Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі


Дәріс 15. Yздiкciз жұмыс істейтін құралдар



бет18/29
Дата15.04.2022
өлшемі1,07 Mb.
#31143
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñûíû? ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñò³ðë³ã³

Дәріс 15. Yздiкciз жұмыс істейтін құралдар.

Дәріс жоспары.

1. "Брабендер" фирмасының автоматты вискозиметрі.

2. Шұжық фаршының құрылым-механикалық касиеттерін зерттеуге арналған құрылғы.


1. Тамақ өнеркәсібінің автоматтандырудың жобалау конструкторлық және ғылыми зерттеу институтында камырдың тұтқырлығын үздіксіз өлшеуге арналған құрылғы құрастырылған. Ол былай жұмыс істейді қамыр үздіксіз шанаққа түсіп, екі сатылы шнектің көмегімен қысым датчигіне әсер етіп ығыстырылады. Камера арқылы өтіп, қамыр саңылау арқылы шығады.

Қамырдың құрылым-механикалық касиеттерінің өзгepyi, датчик мембранасы қабылдайтын қысымға әсерін тигізеді. Осы көрсеткіштер арқылы қамырдың тұтқырлығын анықтайды.

Германияның "Брабендер" фирмасының автоматты вискозиметрі әртүрлі температурада (20°-97°С) бейньютондык сұйықтарды сынауға мүмкіндік береді. Осы фирмадан суспензияның, эмульсияның, пастаның камырдың және шоколад массасының тұтқырлығын өлшейтін конвиграф құрылғысы шығарылады (12.1 сурет).
2. МТИМП-де шұжық фаршының құрылым-механикалық касиеттерін зерттеуге арналған құрылғы жасалган (15.2 сурет).

Бұл құрылғы қозғалатын және қозғалмайтын корпус бөліктерінен тұрады. Қозғалмайтын бөлігінде роликті қанқа бекітілген. Қанқа ішінде бірінші және екінші кезекті орамды катушка орнатылған. Ол түрлендіргіш арқылы потенциометрмен қосылған. Корпустың қозғалатын бөлігі зерттелетін өніммен байланыс жасау үшін бұдырлы болып келеді. Бұл құрылғыда байланыс кезінде тұрақты температура ұстап тұруға арналған қыздырғыш элементтермен, роликтерге бағыттаушы болып келетін арналардан, магнит материалдан жасалған жүрекше мен серіппеден тұрады. Құрылғыға салыстырмалы түрде қарағанда өнімнің қозғалуы кезінде ол корпустың қозғалмайтын бөлгімен әсерлеседі де, орын ауыстыру жүреді 7 жүрекше 13 катушка арқылы қозғалуы арқылы электр қозғаушы күшін өзгертеді. Бұл бақылау құралы арқылы жазылып алынады.








15.1 сурет. Конвиграф.

1-тeciктepi бар қорғаушы қаптама; 2-өлшеуіш басы; 3-обечайка;

4-иілгіш қабықша; 5-имек білік; 6-жапқыш гайка; 7-айналу моментін өлшеуіш; 8-тапсырушы; 9-өлшеуіш диапазонын ауыстыратын қосқыш;

10-электрқозғалткыш; 11-жоғарғы қақпақ.



15.2 сурет. Ағыста реологиялық қасиеттеріне арналған қондырғы.

1-кедір-бұдыр /рифления/; 2-шығаршықтар; 3-арналар; 4-жылытқыш элементтер; 5-астыңғы серіппелі кронштейн; б-тұрқының жылжымалы бөлігі; 7-жүрекше; 8-қайтымды cepiппe; 9-eкінші орам; 10-бipiншi орам; 11-жұдырықша; 12- eкінші орам; 13-катушка; 14-жылжымайтын тұрқы; 15-қанқа.


Бақылау құралы ретінде, автоматы жазатын потенциометрді қолдану кезінде зерттелетін материалдың уақытқа байланысты құрылым-механикалық касиеттерін анықтауға болады.

Ағымдағы өнімнің қасиеттерін өлшеуге мүмкіндік беретін вискозиметр ретінде ультрадыбысты вискозиметрлерді қолдануға, аз дәлдігі үшін кең қолданыс таба алмады.

Ағын вискозиметрі төменгі жиілікті вискозиметр ретінде қолданылады. Оның құрамында магнит престелген цилиндрлі (формалы) калыптары жүрекше бар. Жүрекшенің жоғарғы бөлігі жоғары жиілікті катушкаға кіреді. Қоздырушы катушка корпустың сыртына орналыстырған. Зерттелетін сұйық белгілі бір бағыт арқылы стакан және корпус арқылы ағады.

Ғылыми зерттеу институтында А1-ЕВШ тұтқырлықтың автоматты−пневматикалық датчигі жасалған. Ол шоколад массасының тұтқырлығын бақылауға арналған. Осы датчиктегі сезгіш элемент тұрақты жүктеменің әсерінен зерттелетін массада қозғалады, қозғалу уақыты белгілі бір шамаға қарай жазылып алынады. Аталған құралдар тамақ өнеркәсібінде қолданылатын негізгі құралдарға жатады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Тамақ өнеркәсібінің автоматтандырудың жобалау конструкторлық және ғылыми зерттеу институтында камырдың тұтқырлығын үздіксіз өлшеуге арналған құрылғы қалай жұмыс істейді? 2. Германияның "Брабендер" фирмасында қандай аспаптар жетілдірілген? 3. МТИМП-те шұжық фаршының қандай касиеттерін зерттеуге арналған құрылғы жасалған? 4 Оның құрлысы қандай? 5. Ғылыми зерттеу институтында тұтқырлықты өлшейтін қандай аспап жасалған?


Ұсынылатын әдебиет:

1. Горбатов А.В. Реология мясных и молочных продуктов. – М.: Пищевая промышленность, 1979. – 384 с.

2. Мачихин Ю.А., Мачихин С.А. Инженерная реология пищевых продуктов. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981. – 215 с.

3. Реология пищевых продуктов. /Еркебаев М.Ж., Кулажанов Т.К., Мачихин Ю.А., Медведков Е.Б. – Алматы, 2003. – 192 с.

4. Реология пищевых масс /К.П. Гуськов, Ю.А. Мачихин, С.А. Мачихин и др. – М.: Пищевая промышленность, 1970. – 207 с.

5. Реометрия пищевого сырья и продуктов: Справочник /Под ред. Ю.А. Мачихина. – М.: Агропромиздат. – 1990 – 271 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет