Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет415/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 
 
Жагипарова Д.Б. 
Ғылыми жетекші: Акжанова Г.А. менеджмент магистрі, лектор 
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ, Көкшетау қ. 
darinazhagiparova@gmail.com 
 
Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі өзекті болып табылады. Жұмыссыздық – елдегі 
еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба 
алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез 
келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты: Құрылымдық 
жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс 


770 
технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда 
қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу 
үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады [1]. 
Жұмыссыздықтың түрлері: 
1) Уақытша жұмыссыздық. Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың 
жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу 
белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. 
Осы аралықта адамдар жұмыс істемейтін уақытша (фрикциондық) жұмыссыздыққа жатады. 
2) Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына 
техникалық прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандықтар өшіп, 
олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе біздің елімізде соңғы он жылда 
құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық 
экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен 
қатар жүрді. Мұндай жағдайда жұмыссыз қалған адамдардың жаңа жағдайға бейімделе білуі, 
еңбек нарғында сол сәтте сұранымға ие жаңа мамандық алуға құлшыныс таныта білуі 
маңызды. 
3) Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым 
кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл әсіресе қысы мен жазы климат жағдайы 
бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты. 
4) Циклдік жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау 
кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып 
алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының 
қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді [1]. 
Жұмыссыздықтың себептері - экономикалық себептер: нарықты қалыптастыратын 
экономикалық шарттардың өзгеруі. Жұмыссыздықтың көбеюіне мынандай экономикалық 
факторлар әсер етеді:

техникалық процесстің төмендігі, ұлттық валюта мен қордың девальвацияға ұшырауы, 
және т. б.;

шаруашылықтың ұйымдық өзгерісі; 

дамыған елдерде жұмыссыздықтың себептері мемлекеттің әлеуметтік әрекетімен 
байланысты [2]. 
Жұмыссыздық мәселесін шешу үшін жұмыссыздықты азайтуға көмектесетін әдістерді 
ойлап табу керек. Жұмыссыздықпен күресу әдістерін белгілі бір елдің билік органдары 
анықтайды. Бұл әдістерді тиімді жүзеге асыру үшін жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың 
арақатынасын анықтайтын факторларды анықтау қажет. Еңбек нарығына әсер етудің 
факторға бағытталған саясаты ғана нәтиже беретіні анық. 
Сурет 1. Қазақстандағы 2021-2023 жылдардағы жұмыссыздық деңгейі 
4,8
4,7
4,7
5,3
5,2
5,2
3,7
3,6
3,6
0
1
2
3
4
5
6
2021 жыл
2022 жыл
2023 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет