193
Екіншісі, жеке алдын алу — бұл қоғамға жат пиғылы мен бағыты бар нақты бір адамға
қатысты қолданылатын көндіру мен мәжбүрлеу шараларының жиынтығы, сонымен қатар,
өздерінің мінез-құлқымен қылмыс жасауға бейім адамдарды әшкерелеу және оларды қылмыс
жасауының себептері мен шарттарын жою немесе бейтараптандыру мақсатында тәрбиелеу,
көмек көрсету, бақылау жүргізу арқылы ескертулік әсер ететін мемлекеттік органдар мен
қоғамның қызметі. Мұндай қызмет пен шараларға мыналар жатады:
а) сенім (фактілерді, нақты дәлелдерді, беделді, қоғамдық пікірді және басқаларды пай-
далану);
б) өзін-өзі тәрбиелеу;
в) мәжбүрлеу: тәрбиелік және медициналық сипаттағы шаралар, әкімшілік-құқықтық әсер
ету, тәртіптік жауапкершілік, материалдық жауапкершілік, экстремизм үшін жауаптылық,
қоғамдық бетіне басу мен айыптау;
г) экстремизм жолына түскендерді психологиялық, материалдық және басқа да әлеуметтік
бейімделуге көмек көрсету;
д) шағын ортадағы экстремистік факторларды бейтараптандыру
1
.
Осындай жіктеудің аса бір қажетті буыны — экстремизмді арнаулы және топтық алдын
алумен де қарастыру қажет. Экстремизмнің бірыңғай, біртекті белгілер қатарының болуына
және оларды өзара ішкі байланыстарына орай қайсыбір құбылыстарды олардың ішкі
байланыстары мен заңдылықтарын біріктіру мақсатында оларды арнаулы, ерекше топтарға
бөлуге болады және бөлу керек те. Осындай жалпы қасиеттерімен біріккен біртекті экстремистік
топтарға қол жеткізгеннен кейін, оларды келесі талдау мен өзара салыстыруда олардың қата-
рындағы өзара ерекшеліктерді де байқауға болады. Экстремизмнің алдын алуға сәйкес,
қоғамның кез келген мүшесі тарапынан экстремизмді ескертуге бағыттылған қызмет «жалпы
алдын алу» деп аталатын болса, арнаулы (топтық) алдын алу — бұл экстремизмге тән арнайы
белгілері немесе қасиеттері бар белгілі бір жекелеген адамдарға бағытталған экстремизнің
алдын алу әрекеті
2
. Алдын алуды арнаулы (топтық) деп бөлу өмір қажеттігінен туындап отырған
жәйт (мәселен, кәмелетке толмағандар, сотталғандар, жазасын өтеп шыққандар арасындағы
экстремизмнің алдын алу). Нақты өмірде мұндай қызмет өзіне тек жай ғана жол тауып отырған
жоқ, ол тіпті айтарлықтай нәтижесін де беріп отыр. Осыған байланысты оның небір аса пайдалы
жолдарын одан әрі іздестіруге міндеттіміз. Баса айту керек мұндай жолдар мен амалдар арнаулы
– топтық ескертуді ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Алдын алу адам мен қоғамның өзара қарым-қатынасын арнайы түрде жөнге сала отырып
адамның тікелей өзіне, сонымен қатар, қоғамға да елеулі түрде игі әсірін тигізері сөзсіз.
Қорытындысында алдын алумен ғана экстремизм жолындағылардың бойында қоғамға жағымды
мінез-құлық пайда болады. Міне, жоғары да айтылған осындай қызметтердің нәтижесінде
экстремизмнің алдын алу, сақтандыру мен қорғаушылық қасиеттеріне ие болады. Осы орайдан
келіп экстремизмнің алдын алудың ерекше әлеуметтік құндылығын баса айтуымыз керек.
Өйткені ол ең бастысы жеке және қоғамдық мүдделерді қорғау үшін қажет. Экстремизмнің
алдын алудың реттеушілік және қорғаушылық рөлін айта отырып, оның маңызы, қызметі мен
алуан түрлілігін айтпай кетуге болмайды. Олар – бір-бірімен тығыз байланыстағы идеология-
лық,
тәрбиелік, қорғаушылық, реттеушілік, болжамдық қызметтерге ие.
Реттеуші қызмет — құқықтық нормалармен немесе басқа да жүйелермен бекітілген әлеу-
меттік талаптарға сай келетін адамдардың мінез-құлқын қамтамасыз етуге бағытталған алдын
алу.
Қорғау қызметі — оның негізгі мағынасы қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік құнды-
лықтарды экстремистік және өзге де қол сұғушылықтардан қорғау.
Тәрбиелік қызмет — ол адамды мәжбүрлемейді, керісінше көндіруге, сендіруге ұмтылады.
Яғни экстремистік жолға түспес үшін әуелі жазаламайды, дұрыс жолға түсіретіндей тәрбие
жұмыстарын жүргізеді.
Идеологиялық қызмет — оның мағынасы экстремизмнің алдын алу шараларының жалпы
идеялық бағыттылығын, олардың мазмұнының идеологиялық негізділігін, жолдарды дұрыс
көрсетуін, экстремизмді ескерту жұмыстарының құралдары мен әдістерін қамтасыз ете білуінде.
Болжамдық қызметті жүзеге асыру экстремизмнің алдын алу теориясы мен тәжірибесін
болжамдық ақпараттармен толықтырып, байыта түседі, тиісті, әсіресе ұзақ мерзімді жоспар-
ларды жасай отырып, экстремизмнің алдын алу қызметінің перспективалық жоспарын анықтау-
194
ға жағдай туғызады. Бұл қызмет экстремизмнің алдын алудың ағымды және алдағы міндеттерін
біріктіріп, олардың ғылыми болжам негізінде нәтижелі орындалуына мүмкіндік жасайды
3
.
Экстремизмнің алдын алудың басқа да қызметтері турасында айтуға болады. Олардың
әрқайсы тиісті қызметті жүзеге асыруға жағдай жасайтыны сөзсіз. Экстремизмнің алдын алудың
негізгі қызметі оның әлеуметтік міндеті мен іс жүзіндегі құндылығы арқылы сипатталады.
Экстремизмнің алдын алудың өзі де әлеуметтік қызмет екенін естен шығармауымыз керек.
Экстремизмнің алдын алу шаралары туралы айта отырып, оларды төмендегіше жіктеуге
болатынын көрсетуге болады:
а) мазмұны бойынша (нақтырақ жоғарыда қарастырып өттік – экономикалық, демография-
лық, саяси,
ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық);
б) көлемі бойынша (жалпы — экстремизмнің алдын алу жалпы мемлекеттік немесе аймақ
бойынша бағытталған; ерекше — белгілі бір экстремистік топтарға (діни экстремизм, саяси
экстремизм, дәстүрлі емес діни ағымдар т. т.); жеке — нақты бір экстремистік әрекеттің себеп-
тері мен шарттарына тосқауыл қою немесе оларды жою);
в) аумағы бойынша – республикалық, аймақтық, жергілікті, шектелген объекті не сала
ішіндегі
сатылары;
г) әсер ететін объектісі бойынша (саласына немесе экстремизммен күрестің негізгі бағыты
бойынша);
д) әрекет ету механизмі бойынша (экстремизмнің себептері мен шарттарын жоятын; экстре-
мистік әрекеттердің себептері мен шарттарын бейтараптандыратын, осы әрекеттерді баяула-
тушы,
шектеуші, экстремистік ниеттің жүзеге асуына тосқауыл қоюшы).
Күнделікті тәжірибеде «экстремизмнің алдын алу шаралары» деген сөз тіркесі екіұшты
ұғым береді: а)
нақты әрекет; б)
ұйымдастырылған қызмет
4
.
Экстремизмнің алдын алу — қоғам мүшелерін экстремизм жолына түсуді сақтандыру
арқылы жүзеге асырылатын күрестің нағыз гуманды түрі. Бұл жерде теріс құбылыстарға жол
беріп алып, содан кейін түзеуден гөрі, оларға жол бермеу өте жеңіл деген түсінік туады.
1
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында діни
экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
туралы» № 648 Жарлығы.
2
Криминология: Дәрістер курсы (жауапты ред. И.Ш. Борчашвили). Астана: Дәнекер, 2005.
3
2013 жылдың 27 қарашасында Саяси шешімдер институтына «2011-2012 жылдарындағы Қазақстандағы
терроризм» атты ИА REGNUM Шығыс бюросының ұсынған баяндамасы.
4
Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы.
Достарыңызбен бөлісу: