Дәріс 12. Пластикалытұтқыр сұйықтықтарды тасымалдауға арналған қондырғылар.
Дәріс жоспары:
1. Сорғылар туралы жалпы түсінік. Сорғылардың жіктелуі, жұмыс істеу принципі.
2. Сорғылы қондырғылардың жалпы сұлбасы.
Гидравликалық машиналар дегеніміз электрқозғалтқыштың механикалық энергиясын тасымалданатын сұйықтың ағын энергиясына айналдырып, қысымын көбейтеді немесе қозғалыстағы сұйық тегеурін энергиясын механикалық энергияға айналдыратын (гидравликалық құбырлар) машиналар. Гидравликалық жетек дегеніміз сорғыдан және сәйкес реттегіш және таратқыш аппаратурасы бар гидроқозғалтқыштан тұратын гидравликалық жүйе және жұмысшы сұйық көмегімен беріліс беруді қамтамасыз етеді.
Сұйық қоспаларды кәсіпорын ішінде аппараттар мен қондырғылар арасында және кәсіпорыннан тыс басқа жақтарға тасымалдауға арналған гидравликалық машиналар сорғылар деп аталады.
Сорғылар үш түрге бөлінеді: қалақшалы немесе ортадан тепкіш, көлемді және ағынды.
1. Қалақшалы /ортадан тепкіш/ сорғылардағы қысым, қалақшалы доңғалақтардың айналуындағы ортадан тепкіш күштің сұйыққа әсерінен пайда болады. Бұларға ортадан тепкіш, құйынды және осьтік сораптар жатады.
2. Көлемді сорғылардағы қысымдар айырмасы сұйықтардың белгілі бір көлемін жабық камерадан жылжымалы немесе айнамалы денелер арқылы ығыстырып шығарғанда пайда болады. Бұларға піспекті /плунжерлі, диафрагмалы/ және роторлы /тісті доңғалақты, пластинкалы, винтті/ сораптар жатады.
3. Ағынды сорғыларда сұйықтықтарды тасымалдау үшін жұмысшы сұйықтықтың /ауа, бу, су т.б./ кинетикалық энергиясын пайдаланады.
4. Сұйықтардағы сығылған газ немесе ауа жәрдемімен тасымалдау үшін газлифт /эрлифт/ және монтежюлар қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |