Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты



Pdf көрінісі
бет53/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

Бақыланатын жеткізілім — көрсетілген заңға сай еркін өткізуге тыйым салынған немесе 
айналымы  шектелген,  сондай-ақ  қылмыстық  қол  сұғу  объектілері  немесе  құралдары  болып 
табылатын  нәрселердің,  заттардың  және  өнімдердің  берілуіне,  сатып  алынуына,  сатылуына, 
орын ауыстыруына бақылау орнату жолымен қылмыстық әрекеттің белгілері туралы ақпарат алу 
тәсілі
2

Аталмыш  жедел-іздестіру  іс-шарасын  қолдануда  бекіре  тұқымдас  балықтардың  заңсыз 
айналымымен байланысты құқыққа қарсы әрекеттерге қатысушыларды толық әшкерелеуге және 
анықтауға жол береді. 
Бақыланатын жеткізілім әдісін қолдануды реттейтін ең бірінші халықаралық құқықтық акт 
есірткі құралдары және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы БҰҰ 
1988 жылғы Конвенциясы болып табылады. 
БҰҰ  трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыстылыққа  қарсы  Конвенциясының  20-бабында 
бақыланатын жеткізілім мемлекеттің құзырлы органдарымен  — Конвенцияға қатысушылармен 
ұйымдасқан қылмыстылықпен тиімді күресу мақсатында өз мүмкіндіктерінің шегінде және ішкі 
заңнамамен орнатылған жағдайларға сай электрондық бақылаумен және жедел операциялармен 
қатар жүзеге асырылатын арнайы тергеу әдістеріне жатқызылған. 
Аталған Конвенцияның 2-бабында бақыланатын жеткізілімнің жеке әдіс ретінде анықта-
масы берілген, бұл ретте қандай да бір қылмысты тергеу және осы қылмысты жасауға қатысу-
шылар тұлғасын анықтау мақсатында құзырлы органның ескертілуімен және бақылауымен заң-
сыз  немесе  күмән  келтірілген  жүк  партиясын  бір немесе  бірнеше  мемлекет  аумағымен  кіргізу, 
шығару және тасымалдау рұқсат етілген
3

Конвенцияда  мемлекеттердің  тәуелсіз  теңдігі  қағидасын  толық  сақтай  отырып,  екі  жақты 
немесе көп жақты келісімдер мен келісімшарттарының негізінде бақыланатын жеткізілімді қол-
дану жүзеге асырылады деп анықтайды. Егер келісімдер мен келісімшарттар болмаса, бақылана-
тын жеткізілімді қолдану туралы шешім әрбір бөлек жағдайда ерен қабылданады, қажет жағдай-
да,  Конвенцияға  қатысушылардың  —  мүдделі  мемлекеттердің  юрисдикциясын  жүзеге  асыруға 
қатысты қаржылық келісім-шарттар мен өзара түсінушіліктер ескерілуі мүмкін. 
Айта  кететін  жайт,  Конвенцияның  20-бабы  бақыланатын  жеткізілімді  қолдану  туралы  ше-
шімді қабылдауда халықаралық деңгейде мүдделі қатысушылардың — мемлекеттердің келісімі-
мен келесі әдістерді қосу мүмкін деп қарастырады, олар — жүктерді ұстау және оларды тиіспей 
қалдыру немесе оларды толықтай немесе бөлшектерін алу. 
Тауарлардың кеден шекарасынан өткен кезде бақыланатын жеткізілім тауарлардың заңсыз 
айналымымен  байланысты  қылмыстарды  ескерту,  анықтау,  жолын  кесу  және  ашу  мақсатында 
жүзеге асырылады. 
Бақыланатын жеткізілімнің заты болып кез келген зат табылуы мүмкін, олар жеткізілімнің 
ресми  келісімшартында  қарастырылған,  қылмыс  жасау  құралдары  немесе  қаруы  болап  табы-
латын  заттар, немесе  қылмыс  жолымен  алынған  заттар,  немесе  айналымына  тыйым  не  шектеу 
салынған қылмыс заты болып табылатын материалдық әлем объектілерінің заттары. 
Атап  айтқанда,  бақыланатын  жеткізілім  заты  болып  табылатындар  есірткі  заттары  және 
психотроптық  заттар,  қару-жарақтар,  оқ-дәрілер,  жарылғыш  құрылғылар  және  жарылғыш  зат-
тар,  тарихи  және  мәдени  мұра  заттары,  асыл  тастар  және  қымбат  металдар,  стратегиялық  ши-
кізат, контрабанда заттары және т.б. 
Бақыланатын жеткізілім әдетте ұзақ үдерістің сипаты бар қылмыстар бойынша жүргізіледі, 
бақыланатын  заттың  әрекеті  созылмалы  уақыт  кезінде  болса,  зат  бір  тұлғадан  басқа  тұлғаға 
берілгенде,  мысалы:  келісім  жасау  барысы  және  т.б.  созылмалы  немесе  жалғаспалы  қылмыс-
тарға қатысты, сондай-ақ қылмыстың жеке кезеңдерінде. 
Аяқталған  қылмыстар  бойынша  да  оның  объективті  жағының  орындалғаннан  кейін  де 
аталмыш  жедел-іздестіру  іс-шарасын  өткізуді  жоққа  шығармайды.  Бұл  жерде  бақыланатын 
жеткізілім  басқа  да  қылмыстарды,  қылмысқа  қатысушыларды,  олардың  орналасу  орындары 
және т.б. анықтау мақсатында жүргізіледі. 
Бақыланатын  жеткізілім  жүктің  жіберілу  орны  мен  баратын  орнына  және  жоспарланып 
отырған  операцияның  жүргізілетін  мемлекет  аумағына  байланысты  ішкі  және  сыртқы  болып 
бөлінеді. 


102 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет