Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет13/43
Дата18.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#39378
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Байланысты:
115eaee7d54809c5d9c6fff06393e36b

Тапсырма 
1. Мәтінді оқып шығыңыз да, дауыссыз дыбыстарды түгел қамтитындай бірнеше сөзді теріп 
жазып, ондағы дауыссыз дыбыстарды дауыс қатысына қарай топтаңыздар. Халық – жатқан бiр 
ғаламат қазына, халықта бардың бәрiн алуға адамның ғұмыры жетпейдi. Бiрақ бiлуге талпыну, ӛзiң 
бiлгендi ӛзгеге үйрету – адамдық парыз. Бiз қаймағы бұзылмаған түкпiрдегi қазақ ауылында ӛстiк. Ол 
кезде тумысынан кӛкiрек кӛзi ашық, ақылгӛй аталар мен әдеп-ибаның кенiндей тектi әжелер кӛп едi. 
Талай салт-дәстүр, әдеп-ғұрып үкiсi қисаймай, тiршiлiк ӛз жӛнiмен ӛтiп жататын. Мен соның шет-
жағасын табиғи қалпында кӛрiп бой жеттiм. Әйтсе де, иісi қазаққа ортақ ел қадiрлiсi болған қайын 
атамның алдында бiраз жылдарым ӛмiрiме ӛзек, тiршiлiгiме тiрек болды. Тарих маған кӛне тарихтың 
асыл кӛзiндей шежiре адамға келiн болу бақытын жазған екен. Сондай кiсiнiң қолына су құйып, 
шайын қайнатып бергенiм үшiн жаратқанға мың мәртебе алғысымды бағыштап, тәуба етемiн (З.Ах.). 
2. Сөйлемдердегі дауыссыз дыбыстарды айтылу (ауаның шығу) (шұғыл, ызың, діріл) жолына 
қарай топтаңыз. Есенкелді Құдайназарұлы (18 ғасыр) – Жоңғар шапқыншылығы кезінде ғұмыр 
кешкен қазақтың белді билердің бірі. Қазақ шежіресінде Есенкелді бидің арғы тегі Бәйдібек бабаның 
үшінші зайыбы Домалақ анадан тарайды. Сол Домалақ анадан Жарықшақ деген ұл, Күнбибі (Қызай, 
Ақбибі, Мұрын) және Сыбан деген қыздар туады. Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат тайпалары 
тарайтыны белгілі. Дулаттың Ботбайынан Құдайқұл, Шағай, Итемген, Меңіс, Меңістен Тәңірберді, 
Тілеуберді, Тәңірбердіден Есенкелді бидің әкесі Құдайназар туыпты. Қызай Меңіс, Тәңірберді, 
Құдайназар бәрі де шетінен бабасы Бәйдібекке ұқсап елін, жерін қорғап ӛткен батырлар екен. 
 
№6 семинар. Дауыссыз дыбыстар. Үнем қағидаты (принципі). Ұқсату үрдісі 
Сұрақтар: 
1. Дауыссыздар жүйесі. Зерттелуі, жіктелуі. Дыбыстық заңдағы орны. 
2. Дауыссыз дыбыстарға мінездеме. Дауыссыз дыбыстардың жасалу орны, тәсілі, жолына қарай 
бӛлінісі. Аффрикат дыбыстар, олардың емлесі.
3. Үнем қағидаты (принципі). Ұқсату үрдісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет