14
1. Буын үндесімі.
2. Тіл, ерін үндесімінің тілдегі орны.
3. Қазақ тіліндегі ерін үндестігінің даму дәрежесі.
4. Шұғыл дауыссыздың ызың дауыссыздармен алмасуы
Тапсырма
1. Сөйлемдегі әр сөзге логикалық екпін түсіріп айтыңыз да, сол арқылы қандай мақсат
көзделетініне түсінік беріңіз, логикалық екпін түскен сөздің орын тәртібіне көңіл аударыңыз.
Үлгі: 1. Мен кеше концертке бардым (Кеше
басқа жерге бармай, тек концертке барғанмын.). 2.
Кеше концертке мен бардым (Кеше концертке ӛзім барғанмын). 3. Мен концертке кеше бардым
(Концертке бүгін емес, кеше ғана барғанмын). 4. Ержан таңырқағандай Бӛрібайдың бетін қарады. 5.
Осы кезде бӛлмеге Мұрат кірді. 6. Дәмеш кемпір сол қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға
мақтана кӛрсетті (Х.Ес.).
2. Сөйлемдерден аралас буынды (жуан, жіңішке буынды) сөздерді теріп жазып, оларға қосымша
жалғану заңдылығын түсіндіріңіз.
1. Жиенбайдың ӛзі самолетте ұшып кӛрген емес. (Ә.Әлім). 2. Қатты жүрген жолаушылар күн бата
Кӛлқораның табанында отырған кӛп ауылдың шетіне кірді (Ә.Н). 3. Кристалдардың
бұл баяндалған
люминесценттік қасиетімен қатар, стимулданған сәуле шығара алатын қасиеті де
бар екені белгілі
(Т.Ә.). 4. Жауынгерлер орындарынан кӛтеріліп, ілгері жүгірді. 5. Ауылдағы бар баланың арманы еді
сондай ӛнерпаз болу. 6. Тобықтының жемпаздары қасаптың да семізін, лапкенің де қызарғанын
құртып барады (М.Ә.). 7. Семейдегі «Приходская школасында» оқып жүрген
кезімде кітапханадан
Шоқан туралы кейбір кітаптардан оқып,
оның аса талантты ғалым, жиһанкез екенін ұққан едім
(С.Бегалин). 8. Бируни ӛз бетімен Хорезмидің, Фарабидің, Жауһаридің, Қараджидің, Ферганидің тағы
басқа білімпаздардың кітаптарын оқыды (Б.С).
Достарыңызбен бөлісу: