Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім



Pdf көрінісі
бет41/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Әзімбек Қыздарбекұлы 
Әкімбеков (1954-2010



111 
қазбаларында метан бөлуді басқару» тақырыбында өзінің докторлық 
диссертациясын сәтті қорғады. 
2001 жылдан 2008 жылға дейін А.Қ. Әкімбеков университеттің 
ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры 
қызметін атқарды. КСРО ыдырағаннан кейін басқа да ЖОО-ры сияқты, 
университеттің де ғылымы жұмыстары өте ауыр жағдайда болғандықтан, 
өнеркәсіптік кәсіпорындармен бұрын жасалған барлық байланыстар үзілді. 
Мұндай жағдайда ғылымды дамыту өте қиын болғандықтан, жаңадан тың 
тәсілдерді іздестіру керек болды. Міне, солардың бірі – халықаралық 
ынтымақтастыққа шығу, алыс және жақын шетелдермен байланысты 
қалпына келтіру және университеттің әртүрлі кафедраларының 
ғалымдарын ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның өнеркәсіптік 
кәсіпорындарын да іске тарта отырып, ірі жобалар құру мақсаты қойылды. 
2009 жылы Әзімбек Қыздарбекұлы Қазақстан Республикасы Төтенше 
жағдайлар министрлігінің «Өнеркәсіптік қауіпсіздік ұлттық ғылыми-
техникалық орталығы» АҚ «Тау-кен өнеркәсібіндегі жұмыстардың 
қауіпсіздігі жөніндегі Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты» 
ЕМК-на басшылыққа ауысты. 
Әзімбек Қыздарбекұлы газ динамикасына, төтенше жағдайлардың 
алдын алуға және болжауға байланысты ғылыми бағыттарды одан әрі 
дамытуға үлкен үлес қосты. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, ол қысқа 
ғана уақыт ішінде ғылыми жетекші ретінде техника ғылымдарының 4 
докторы мен 12 кандидаттарын дайындап шығарып, осылайша академик 
А.С. Сағынов пен профессор Н.Ф. Гращенковтың қалыптасқан ғылыми 
мектептеріне екінші дем берді. Ал, Әзімбек Қыздарбекұлының ғылыми 
мектебі танылды және мойындалды деп сеніммен айтуға болады, себебі, 
бүгінгі күні оның оқушы – шәкірттері еліміздің шахталары мен 
кеніштеріндегі еңбек қауіпсіздігі проблемаларымен тығыз жұмыс істеуде. 
Ә.Қ. Әкімбековтің ғылыми шығармашылығы өнеркәсіп қауіпсіздігі
оның ішінде тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігі саласындағы өзекті 
ғылыми-техникалық міндеттерді шешудегі практикалық нәтижелерімен 
ерекшеленеді. Оның ғылыми қызметінің ерекшелігі – теориялық және 
қолданбалы маңызы бар мәселелерді тұжырымдап, шешу және оның 
нәтижелерін практикада қолдануға міндетті түрде жеткізу болды. Атап 
айтқанда, Әзімбек Қыздарбекұлының докторлық диссертациясында 
жасаған ұсыныстары Октябрь революциясының 50 жылдығы және КСРО 
50 жылдығы атындағы «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінде сәтті 
жүзеге асырылды. Айта кету керек, Ә.Қ. Әкімбековтың докторлық 
диссертациясының ғылыми кеңесшілері академик Ә.С. Сағынов пен 
профессор Н.Ф. Гращенков, ал ресми оппоненттердің бірі – әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ қазіргі ректоры, профессор Ғ.М. Мұтанов болды. 
Ә.Қ. Әкімбеков ғылыми кадрларды даярлауға өзінің көп күші мен 
энергиясын сарп етті: олардың көпшілігі ҚарМТУ мен Қазақстанның басқа 


112 
да жоғары оқу орындарындағы табысты ғылыми-педагогикалық 
қызметкерлер, ҚазМҒЗИ-дағы ғалым-мамандар мен салалық академиктер 
екенін айтуға болады. 
Әзімбек Қыздарбекұлы 150-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік 
жұмыстар жазып, соның ішінде, тау-кен өнеркәсібіндегі еңбек қауіпсіздігі, 
өнеркәсіптік желдету, геомеханика және сілемдердің жағдайын басқару 
сияқты салалар бойынша оқулықтар, монографиялар, өнертабыстар мен 
патенттер шығарды. 
Ол ғылыми кадрлар мен мамандарды даярлау мәселелері бойынша 
облыстық және республикалық баспасөз беттеріндегі көптеген 
мақалалардың авторы. 
Профессор Ә.Қ. Әкімбеков дарынды, жан-жақты, білімді тұлға, 
сонымен бірге, ол адамдармен қарым-қатынаста қарапайым және ұнамды 
болды. Ғылымнан бастап, оның бойындағы спорт пен бейнелеу өнеріне 
дейінгі қызығушылықтарының мол нышандары, оны айналасындағы 
адамдарға тартымды етті. 
Педагогикалық 
қызмет 
Ә.Қ. 
Әкімбековтың 
шығармашылық 
өмірбаянының маңызды бөлігін құрады және оның ең маңыздысы – тау-
кен факультетінің студенттері үшін қауіпті өндірістік объектілердегі 
өнеркәсіп қауіпсіздігінің мәселелерін зерделеп жазған оқулықтары, оқу 
құралдары, анықтамалық және әдістемелік құралдарды болып табылады. 
Әзімбек Қыздарбекұлы педагогтік пен дәріскерлік шеберліктерді 
жетік меңгерген, оған жеке басының қасиеттері – тілектестік, сүйкімділік 
және сұхбаттасушыға бей-жай қарамайтындығы ықпал еткендіктен, оның 
шәкірттері Қазақстанның түкпір-түкпірінде, жақын және алыс шетелдерде 
өндірістің барлық саласында еңбек етеді. 
Профессор Ә.Қ. Әкімбеков әлемнің жетекші университеттерімен 
халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосты. 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің халықаралық беделін 
арттыруға бағытталған оның көп қырлы және белсенді қызметін атап өту 
қажет. 
Ә.Қ.Әкімбековтің 2006 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің 
«Халықаралық сапаршылар» бағдарламасының қатысушысы болуы, оған 
АҚШ зерттеу университеттерінің тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік берді 
(Техас, Пенсильвания, Массачусетс, Вирджиния штаттарының 11 жетекші 
ЖОО барды).
Оның табиғи түйсігі, есте сақтау қабілеті, ғылыми салададағы да, 
өндірістегі де кәсіби шеберлігі, мәселе шешудегі шапшаңдығы, 
табандылығы, адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілігі оны 
ұжымының үлкен құрметіне бөледі.
Ә.Қ. Әкімбековтің бұл еңбектері Мемлекет тарапынан да елеусіз 
қалған жоқ. Қазақстандағы жоғары білімнің дамуына, ғылымның дамуына 
қосқан үлесі үшін 1997 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру 


113 
үздігі» белгісімен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті 
қызметкері» белгісімен (2003ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» 
мерейтойлық медалімен (2005ж.), «Қазақстан Республикасында ғылымды 
дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2006ж.) марапатталды. 
Ұстаз және ғалым туралы (естеліктер). 
Ибатов Марат Кеңесұлы – Қарағанды мемлекеттік техникалық 
университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, 
ҚазҰЖҒА, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі: 
– Ә.Қ. Әкімбековтің ғылымға, инженерлік және ғылыми кадрларды 
даярлауға қосқан зор үлесі, мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. 
Әзімбек Қыздарбекұлы қысқа, бірақ жарқын өмір сүрді. Ол зерттеу 
жұмыстарының жаңа перспективалық бағыттарын, ғылыми мектепті, 
көптеген талантты түлектерді – ғалымдар мен мамандарды қалдырды. 
Дрижд Николай Александрович – тау-кен инженері, екі мәрте 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, техника ғылымдарының докторы, 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің пайдалы қазбалар 
кен орындарын игеру кафедрасының профессоры: 
– Әзімбек Қыздарбекұлы газ динамикасына, төтенше жағдайлардың 
алдын алуға және болжауға байланысты ғылым бағыттарын дамытуға 
елеулі үлес қосты. Ол метанның өңделген кеңістіктен сыртқы бетке 
шығарылуын және атмосфераның парниктік газбен ластануын азайтуды 
зерттеді. Қарағанды бассейнінің жойылған шахталарының ерекше 
жағдайларына негізделген өзіндік шығару технологиясын құру 
атмосфераға метан шығарындыларын азайту есебінен экологиялық 
жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар біздің өңірдің отын-
энергетикалық теңгеріміне жаңа энергия тасымалдағыштың үлкен 
ресурстарын тартуға мүмкіндік берді. 
Ынтықов Тоқмырза Смағұлұлы – техника ғылымдарының 
кандидаты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің көлік 
техникасы және логистикалық жүйелер кафедрасының профессоры, 
«ҚарМТУ түлектері мен оқытушылары қауымдастығы» қоғамдық 
қорының атқарушы директоры»:
– Профессор Ә.Қ. Әкімбеков өзінің көптеген ғылыми және өмірлік 
жоспарларын аяқтамай, шығармашылық күш-жігерінің шыңында өмірден 
өтті. Ол өзінің шығармашылық мұрасын шәкірттерінде, ғылыми 
еңбектерінде, өнертабыстарында, кітаптарында және оқу құралдарында 
көрсетті. Ә.Қ. Әкімбековтің шығармашылық өмірбаяны мен бүкіл өмірі – 
Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы, білімі мен өндірісінің дамуына қосқан 
лайықты үлесі, ел азаматтарына Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі. 
Ұлы Абай Құнанбаевтың: «Өлді деуге болама айтыңдаршы
өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген сөзін, профессор Ә.Қ. 
Әкімбековқа байланысты қолдану орынды деп есептейміз.


114 
В. Пономарева, 
Қарағанды техникалық университетінің
Геология және пайдалы қазбалар кен орынын барлау кафедрасының
доценті, т.ғ.к. 
e-mail: mponomareva@kstu.kz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет