Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/43
Дата18.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#39378
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
 
№15 семинарОрфография. Тұлға жігіндегі қыстырма дыбыстар 
Сұрақ: 


16 
1. Орфография, оның зерттелуі. Орфографияның тілдегі орны 
2. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. 
3. Қазақ тілі орфографиясы сүйенетін қағидаттар 
4. Тұлға жігіндегі қыстырма дыбыстар 
Тапсырма 
1. Мәтіннен мысал келтіре отырып: а) А, Е, Ы, І әріптерінің қолданылуы жайында түсінік 
беріңіздер; ә) олардың ішінде басқа дыбыстық мағынада (мысалы, Ы-ның кейде Ұ орнына жазылуы 
т.б) қолданылып тұрғандарын көрсетіп, себебін түсіндіріңіздер. 
Еламан жұмыстан кӛңілсіз қайтты; бір ісіне ырза емес; ең алдымен ӛзіне ызалы; әсіресе, әлгі 
сүмелек сарыны бір сӛзге келмей жұмысқа орналастыра салатын кісіше соншалық сеніммен ертіп 
әкелгені орынсыз бопты (Ә.Н.). Сӛйтіп тұрғанда шабақтар және дүркірей қашып, жоқ боп кетті, қараса 
бір бӛлек алабұғылар келген екен, жемді ең бұрын кӛрген біреуі тоқталмастан келіп қалғанда, Үсен 
қармақты тартып алып, оны қырға шығарып тастады. Сол қалпынша Үсен бірталай алабұғы ұстады. 
Балықтың алынған қызғына айналып тұрып, балалар күннің кешке таянып қалғанын аңғармаған да 
екен (Ы.А.). 
2. Мәтінде и, у әріптерінің қолданылуындағы ерекшелікке, олардың қандай дыбыстық мағынаны 
қамтитынына түсінік беріңіздер.
Бүгінгі кірешілердің арасынан дәм-тұзын талай татқан сыйлас үйінің жас келіншегін кӛргесін, 
Темірке ол райдан тез қайтты. Тӛр алдында кӛсіліп жатқан кірешілер аяқ-қолын қалай жиып алғанын 
байқамады. «И-и, балақайым, тоңғансың, тоңғансың», - деп Темірке жүгіріп барып, түп жақтағы 
бӛлменің бірінен түлкі ішік әкелді (Ә.Н.). 
Құдай-ау, бұл неткен қыз, не іздеп жүр? Түу, әрең таныды ғой! Түнеукүні Отарбайдың үйінде 
ӛлімнен құтқарған қыз екен-ау (Ғ.М.). Ӛздерінше осынша сый-сияпат кӛрсетіп жатқасын кіреші 
қазақтар әй-шәйге қараған жоқ. Қонақ үйдің жайы бұларға белгілі: есік, терезесінен жел уілдеп 
тұратын жайдақ бір бӛлме (Ә.Н.). 
3. Мәтіндегі сөздерді алфавит тәртібімен жазыңыз, біртектес әріптен басталған сөздердің 
қайсысы бұрын, қайсысы соң келетініне түсінік беріңіз. «Қартайып қалған шағымда мені бақыртып 
қайте бересіңдер», - деп әнді кӛп айта бермейтін болды, басын тӛмен сап, тұнжырап отырып алатын. 
Сондайда ауылдың бір желӛкпелеу әншісымағы домбырасын алып жіберіп, Ақанның әндерін жорта 
бұзып әдейі айқайлай жӛнелді. Сері сазына келмей, құлаққа түрпідей тиген ӛз әніне шамданып, 
намыстанғандай болып қалатын. «Түу, шіркін, әннің берекесін алды ғой! Домбырамды әперіп 
жіберші», - деп еңсесін кӛтеріп алатын да, қырандай дүр сілкініп, екі кӛзі шоқша жайнап, әнге басушы 
еді, жарықтық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет