Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


М.Ә. ЕРМЕКОВ – ҚАЗКСР КОРР. – МҮШЕСІ, ПРОФЕССОР



Pdf көрінісі
бет42/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
М.Ә. ЕРМЕКОВ – ҚАЗКСР КОРР. – МҮШЕСІ, ПРОФЕССОР, 
ГЕОЛОГИЯ-МИНЕРАЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ 
Геология-минералогия ғылымдарының докторы, 
профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының 
академигі, көмір кен орындарының газдылығы 
бойынша ірі маман, табиғаттың күрделі құбылыстары 
мен 
технологиялық 
процестерін, 
оларды 
компьютерлік технологияны пайдалана отырып, 
оңтайландыру 
мақсатында 
модельдеудің 
жаңа 
бағытының негізін салушы Ермеков Мағауия 
Әлімханұлы 1921 жылы Семей облысы Шыңғыстау 
ауданында 
Абай 
ауылында 
дүниеге 
келген, 
сондықтан ата-анасы оны Абайдың кіші ұлы 
Мағаштың құрметіне Мағауия деп атаған [1]. 
Бастауыш білімді үйінде, отбасында алған, 
себебі әкесі ғана емес, шешесі Рақия Шағабетдінқызы өте жоғары білімді 
адамдар, Қазақстанның алғашқы дипломды дәрігерлерінің бірі болған. 
Мағауияның әкесі – Әлімхан Әбеуұлы Ермеков – Қазақстандағы белгілі 
қоғамдық-саяси қайраткер, математиканың бірінші қазақ профессоры. 
Ол мектепке дейін-ақ үш тілді – қазақ, орыс және неміс тілдерін жетік 
меңгерді.
Қазақстанның барлық прогресшіл қайраткерлері іліккен Сталиндік 
геноцид 
кезеңінде 
Әлімхан 
Ермеков 
«Алашорда» 
партиясы 
көшбасшыларының бірі ретінде көп рет тұтқынға қамалды және жалпы 
алғанда, 18 жылға жуығын еңбекпен түзету лагерьлерінде өткізді. Оның 
қайғылы тағдыры отбасына да әсерін тигізді. 
Он екі жасар бала Мағауия әкесін тұтқындаудың куәгері болды. Тінту 
кезінде 
дүние-мүліктерді 
қалай 
төңкергенін, 
шақырылмаған 
«қонақтардың» айуандығын көрді. Мұндай нәрсе ұмытылмайды. 
Сталиннің жеке басына табыну кезеңіндегі, тұтқындау, ату кезеңіндегі 
балаларда өмір бойы жазылмас жара қалды [1]. 
Отбасын алдымен қала шетіндегі жер төле үйге, сосын қала 
сыртындағы жер үйге көшірген кезде Мағауия Алматы орта мектебінің 
төртінші сыныбында оқитын. Бірақ онда да олардың отбасына тыныштық 
бермей, Үштөбе стансасына Қаратал ауылына көшірді, онда Ресейдің 
батыс облыстарынан 300 мыңға тарта қоныс аударушылар тұратын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет