Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім



Pdf көрінісі
бет46/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Қаден Бариұлы
 
Тоғайбаев (1935-2018



124 
Экономика және менеджмент», «Инженерлік кәсіпкерлік негіздері» және 
т.б. пәндер бойынша сабақтар жүргізді. Университетте жұмыс істеген 
кезінде ол техникалық және экономикалық мамандықтардың мыңдаған 
студенттерін дайындады. Оның дәрістері мен мастер-класстары әрдайым 
жоғары дәрежеде ойластырылып, еркеше өткізілетін. Сабақтары ғылыми 
жұмыстың үлгілі нәтижелерін, үлкен практикалық тәжірибиесін көрсетеін. 
Каден Бариұлы өзінің білімін жас оқытушылармен бөлісіп, оларға тәлімгер 
және үлгі ретінде қызмет етті.
2005 жылы Қ.Б. Тоғайбаев Еуразия Халықаралық экономикалық 
академиясының академигі болып сайланды. 2009 жылдан 2017 жылға 
дейін ақсақалдар кеңесін басқарды және университеттің тәрбие процесін 
ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Осы жылдары ол біздің университеттің 
түлектерімен, таңғажайып тағдырлы адамдармен, ҚР Тұңғыш Президенті – 
Елбасының курстастары Т.С. Сүлейменовпен, К.З. Сарекеновпен, К.О. 
Омашевпен және Е.И. Төлеубаевпен таныс болды. Олармен өмірінің 
соңына дейін араласып тұрды. 
Каден Бариұлы білікті кадрларды дайындауға қосқан зор үлесі үшін 
Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Құрмет грамоталарымен 
марапатталды (1997, 2006, 2011, 2012 жж.). 2003 жылы университеттің 
дамуына қосқан үлесі үшін «ҚарМТУ еңбек сіңірген қызметкері» құрметті 
атағына ие болды. 2013 жылы – ҚарМТУ «Ерен еңбегі үшін» төс 
белгісімен марапатталды; жоғары білікті инженер-құрылысшыларды 
дайындағаны үшін «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы» 
атағына ие болды. 2016 жылы өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу 
ісіндегі елеулі табыстары үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің 
«Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды. Ол бірнеше рет облыс 
әкімінің (2014ж.), Қала әкімінің (2016ж.), ҚарМТУ ректорының құрмет 
грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.
Бос уақытында Каден Бариұлы шахмат ойнауды жақсы көрді, 
институт турнирлері мен жарыстарға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз 
атанды. 2018 жылы төрт дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасовамен 
кездейсоқ кездесіп, бірге шахмат ойнау бақытына ие болды, оны өте 
мақтан тұтты. 
Ол мейірімді тәлімгер, дана кеңесші және қамқор адам болған. Оның 
жүрегінің жылуын студенттер ғана емес, оның көптеген әріптестері мен 
достары да сезінді. Ол кез-келген ұжымның жаны болды. Оның 
жарасымды әзілдерінсіз, ондаған жылдар бойы университетіміздің бірде-
бір іс-шарасы өткен емес. 
Бүгінгі таңда университеттің көптеген түлектері, әріптестері өздерінің 
мұғалімдері мен тәлімгерлерін жылы сезімде және ризашылықпен еске 
алады. 


125 
Н.А. Алпысбаева,
Қарағанды техникалық университетінің 
кәсіпорын экономикасы мен менеджменті кафедрасының
доценті, т.ғ.к.
e-mail: nalpysbayeva@mail.ru 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет