғылыми жобаны жазу барысында
зерттеуші күнделік толтырады. Зерттеуші тақырыпты таңдаған күнінен бастап, ғылыми
еңбекті таңдау, оқу және талдау, сұрыптау, жобаны рәсімдеу және толық аяқтап шыққан күнге
дейін күнделік толтырады [5-30 б.].
Ғылыми жобамен жұмыс жасағанда оқушы тақырып пен мәселеге байланысты
кітаптарды, атластарды, кестелерді, интернет желісін, әртүрлі ғылыми сайттарды,
видеоматериалдарды қолдана алады. Ғылыми жобамен жұмыс жасағанда оқушы мен мұғалім
арасындағы байланыс, қарапайым сабаққа қарағанда қызықты, күрделі өтеді. Жобаның мәнін
нақты түсіну үшін оқушы өзі көп жұмыс жасауғы қажет. Ал мұғалім оқушыға шабыт пен
бағыт-бағдар беріп отыруы қажет. Барлық мәлімет пен зерттеу, қорытынды жиналғанна кейін
дайындық кезеңі болады. Бұл жрде оқушы ғылыми жобаны презентация түрінде көрсете
алады. Ал ең соңғы кезең ол арнайы конференциялар құру Бұл жерде оқушылар ғылыми
жобаларын қорғап, сұрақтарға жауап береді және жүлделі орындар тағайындалады [5-32б.].
Әдебиеттер
1. Кутузов Р.В, Алексеев В.В. Виды и классификация наглядных пособии по биологии.-
Чебоксары, 2018. 92-94 с.
2. Комиссаров Б.Д. Методологические проблемы школьного биологического образовани.-
Просвещение, 2013. -158с.
3. Леонтович А.В. Подборка статей о практике организации иследовательской деятельности
учащихся // Завуч.-2013.- №1.-С.25-31.
4. Кочнева, Г. И. Организация проектно-созидательной формы обучения. - 2000. - № 8. - с. 38-
40.
5. Қазақстан мектебі ғылыми педагогикалық журнал №9, 2010.-30б
Достарыңызбен бөлісу: