3
және
естілу қасиетіне, дыбысты зерттеуде қолданылған әдіс-тәсіл, дыбыс шығарудағы сӛйлеу
мүшелерінің қызметі, дауысты дыбыстар жүйесі, олардың құрамы, негізгі қасиеті, дауыссыз дыбыстар
жүйесі, олардың түрлері, негізгі белгісі, буын және екпіннің қызметі, белгісі, түрі, үндесім заңы, оның
түрі, дыбыстардың алмасуы, орфография және орфоэпия мәселесі
мен транскрипция ұғымының
сипатына қысқаша шолу жасауға бағытталған.
Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясын оқытудағы қиындық келтіріп жүрген жайды
қарау, емле мен тыныс белгілерін ғылыми негізін сӛз ете отырып,
тыныс белгілерін жазу
практикасында қолдануды бірізге түсірудің тиімді жолдарын нақты факті негізінде талдау мәселесі де
қарастырылады.
Курстың негізгі мақсаты
– сауатты жазу мен дұрыс сӛйлеу заңдылығының негізінде студенттерге
тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен
ерекшелігінен, үндестік заңынан,
орфоэпия мен орфографиядан, сонымен қатар қазақ тілінің
морфонологиялық заңдылығы туралы жүйелі білім беру.
Қазіргі қазақ жазуы емле ережесінің қалыптану негізін қарастырады; сӛздерді ережеге сай дұрыс
жазу және қазақ орфографиясы негізгі принципінің сипаты қарастырылады; тыныс белгілерінің дұрыс
қойылуын түсіндіру және оны практика жүзінде меңгерту мәселесі қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: