Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


«ГОРМОНДАР. ГУМОРАЛЬДЫҚ РЕТТЕЛУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША 8 СЫНЫП



Pdf көрінісі
бет25/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   532
 
«ГОРМОНДАР. ГУМОРАЛЬДЫҚ РЕТТЕЛУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША 8 СЫНЫП 
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Айдарханова А.М. 
Ғылыми жетекші: Касенова Н.Б., доктор PhD, профессор ассистенті 
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, Көкшетау қаласы 
aikosha2002.05@mail.ru
 
Білім беру жүйесінің алдында бүгінгі мектеп оқушыларын мүмкіндіктерді жіберіп алған 
ұрпақ емес, олардың табысты болуына көмектесіп, біліммен сусындату және тәрбиелеу басты 
міндет болып тұр. Сондықтан ХХІ ғасыр функционалдық сауаттылық құзыреттілігін 
қалыптастыру қажеттілігі туындады. Оқытудың, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін 
енгізу, пәндік білімнің өзі және әлі де бар жалпы дағдыларымен көптеген технологиялық 
мүмкіндіктерді енгізу қажет. Бұл жолда оқушыларға басты сілтеме болатын-оқушылардың 
функционалдық сауаттылығы, оның ішінде негізгі құзыреттерді меңгеру, одан әрі табысты 
білім алу үшін бастапқы білім қалыптастыру және мамандықтар әлеміне бағдарлау негіз 
болады. 
Адам өмірде барлық мүмкіндіктерді және мектепте алған білімін қолдана алады, ал 
солардың ішіндегі маңыздысы - функционалдық сауаттылығы. Ал функционалдық 
сауаттылықты қалыптастыру мектеп кезінен басталады. Фунционалдық сауаттылық-ол 
адамдардың алған білімін өмір бойы қолдана алатындай, үлкен ауқымды өмірлік мәселелерді 
әртүрлі түрлі жолмен шешіп шыға алатындай мүмкіндіктерге ие болу. Функционалдық 
сауаттылық-мектепте алған білімдерін күнделікті жұмыста қолдана білу. Оқуда табысты болу 
үшін бала ең алдымен ақпаратпен жұмыс істей білуі керек: оны табу, қажетсізден ажырату, 
фактілерді тексеру, талдау, жалпылау және өте маңыздысы, оны өз бетінше көшіру. Мұндай 
дағды тек биология мен химия аясында ғана емес, әрбір пән бойынша қалыптасады. 
Мектептегі әрбір пәннің: математика, бізді қоршаған әлем және т.б. шеңберінде ақпаратты 
түсіну және оның болашақта не үшін қажет болатынын түсіну маңызды [1].
Биология сабақтары ұсынылған тапсырмалар арқылы проблемалық жағдайларды 
шешуге мүмкіндік береді, оны бүгінгі және ертеңгі «ғылыми сауатты» адам түсініп, шешуі 
керек. Биологияны оқыту процесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту 
мәселесі жағдаяттық тапсырмаларды шешу және білімді жаңа жағдайларда өз бетінше қолдана 


50 
білу қабілеттерін қалыптастыру аспектісінде жүзеге асырылады. Сабақтарда қолданатын 
жағдаяттық тапсырмалар оқушыға ақпаратпен жұмыс істеу процесінде интеллектуалдық 
операцияларды танысу-түсіну-қолдану-талдау-синтездеу-бағалау сынды бірізді меңгеруге 
мүмкіндік береді. 
Функционалдық сауаттылық-адамның өзіне жүктелген немесе өз еркімен қабылданған 
функцияларды орындауға дайындық дәрежесі. Сабақта функционалдық сауаттылықты 
қалыптастыру оқушылардың құзыреттілігін дамытудың шарты болып табылады. 
Функционалдық сауаттылықты дамыту процесі пәндік білім, білік, дағдыға негізделген оқу 
пәндері арқылы ойлау қабілетін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады. 
Мұғалімнің мақсаты-сабақты бір жағынан мазмұнды және практикалық, екінші жағынан 
қолжетімді және қызықты ету. Өзімізге жиі қоятын сұрағымыз: сабақтарымызды қалай 
қызықты және мазмұнды етуге болады ? Көбінесе «құрғақ» және қызықсыз мәтіндермен 
жұмыс істеуге тура келетін биология сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы өзекті 
болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау-адамның XXI ғасыр талаптарын ойдағыдай шешуге, 
не үшін оқып жатқанын, нені және не үшін істеп жатқанын түсінуге көмектесетін дағды. 
Осы қажеттіліктерді пайдалану үшін, сабақтың мақсатына сүйеніп, биология пәні 
бойынша «Миға шабуыл», «Ыстық орындық», «Өзіңізді тексеріңіз», «Он сұрақ!», «Құпия зат», 
«Лездеме!», «9 -ромб», «Табыс сатысы» әдісі, «INSERT», «Түртіп алу жүйесі» және 
«Синквейн» сияқты әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Осылардың көмегімен биология пәні 
бойынша зерттеу жұмыстары мен көптеген тапсырмаларды ұтымды ұйымдастыруға болады. 
Яғни, сабақта осы әдістерді сәйкестендіріп, өткен білімді қолданып, жаңа білімді алып, 
көрсетуге болады және жетілдіруге мүмкіндік беріледі. Сол әдістерге жанама әдістерді, 
қосымша әдістерді қолданып, үй тапсырмасын сұрап, психологиялық ахуал жасап, рефлексия 
өткізуге болады. Әр кезеңге әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа 
деген қызығушылығын арттыруға болды. Көптеген сабаққа қатысты мүмкіндіктер бірінші 
кезекте мұғалімнің ұйымдастыруына байланысты. Шәкірттер сабаққа келгенде, олар 
теориялық материалмен танысып, практикалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен шешуге 
дайын болады [2]. 
8 сыныптағы «Гормондар. Гуморальдық реттелу» тақырыбында функционалдық 
сауаттылыққа байланысты қарастырсақ. Атап айтқандай тек, сабақтың әр бөлігін керемет 
өткізуге болады. Сабақ басында «Кубик-рубик» әдісі арқылы психологиялық ахуал жасаса, 
мысалы: Оқуышалар бір-біріне кубикті лақтырып, сабаққа жақсы көңіл күй тілеп, сабаққа 
деген жылы пейілдерімен бөлісіп, бір-бірін құшақтап, билеу, ән айтып, қызықты етіп 
бастайды. Кейін «Жарық әдісі» арқылы оқушыларды топтарға бөлуге болады. Яғни, үлестірме 
қағаздар таратылады да олар, сол қағаздарға телефондарынан жарық түсіру арқылы топтарға 
бөлінеді. Келесі кезекте жаңа сабақты түсіндіру. Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісі ұсынылып 
сұрақтарды қойып оларды өрбіту арқылы ұсынуға болады.
Мынадай сұрақтар қоюға болады: 
1. Гормондардың бірегейлігін, ерекшелігін дәлелдеңіз. 
2. Бездер жайлы қызықты ақпараттармен бөлісіңіз. 
3. Бездер ұзақ уақыт жұмысын сақтау жайлы ойларыңызбен бөлісіңіз.
4. Өздерініңдің байқауларыңыз бойынша бездердің жұмысына қандай факторлар әсер 
етеді? 
5. Тақырыпты бөліктерге бөліп, талдау жасаңыз. 
Бұл сұрақтарды қойып, материал жайлы сыни тұрғыдан ойларымен таныстырылады. 
Видеоматериалдарды жинақтап көрсетіп, сонында материалға байланысты сұрақтар қойып
материалдан түйіндеген ойларын сұрақ, жетекші сұрақтарға жауап алынады. 
Шығармашылық ойлауды дамыту үшін, әріптермен жұмыс жасауға болады. Оларға 
сөзжұмбақ, ребус, аннограмма, сөз жасау әріптер бойынша жсап, ойлау дағдыларын 
дамытады. Тек сөз емес, сөйлем немесе мәтіндер құрастыру арқылы баяндауға болады. 
Жоспар мен мәтін құрастыру барысында бір әріпті қолданылады. Салыстырмалы 


51 
мәлімдемелер жасап, ойды айқындайды. Әр сөйлемге байланысты логикалық тізбек 
құрастырып, кезекпен айтып өтуге болады. 
Сабақ барысында мәтінмен жұмыс кезінде жұмыс дәптерінің мүмкіндіктерін де 
пайдалануға болады. Жұмыс дәптерінде ұсынылған тапсырмалар оқулықтағы мәтінімен 
жұмыс істеуге, мазмұнын түсінуге, өздік жұмыс, сауалнама, бақылау, жаңа материалды оқу, 
зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау, оқушылармен жеке жұмыс, жаңа 
ұғымдармен жұмыс істеуге бағытталған [3]. 
Сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерінде жаңа материалды оқу, жалпылау, 
толықтыру кезінде мәтінмен жұмыс істеудің әртүрлі әдістерін қолданамын. Сабақта топтық 
жұмыс өткізген, кей тақырыптарға байланысты тиімді болады. Оқушыларды топтық жұмыс 
жасатып, сабақты ұйымдастырудың басты жағымды жағы, олар тек өздері үшін ғана емес 
барлық топ үшін жауапкершілік алады. Жұмыс барысында барлығы жұмылып, бір адам 
іспеттес жұмыс жасайды ізденеді, талап қояды, мақсатқа жетеді. Оқушы алды көздеген іс 
әрекетті барынша жүзеге асырып, өз тобына жеңіс әкелемін деген ұстанымды басты 
мотивация ретінде қарастырады. Оқушылардың әр біреуі шағын іс-әрекеттер жасайды, әр 
оқушы өз ойын қосып, функционалды сауаатылығын өрбітеді. Топтарға әр түрлі үлестірме 
материалдар таратқан жөн. Әр топ индивидуальді жұмыс жасайды. «Фишбоун әдісі», «Венн 
диагррамма» әдісі, «Сәйкестендіру әдісі» (1-сурет), «Плюс-минус әдісі», «Кестені толтыр 
әдісі» және т.б. көптеген әдістерді қолдануға болады. Сабақтың соңында бекіту тапсырмасын 
алу арқылы оқушылардың алған білімдеріне сынама жасалады. Сынақ тесті бұл ретте ең 
тиімді.
Тапсырма. «Суреттер сөйлейді» (1-сурет). Бездердің адам ағзасындағы орналасуын 
сәйкестендіріп жазып шығады. Презентациямен жұмыс жасайды, ауызша жауап береді. 
Сурет-1. Бездердің адам ағзасындағы орналасуын сәйкестендіру. 
Дескриптор: Бездердің орналасуын біледі. Бездерге сипаттама бере алады. Баллдық 
жүйе бойынша, 1-10 балл аралығында бойынша бағалау.
Сабақты өткізуде мұғалімнің басты міндеті- тақырыптар арасындағы байланыс орнату. 
Өткен тақырыппен бірге, басқа пәндермен бірге байланыс орнатып, сабақтағы пәнаралық 
байланысты жүзеге асыру.
Сабақтың соңы қызықты, әрі сабақтан алған әсерлерімен бөлісу үшін кері байланыс 
орнату маңызды. Оқушыларды бағалауды жүргізугеде басты назар аударылады. Өзін-өзі 
бағалау, топты бағалау, топ аралық бағалау, жұптық бағалау.
Сонымен, сабақ іс-әрекетінде әртүрлі құралдарды, әдістерді және тәсілдерді қолдану 
арқылы функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы тапсырмалар жүйесі мен мәтінмен 
жұмыс арқылы бақыланады. Заман талабына сай ақпараттық коммуникативті 
технологияларды сабақ барысында пайдалану, сабақтың маңызды құрылымы болып 
табылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру-қазіргі уақыттағы талаптардың 
бірі болып табылады. Бұл арқылы жаңашыл педагогтың жетілуімен, шеберлігін байқауға 
болады.Мұғалімнің барлығын бір сабаққа тиянақты түрде жинап жеткізе білуінің маңызы зор. 
Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы-өмір айдынындағы өз 
жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Оқытушы барлық бөліктерді ескеріп, 
пәнаралық байланыс орнатып, барлығын сәйкестендіруі тиіс [4].


52 
Қорыта, айтқанда оқушылар алған білімдерін қолдана алатындай, күнделікті өмірмен 
ұштастырып, қалыптастыру, шебер педагогтің қолында! 
Әдебиеттер: 
1.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 
б. 
2.
Назарбаев, Н. Ә.:Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек 
Қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде. 
3.
Мұғалім шеберлігінің айнасы. Биология салауаттылық негізі №5 2003ж.20б. 
4.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 
желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мәтін. – Астана, 2012. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет