115
Қазіргі уақытта ең көп тараған лаңкестік — дінді бетперде еткен түрі. Бұлардың басты
мақсаттары — көптеген діни сенімдерді пайдаланып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті
ұстап қалу, ұлтаралық соғыс, талас-тартыстарды ұйымдастыру, дінді саяси құрал түрде
пайдалану.
Лаңкестік істер әртүрлі жағдайларға байланысты болып жатыр, олар — қандай да болсын
лаңкестік әрекеттер туралы ортаға хабарлайтын бұқаралық ақпарат құралдарының болуы,
қарудың көптеген жаңаша маркаларын шығаруға мүмкіндік беріп жатқан техника мен ғылым-
ның дамуы, мемлекеттер арасында қатынастардың шиеленісуі, әртүрлі діндер араларындағы
байланыстардың, ғаламшардағы халықтар тізімінің көбеюінің, ұлтаралық қатынастардың өткір-
ленуінің, адам құқықтарының, халықаралық үлкен қылмыстардың көбеюінің, заңсыз есірт-
кілердің таралуының, жұмыссыздықтардың, білімсіздіктердің және т.б. көптеген жағдайлардың
көп болуы.
Әркімнің өз таңдауы, өз құқықтары бар. Мұсылманбыз, Әбу Ханифа мазһабын ұстанған
сүннитпіз. Ата-бабаларымыздың ұстанып жүрген бұл жол ата-аналарды сыйлауға, ұлттық салт-
дәстүрлерді ұстанып жүруге негізделінген. Еліміздің азаматтары мен азаматшаларының дінге
деген көзқарастары дұрыс болып, оған сеніммен қарап, имандылыққа негізделген өмір салтын
ұстану қажет. Жас ұрпақты барша ғаламдағы ең ізгі дін — Ислам діні екендігін саналарына
құйып, оны ұстануға, қадірлеуге, сеніммен қарауға баулып, ата-баба дәстүрлерін ардақтаға-
нымыз дұрыс. Біздер діни радикализмді, экстремизмді тоқтату барысында заңдарды жетілдіріп,
олардың орындалуына бар мүмкіндігімізді салуымыз керек.
Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стартегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы-
ты» Жолдауына және осыған дейінгі өзге де жолдауларға сүйене отырып, Елбасымыздың ерек-
ше орынға елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін дінді — Ислам дінін
қойғандығын және болашақ ұрпақты отаншыл рухта тәрбиелеуді атап өткенін байқаймыз. Яғни,
келер ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, ұлттық санасын қалыптастыру, отанға деген жанашы-
рлығын арттыру тек мемлекеттік деңгейдегі саясат ретінде ғана емес, қоғамдық, отбасылық
деңгейде қарастырылғаны жөн. Бәрімізге мәлім, «Отан отбасынан басталады», яғни, бұл деге-
німіз — баланы тұлға ретінде қалыптастыру процесінде оған дұрыс бағыт, тәрбие-білім беру.
Қазіргі уақытта лаңкестік істерді жүзеге асыруда түрлі қарулар, оның ішінде, жаппай қырып
салатын жарылыс қаруларын да, ядролық қаруларды да қолданатын болды. Сол себептен де,
мемлекеттер қатары өздерінің қаруларын сақтап ұстайтын объектілерді қатаң бақылауда,
қорғаныста ұстау керек. Негізінен, мемлекетіміз лаңкестікті олардың барлық нысандарында
және көріністерінде батыл айыптап келеді. Оған қарсы іс-қимылдар еліміздің ұлттық қауіп-
сіздігін қорғау мақсатындағы әрекеттердің басым бағыттарының бірі болып табылады. Еліміз
ядролық терроризм актілерімен күресу бойынша ауқымды бастамаларға алғашқылардың бірі
болып қосылғанын айта кеткеніміз жөн. Бұл бағытта Ресей Федерациясы, АҚШ және тағы басқа
да мемлекеттер бізбен бірге алғашқы әріптестер қатарына кіріп отыр. Бірақ лаңкестік істер ахуа-
лы жоғары жақтағы заңға қарсы келіп, оны өз беттерінше жоқтап, терістеп шығарып, өздерінің
қуатын дамытып, жалғастыруда. Сондықтан, лаңкестердің іс-әрекеті белгілі бір аймақтың
немесе мемлекеттің басына ғана төнген қауіп емес, олар барлық әлем басына төңген қауіп болып
тұр. Осы мақаламда лаңкестік істерді жаһандық тұрғыда қарастырып, қозғағанымның басты
себебі де — осы. «Жаһандық» деп отырғаным, сөз қорына көз жүгіртсек, «жаһандану» термин
сөзі ғаламдану, әлемдік ауқымдану, бір-бірімен тығыз түрде экономикалық, ғылыми-техника-
лық, жалпыға ортақ, саяси, мәдени байланыстардағы біртұтастық адамзат қауымдастықтарының
қалыптасуы және де бұлар — біздердің көз алдымызда өте тез үлкен қарқынмен жүріп келе
жатқан үрдіс
2
.
Қазіргі таңда жаһандық лаңкестік істердің қауіптілігі өте жоғары, өйткені террористердің
соңғы уақытта шығып жатырған жаңа көптеген қаруларды иемденген, байланыс құралдары бар,
қазіргі кездің жаңа компьютерлері және әртүрлі тезхникалары бар, олар өздері жазып дайын-
даған кітаптарын, газет-журналдарын шығарады, олардың жоғарғы билік органдарында сыбай-
ластары болып тұр, сол
себептен, жаһандық терроризмдердің идеологиясы
кең қанат жаюда
3
.
Террористер бір жерді басып тастағаннан кейін олар міндетті түрде басқа жерлерді басып
алуға тырысады және жұмыс жасайды. Осы тұста үлкен жағдайлардың бірі — Таяу Шығыс
мелекеттеріндегі қазірге дейін өз мәресіне жетпеген, әлі күнге дейін шешімін таппаған, кері-
сінше өршімесе, аяқталмайтын дау жанжалды мысалға келтіріп айтқым келеді. Әсіресе, бұл —
116
бүкіл әлемді, интернет желілерінде әлемді дүр сілкіндірген Сирия мәселесі. Бұндай қақтығыс-
тардың шығу себептерінің жағдайы: сүнниттер мен шиттердің екі түрлі бағытты ұстануы, бір-
біріне деген көзқарастары мүлде сәйкес келмейтіндігі болып тұр
4
. Өзге елдер бойынша соңғы
жылдарда жинақталынған тәжірибелеріне сүйеніп қарасақ, тек арнайы қызмет пен күш құры-
лымдарының экстремизм мен терроризмдердің алуан көріністеріне қарсылық жасап, күресулері
жеткілікті емес екендігі көрсетіледі. Бұған келсек, ХХІ ғасырдың «обасы» атауын алған
құбылысты барлық қоғам болып күресуіміз керек.
Лаңкестік іске қарсы күрестер жөніндегі алдын алудағы шаралар экономикалық шараларды
да қамтуы тиіс, яғни, бұл дегеніміз — террористерді қаржыландыру әрекеттерінің жолын кесу
ғана емес, экономика мен кәсіпкерліктің даму фундаментін құру. Барлық қоғам түрлері өзде-
рінің тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін бірдей мүмкіндіктерді пайдалана алулары қажет,
өйткені экономикалық даму ағынымен жүруге қабілетсіздіктің соңы тұрмыс жағдайын нашар-
лануын, ал өз кезегінде бұл адамдардың эксперименттік мақсаттарды қолдауын тудыруы
мүмкін.
Қазіргі күндегі антитеррорлық қызметтер терроризмге қарсы күшті қолдануға ғана емес,
терроризмдер мен экстремизмдерді туындататын және тарататын «объективтік факторлардың»
дәл уақытында алдын алуға және жоюға бағытталуы қажет.
Ұлттық және халықаралық құқық қорғау жүйесі мен құрылымдарын халықаралық террор-
лық ұйымдарға қарсы күрес талаптарына сәйкестендіру керек. Бұл бағытта бүкіл әлемдік кө-
лемде терроризмнің тарауына қарсы елдер кез-келген террорлық ұйыммен ынтымақтастықтан
бас тарту туралы саяси шешім қабылдауы тиіс. Осындай ахуал кез келген уақытта біздің елде де
орын алуы мүмкін екенін естен шығармайық!
1
Дарменов А.Д. Предупреждение экстремизма в условиях глобализации, Учебное пособие. – Алматы: ООНИ-
иРИР, 2008. – 310 с.
2
Предупреждение распространения экстремистских течений в Казахстане: Метод. Рекомендации / Сост. Р.И.
Насырбаев. – Алматы: ООНИиРИР, 2010. – 51 с.
3
Ғылыми-теориялық тезис материалдары – Алматы: ҚР ІІМ Алматы академиясы, ГЗжРБЖҰБ, 2014. – 373 б.
4
Правовая основа противодействия терроризму: Сборник нормативно-правовых документов. — Алматы:
ООНИиРИР, 2009. – 280 с.
Достарыңызбен бөлісу: