№2 семинар. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын
әдістердің мақсат-мәні. Морфонологияның зерттелу тарихы
Сұрақтар: 1. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі тарихы.
2. А.Байтұрсыновтың фонетика жӛніндегі зерттеуі. «Тіл – құрал» еңбегінің маңызы.
3. Қ.Жұбановтың қазақ тілі фонетикасы жӛніндегі зерттеулері.
4. Экспериментті-фонетикалық әдіс. Акустикалық әдістің фонетиканы зерттеуде қолданылуы.
Фонетиканы зерттеудегі физиологиялық әдіс.
5. Морфонологияның зерттелу тарихы
Тапсырма 1. Әрбір екі дауысты фонеманы салыстырып, олардың бір-бірімен ұқсастығын, бірінен екіншісінің айырмасын нақтылы көрсетіп жазыңыз. Бір кезде боран басылды. Есіктің киізін ары-бері
жұлқыладым. Есік ашылды. Қарды ішінен ойдым. Сыртқы сәуле қараңғы қосқа құйылды. Іннен
шыққан суырдай, тесіктен мен де шықтым. Жел басылыпты. Боран ашылды. Күртік қар қостың
тӛбесін басып кетіпті. Шыққан күн кӛтеріліп қалған екен. Теп-тегіс ақ қар басқан дала күнге
шағылысып, ақ жібектей жалтылдайды. Қарлы дала да, ашық аспан да, күн де маған қарап жымияды
(С.М.).
2. Берілген жеке сөздердегі барлық дауысты фонеманы мынадай түрге топтап жазыңыз. а)
тілдің қатынасына қарай; ә) еріннің қатынасына қарай; б) жақтың қатынасына қарай; в) сӛз ішінде,
буын құрамында қолданылатын орнына қарай. Сөзтізбек, басылым, ғарышнама, сахнагер, шаңсорғыш, тәлімгерлік, саябақ, ғарышжай, төраға. №3 семинар. Дыбыс, әріп, фонема. Транскрипция мен транслитерация. Морфонологияның
фонетикадан және морфологиядан ӛзгешелігі
Сұрақтар: 1. Дыбыс, әріп, фонема. Олардың мәні, арақатысы. Әріп пен дыбыстың арақатынасы.
2. Транскрипция мен транслитерация.
3. Мәтінді транскрипциялау мәселесі.
4. Морфонологияның фонетикадан және морфологиядан ӛзгешелігі
Тапсырма Сӛз құрамында дауысты дыбыстардың қолданылуындағы ӛзгеріс. Дауысты дыбыстар сӛз ішінде
қолданылуына қарай протезалық (сӛздің алдынан басты артық дауысты дыбыстың қосылуы),
редукциялық (сӛздің ішінде дауыстының кӛмескіленуі), элизиялық (түсіп қалу), аферезистік т.б.
құбылысқа ұшырайды. Бұл құбылыстың немен байланысты екенін жете түсініп, тӛменгі жаттығуларды
орындаңыз.
1. Протезалық жағдайда айтылып тұрған сөздің астын сызыңыз да, протезалық құбылыстың болу себебін түсіндіріңіз. 1. Лайық, лаж, лас, рас, рақат, рақым, рақмет. 2. Республика, леген, лекер,
лезде, рәсуа, реніш, рет, рәсім. 3. Лұқпан, Рүстем, рұқсат, ру, рух.
2. Берілген мәтінді көшіріп жазып, редукция жағдайында айтылып тұрған сөздердің астын сызыңыз, олардың орфографияға қатысын көрсетіңіз. а) Зал жамырай соғып жіберді (Ш.М.). Ерден
бірте-бірте алыс тартқан қала кӛрінісіне ақырғы рет кӛз жіберді. Кӛйлегінің омырау ілгегін ағытты.
Кеншілер озат тәжірибені істерінде шебер де батыл қолдана білді. Әнге басып қиқулап келе жатқан
қазақы арбалардың дауысы жақындады (Ғ.М.).
ә) Адыраңдау, жұмылу, көкірек, құдірет, жасымық, аңызақ, дәрігер.