Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


 Лабораториялық сабақтар жоспары – жоспарланбаған



Pdf көрінісі
бет21/43
Дата18.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#39378
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
115eaee7d54809c5d9c6fff06393e36b

 
8. Лабораториялық сабақтар жоспары – жоспарланбаған. 
11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің ӛзіндік жұмысы бойынша 
ӛткізілетін сабақ жоспары 
Ӛзіндік жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне қатысты 
мәліметті негізгі және қосымша тізімде кӛрсетілген әдебиеттерден пайдаланыңыз. Жаттығуларды 
орындаңыз. Тапсырмалардағы сӛйлемдерді талдау барысында қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстарға мән 
беріңіз. Әрбір сӛйлемге, сӛзге талдау жасағанда фонетикалық (дыбыс үндесуіне, ықпалдарға) 
ерекшелікке назар аударыңыз. Тапсырманы орындауда орфоэпиялық және орфографиялық сӛздіктерді 
пайдаланыңыз. Конспект жазу барысында негізгі мәліметке назар аударыңыз. 
№1 СОӚЖ. Дыбыс және фонема, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Морфонема ұғымы 
туралы
Тапсырма: 
1. Төменде фонетикалық талдау жөнінде түсінік беріліп, қалай талдау керегі кеңінен 
сипатталып көрсетілді. Мұқият оқып, меңгеріп алыңыз. 
Фонетикалық талдау – фонетикалық білім мен біліктің кӛрсеткіші. Фонетиканы оқудағы 
мақсаттың ӛзі – осыған жету, тілдің дыбыстық құрамын меңгерту. 
Дыбыстың түр-түрін білумен фонетиканың мақсаты орындалмайды. Ең бастысы – сӛз бен бунақ 
ішінде дыбыстардың бірімен-бірінің үндесіп, үйлесіп тұруында, соны түсіну, түсіндіре білуде. Ол үшін 
бүкіл фонетиканы білу керек. 
Фонетика дыбысты қарастырады. Ал дыбыстың ӛмірі – айту, естуде. Сӛзге, мәтінге фонетикалық 


17 
талдау жасау үшін алдымен сол сӛз, мәтінді орфографиялық нормаға сай жазу керек болады. Бұл, 
әрине, орфографиялық білікті керек етеді. 
Енді бұған айтылуына орай кейбір ӛзгерту жасауға тура келеді. Яғни айтылуына сәйкес келмейтін 
немесе дыбыстық құрамды кӛлегейлеп тұрған әріптерді белінен бір сызып (кӛрініп тұру үшін), үстіне 
олардың дыбыстық мәнін (бейнесін) жазамыз. Олардың себебін түсіндіреміз. Алмасуға ұшырайтын 
дыбысқа қай дыбыс әсер етіп тұр, несімен әсер етіп тұр, ықпалдың түрі қандай – мұны бағыттама 
(стрелка) қою арқылы түсіндіруге болады. Сонда дыбыстан дыбысқа қарай бағытталған стрелкамыз 
сӛздің тӛменгі жағында болса, онда ол акустикалық ықпал болғаны, үстінде болса – артикуляциялық. 
Ықпалдың екі түрі де бір мезгілде болса, бағыттама астында да, үстінде де тұрады деген сӛз. 
Мұны және басқа ӛзгерісті мысалдармен кӛрсетейік: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет