Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


СТЕРЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет220/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   532
СТЕРЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Навирахын З. 
Ғылыми жетекші: Мусайбеков Р.К. – академиялық доцент, жаратылыс ғылымдарының 
магистрі, оқытушы - дәріскер
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ-сы 
Zaman-85@yandex.ru
  
Еліміздегі білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы 
баршаға белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына толық жауап бере 
алмайтындығы да түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу-
тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді талап етеді. Белгілі педагог 
Ш.А.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы 
алғанда, ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң бастау керек», 
— деген екен. 
Сондай-ақ пән мұғалімдерінің өздеріне керекті тест, әдістемелік, дидактикалық көмекші 
материалдарды молынан ала алатындығы. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім 
беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану оқытудың жаңа технологиясының бір 
түрі ретінде қарастыруға болады. Ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана отырып


410 
шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын, дүниежүзілік бәсекеге қабілетті еліміздің білімді-
білікті, ой-өрісі кең жас ұрпағына әрқашанда артар сеніміміз мол болмақ 
[1].
Енді техникалық тұрғыдан сипатталған бағдарламаларды оқу үрдісінде тікелей қолдану 
қай қырынан алғанда тиімді екендігін талдайық. Әрине, техникалық құралдар мен 
бағдарламалық өнімдерді сабақта қолдану бүгінде тиімділігі бойынша дау тудырмайтындай 
болып шешілген мәселе ретінде орын алды
[2
]. 
Енді геометрия сабағы үшін басты қажет құрал болып табылатын көрнекілік құралдар 
туралы айтар болсақ, көрнекілік деген жалпы білім беретін орта мектептер үшін пәннің 
сипатына қарай оқушыларға жаңа материалдар беруде ұстап көру, сезіну, нақты қасиеттерін 
түсіну үшін қажетті әдіс болып табылады. Көрнекіліктер педагогикалық үрдістің барлық 
кезеңдерінде қолданылады. Олардың ролі — жан-жақты бейнелік түсінікті қамтамасыз ету, 
ойлауға негіз болу. Көрнекілік құралдары әр түрлі: қоршаған ортаның заттары мен 
құбылыстары, нақты заттар мен үрдістерді бейнелеу (суреттер, жобалар), заттардың 
модельдері (кесіліп дайындалған мүсіндер т.б.), символдық бейнелер (карталар, кестелер, 
сызбалар) 
[3].
Стереометриялық есепті шығаруда ең маңызды және жауапты іс-әрекет – есептің 
шартымен танысқаннан кейін, сызбасын дұрыс дайындау. Дұрыс орындалған сызба есеп 
шығаруда дұрыс, жақсы нәтижесін береді. Ал көрнекі құрал қатарынан дайындалса, ол тіпті 
жақсы болады. Бірнеше есептің шешімдеріне назар аударайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет