Ішкі бақыланатын жеткізілім— бұл елдің шекарасы шегінде жүктің қозғалуын бақы-
лауды жүзеге асыратын жедел-іздестіру іс-шаралары. Тәжірибе бұндай операциялардың тиімді-
лігін растайды, себебі олар есірткі диллерлерінің өзара байланысын, қайнар көздерінің аумақа-
ралығын ғана емес, есірткінің заңсыз айналымының мемлекет ішіндегі арналарын да анықтайды.
Сыртқы бақыланатын жеткізілім— бұл мемлекет шекарасы арқылы жүктің қозғалуын
бақылауды жүзеге асыратын жедел-іздестіру іс-шаралары. Бұл бақыланатын жеткізілімдер әр-
түрлі құқық қорғау органдарының бірлескен күштерімен жүргізілуі мүмкін. 2015 жылғы 1 қаңтардан Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-процестік кодек-
сінің заң күшіне енуімен байланысты бақыланатын жеткізілім жедел бөлімшелермен екі құқық-
тық режимде жүзеге асырылады: біріншіден, жедел-іздестіру іс-шарасы ретіндегі құқықтық
режимде; екіншіден, жасырын тергеу әрекеті ретіндегі құқықтық режимде.
№1 құқықтық режим. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталмас бұрын (Ақпаратты есепке алу кітабы (АЕК) және Сотқа дейін тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ)