Дамытылатын құзіреттіліктер: - өткен тарихтың жекелеген құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының бүкіл дүниежүзілік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен ғылыми зерттеудің сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және басқа әдістері арқылы сәйкестендіре білу;
- тәуелсіз қазақстандықмемлекеттіліктіңқалыптасуының тарихи негіздері мен кезеңдерінбүкіл дүниежүзілікжәне еуразиялықтарихи үрдіс контексінде білу;
- қазақстандық даму үлгісінің имоненттік басымдықтарын, ерекшеліктері мен маңызын объективті түрде және жан-жақты ұғына білу;
- қазіргі Қазақстанның күрделі тарихи үрдістерін, құбылыстары мен тарихи тұлғаларын оқыған кезде талдамалы және аксиологиялық талдау дағдыларын меңгеру.
3. Курстың сипаттамасы: Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша курсты дайындаған кезде проблемалық көзқарас және тарихты оқудың теориялық әдістемелік негіздері пайдаланылды. Осыған сәйкес курс мазмұны орта білім бағдарламасын қайталамайды. Хронологиялық шектер Қазақстан тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялар мен қозғалыстардың даму тарихын қамтиды. Қазіргі Қазақстан тарихын теориялық және практикалық оқу кезінде пәнаралық көзқарас қолданылады. Тарих ғылымында саясаттануда, әлеуметтануда, мәдениеттануда және т.б. пайдаланылатын ғылыми және әдістемелік көзқарасардың маңызы анықталды.
4.Оқыту технологиясы 1) студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;
2) біліктілікке бағытталған оқыту;
3) әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
4) кейс-стади
5) жобалар әдісі.
5. Курс саясаты Коронавирустық инфекция фонында ғаламдық пандемия туындаған қашықтықтан оқыту жағдайында студенттер ұялы байланыспен және орнықты интернетпен қамтамасыз етілуі керек. Студент университеттің білім беру порталына еркін қол жеткізіп, порталдағы «SIK» пәнінің беттерінде белсенді жұмыс жасауы керек.
Пәнді оқыту барысында қойылатын әкімшілік талаптар:
Студент сабаққа қатысуға тиісті; Барлық академиялық тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға; ОСӨЖ тапсырмаларын ұқыпты уақытында орындауға; Аталынған талаптар орындалмаса тиісті айыптарды орындауға.
Кеңестер: оқу үрдісінде, қарым-қатынаста компетентті болыңыз; топта және оқытушылармен ашық, сыпайы, шыншыл болыңыз; оқу процесіне белсенді қатысу, топпен жұмыс істей білуіңіз керек; тапсырманы шығармашылылықпен орындаңыз.
Курсқа қойылатын талаптар. Курсты толықтай игеру мақсатында студенттер қойылған талаптарды орындаулары тиіс.
Сабаққа қатысу: дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу. Егер студент белгілі бір себептер мен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беру тиіс.
Тәртіп: сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанғысыз» бағасы қойылады.
Бақылау жұмыстары: бақылау жұмысын студент міндетті түрде орындап, белгіленген уақытта тапсыру тиіс.
Межелік бақылау: межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.
Емтихан: қорытынды мемлекеттік емтихан билеттік жүйе негізінде ауызша жүргізіледі. Билеттің әрбір нұсқасы үш сұрақтан тұрады.