Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Семинар (практикалық) сабақтары жоспары



Pdf көрінісі
бет10/43
Дата18.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#39378
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
115eaee7d54809c5d9c6fff06393e36b

 
7. Семинар (практикалық) сабақтары жоспары 
 
№1 семинар. Кіріспе. Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны. Морфонология, оның 
зерттеу нысаны 
Сұрақтар: 
1. Фонетика туралы түсінік. Фонетика пәні.
2. Оның нысаны, зерттелу тарихы, орны.
3. Морфонология, оның зерттеу нысаны 
Тапсырма 
1. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазыңыз да, әр сөздің құрамындағы дауысты фонеманы теріп 
алып, олардың әрқайсысына акустика-артикуляциялық ерекшелігіне қарай толық жеке-жеке 
сипаттама беріңіз. 
Менiң әлi күнге дейiн есiмде, кiшкене кезiмiзде әр кӛктем сайын аталарымыз ауылдағы ойын 
баласын тегiс жинайтын. Оларға естияр бiрнеше жiгiт-желеңдi бас етiп бұлақтардың кӛзiн ашуға 
жiберушi едi. Сонда ата-әжелерiмiз: «Бұлақтың кӛзiн ашу – Меккеге сапар шеккендей қасиеттi iс
сауабы үлкен. Су бар жерде тiршiлiк бар, бұлақтың кӛзi ашылса, су мол болады, су мол болса, астық 
та, шӛп те, гүл де жайқалып ӛседi. Адамдар мен жан-жануарлар тоқ болады, тоқ болса, бiр-бiрiне 
қастық жасамай бейбiт жүредi. Бастаудың кӛзiн ашсаңдар, ӛмiр-тiршiлiктiң де кӛзiн ашқандарың», – 
дейтiн. Осыны естiгенде тiршiлiктiң тiрегi бiзге қарап тұрғандай қанаттанып, бiрде бiрiмiз қалмай 
бұлақтар мен тұнбалардың кӛзiн ашып, су ағатын жылғалардың жолын тазалауға кетушi едiк. 
2. Сөйлемдердегі сөздердің дауыстыларын талдай отырып, олардың монофтонгын бірінші 
бағанаға, дифтонгын екінші бағанаға және тек қана әріптік қызметте жұмсалып тұрғанын үшінші 
бағанаға теріп алып орналастырыңыз. 
Кӛне Түркістанды әлемге әйгілі ететін нәрсе – бүкіл әлемдегі мұсылмандардың қасиетті орны боп 


10 
есептелетін Қожа Ахмет әулиені мұсылмандар Әзірет Сұлтан деп атайды және Мұхаммед 
пайғамбардың рухани мұрагері деп таниды. Күмбезі – орта ғасырдағы сәулет ӛнерінің ғажайып үлгісі. 
Оның сондай қайталанбас ғаламат күмбез болуы – әлемді тітіренткен Ақсақ Темірдің ӛмірі мен 
сәулеткер-шебер Мәулен Ұбайдұлла Садырдың керемет таланты. Күмбездің жобасын жасауға Ақсақ 
Темірдің ӛзі тікелей басшылық етіп, оны салу кезінде де басында жүріп қадағалап отырған («Зерде» 
журналы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет