Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


А.Н.  Сырлыбаев  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң



Pdf көрінісі
бет153/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

А.Н.  Сырлыбаев  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң 
институтының 1 Б курсының курсанты;  
       Ғылыми жетекшісі — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң 
институтының  қылмыстық  процесс  және  криминалистика  кафедрасының  оқытушысы 
полиция капитаны А.Ж. Қиюбек. 
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ 
ЫҚПАЛЫНАН ҚҰТҚАРУ  
Не  себепті  кейбір  діни  ағымдарды  «десктруктивті»  деп  қарастырамыз?  Ол  латын  тілінен 
аударғанда  «қалыптасқан  жүйені  бұзушы»  деген  мағына  береді.  Ендеше  өз  елімізде  бұған 
қандай мысал келтіруге болады? Жат діннің сенімінде жүргендер өздерін «нағыз мұсылманбыз» 
деп  санап,  басқа  халықпен  санасуды  да  ойламайды,  олар  қазіргі  медицинаның  оң  жақтарын 
мақұлдамайды.  Күні  кеше  ғана  балаларына  міндетті  екпені  ектірмейміз  деп  бас  тартқандық-
тарын білесіз. Ал бүгін келіп білім және ғылым министрлігінің мектеп формасын сақтау туралы 
бұйрығын және мектептің ішкі жарғысын сақтау міндетіне қарсы шығып отыр. Олардың жалпы 
мұсылманға  белгісіз  өздерінің  арам  мақсаттарын  орындауға  арналған  түсініктері  бар.  Мұндай 
ағымның  жақтастары  Құран  мен  хадистердің  де  мәтінін  өз  қалауларынша  өзгертіп  жүр.  Олар 
ұлы  Ислам  дінінің  атын  жамылып,  әлемді  сол  арқылы  қорқытуға  бекінген.  Ислам  дінінде 
зорлықпен  намаз  оқыту,  қорқытып  киіндіру  мүлде  қарастырылмаған.  Қазақстан  ислам  дінін 
кеше мен бүгін көрген жоқ. Сонау VII ғасырда Қарахан мемлекетіне алғаш келген ислам дінінен 
ата-бабаларымыз  хабардар.  Еліміз  ел  болғалы,  Ұлы  Қазақ  хандығы  құрылғаннан  бастап  ислам 
қазақ жеріне кеңінен тараған болатын. Ал қазіргі кейбір бауырларымыздың әңгімесіне сүйенсек, 
олар  бір  ғылыми  жаңалық  ашқанмен  тең.  Ғасырлар  бойы  ұстанған  дініміздің  «біз  білмейтін» 
жақтарын  насихаттап  әлек.  Сонымен  қатар,  дін  мен  салт-дәстүрді  ажырата  алмайтындардың 
қатары  да  өте  көп.  Әрине,  халықтың  ислам  дініне  деген  ұстанымын  Араб  елдерімен  тең  деп 
салыстыра алмаймыз. Сауд Арабиясы — ислам дінінің бастау алған жері. Алайда олар да дінде 
нақты  көрсетілмеген  кей  жағдайларды  өзінің  географиялық  орналасқан  жеріне  қарай,  ауа-
райына қарай, салт-дәстүріне қарай жасайды.  Дінде әйел адам әулетті жерін жауып жүруі  тиіс 
делінген. Олар солай  жабық киінеді  және үнемі  топырақ дауылдары болғандықтан беттерін де 
қоса  жабады.  Міне,  осыны  біздің  түсінбеген  бауырларымыз  әйелдері  мен  қыздарының  бетін 
жабумен әлек. Айта берсек, мұндай мысалдар өте көп. Енді осылай өздері адасқан бауырлары-
мыз өздерімен қоймай, біздің болашағымыз балалардың да миын улап жүр.   
Қандай мәселені алып қарасақ та, бүгінгі қарастырғалы отырған мәселеден маңызды емес ау 
деп ойлаймын. «Ғылым мен техника алға дамыған сайын, адамзаттың көтерер ауыртпалығы да 
азаюы  тиіс»  –  деген  екен  бір  ғалым.  Алайда,  қазіргі  таңда  жан-жағымызға  көз  жүгіртсек, 
адамзаттың көтерер ауыртпалығы әлі де алда емес пе екен деген ойда қаласыз. Тарихқа үңілсек, 
балаларды  соғыста  әскер  есебінде  пайдаланған  орта  ғасырлардағы  V  және  VI  аяқсыз  қалған  
Крест  жорықтары еске түседі. Кейінгі еліміз басынан өткерген Ұлы Отан соғысы жылдарында 
да әскер қатарына шақырылғандар 19 жастан асқандар болатын. Ал 8-10 жасынан қолына қару 
алып,  қанішерлер  секілді  кісі  өлтірген  балаларды  ешбір  елдің  тарихы  көрмеген  шығар.  Иә, 
бүгінгі  айтқалы  отырған  мәселе  ғаламторда  «детский  терроризм»  деген  қорқынышты  сөз 
тіркесінің  астында  жатыр.  Әлемдік  статистикаға  қарасақ,  жыл  сайын  деструктивті  діни 
ағымдардың  пікірін  ұстанушы  балалардың  саны  артып  келеді.  «2017  жылдың  бірінші  алты 
айында заңсыз діни ағымдардың жетегіне еріп, террористік актілерде қатысқан балалардың саны 
2016 жылмен салыстырғанда төрт есеге өскен» деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры, 
ЮНИСЕФ-тің басшысы Энтони Лейк 2017 жылғы тамыздағы баяндамасында
1
.  
Балалар тек жендеттердің рөлін атқарып ғана қоймай, оларды террористер өз жақтастарын 
түрмеден  шығару  үшін  ресми  билікпен  алмастыру  туралы  шарт  қоюды  қолға  алған.  «Дамаск 
қаласына жақын орналасқан Шығыс Гуте қаласын қоршауға алған үкімет әскеріне «Джейш аль-
Ислам»  террористік  ұйымы  жақтастарын  шығару  үшін  ауру  балаларды  алмастырамыз»  деген. 
«Сонда  балалар  айырбас  сауданың  көзіне  айналғаны  ма»  деп  БҰҰ-ның  Сириядағы  гумани-
тарлық жағдайлар жөніндегі кеңесшісі Ян Эгеланд дабыл қағуда
2
. Террористердің жақын ауыл-
аймақтан  ұрлап  жатқан  балалардың  саны  да  күн  өткен  сйын  артып  келеді.  Ал  құтқарылып 


 
305 
жатқан балалар олардың үштен біріне де жетпейді. Мысалы, Шығыс Гуттадан 5-17 жас аралы-
ғындағы 200 аса бала жоғалып, олардың тек 54-і ғана  террористердің ықпалынан құтқарылған
3
.    
БҰҰ-ның  тағы  бір  статистикасы  2017  жылдың  қаңтар  айынан  бастап  санағанда  15  жасқа 
дейінгі 83 баланы (олардың 55 қыз балалар, 27 ер балалар) шахид болу мақсатында пайдаланған. 
Бір жағдайда қылмыскерлер әйелді жарылғыш затпен оралған емшектегі баламен жіберген
4
.  
Жас балаларды террористік актілерді орындауға пайдалану — жан түршігерлік қылмыс. Бұл 
жерде  балаларға  қылмыскер  есебінде  емес,  террористердің  құрбандары  есебінде  қарау  керек. 
Соғыс  өрті  лаулап  тұрған  елдердің  көбі  —  сана  сезімі  әлі  де  болса  артта  қалған,  діни  наным-
сеніммен өмір сүретін халықтар. Сондықтан қылмыскерлерден қашып шыққан балалардың қай-
тып өз отбасына кедергісіз оралуы да  — шешуін таппай отырған мәселе. Себебі, олардың ата-
аналары  мен  тайпалық  қоғамдары  ондай  қайтып  келген  балаларды  қабылдамай  кері  қайтарып 
жіберген  жағдайлар  да  болған.  Әсіресе,  ондай  жағдайлар  Африка  елдерінде  жиі  орын  алады. 
Осындай  мысалдардың  бірі  —  17  жасар  Амината  атты  қыз  бала.  Ол  екі  жылдан  аса  уақыт 
Нигерияның «Боко харам» деген террористік ұйымының лагерінде тұрған. Қашып үйіне келген 
қызды  отбасы  қабылдамаған.  ЮНИСЕФ  ұйымының  қызметкерлеріне  кездейсоқ  кездескен  қыз 
көмекті  жат  адамдардан  сұрауға  мәжбүр  болған.  Нигерияның  солтүстігінде  орын  алған  үлкен 
гуманитардық дағдарыстың себебінен шығып отырған лаңкестік әрекеттер сонымен қатар тамақ-
тың  жоқтығынан,  халықтың  ретсіз  көшіп-қонуынан  пайда  болған
5
.  2016  жылы  БҰҰ  «Дети 
«Исламского  государства»  атты  баяндаманы  жариялаған  болатын.  Онда  ИГИЛ  лаңкестерінің 
балалардың психикасына қалай әсер ететіндіктері, қорқыту-үркіту әдістері, адам өлтіру тәсілдері 
секілді түрлі айуандыққа үйрететіндіктері айталған. Сонымен қатар, балада ешқандай жанашыр-
лық  сезімі  қалмауы  үшін  адамардың  кесіп  алған  бастарын  футбол  добының  орнына  ойнатқан 
деректер  келтірген.  Олардың  түсінігіндегі  «емтихан»  тапсыру  кезінде  де  басшылардың  айтқа-
нын  орындамағаны  үшін  балалар  қатаң  жазаға  талтыратындығы  немесе  өлтірілетіндігі 
айтылған
6
.   
Біз көптеген, өмірден алынған мысалдар келтірдік. Алайда, бұл жан түршігерлік жағдайдың 
алдын алу жолдарын білмейміз. Террористер өздеріне қажетті балаларды жақын маңдардан ұр-
лап  әкетіп  жатса,  біздің  қандастарымыз  сана-сезімі  уланып,  өз  туған  балаларын  өздері  апарып 
беріп жатыр. Тек балаларын ғана емес, дүние-мүлкін, әйелін, бауырларын ертіп кетіп жатқандар 
да  кездеседі.  Олар  Сирия  мен  Ирак  жеріне  жету  үшін  Еуропаға  немесе  Түркияға  туристік,  я 
болмаса  жұмыс  визаларын  аштырып,  қайтып  келмей  жатыр.  Қаншама  ата-ана  теле,  радио 
хабарларынан балаларын іздеп жан ұшырып жүр. Мүмкін, ол балалар да қазіргі күні ақ пен қара-
ны ажыратқан шығар, бірақ өкініштісі — өте кеш түсінгендіктері.   
Осыған  орай,  балаларымызды  деструктивті  ағымдардың  ықпалынан  құтқару  үшін  төмен-
дегідей ұсыныстар айтқым келеді: 
1. Ата-аналар тарапынан балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу қажет. Олар балаларымен 
барынша  көп  уақыт  өткізуі  тиіс.  Балаларға  білімдері  жеткенінше  жастайынан  радикалды  діни 
ағымдар  туралы  айтып,  түсіндіру,  шынайы  өмірден  мысалдар  келтіре  отырып,  құқық  қорғау 
органдары қолына түскен ағым мүшелерінің сұхбаттарын көбірек көрсету қажет.  
2.  Жастарды,  әсіресе,  мектеп  жасындағы  жеткіншектерді  бос  уақыттарын  тиімді  пайдала-
нуға баулу. Оларды түрлі спорт немесе басқа да үйірмелерге мүше ету. Олардың салауатты өмір 
сүруіне әсер ету.  
3.  Балаларды  әрдайым  бақылауда  ұстау,  олардың  кіммен  сөйлесетінін,  қандай  ортада 
жүретіндігіне қызығушылық тудыру.
                                                 
1
   Энтони Лейк. Доклад Детского Фонда ООН (ЮНИСЕФ). — Женева, 2017.  
2
   Кунецкий К. В ООН рассказали об использовании боевиками сирийских детей  в качестве разменной монеты // 
В курсе дня. — 2017. — №7.  
3
   Там же. 
4
   Семенова А. В ЮНИСЕФ обеспокоены использованием детей в качестве террористов-смертников в Нигерии // 
Российская газета. — 2017. — №131.  
5
   Там же. 
6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет