Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


Ш.Д. Джанажолова — Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы



Pdf көрінісі
бет57/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

Ш.Д. Джанажолова — Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы 
академиясының 2-курс курсанты, қатардағы полиция
       Ғылыми жетекшісі  —  Қазақстан Республикасы ІІМ  М.  Есболатов атындағы Алматы 
академиясының аға оқытушысы полиция капитаны Н.Б. Кубанова  
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ТІРКЕУ 
ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам дамып келеді.  
Қазіргі  қоғамның  талаптарына  сәйкес  жаңа  технологиялардың  даму  барысында  ақпаратты 
іздестіру жүйесі — негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашы-
лық  мекемелерде,  оқу  орындарында  және  басқа  да  салаларда  ақпараттандыру  жүйесін  кеңейту 
және ақпаратты-іздестіру жүйесі мәселелері алға қойылып отыр.  
Ішкі істер органдары жол полициясының жол-патрульдік қызмет бөлімшелерінің қызметтік 
құқықтарының  негізі  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы,  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  Заңдық  күші  бар  "Қазақстан  Республикасының  ішкі  істер  органдары  туралы" 
Жарлығы, Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы"  Заңы, Қазақс-
тан  Республикасының  өзге  де  нормативтік  құқықтық  кесімдері  болып  табылады.  Жол-пат-
рульдік  қызметтің  жұмысы  ішкі  істер  органдарында  белгіленген  тәртіпте  құрылған  саптық 
бөлімшелер жұмысының тоқсандық жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.  
Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  кодексінің  630-
бабымен жауапкершілік көзделген жол қозғалысы Ережелері бұзылған кезде, сондай-ақ, заңна-
мада тікелей көзделген басқа да жағдайларда жол полициясының қызметкері көлік құралдарын 
ұстауға  және  ұстаудың  себептері  жойылғанға  дейін  оларды  арнаулы  алаңдарға  апарып  қоюға 
құқылы.  Көлік  құралын  ұстау  туралы  шешімді  жол  полициясының  қызметкері  әрбір  нақты 
жағдайда,  құқық  бұзушылықтың  жалғасуын  болдырмайтын  нақты  жағдайды  ескере  отырып, 
дербес  қабылдайды.  Көлік  құралын  басқарған  жүргізушінің  алкогольдік  мастану  жағдайында 
екендігіне толық негіз болса, оны жүргізуден аластауға, ал көлік құралын ұстауға құқылы. Көлік 
құралын  жүргізуден  аластау  мастық  жағдайын  куәландыру  қажеттілігі  туралы  ауызша  ескер-
туден  соң  жүргізіледі.  Бағынбаған  жағдайда  жол  полициясының  қызметкері  ұсталған  көлік 
құралының одан әрі қозғалу мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылдайды
1
.  
Бұл  бағдарламаның  негізгі  функционалдық  қызметтері:  жол  полиция  қызметкерлерінің 
мәліметтер қорын құру; жылдам іздеу; жол полиция қызметкерлерінің тұрақты құрамын Excel-ге 
шығару;  ұрланған көліктер туралы мәліметтер қорын құру;  хаттама толтыру және оны баспаға 
шығару
2



104 
 
1-сурет. Басты бет формасы 
 
Бұл ақпараттық жүйеге логин және пароль арқылы кіреміз. Кодты енгізгеннен кейін сіздің 
алдарыңызда келесі терезе пайда болады: 
 
2-сурет. Кіріс құжаттарының нысаны 
 
«Қызметкерлер»  терезесінде  жол  полициясы  қызметкерлерінің  кестесі  құрылған.  Бұл 
кестеде  әр  қызметкердің  аты-жөні,  мекенжайы,  телефоны  және  т.б.  сипаттамалар  көрсетілген. 
Бұл  терезеде  әр  қызметкердің  атын  жазу  арқылы  кестеден  жылдам  іздеп  тауып  алуға  болады 
және  өз  ыңғайыңызға  қарай  аты-жөні  бойынша  немесе  жасы  бойынша  сұрыптай  аласыз. 
Сонымен қатар, қызметшілер туралы толық кестені Ехсеl-ге жіберу арқылы да көре аласыз.  
3-сурет. Жол полициясы қызметкерлерінің мәліметтер қоры 
 


105 
«Қызметтер» терезесінде Жол полициясы қызметкерлерінің қызметтері, яғни олардың  шені 
туралы кестесі құрылған. Бұл кестеде әр қызметке тағайындау уақыты, жалақысы, жұмыс өтілі 
көрсетілген.  Бұл  терезеде  жалақысы  бойынша  сұрыптай  аласыз.  Сонымен  қатар,  жаңадан 
қосымша мағлұматтар қоса аласыз. Егер артық болса, алып тастауға болады.  
4-сурет. Жол полициясы қызметкерлерінің қызметтері туралы ақпарат терезесі 
 
«Көліктер» терезесінде жалпы көліктердің кестесі құрылған. Бұл кестеде көлік коды, жүргі-
зуші  көлігінің  нөмірі,  тіркеу  нөмірі,  қаңқа  нөмірі,  техпаспорт  нөмірі,  шығарылған  уақыты, 
тіркелген  күні  және  түсі  бойынша  сипаттамалар  көрсетілген.  Бұл  терезеде  жүргізуші  көлігі 
бойынша жылдам іздеп тауып алуға болады. 
«Көлік маркасы» терезесінде жол полиция қызметкерлерінің  көліктерінің кестесі құрылған. 
Бұл кестеде әр қызметкердің көлігінің  аты,  маркасы, өндірген мемлекет  пен өндірген мекеме, 
көліктердің  өндірілген жылынан  бастап  өндіруді  аяқтаған  жылы,  мінездемесі,  санатына  байла-
нысты  сипаттамалары  көрсетілген.  Бұл  терезе  арқылы  көліктің  атын  жазып,  кестеден  жылдам 
іздеп  тауып  алуға  болады  және  қосымша  көліктерді  кестеге  тіркеуге,  артығын  алып  тастауға 
болады. Сонымен қатар, көліктердің кестесін Ехсеl-ге жіберу арқылы да көре аласыз.  
 
5-сурет. Көліктер туралы ақпарат терезесі 
 
«Айыппұл»  терезесінде  жол  полиция  қызметкерлерінің    тіркеуінде  тұрған  көлік  жүргізу-
шілерге байланысты кесте құрылған. Бұл кестеде әр көлік жүргізушінің  аты-жөні, туылған күні, 
мекенжайы,  төлқұжат  мәліметі,  жүргізуші  көлігінің  нөмірі,  куәліктің  аяқталу  күні  көрсетілген. 
Бұл терезе арқылы көлік жүргізушінің атын жазып, кестеден жылдам іздеп тауып алуға болады 
және  қосымша  мәліметтерді  кестеге  тіркеп,  артығын  алып  тастауға  болады.  Сонымен  қатар, 
көлік  жүргізушілерді  аты-жөндері  және  мекенжайлары  бойынша  сұраптауға  және  кестесін 
Ехсеl-ге жіберуге де болады. 
 


106 
 
6-сурет. Жол полиция қызметкерлерінің  тіркеуінде тұрған көлік жүргізушілерге 
байланысты ақпарат терезесі 
 
«Ұрланған көлік» терезесінде ұрланған көліктерге байланысты кесте құрылған. Бұл кестеде 
әр  көлік  атауы,  ұрланған  күні  және  көлік  иесінің  жол  полиция  қызметкерлеріне  үндеген  күні 
көрсетілген.  Бұл  терезе  арқылы  ұрланған  көлік  атын  және  ұрланған  күнін  жазып,  кестеден 
жылдам  іздеп  тауып  алуға  болады  және  қосымша  мәліметтерді  кестеге  тіркеп  артығын  алып 
тастауға болады.  
 
7-сурет. Ұрланған көліктерге байланысты ақпарат терезесі. 
 
«Хаттама» терезесінде көлік жүргізушілеріне жол жүру ережесін бұзғанда жазылатын хат-
тама  толтырылады.  Терезенің  үстіңгі  бетінде  файл,  шығу  және  баспаға  шығару  беттері 
орналасқан. 
 
8-сурет. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама терезесі. 


107 
                                                 
1
   Окулов С.М. Основы программирования 6-е изд.перер. — М.: Бином: Лаборатория знаний, 2012. 
2
   Малыхина М.П. Программирование  на языке высокого уровня.  Turbo Pascal. — CПб.: BHV, 2011; Дузельбаев 
С.Т. Основы алгоритмизации и программирования. Учебное пособие. — Фолиант, 2013. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет